2.Негізгі кезең.
Педагог жұмысты бастамас бұрын ермексазбен жұмыс істеу ережесін еске түсіреді:
1.Ермексазды үстелге емес, арнайы тақтайшаларға қою керек.
2.Жұмыстан кейін қолды ыстық сумен сабындап жуған дұрыс.
3.Тақтайша мен таяқшаны жұмыстан кейін міндетті түрде тазалаған немесе жуған жөн.
Кесе жасау үшін көк түсті ермексаздың ортасынан бөлеміз. Енді оны алақанымызға салып домалақтаймыз.Оның ортасын қарындашпен оямыз.Енді саусақтың ұшымен шетін кеңейтеміз және екі саусақпен шымшу арқылы түбін шығарамыз.
Сөздік жұмыс: кесе.
Көптілділік: кесе – пиала –сup, шай – чай –tea, қасық – ложка–spoon.
Сергіту сәті.
Біз қандаймыз, қандаймыз? Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Ренжісуді білмейміз.
(М.Жаманбалиев)
Шаршағанымыз басылды ма?
Ал енді дайын болған кесемізді өрнектеп безендірейік.
Қызыл түсті ермексазды алып, алақанымызға салып есіп, шығыршақтап өрнек жасап орнатамыз.
Міне, әдемі кесеміз дайын болды.
Балдырған, мынау саған арнап жасаған кесеміз, енді бұны біз саған сыйлаймыз.
Рақмет, балалар, енді мен бұл кесемен шай ішіп отырып сендерді еске аламын.
Балалар, менің кететін уақытым таяп қалды.Мен қайтайын. Сау болыңдар!
3.Рефлексия.
Педагог оқу қызметін қорытындылап,балаларды мадақтайды. Балалармен дайын болған жұмысты талдайды. Ата-аналарға көрме ұйымдастырады.
Балаларды шеңберге жинап, төмендегі өлеңді қайталату: Ыдыстарды жинаймын, Үлкендерді сыйлаймын. Кесе, қасық – бәрін де, Өз орнына қоямын.
№24 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым.
Мақсаты:балаларды сүйікті ойыншықтары туралы әңгімелей білуге үйрету. Міндеттері:
білімдік:қиялдау арқылы түрлі ойыншықтарды мүсіндей алу
іскеліктерін жетілдіру; дамытушылық: ойыншықтарды мүсіндеу арқылы бала қиялын,ұсақ
қол қимылдарын,ойлау қабілеттерін дамыту; тәрбиелік: ұқыптылыққа,еңбекқорлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |