Бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған



бет48/66
Дата24.08.2023
өлшемі138.58 Kb.
#476211
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   66
Musindeu Metodika 5 Kaz

Күтілетін нәтижелер:
жасайды:балабақшада, үйде көрген ойыншықтарын; түсінеді:жұмысты жоспарлауды, бейненің жеке шешімін өздігінен
табуды; қолданады:кескішпен оны дұрыс пішініне, түсіне, бөліктеріне қарай
ерекшеліктерін бере отырып түрлі қалыпта мүсіндеуді.
Қолданылатын көрнекі құралдармен керекті құрал-жабдықтар: №2 жұмыс дәптері, ойыншықтар дүкені,слайд, компьютер, ермексаз, тақтайша, таяқша, су, сүлгі.
Сөздік жұмыс: сүйікті ойыншық.
Көптілділік: ойыншық – игрушка –toy, дүкен – магазин–shop, ұшақ – самолёт –flightnumber.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңберін құрады. Сылдыр, сылдыр,сылдырмақ, Шақырады сылдырлап.
Қарайды қуыршақ, Қарайды құлыншақ.
Үйдің ішін аралап, Добым кетті домалап.
(Б. Жақыпов)

  • Балалар,сендер ойыншықтарды жақсы көресіңдер ме?

  • Ендеше, қазір ойыншықтар дүкеніне саяхат жасайық.

  • Міне,ойыншықтар дүкеніне де келдік.Бұл жерде не көріп тұрсыңдар?

  • Ойыншықтар ұнады ма?

  • Олай болса,сатушы апайдан өзімізге ұнаған ойыншықтарымызды сатып алайық.

Тосын сәт:бөлмеге Нұрбол (қуыршақ) кіреді.

  • Балалар,сендер не істеп жатырсыңдар?

  • Балалар,Нұрболдың ұнатқан ойыншығы – ұшақ дүкенде жоқ екен.Енді оған біз ермексаздан ұшақ мүсіндеп берейік.

Сөздік жұмыс: сүйікті ойыншық.
Көптілділік: ойыншық – игрушка –toy, дүкен – магазин–shop, ұшақ – самолёт –flightnumber.
2.Негізгі кезең.
Педагог компьютерден ұшақтың жасалу жолын көрсете отырып түсіндіреді.
1.Ермексазды сопақшалап ұшақтың негізгі бөлігін жасайды.
2.Ермексаздың екі кішкене бөлшегін жалпақтап,кесу арқылы ұшақтың қанатын жасайды.
3.Шымшу, тегістеу,жапсыру әдістері арқылы ұшақтың тұмсығын және құйрығын жасайды.
4.Басқа түсті ермексаздармен ұшақты сәндейді (өз шығармашылықтары бойынша).
Сергіту сәті:«Ойыншықтар».
Балалар екі қолдарын екі жаққа жайып, ұшақ болып ары-бері жүгіреді. –Балалар, Нұрбол сендердің жұмыстарыңа қызығып тұр. «Қандай әдемі!» деп мақтап жатыр.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3.Рефлексия.
Педагог бүгінгі оқу қызметіне қорытынды жасайды. Балалармен дайын жұмыс үлгілерін талдайды. Балалар жасаған ойыншықтарын Нұрболға көрсетеді. Нұрбол балалардың жұмысын мұқият қарап, мадақтайды.
25 ұйымдастырылған оқу қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет