Білім берудің мазмұны.
Мақсаты:
Оқыту процессінің маңызы мен жалпы ұйымдастыру мазмұнын жеткізу, талдау.
Міндеттерi:
а) тұтас педагогикалық процестiң құрамдас бөлiгi ретiнде оқытудың және “дидактика”, “оқыту процесi”, “оқытудың қызметi”, “оқытудың бөлшектерi”, “оқыту процесiнiң қозғаушы куштерi” “оқытудың зандылықтары”, “оқытудың ұстанымдары” ұғымдарының мәнiн сипаттау;
ә) тұтас педагогикалық процесс құрылымында оқытудың мақсатын, мiндеттерiн, қызметтерiн ашып көрсету;
б) дидактиканы педагогика ғылымында бiлiм беру мен оқытудың теориясы ретiнде негiздеу.
Жоспар:
1. Оқытудың мәнi, мақсаты, мiндеттерi, қызметi, заңдылықтары, қозғаушы күштерi мен ұстанымдары.
2.Оқытудың әдiснамалық негiзi.
З.Оқытудың психологиялық негiзi.
4.Дидактика оқытудың және бiлiм берудiң теориясы.
5.Оқыту үрдiсiнің моделi.
Оқытудың мәні, мақсаты, мiндеттерi, қызметтерi, заңдылықтары, қозғаушы күштерi мен ұстанымдары
Оқыту үрдiсi — оқушыға бiлiм, тәрбие берудiң және оны дамытудың мақсаттары шешiлетiн мақсатты бағытталған, бiрiздi өзгерiп отыратын мұғалiм мен оқушылардың өзара әрекеттестiгi.
Оқыту – кәзiргi заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, бiлiм, iскерлiк және дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесi. Оқыту - қоғамдық құбылыс түрiндегi ересектердiң мақсатты бағдарланған жүйелi ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тәжiрибесi, қоғамдық сананың даму нәтижесi, еңбек өндiрiсiнiң мәдениетi, қоршаған ортаны қорғау мен оны белсендi қайта өзгерту туралы,бiлiмдердi аға ұрпактың өскелең ұрпаққа үйретiп, оны олардың меңгеруi. Оқыту ұрпақ сабактастығын, қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкiндiк жасайды. Оның қоғамдағы объективтi міндеттерiнiң мәнi осында. Оқыту процесiндегi негiзгi мазмұнды игеру тетiгi - өзара әрекеттестiктiң арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған балалар меп ересектердiң бiрлескен iс-әрекетi, олардың мазмұнды танымдық әңгiмелерi
Түрлi деңгейлерде iске асырыла отырып, оқыту процесi циклдiк сипататка ие болды. Оқыту процесiнiң циклдерi дамуының ең негiзгi көрсеткiштерi, басты екi мақсатка негiзделiп топталған, педагогикалық еңбектердiң ең жақын дидактикалык мақсаттары:
- бiлiм беру — бұл мақсат оқушылардың танымдық iс-әрекетi тәсiлiн меңгерiп, олар арқылы ғылым негiздерiн игерулерiн, белгiлi бiр бiлiмдердiң, дағдылар мен iскерлiктi үйренулерiн, өздерiнiң рухани, физикалык жене еңбек қабiлеттерiн жетiлдiрулерiн, еңбск және кәсiби дағдыларды игеруiн көздейдi:
- тәрбиелеу - әрбiр оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершiлiгiн, белсендi шығармашылығын және әлеуметтi кемелденген жоғары адамгершiлiктегi үйлесiмдi дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етедi.
Оқытудың мақсаты — дамытудың қоғамдық — тарих тәжiрибесiнiң жан — жақтарын: бiлiмдер мен iскерлiктерi, ғылыми, мораль, еңбек, әдебиет, өнер, жалпы және дене тәбиесiн меңгеруге бағытталған мұғалiмнiң педагогикалық әрекетi мен окушының оқутанымдық өзара бiрлескен әрекетiнен ойша күтiлетiн түпкi нәтиже. Жалпы мақсатта қоғам ғылымының, техникалық, сондай-ақ өндiргiш күштер мен өндiрiстiк қатынастардың дамуына сәйкес кетедi.
Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретiнде және
оқыту процесi немесе дидактикалық процесс бiрдей мағынадағы
ұғымдар емес. Процесс оқыту жағдайларының толық
педегогикалық құбылыс ретiнде педагогигкалық iс-әректтің
үзіндісі, актiсi ретiнде ауысып отыруы. Іс-әрекет ретiнде оқыту
ұғымымен iс-әрекеттердiң шеңберiн, мiндетiн бiлдiретiн “қызмет”
ұғымы тығыз байланысты. Оқытудың қызметi оқыту процесiнiң
мәнін сипаттайдыОкытудың әлеуметтiк, педагогикалык психологиялык мәнi оның қызметтерiнен бiршама анык айқындалады. Солардың iшiндегi, бiрiншi кезектегi бiршама мәндiсi — оқушыларда білiмдiлердi, дағдыларды және шығармашылык iс—әрекет тәжiрибесiнiң iскерлiгiн қалыптастыруы (бiлiм беру қызметi). Оқытудың екiншi қызметi — оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру (тәрбиелеу қызметi). Ол балалар мен ересектерде объективтi турде қоршаған орта жөнiнде ой толғауға мүмкiндiк жасайтын бiлiмдерiнiң толығуына қарай бiртiндеп қалыптасады. Алдыңғы екi қызметiмен тiкелей байланыстағы түлғасын және оның өз бетiнше ойлауын дамыту қызметi атқарылады (дамыту қызметi).
Адамның дамуы — бұл оның денесiнің физиологиялық және психологиялық сипаттамаларының олардың iшiндегi ең бiрiнші ақыл-ойының сапалы дамуын бiлдiредi. Сонымен қатар, оқытудың кәсіби бағдарлау қызметiнiң де мәнi зор.
Үздiксiз бiлiм беруде дайындау қызметi, адамды өндiрiске және қоғамдық қарым-қатынастарға белсендi араласуға бағыттайды, практикалык іс-әрекетке дайындайды, өзiнің политехникалық, кәсiби, жалпы бiлiмi, толық дайындығын үнемi жетiлдiрiп отыруға бағыттайды. Креативтiлiк қызметi тұлғаның жан-жақтылығын үздiксiз дамытуды көздейдi. Өзiттiң мәнi жағынан оқыту процесi — түрлi реттегi және деңгейдегi заңдар мен заңдылықтар арнайы айқындалатын заңдылықты түрде дамитын процесс. Заңдылықтар объективтi, мәндi қажеттi, жалпы, тұрақты және белгiлi бiр жағдайларда қайталанып отыратын өзара байланыстарды бейнелейдi. Феномен мәнiнiң қатаң түрде айкындалған ерекшелiктерi — заңдарды құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |