“Мектептi басқару мен басшылық ету” ұғымының мәнi және оның негiзгi принциптерi.
Оқу-тәрбие процесіне жетекшілік пен ұйымдастырудағы мектеп жетекшілерінің қызметтері.
Педагог кадрлардың әдiстемелiк жұмысы мен аттестациясы.
“Мектептi басқару мен басшылық ету” ұғымының мәнi және оның негiзгi принциптерi. Педагогика ғылымында мектепті басқару – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Ол жайлы ғалым-педагог Н.Д.Хмель өзінің зерттеулерінде: «педагогикалық процесті басқару дегеніміз әлеуметтік жүйені басқару» -деп көрсеткен [1.77]. Қазiргi заман мектебi – күрделi де кіріктірілген жүйе, ол оқушылардың, оларды оқытып, тәрбиелейтiн мұғалiмдердiң, мектеп әкiмшiлiгiнiң (директоры, оның оқу және тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары), оқу-тәрбиелiк және қызмет көрсететiн адамдардың іс-әрекетiнен, мектеп алдында тұрған жалпы мiндеттердi шешуге белгiлi бiр жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады. Сонымен қатар, мектеп дегенiмiз – мұғалiмдер мен онда қызмет ететiн адамдар ұжымы, олар бiлiм беру жүйесiн мемлекеттiк т±рѓыдан басқарудың объектiлерi болып табылады. Қазiргi мектептi өзара байланысы бар, iшкi құрылымы және социуммен белгiленетін тұтас әлуметтiк-педагогикалық жүйе ретiнде қарастыру керек. Ол өзара тығыз байланысты екi жүйеден тұрады: басқарушы және басқарылушы. Бұл қазiргi кез-келген оқу-бiлiм беру мекемесiнiң алдына өмiрдiң өзi қойып отырған мiндеттердi жүзеге асыру бойынша барлық жұмыстың басты ұйымдастырушысы ретiндегi мектеп директорының тiкелей басқару іс-әрекетiнде көрiну керек. Мектеп басшылығы мен мұғалiмдерден тұратын басқару жүйесi жетекшi болып келедi. Басқарылушы кiшi жүйеге оқушылар мен олардың ұйымдары жатады.
Мектептi басқарудың басты мәнi – оқыту мен тәрбиелеудегі оңтайлы нәтижені алу мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарына педагогтардың мақсатты бағытталған ықпал етуінен тұрады.
Адамдар жеке iстей алмайтын немесе жекелеп iстеу тиiмсiз болғанды жұмыла iстеу үшiн басқару қажеттiгi туындайды. В.Г.Афанасьевтiң пайымдауынша: “Басқару – қоғамның, оның кез-келген даму сатысындағы, iшкi өзiне тән қасиетi. Бұл қасиеттiң жалпылық сипаты бар және ол қоғамның жүйелiк табиғатынан, адамдардың қоғамдық, ұжымдық еңбегiнен, еңбек пен өмiр барысында қарым-қатынас жасау, өзiнiң материалдық және рухани өмiрiнiң жемiсiмен алмасу қажеттiгiнен бастау алады” [2,38].
Достарыңызбен бөлісу: |