Педагогикалық процестің құрылымындағы тәрбиелеу- 1 сағат
Тәрбие әдістерінің сипаттамасы. Жеке тұлғаны қалыптастыру әдістері: түсіндіру, әңгімелесу, сендіру, көзін жеткізу, мысал келтіру, т.б.
Оңтайлы тәжірибе мен тәртіп мәдениетін қалыптастыру әдістері: үйрету, жаттықтыру, тәрбие жағдайын жасау.
Ынталандыру әдістері: жазалау мен ынталандыру, оның түрлері. Оларды қолданудың педагогикалық шарттары. Бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері. Тәрбие нәтижесін есепке алу және бағалау.
Спорт этикасы тәрбие құралдары мен мақсаты ретінде. Спорт этикасы нормаларын игерудің, адамгершілік көзқарас пен сенімді қалыптастырудың әдістері. Спорт секциалары, клубтар, оқу-жаттықтыру топтары бойынша берілетін қоғамдық тапсырмалар жүйесі.
Оқу-жаттықтыру, жарыс процестеріндегі және сабақтан тыс уақыттағы тәрбиелік-педагогикалық жағдайларды ұйымдастыру. Спортшылар тәрбиесіне қойылатын педагогикалық талаптар жүйесін жасау және олардың орындалуын қадағалау.
Дене шынықтыру және спортпен айналысатындарға қойылатын талаптардың бірыңғай мәні. Спорт этикасының нормаларына, ұйымдастырылған әрекетке, қиындықты жеңуге, дербестікке үйрету; жаттығулар мен жарыстар кезіндегі тәртіп тәжірибесін талдауға үйрету.
Дене шынықтыру – спорт қызметін ынталандыру; адамгершілік пен спорт этикаларына сәйкес тәртіп әдістері.
Тәрбиелеу әдістерінің, формаларының, құралдарының жүйесі- 1 сағат
Дене шынықтыру және спорт – жеке тұлғаның өзін-өзі жан-жақты және үйлесімді дамытуының маңызды механизмі ретінде. Спорттық қызметтегі жарыстық сипатқа байланысты арнаулы ерекшеліктерді есепке алу. Нақты спорт түрінің тәрбиелік мүмкіндігін есепке алу. Спорттағы тереңдетілген тәрбиелік жұмыстар мүмкіндіктері. Тәрбие міндеттерін шешудегі жаттықтырушы беделінің және спортшылардың белсенділіктерінің маңызы.
Спорттық қызметтегі тәрбие процесінің ерекшеліктері. Оқыту-жаттықтыру процесіндегі тәрбиелеудің мазмұны, формалары және оны жоспарлау.
Тәрбиенің мазмұны – 1сағат
Жасөспірім спортшылардың тәрбиелігін зерттеу әдістері: спортшылардың іс-әрекетін талдау, педагогикалық бақылау, сұхбаттасу әдісі, арнайы көзделген жағдайлар тұғызу әдісі.
Өзін-өзі тәрбиелеудің мәні. Спорттағы өзін-өзі тәрбиелеу бағыттары; өзін-өзі сендіру, өзін-өзі басқару, өзін-өзі бақылау, т.б. Жас спортшылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне педагогикалық басшылық жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |