Тұқым қуалаушылық генофонды
Орта
Іс-әрекет пен қарым-қатынас
Тәрбие
Ішкі күштер
Жан-жақты дамыған жеткілікті құзіретті тұлға
Құзіретті түлғақұзіретті тұлға
Сур 2. Тұлғаның дамуына және қалыптасуына әсер ететін факторлар
Қазiргi ғылыми көзқарас бойынша баланың жеке тұлғалығы тәрбиенiң объектiсi ретiнде де, субъектiсi ретiнде де қарастырылады. Оның объект болу себебi оның қалыптасуы сыртқы ықпал-әсерлерге, әсiресе, тәрбие мақсатты әсерлерге тәуелдi. Субъект болу себебi жеке тұлғаның белсендiлiгiнсiз, сыртқы ықпал-әсерлерге деген белсендi ыќпалынсыз даму ілгері жүрмейді; тағы бiр себебi: адамның дамуы өзiн- өзi дамыту процесiнде ғана жүзеге асады, сондай-ақ жеке тұлғаның дамуында өзiн-өзi тәрбиелеудiң де алар орны ерекше (сол субъект қалағанындай жеке тұлғаға тән белгiлi бiр қасиеттерiн қалыптастыру мақсатында өз бетiнше жұмыс).
Қазiргi заманғы зерттеулер дарындылық тұқым қуалау арқылы берілмейді дейдi. Н. И. Дубининнiң айтуы бойынша, дарындылық болу үшiн “жөндi универсалды генетикалық бағдарлама” керек: ал оның аса мол потенциалын жүзеге асыру үшiн, әсiресе жеке тұлғаның дамуының өте ерте кезеңiнде, қолайлы жағдайлардың болуы.
Бала өмiрiнiң алғашқы үш-бес жылын ғалымдар “Ұлы бастаулар уақыты” деп атайды. Адам психикасының сырттай көрiнiстерiнiң қасиеттерi өмiр барысында қалыптасады, сондықтан оларды ата-ана, педагогтар және баланың өзi қадағалап, реттей алады.
Өзiн өзi бақылауға арналған сұрақтар
“Жеке тұлға” деген ұғымды және оның құрылымдық компоненттерiнiң мағынасын ашыңыз.
Жеке тұлғаның қалыптасуымен байланысты негiзгi ұғымдарды сипаттаңыз.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негiзгi теориялық-єдіснамалық амал-тәсiлдерiнiң сипаттамасын берiңiз.
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететiн негiзгi факторларды атаңыз.
Тәрбие мен дамудың өзара байланысты екенiн дәлелдеңiз.
Субъектiнiң іс-әрекетi жеке тұлғаның қалыптасуының басты факторы екенiн дәлелдеңiз.
Әдебиеттер
Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования. Алматы: Гылым, 1998.
Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.
Измайлов А.З. Народная педагогика: педагогические воззрения народов Азии и Казахстана. М., 1991.
Керимов Л.К. Педагогические основы индивидуализации перевоспитания трудных подростков. Алматы. 1994.
Кон И.С. Психология подростка. М., 1981.
Кон И.С. Психология ранней юности. М., 1989.
Костюк Г.С. Движущие силы развития и воспитания. Хрестоматия по педагогике /Под ред. З.И.Равкина. М., 1976.
Петровский В.А. Личность – феномен субъективности. Ростов на Дону. 1993.
Рысбаева А.К. Успешность деятельности как категория педагогики. – Алматы: КНПУ им. Абая, 2003.
Узакбаева С.А., Кожахметова К.Ж. Использование материалов казахской этнопедагогики при изучении педагогических дисциплин. Алматы. 1996
Фридман Л.М., Пушкина Т.А. Изучение личности учащихся и ученических коллективов. М., 1988.
Тақырып: Балалардың жас мөлшері мен жеке дамуының ерекшеліктері
Мақсаты: мектеп оқушыларының жас мөлшеріне қарай және жеке басына тән ерекшеліктер туралы түсінік қлыптастыру және осы ерекшеліктерді оқу-тәрбие процесінде ескеру.
Міндеттері:
а) мектеп оқушыларының жас мөлшерінің кезеңдеріне сипаттама беру;
ә) мектеп оқушысының жеке тұлғасының өзіндік ерекшеліктерін ашу;
б) педагогикалық процесте мектеп оқушысының жас мөлшерінің психологиясын есепке алу.
Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский, «Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда оның адамды абрлық жағынан тауны да керек» - деген болатын. Осындай ережеге байланысты, жұмыс барысында педагог балалардың психологиялық, физиологиялық және жас ерекшеліктерін міндетті түрде білу керек.
Барлығына мәлім, балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу және бала тұлғасына арнайы қтынас, тәрбие мен оқытудың басты принциптері болып табылады. Сондықтан мектептің педагогикалық ұжымы, оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу маңызды.
Мектеп жасындағы балалар бастауыш, орта (жеткіншек) және жоғары буынға бөлінеді. Жеткіншек кезең кіші және жоғары деп бөлінеді.
Оқушылардың дамуының жас кезеңдері
Кезеңдер
|
Жылдар
|
Сыныптар
|
І. Бастауыш оқушылар
|
6- 10
|
I – IV
|
ІІ. Орта (жеткіншек)
|
11-14-15
|
V- IX
|
ІІІ. Жоғары
|
15-18
|
X – XII
|
Бастауыш сынып жасындағылардың ерекшеліктері мен дамуы
Адамның белгілі сипаты мен сапасын қалыптастырудағы тәрбиешілердің мақсат тәрбиесі белгілі бір жас мөлшеріндегі топқа бағыталған, осы арқылы сол топта тәрбиенің мүмкінідктері мен міндеттері, әдістемелері қолданылады. Адам өмірінің мектепке дейінгі кезінде, есейген шақ кезеңдеріндегі, жасөспірім шақта, әлеуметтік ортада, мектепте қлыптасқан мінез-құлқы ерекшеленеді.
Жас мөлшерінің психологиясы курсында оқылатын жоғарыда айтылған жас мөлшерлік топтардың әрқайсысының сипаттамасын бұл тұста нақтылап қарастырмай-ақ, педагогтың әрбір жас мөлшері тлбымен жүргізетін оқу-тәрбие жұмысында ескерілуі тиісті кейбір тірбие ерекшеліктеріне тоқталамыз.
Жастарды өмірге және ұжымдық еңбекке тәрбиелеудің, әрбір жас адамның жеке тұлғасының өмірлік бағыт-бағдарын анықтайтын дүниетанымын қалыптастырудың қоғам алдындағы зор міндеттері мектепке жүктелген. Тәрбие, шын мәнінде, жек етұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсты болып табылады және ол қоғамның әрбір мүшесінің жан-жақты дамуына жағдай жаасуға бағытталған.
Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың көпшілігіне тін ерекшеліктер мен сипаттардыф айтамыз. Бұл еркшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және осған сәйкес оқыту, тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек.
Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2,7 кг өседі. 6 жастан 12 жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып, 18 килограмнан 36 килограмға дейін ртады. Осы жаста бала миының көлемі де ұлғаяды, яғни, ол 5 жаста үлкен адам миының 90 пайызындай болса, 10 жаста 95 пйызына тең болады.
Жүйке жүйесінің жетілу де жалғасады. Жүйке жасушалары арасында жаңа абйланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді. 7-8 жаста жарты шарды жалғап тұрған нерв талшықтары жетіле түседі және олардың өзара қарым-қатынасының арта түсуін қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесіндегі бұл өзгешеліктер баланың ақыл-ойы дамуының келесі кезеңінің ірге тасы қалануына негіз болады.
Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Оқу іс-әрекеті әлі де дамуды қажет ететін деңгейде болады. Оқу іс-әрекетнідегі, тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада істелінуі тиіс мақсатар және оның күшс алуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшерінің аздығы түсінікті болады. Оқу іс-әрекетіне ерікті түрде назар аударту ол балаға жеңіл тиеді.
Мектеп оқушыларында болатын ерекше белсенді\ліктің себебі әлі күнге дейін толық анықталған жоқ, бірақ көптеген жағдайларда байланысты белгілі бір пайымдаулар айтылып жүр. Мысалы, сарапшылар мұндай жағдайды орталық нерв жүйесінің генетикалық әсерімен түсіндіреді. Көптеген зерттеушілер оның себептерін күнделікті ішіп жүрген тағамынан, баланың өзінің ерік-жігерінен, оның өрескел қылықтарына қолдау көрсетушіліктен іздейді. Бүгінгі таңда мұндай келеңсіз жайттардың алдын алу мен емедудің түрлі әдістемелері қолданылып жүр. Кейбір дәрі-дәрмектер бесленді балаларды тыныштандырады. Сондай-ақ кең таралған әдістің бірі – тағамның құрамынан қантты, жасанды дәмдеуіштер мен тағамға қосылатын затарды алып атстау арқылы диета қолдану. Баланың мінез-құлқына ата-ана мен мұғалімдер тарапынан үнемі және табанды бақылаудың жасалуы және срытқы әсерді, мысалы, қоғамдық орындарда көңілді тыныштандыратын көгілдір жарықтың түсірілуі жақсы нәтиже береді.
Бастауыш мектеп жасындағы бала үшін ең маңыздысы – педагог. Балаға қарап жылы жүзбен жымиюдың аса маңызды әсері туралы И.М.Юсупов былай дейді: «Педагогикалық қарым-қатынаста балаға қарап жымию баламен диалогтың ең қажетті құралы болып табылады. Сөйлесетін адамың неғұрлым кішкентай болса, ол өзінің іс-әрекетіне үлкнедердің соғұрлым үнсізде жылы жымиысына баға беруін қажетсінеді. Тек қана оқу процесінде емес, жай қарым-қатынастарда да бастауыш сынып жасындағы баалар мен жасөспірімдерді жылы жымиыспен ынталандырудың маңызы зор. Сондықтан да педагогтың вербальды емес қарым-қатынаста өз бет әлпетінің жылығымен әсер етуге сараңдығы бала мен педагог арасындағы, онсыз да үлкен жас айырмашылығын оданс айын қашықтатпайық».
Үлкендердің баламен әр түрлі қарым-қатынасы және олардың балаға беретін бағасының сипататмасы оның бойындағы өзіне баға бере алу қасиетін дамытады. Бір жағдайда оның өзінің ақылды еендігіне сенімі артса, басқа бір жағдайларда өзінің көріксіз немесе қателігін мойындайды. Үлкендердің тікелей әсер етуімен баланың бойында пайда болатын осныдай өзіне өзі баға берушілігінен оның басқа адамдарға да баға беруінің негізі қаланады.
Тақырып: Тұтас педагогикалық процестің мәні
Мақсаты: Тұтас педагогикалық процестің ерекшеліктерін анықтау.
Міндеттері:
а) «Объект» және «пән» деген ұғымдардың мәнін ашу
б) педагогикалық процесс - педагогикалық теорияның объектісі болатындығын көрсету.
в) Тұлғаның тұтас педагогикалық процесте дамуына сипаттама беру.
Педагогикалық процесс мұғалім іс- әрекетінің объектісі. Адамның қандай да болмасын іс-әрекетінің заттық саласы қалайда білімдер жүйесінде көрінеді. Сондықтан синтетикалық спатының біртұтастық объектілері жасалмайынша субъектінің іс-әрекетінің сәтті болуы мүмкін емес. Санның тұтастық объектілері белгілі бір шындық саласындағы білімдерді меңгерудің нәтижесінде пайда болған объектілері, субъектінің іс-әрекетінің сыртқы талаптарды орындау тәсілдері мен адамның субъекті тұлғалық құндылықтарына бағыт табу болып табылады.
Педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары – ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек, мұғалімнің іс-әрекеті, оның білім және тәжірибесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық.
Қажетті тәжірибені жинақтауға әкелетін іс-әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-әдістемелік» құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс-әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейіні теріс түсініп объектіге аударылса, бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс-әрекеттің объектісіне сәйәкес болмайды.
Қазіргі кезеңдегі тұтас педагогикалық процестің мәні туралы түсінік ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының күш салуларының арқасында жинақталады, өйткені педагогикадық құбылыстар компонентетрінің, қасиеттері, заңдылықтар туралы дербес білімдері бірте-бірте жинақталады. Бірақ, бөлік туралы білім әлі біртұтас туралы білім емес. «Педагогикалық процесс» деген сөздік (термин) ғылыми ацйналымға ХІХ ғасырдың екінші жартысында (П.Ф.Каптерев) енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс-әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды.
Педагогикалық процестің белгілері, спалары мен қасиеттері.
Тұлғаны қалыптастыру ұзақ процесс, ол қарама-қайшылықтарды шешумен бұл іс-әректетегі ересектердің мәдениеттердің заттық өзгерілген формасын субъектінің әрекеттік қабілеттеріне өзгерту мен көзқарас формасындағы адамзаттың әрекет күштері мен қабілеттерінің заттық формаға ауысуының бірлігі. Демек, егер педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, онда педагогиклық процестің элементар бірлігі, оның «кереге көзі» бастапқы абстракция болып «қалыптасудың қас қағым сәті» болуы керек.
Бұл процестің ең кіші бірлігі, одан әрі оны тану сапалық қасиеттерін жоғалтпай мүмкін болмайды.
Тұлғаның қалыптасуы даму барысында негізгі қайшылықтарды жеңуде жүзеге асады. Бірақ бұл үшін, бөліну болған жөн- ересектер қызметін алады, яғни. әлеуметтік тәжірибеде алынған іс-әрекет тәсілдерін айқындаушы. Сонымен бірге қозғалыс формаларындағы адамзаттың әрекет күштері мен қабілеттерінің заттық формаға ауысуы жүзеге сасады. Тұлғаның іс-әрекет субъектісне алмасуы, оқушының даму процесінде қалай болатындығы көрінеді.
Барлық мәдени байлықтарды және іс-әректтер түрлерін меңгеру пәндік оқыту арқылы жүргізген тиімді. Бұнымен тағы бер жүйенің пайда болуы байланысты, оған мұғалім «сынып ұстаздары» элементі ретінде кіреді. Сынып ұстаздарының балалардың бастапқы ұжымы мен өзара әрекетері барыснда жоғары деңгейдегі жүйе «сынып оқушылары» пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |