Бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған



бет49/66
Дата24.08.2023
өлшемі138.58 Kb.
#476211
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66
Musindeu Metodika 5 Kaz

Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы:Анама сыйлық.
Мақсаты:балалардың қол-қимыл әрекетін жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
Міндеттері:
білімдік:бірлесіп әрекет ету, өз жұмыстарының нәтижесін салыстырып
бағалай білуге жетелеу.
дамытушылық:есте сақтау, ойлау қабілеттерін, ұсақ қол қимылдарын
дамыту; тәрбиелік: ананы сыйлап, құрметтеуге, әсемдікті сезіне білуге
тәрбиелеу; жұмыстарын ұқыпты таза істеуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтижелер: жасайды:шығармашылықпен жұмыс нәтижесін салыстырады; түсінеді:әдемілікті бағалауды;
қолданады:өрнектерді безендіруде кескішпен, қалақшаны дұрыс
пайдаланады.
Қолданылатын көрнекі құралдармен керекті құрал-жабдықтар: №2 жұмыс дәптері, 2-3түрлі кестеленген шашақты орамал,ормалдың әдемі суреті; ермексаз, тақтайша, таяқша, су, сүлгі.
Сөздік жұмыс:8 Наурыз мейрамы, сыйлық.
Көптілділік: сыйлық –подарок –gift, мереке – праздник–holiday, ана – мама–mother, апа – бабушка–grandmother, әпке – сестра–sisters.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңберін құру. Аспанымыз ашық болсын, Деніміз сау болсын.
Бәріміз аман болайық, Бір-бірімізбен дос болайық!
(«Өзін-өзі тану» пәні бойынша.)

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктемде қандай мерекелер бар?

  • 8 Наурыз кімдердің мерекесі?

  • Дұрыс айтасыңдар, сендерді аялап өсірген аналарыңның мерекесі де жақындап қалды, олай болса, өз қолымызбен сыйлық әзірлесек қайтеді?

«Ана – бақыт, ана – байлық, ана – гүл», – дейді халқымыз. Біз аналарымыздың мерекесіне ермексаздан сыйлық жасап, аналарымызға арнап гүлмен әшекейлеп орамал дайындайық.
2.Негізгі кезең.
Педагог жұмыс жасау тәсілдерін түсіндіреді:
1.Ермексазды жалпақтап жайып, кескіштің көмегімен төртбұрышты шаршы етіп кесеміз.

  1. Қалақша көмегімен артық ермексазды алып тастаймыз.

  2. Кескіштің көмегімен орамалдың екі шетін шашақтаймыз.

4.Түрлі ермексазды қолданып, орамалды гүлдермен әшекейлейміз. Сөздік жұмыс:8 Наурыз мейрамы, сыйлық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет