Бағдарламасы бойынша өткізілген іс-тәжірибемнен Тортаева Салтанат Орыншыбаевна



бет2/3
Дата17.06.2016
өлшемі0.56 Mb.
#143541
1   2   3

Қысқа мерзімді жоспар


Пәні: дүниетану

Класы 3




Тақырып

Жүйке жүйесінің гигиенасы. Тест


Мақсаты


Тақырыпиы меңгерту, алған білімдерін қорыту. Сыни ойлауын қалыптастыру. Өзін –өзі бағалай білу;


Күтілетін нәтиже



Жүйке жүйесінің гигиенасымен танысады, оны сақтай алады. Алған білімін қорытады.

Сабақ кезеңі

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

ресурстар


Кіріспе

ІҰйымдастыру кезеңі

ІІ Үй жұмысын сұрау


1 «Дүкен» тренингі

  1. топ болып отырады

  2. «Веер» әдісі бойынша үй жұмысын пысықтау.

1 оқушы сұрақ қояды, 2-ші оқушы жауап жазады да, сұрақ қояды. 3 оқушы жауап жазып, сұрақ қояды. 4- ші оқушы жауап жазып, сұрақ қояды. 1оқушы жауап береді. Топта тексеру, талдау, бағалау

« Менің күн тәртібім» Оқу.



Оқушылардың есте сақтау қабілетін қалыптастырады.

Оқушылар бір – бірімен байланысқа түседі


Оқушылар бірін – бірін толықтырады


  1. шапалақ

топ басшысы «Житон» арқылы бағалайды



«Житон»


ереже


Жаңа материалдың таныстырылымы
ІІІ Жаңа тақырып


Сұрақ қою арқылы тақырыпты ашу

-Шамадан тыс жұмыс істеудің адамға қандай әсері бар?

-Ұйқының пайдасы қандай?

-Неліктен жүйке жүйесі тез шаршайды?

-Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады?


Оқушылар ойланады, қиялмен ізденеді.


Өз ойлау деңгейін көрсетеді.
Тақырыпты ашады.

3 шапалақ






Жаңа материалды қолдану

Пысықтау


  1. «Жигсо» әдісі арқылы тақырыпты түсіну, ұғу

10 – Жүйке жүйесінің гигиенасын құрады

20- Тәжіриебе жасайды

30 - Түсіндіреді

40 – Өз пікірін айтады

«Постер» арқылы қорғайды.

Оқушылар бір - бірімен байланысқа түседі. Бірін – бірі толықтырады.

Өз еңбегін қорғайды, бағалайды.

Житон арқылы бағалау



Постер



Қорытынды

  1. «Біліп ал» - оқып есте сақтау. (Ұйқы туралы)

  2. Жабық сұрақ - тест

  3. «Өрмекші торы» әдісі арқылы бекіту

  4. Рефлексия «Бағдаршамға » түстерді жапсыру




Білімін пысықтайды


Оқушылар кері байланысқа түседі.
Өз білім деңгейін анықтайды.


Бірін – бірі бағалайды

Өзін –өзі бағалау

Мұғалімнің жиынтық бағалауы




Тест
Жіп
«Бағдаршам»


Сабақты қорытындылау

Үйге: Тарау бойынша тест құрастырып келу (5 сұрақ)







Не сәтті өтті?




Не сәтсіз өтті?



Нені дамыта аласыз? Нені өзгерткіңіз келеді?







Қысқа мерзімді жоспар Пән мұғалімі


Пәні: дүниетану

Класы 3




Тақырып

Бақылау әдісі. Тәжірибе жасау





Мақсаты

Оқушылар сыни ойлай алады. Бақылай біледі, тәжірибе жасай алады


Күтілетін нәтиже


Оқушылар өз бетімен тәжірибе жасайды, талдайды, қорытынды шығаруды біледі

Сабақ кезеңі

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

ресурстар


Кіріспе

ІҰйымдастыру кезеңі

Үй жұмысы


Тренинг «Жалғасын тап» жұпқа бөлу

«Қар үйіндісі» әдісі



Мақалды аяқтау

Мақалдың мазмұнына байланысты бөліну

1жұп «Еңбек»

2 жұп «Білім»


Әр оқушы өздері құрап келген тест жұмыстарын бір – біріне уақыт арқылы сағат тілімен ауыстырады

3шапалақ


Бірін – бірі бағалау

Кеспе қағаздар

Тест стикер



Жаңа материалдың таныстырылымы

2 Тұсаукесер



« Ой қозғау» әдісі

Құс --- ұшақ, инелік --- тікұшақ, құман --- паравоз суреттерін көрсету арқылы тақырыпты ашу



Оқушылар өздерінің алған білімін еске түсіру арқылы жаңа сабақты ашу

Бақылау, тәжірибе жасау арқылы жаңаны ойлап тапты


қолпаштау


суреттер




Жаңа материалды қолдану

3 Негізгі бөлім


Жұппен жұмыс

1жұп Бақылау әдісі бөлімін оқиды

2жұп Тәжірибе жасау бөлімін оқиды

Таныс емес сөздерді түртіп алу









Қорытынды

Сөздік


Тәжірибе жаса, бақыла»

. Әр жұп өздерінің оқыған бөлімін басқа жұп мүшелеріне әңгімелеп береді

Сергіту сәті

Екі оқушы ағаш, қарбыз суреттерін маңдайына қойып оқушыларға көрсетеді. Оқушылар сурет бойынша сипаттап айтады. Оқушы заттың атын айту керек.

Бақылау әдісі - затты көру , зерделеу

Тәжірибе - сынақ жүргізу

Екі стаканға су құйып, 1-не ұн, 1-не қант салу

Қорытынды шығар

Бірін – бірі бағалау


3шапалақ


Мұғалімнің қорытынды бағасы

Дүниетану дәптері


суреттер

Шыны ыдыс, ұн, қант, су


стикер


Сабақты қорытындылау

  • бүгінгі сабақ ұнады ма?

  • Бұл сабақта мен үшін не қиын болды?

  • Бұл мен үшін неге қиын болды?

  • Бұл қиындықтарды ненің көмегімен еңсердім?

Кері байланыс

Үйге: Тақырыпты оқу. Дүниетану дәптері 5 тапсырма




Не сәтті өтті?




Не сәтсіз өтті?





Нені дамыта аласыз? Нені өзгерткіңіз келеді?






Тпрямая со стрелкой 14прямая со стрелкой 13ізбектелген сабақтар топтамасына «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін қалай және неліктен ықпалдастырғаным туралы рефлексивтік есеп

Мен Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші /негізгі/ деңгей бағдарламасы бойынша мектептегі тәжірибе барысында «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін таңдап алдым. Себебі ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратындығын көрсеткен. Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. /МАН, 39-бет/ Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Выготский кіші жастағы балаларды даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде, яғни, анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу және мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарым - қатынас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде қалыптасатын субъекті ретінде суреттейді. Бұл модульдің ерекшелігі қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін дәлелдемелері бар. Сондықтан дүниетану пәнінен 3-класта өткізген сабақтарымды «Диалогтік оқыту» әдісіне негіздедім. Алға қойған мақсатым сыныптағы диалогтік-әңгімемен сыни тұрғыдан ойлауды дамыту арқылы саналы және оймен қабылдауын жетілдіру болып табылады.



Осы мақсатыма жету үшін топтаса, жұптаса атқарылатын жұмыстың барысында оқушылар өз ойын еркін жеткізуін, бір-бірлерін тыңдап, бір-біріне сұрақ қойып, жауабын нақты жеткізе білуін назарда ұстадым. Оқу процесінде жағымды психологиялық орта орнату мұғалімнің негізгі міндеті. Оқушылар үшін әр сабақта жағымды атмосфераны орнатуға ұмтылу – жақсылық пен ізгіліктің нышаны. Сабақта, қажет болғанда сабақ ортасында оқушылардың көңіл-күйін көтеру үшін, олардың назарын сабаққа аудару және жұмысқа ынталандыру мақсатында сергіту тренингтерін өткізу тиімді. Өйткені ынтымақтастық ортаны қалыптастырып алмайынша, сабақты бастап кету мүмкін емес. Бұл үдерісте Мерсердің «бірлескен ойлау» туралы идеясымен сабақтастырып, оқушыларды қарым-қатынас жасауға, бір-бірімен ынтымақтастық орнатуға ынталандыратын «Сипап сез ,таны», «Сауықтыру минуты», «Дүкен», «Досқа құпия сый», «Жалғасын тап», тренингтерін пайдаландым. Себебі «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі тәжірибе кезінде оқушылардың іс-әрекетімен сабақтасқанын байқадым. Әрине ол бірден қалыптасқан жоқ. Көш жүре түзелді. Алғашқы сабағымды «Сауықтыру минуты» тренингімен бастадым. Ынтымақтастық орта қалыптастырған соң, «Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын бекіттім.«Диалогтік оқыту» әдісін «Ас қорыту жолы және астың қорытылып сіңуі. Тамақтану гигиенасы» тақырыбымен жұмыс барысында қолданғанда оқушылардың бір-бірімен ой бөлісуі, сұраққа жауап беруі баяу болды. Оларды диалогтік әңгімелесуге тарту үшін - Қандай сұрақ қоямын? - деген ой туындады. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады (МАН 41бет) деген тұжырымдамаға сүйене отырып, - Біз не үшін тамақтанамыз? –деген ортақ сұрақ қоюдан бастадым. Оқушылар бірден жауап берді және ол - Қарынымыз ашады, - деген жауап болды.Неге қарынымыз ашады?- деген сынақтан өткізуге арналған сұрақты пайдаландым. Сол кезде оқушылар өз ойларын анық айтып, толық жауап беруге тырысты. Мерсердің «білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады» деген сипаттауына «Ой тұжырым» жасау кезінде ынтымақтастық орнап, оқушылар бірлесе отырып өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырып, бір-біріне кеңес бере бастады. Алдарына мақсат қойып жаңа материалды игеруге ынталанып, идеяларын ортаға салып, ереже шығара білді. /МАН-40-бет/ Оған дәлел оқушылар өз ойларын ортаға салып байланысқа түсе бастады. Топтасып жасаған тақырыпты постер арқылы қорғауда аса сәтті шықпаса да, оқушыларда алға жылжу бар екенін көріп , оларды қолпаштап қойдым. Қолдау көрсеткеннен кейін ғана оқушылар белсенділігін көрсетті. Бұл Александердің пайымдауынша, оқытудағы әңгімелесу –қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деген тұжырымымен ұштасты. Осы тапсырмадан соң «Тісті күту» туралы жазған эсселері ұтымды шықты.

Мұнда Мишра және Кёлердің: - Жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек дегенін ескердім./ 65-бет/ Мұнда оқушылар ас қорыту ағзаларын толтыру кезінде жұптасып, кейін топтасып талқылап, ортақ шешім айтты. Осы кезде сұрақ қоюдың «Түрткі болу» техникасын қолдандым. Бірінші жауап алу үшін және оқушының түзетуге көмектесу үшін пайдалансам, екінші ойға салып, толығырақ жауаптарын «Мен денсаулығымды күтемін» атты шығармашылық тапсырмаға бағыттадым. Осы шығармашылық тапсырма барысында В деңгейіндегі оқушым «Мен денсаулығымды салауатты өмір салтын ұстанумен, уақытты дұрыс пайдалану арқылы күтемін»- деп айтса, Шаттық есімді оқушым «Дұрыс тамақтанамын» деген жауапты берді. Ал С деңгейіндегі оқушым «Спортпен шұғылданамын» десе, Ал Мирас деген үлгерімі орташа оқушым «Тазалық» - деді. Топтағылар қасындағы сыныптасының ойынан ұнаған тұстарын айтты. Кері байланыс туды. Оқушылар 3шапалақ, өзін-өзі бағалау,бір-біріне екі жақсы қасиетін және 1 ұсыныс жасап бағалап отырды. Әрине мұның бәрі кедергісіз өткен жоқ. Кедергілер болды.



  • Қандай? – деген сұрақ туады.Ол оқушылардың сұраққа бірден жауап бермеуі, ұзақ ойлану, тақырыптың мазмұнын терең түсінбеуі, бағалаудағы келіспеушіліктер. Келесі сабағымды жоспарлауда осы кедергілерді болдырмауды алдыма мақсат етіп қойдым.

Ал «Жүйке жүйесі. Сезім мүшесі» тақырыбындағы сабағымды оқушылардың жай-күйін білуден бастадым. «Көңіл-күйлерің қалай?», «Денсаулықтарың жақсы ма?» деген жәй сұрақтар қойдым.Күндегідей емес оқушыларымның бойынан еркіндік сезілгендей болды. Олар өз көңіл-күйлерін көңіл –күй айнасына смайликтер жапсыру арқылы білдірді. Сонан соң « Кім көп жинайды?» әдісі арқылы үй жұмысын сұрадым. Жемістер жинауда оқушыларға «Кім өзі жинаған жемістерінің сұрақтарына толық жауап берсе, соның жемісі піскен» дедім. Сондағы оқушыларымның іс-әрекеті өзімді де таң қалдырды. Олар бір-біріне көмектесіп, жауаптарын толықтырып, үй тапсырмасына дайындалғандарын көрсетті. Мен бұл жерде құрдастардың өзара ықпалдастығын көрдім. Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті деген болатын.(МАН 29бет) Бұл әдіс уақытты тиімді пайдалануда ұтымды шықты. Осы әдісті орындау кезінде С деңгейіндегі оқушым қасындағы оқушылармен бірлесіп жұмыс жасауға ынталанып отырғанын байқадым. Себебі бұрын жолдастарымен тіл табыса алмайтын , өз ойын нақты айта алмайтын. Ортаға қосылып, жолдастарымен тіл табысуы мені қатты қуантты. Жаңа тақырыпты ашуда «Сипап сез, таны» тренингін жүргіздім. Оқушылар бір-бірін қалай танығаны туралы айтты. –Ерекшелігімізді қайдан білдік? деген сұрақ қойдым.- Сипау арқылы - деді Шаттық. Мирас – Ойландым деді. Ал Тілектес –Ұстап тұрып сездім - деді. Сабақтың тақырыбын оқушылар өздері ашты. Тақырыпты меңгертуде алдымен жеке жұмыс, сонан соң жұппен оқып, талқылау тапсырылды. «Ассоциация» әдісі арқылы екі жұп өз жұмыстарын қорғады.Тапсырманы орындап болған соң, бірін-бірі бағалады. Осы кезде оқушылар бір-бірін әділ бағалап, жіберілген қатені түсіндіруге тырысатындығын байқадым.Үлгерімі нашар оқушының өзі топтағы айтылған ойларды тыңдап, білмегенін сұрап отырғанына қатты қуандым. «Ой жүйелеу реті» есте сақтау қабілетіне арналған жаттығуды қолданғанда оқушылар берілген тапсырмалармен танысып, бірінші жұптаса отырып, кейін топтасып, берілген сөздерді суреттің орнына қойып, нақтылық танытты. Нәтижесінде жүйке жүйесінің құрылысын өз орнына орналастырды. В деңгейіндегі оқушым өзінің есте сақтау қабілеті жоғары екенін байқатты. «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін басты назарда ұстадым. Шығармашылық тапсырмада жүйке жүйесін орналастыру болатын. Топтағы А, В деңгейіндегі оқушылар үлгерімі орташа С деңгейіндегі оқушыларға көмектесіп отырғанын байқадым. Бұл кезде Барнстың: «Оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асады» деген пайымдауымен сәйкес келді. /МАН, 39-бет/. Топтасып жұмыс жасаудағы тиімділік үндемей отыратын оқушының сабаққа деген көзқарасын өзгертетіндігінде деп ойлаймын.

Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызы туралы айтылған. /МАН, 41-бет/ Осы маңыздылықты ескере отырып, «Он сұрақ» әдісі барысында ортаға көп сөйлемейтін Мирас деген оқушы шығып, оған он сұрақ қойылды. Осы кезде Мирас жауапкершілікпен әрбір сұрақты мұқият тыңдап, жауаптарын өз сөзімен жеткізе білді. Мен қатты таң қалдым. Себебі осы уақытқа дейін өзін тыныштықта ұстап, көп өз ойын айтпайтын оқушы еді. Бірінші сабақта селқостық танытқан С деңгейлі оқушым екінші сабақта берілген тапсырмаларды қызығушылықпен атқара бастады. Мирастың қызығушылығы мен сезімдері анықтала бастады, жауапкершілігі арта түсті. Себебі ол өзін жасырын ұстауға тырысатын. Сауатты жазады, бірақ сөйлеуге сараң болатын. Сабақ барысында бойынан байқалмай жүрген қырлары ашылды. Ынтымақтастық орнай бастады,бағалауда әділдік байқалды. Үшінші сабақта оқушыларды ықпалдастыруда «Дүкен» тренингін өткіздім және бір топ болып отырды.Үй жұмысын пысықтау үшін «Веер» әдісі пайдаландым. Оқушылар алған білімдері негізінде сұрақтар қойып, жауаптары жазылды. Қойылған сұраққа жауап беруші оқушы жауап жазып отырды. Менің байқағаным, мұндай әдіс оқушылардың білім алуын қолдауда тиімді болды. Кейбір үнсіз оқушылар сұрақты нақты жаза білді.Талдау барысында өздерін толықтырып, қарсы пікір айтып,дәлелдер жүргізді. Үйден жазған «Менің күн тәртібім»- кестесінде оқушылар өздері құрған күн тәртібін оқығанда бір-бірін толықтырып, кейбірі күн тәртібін пайдаланбайтындығын айтса, Шаттық күн тәртібімен жүретінін айтты. Бұл оқушылар үшін жаңалық болды.Себебі: оқушылар күн тәртібін жазғанмен, пайдаланбайды екен. Оқушылар нақты, әділ сөйлеуге және үнемі күн тәртібін пайдалануды жүзеге асыруды алдарына мақсат етіп қойды. Сабақтың тақырыбын ашуда «Ой шақыру» әдісі арқылы бірнеше сұрақтар берілді. - Шамадан тыс жұмыс істеудің адамға қандай әсері бар?, - Ұйқының пайдасы қандай?,т.б. сұрақтарға жауап бере отырып, тақырыпты ашты. «ЖИГСО» әдісі арқылы өз беттерімен тақырыпты түсініп, талдай бастады. Ойларын тоғыстыра отырып, постер арқылы қорғады. «Өрмекші торы» әдісі арқылы сабақты бекітті. «Бағдаршам» әдісімен рефлексия жүрді. Әр бөлім бойынша қолпаштау, 3шапалақ, жетон арқылы бағаланып отырды.Төртінші сабақта «Жалғасын тап» тренингі жүрді, сонан соң мақалды жалғастырып, мазмұнына сай екі жұпқа бөлініп отырды. «Сағат тілі» әдісі бойынша тест тапсырмасын орындап, бір-бірін бағалады. «Ой шақыру» әдісімен тақырыптық суреттің мазмұнын ашты. Жұппен, топпен жұмыстар жүргізілді.Тақырыпты оқыды, талдады, ой түйді, қорытты. Теорияны практикамен байланыстыра отырып жүргізген тәжірибе оқушылардың қызығушылығын арттыра түсті. Тәжірибе жасаған кезде топта өз бақылағандарын, ойларын ашық айтып, өз жауаптарын дәлелдеп келтірді. С деңгейлі оқушы –Шекердің суда еритін қасиетін өзінің шайға салып ерітетіндігімен дәлелдеп айтты. В деңгейлі оқушы ұнның суда ерімей, бетінде тұрғанын дәлелдеді. Өзара пікірталас жүрді, сыни ойлана білді.Сабақты бекіту кезінде кері байланыс жасадым. Нәтижесінде оқушыларымның сабақты толық меңгергендігін көрдім. Сабағымдағы кедергі бала санының аздығы. Неге? Себебі: көптеген үйренген әдіс-тәсілдерімді толық пайдалана алмауым. Дегенмен, оқушылар санына, деңгейіне қарай пайдаланып отырдым. Болашақта да жеті модульді сабағымда кеңінен пайдаланамын . Мұғалімге арналған нұсқаулықта диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. /МАН, 12-бет/ Бұл айтылған ой оқушылардың жұптаса,топтаса жұмыс жасаған кезінде байқалды. Оқушылардың жұптық, топтық жұмыс барысында бірін-бірі сыйлауға үйренді, шыдамдылық қасиеттері қалыптасты, яғни өзін-өзі реттей алды. Пікірлесу барысында сөйлеу дағдысы қалыптасып, тіл байлығы кеңейді. Сабақта қолданылған жаңа әдіс-тәсілдерді тез түсініп, игеріп отырды. Ойларын еркін жеткізіп, сыни тұрғыда ойлауға қалыптасып, қызығушылықтарының арта түскенін байқап, бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтитындығын түсіндім. Сондықтан оқушының ой-өрісінің дамуына, сыни пікір-көзқарасының жүйелі қалыптасуына тиімдісі – топтық әңгіме, әңгіме-дебат, зерттеушілік әңгіме түрлерімен дамыту. Оқушының өзіндік ойын, пікір-көзқарасын еркін жеткізе алуын, сыни тұрғыда ойлауын дамыту – ұстаздың басты міндеті болып табылады. Мен бұрынғы мұғалім болсам да тәжірибе барысында өзімнің оқытуға деген көзқарасым аздап өзгере бастағанын сезіндім. Бұрын мен іштей осы оқыту үдерісін өзгерту керек, бірақ қалай?- деп ойлайтынмын. Қалай?- екенін енді ұққандаймын. Диалогтік оқыту үдерісін тәжірибеде ары қарай өзгерту, дамыту бойынша тақырыптарға сәйкестеп оқушылардың жас ерекшелігіне қарай тапсырмалар беру керектігін ұқтым. Оқу үдерісінде оқушыларды диалогтік әңгімеге тартуға байланысты туындайтын қиыншылықтарды жоққа шығаруға болмайды. Тәжірибеде сұрақтың мәнін дұрыс түсінбеу, тақырыпқа қатысты сұрақ үлгілерін ойластыра алмауы, сыни тұрғыда ойлау деңгейінің төмен болуына байланысты қиындықтар туындады. Бұл қиыншылықтарды мен оқушының өзінде бар білімге қозғау салу арқылы, әдістерімді түрлендіру арқылы, қалыптастырушы бағаларды пайдалану арқылы жоюға тырыстым. Өз сабақтарымды диалогқа негіздей отырып, сондай-ақ оқыту сапасын арттыру үшін диалогты қалай пайдалану керектігін меңзейтін Бағдарламаның жеті модулінің идеяларын басшылыққа ала отырып,болашақта жұмыс жасайтынымды түсіндім. Оқыту үдерісін өзгертуде мұғалімге қойылатын талап та өте жоғары екенін түсіндім. Мұғалім ретінде бұл талапқа сай болу үшін ізденіп, шығармашылықпен жұмыс жасап, осы заман ағымынан қалыс қалмай тынбай еңбек ету керек деген ойды түйіндедім. Бұл жобаның басты идеясы «Үйренуді үйрету». Білім беру жүйесі үшін бұл өте маңызды.Өзімнің өткізген практика кезінде оқушылар ізденуге, шығармашылық пен дербестікке,сөздік қорының молаюына,бірін-бірі толықтыруға, сыйластыққа диалогтік оқыту дайын негіз деген шешімге келдім. Жеті модульді басшылыққа ала отырып, болашаққа нық сеніммен алға қадам басу біздің ендігі міндетіміз. Яғни, үйренген әдіс-тәсілдерімізді жолда қалдырмай оны жетілдіру, дамыту қажет деп ойлаймын.

Есебімді қорытындылай келе, менің ойым Выготскиий, Барнс және кейінірек зерттеген Мерсер мен Ходжкинсонның, Александердің дәлелдерімен ұштасты. Себебі мектептегі тәжірибе барысында бағдарлама бойынша қолданылған жеті модуль ықпалдасса, нәтиже көрінетіндігін байқадым. 3-класс оқушыларына дүниетану пәнінен осы бағдарламамен сабақ өткізу тиімді екен. Әсіресе, «оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі ерекше орын алатындығын атап өткім келеді. Осындай әдістерді дәстүрлі сабақтарда қолданып жүргеніміз рас. Бірақ бағдарламаның ерекшелігі модуль арқылы барлығын топтастырған. Сондықтан орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы териялық оқытуға негізделген тәсіл кең тарағанын терең түсінуіміз керек. /МАН, 6-бет/




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет