Бағдарламасы «Дене шынықтыру және спорт педагогикасы»


Дене шынықтыру үрдісі құрылымындағы оқыту, мектеп және спорт мектептері



бет5/31
Дата30.09.2022
өлшемі451.88 Kb.
#461670
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Ба дарламасы «Дене шыны тыру ж не спорт педагогикасы»

4.Дене шынықтыру үрдісі құрылымындағы оқыту, мектеп және спорт мектептері


Оқыту процесінің мәні мен ерекшеліктері- 1 сағат
Ұжым туралы түсінік; ұжымның алуан түрлілігі. Спорттық ұжым ұжымның бір түрі ретінде. Спорттық ұжымның өзіне тән ерекшеліктері.
Ұжым дамуындағы жалпы заңдылықтардың спорттық ұжымға таратылуы. Оқыту-жаттықтыру және тәрбиелік қызметті өз дәрежесінде жүзеге асырудағы ұжымның маңызы.
Спорттық ұжымды қалыптастыру және дамыту әдістемесінің ерекшеліктері. Ұзақ мерзімдік мақсаттардың алға қойылуы. Құндылық бағдарлардың бірлігін, ұжым мүшелерінің қызметтік-ролдік үміттерінің бірлігі мен әрекеттік-топтық эмоционалдық идентификасиясын қалыптастыру – ұжымның мызғымас бірлігінің маңызды көрсеткіші ретінде.
Білім беру мазмұны -1 сағат
Ұжым арқылы жеке тұлғаға ықпал етудің әдістемесін іске асыру. Белсенділікті баулау. Ұжым ұйымшылдығындағы команда капитандарының ролі. Қоғамдық пікір мен ұжымдық дәстүрлер тәрбиелік процестің тиісті шарты ретінде. Жеке тұлғаға ұжымның ықпал ету әдістері мен тәсілдері.
Оқушылардың танымдық әрекетін белсенді ету және оларды оқыту әдістері- 1 сағат
Балалар-жасөспірімдер спорттық мектебінде іріктеуге қойылатынпедагогикалық талаптар. Жас спортшылардың тәрбиелілігінің бастапқы деңгейін анықтау. Тәрбие бағдарламасы мен жоспарын жасау.
Тәрбиелік жұмыс жоспары құрылымының алуан түрлілігі. Жас спортшылырдың оқуы мен тәртібін бақылау.
Балалар-жасөспірімдер спорттық мектебінде өткізілетін тәрбие жұмыстарына ата-аналарды тарту.
Жоғары көрсеткіштегі спорт жағдайындағы тәрбие поцесінің заңдылықтары. өте жоғары дене және психологиялық жүктемелер; олардың спортшыларды тәрбиелеу процесіне ықпалын есепке алу.
Спортшылар тәрбиесі процесіне спорттық әрекеттегі жарыстық сипаттың әсері. Спорттағы бәсекелестің кері ықпалдарын болдырмаудың жолдары (қақтығыстыр, менсінбеушіліктің бой көтеруі, менмендік, пасық бәсеке, т.б.). Спорттық қызметтің қоғамдық құнды белгілерінің қалыптасуы.
Споршылармен жеке жұмыстар жүргізуді жетілдіру мүмкндіктері.
Құрама командалардағы тәрбие жұмысының жоспарлануы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет