Спорттық ұжымды тәрбиелеу әдістемесі.
Мақсаты: жасөспірім спортшылардың тәрбиелік деңгейлеріне кқңіл аудара отырып, жеке басының жан-жақты қалыптасуына көңіл бөлу
Мiндеттерi:
а) жас өспірімдер спорт мектептiң оқу- жаттығу сыныбындағы тәрбиелiк жүйенi анықтау.
ә) топ жетекшiсiнiң негiзгi мiндеттерiн айқындау.
б) Жаттықтырушының ең маңызды қызметтерiн анықтау.
в) Спортшыларды спорт топтарындағы іс-әрекетiн ұйымдастырудың ерек-шелiктерiн ашу.
Жоспар
Тәрбиелілік жүйе және топ жетекшiсiнiң мiндеттерi.
Жаттықтырушы жұмысындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру.
Жаттықтырушы жетекшiсiнiң қызметтерi.
Оқушылардың спорттық топтағы іс-әрекетiн ұйымдастыру.
Тәрбиелілік жүйе және сынып жетекшiсiнiң мiндеттерi. Педагогика ғылымы негізіндегі зерттеулер мен озат тәжірибелерді қорытындылай келгенде, оқушылар ұжымындағы тәрбие жүйесінің құрылыуы тәрбие процесінің тиімділігін неғұрлым жоғарлататындығын айқындайды.
Адамзат тарихында әлемдік өркениеттің әрбір кезеңдерінде қаланған әртүрлі білім беру жүйесі белгілі болды. Олардың әрқайсысы, қоғамға тән сипаттағы, қазіргі білім жүйесі атқаруға тиісті талаптарды, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастарды бейнеледі. Олардың ішіндегі әлдеқайда белгілері болып табылатындары:
спартандық тәрбие жүйесі;
афиндық тәрбие жүйесі;
діни тәрбие жүйесі;
джентельменді қалыптастыру жүйесі (батыс-европалық жүйе);
адамды ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу жүйесі (А.С.Макаренконың жүйесі);
XX ғасырдың екінші жартысындағы кеңес мектебіндегі тәрбие жүйесі ұжымдық шығармашылық жұмыстың, қоғамдық пайдалы және өндірістік еңбек, әртүрлі ұйымдастырылған жұмыс формаларын ендіру (әртүрлі орталықтар, мектеп театрлары және т.б.).Ұлттық дәстүрлер, сонымен қатар, оқу процесін қайта құрудың негізінде қаланды. Тарихи қалыптасқан тәрбие жүйесіне талдау жасау, кез-келген тәрбие жүйесінің негізгі құрамды бөліктеріне тәрбие мақсаттарының бөлімдері жататынын, тәрбие ұжымы тәрбие жүйесінің ядросы (жасушасы) екендігін, ұжымшылыдық қарым-қатынаспен айнала қоршаған жүйеге аялы көзқарасты көрсетеді. Кейбір зерттеушілер, осы ережелерді нақтылай келіп, кез-келген тәрбие жүйесінің негізіне барлық ұжым болып қабылданған тәрбиенің мақсатын, ұжымдық танымдық іс-әрекетті, тәрбиелеушілік қатынастарды, балалардың өзін-өзі басқаруын, ұлттық дәстүрлерге сүйенуді, әр жастағы ұжымдарды құру мен ұжымдық шығармашылық жұмыстың әдістерін пайдалануды жатқызады.
Тәрбие жүйесін құру біршене кезеңдерді болжайды:
жүйенің қалыптасуы;
ұжымдық іс-әрекеттің мазмұны мен жүйесінің құрылымын жасау;
жүйені лайықты тәртіпке безендіру, дәстүрлерді жарыққа шығару және жаңалықтарды ендіру;
Тәрбие жүйесінің кез-келген деңгейін жарыққа шығарудағы алдыңғы кезектегі проблема тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады, өйткені білім беру саласындағы қызметкеркерлердың іс-әрекеті қоғамның басқа да саласында жұмыс істейтіндер сияқты оның мақсаттарымен, міндеттерімен айқындалады. Сынып жетекшісінің мақсаты мен міндеттері мектептің тәрбиелілік мақсаттарынан шығады, өйткені сыныптағы тәрбие жұмысы мектептің тәрбие жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
Алайда, тәрбиенің мақсатын анықтау барысында бедгілі қиындықтар бар: тәрбиенің қоғамдық мақсаты, белгіленген жан-жақты қалыптасу, үйлесімді дамыған жеке тұлға, қол жетпейтіндей шынайы, сол үшін де идеальды.
Қазiргi заманғы iзденiстер бойынша тәрбиенiң мақсатын анықтау мәдениеттану арнасында жүргiзiлуде. Бұл мәселе бойынша осы күнге дейiн еш нәрсе анық болмаса да, бұл әдiстеме бiршама нәтижелi, өйткенi ол ұлттық және дүниежүзiлiк мәдениеттегi тарихи қалыптасқан рухани құндылықтарға сүйенеді. Тәрбиенiң мақсатын тек өз халқының ұлттық мәдениетiнiң негiзiнде ғана емес, жалпы адамзаттық және адамгершілік ұлттық құндылықтарды игеру арқылы ғана анықтау мүмкiн.
Мұғалiмдер ұжымында ортаќ мақсат болған жағдайда ғана, әрқайсысы оған жету үшiн іс-әрекетке белсендi кiрiскен кезде ғана үлкен нәтижеге жету мүмкiндiгi бар. Бұған мысал ретiнде Алматы қаласындағы № 16 кәсiби-техникалық лицейде қалыптасқан тәрбиелiк жүйенi алуға болады, онда лицей директоры Шакирова Т. М. басшылығымен оқушылардың жеке тұлғасының қалыптасуы ұлттық мәдениет тәсiлдерiмен жүзеге асқан. Бұнда төмендегi келтiрiлiп отырған тәрбиелiк жүйенiң құрылымдық үлгiсi iске асырылған .
Ұлттық мәдениет құралдары арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жүйесі:
1. Лицейдi ұлттық мәдениет элементтерiмен безендiру.
2. Тiлдердi меңгеру.
3. Ұлттық мәдениеттi мәдениеттану сипатындағы оқу пәндерi арқылы меңгеру.
4. Ұлттық мәдениеттi базистiк оқу бағдарламасындағы басқа да пәндерде меңгеру.
Ұлттық мәдениетке арналған арнайы курстар, факультативтер.
Ұлттық мәдениеттi меңгеруге арналған оқушылардың зерттеу іс-әрекетi.
Ұлттық мәдениеттi меңгерудi мақсат еткен үйiрмелер мен клубтардың жұмысы.
Ұлттық мәдениеттi меңгеруге арналған сыныптан тыс іс-әрекет (сынып сағаттары, жарыстар, мерекелер, т.б.).
Ұлттық мәдениетпен байланысты лицей дәстүрлерi.
Басқа да тәрбие жүйесініњ нәтижесi бұдан кем емес. Мысалы, Алматы қаласындағы № 132 мектеп-гимназиясының педагогикалық ұжымы оқушылардың интеллектуалды потенциалының дамуын бiрiншi орынға қояды. Әрине, бұл бағытта әртүрлi iзденiстер болуы мүмкiн, алайда, кез келген жағдайда мектеп ұжымының алдында мақсаты бар.
Мектеп өз түлектерінің мәдени негiзiнiң қалыптасуына ықпал етедi, ол дегенiмiз – мектеп бiтiрушiнiң бiлiм мазмұнын, жеке тұлғаның өзiн өзi ары қарай дамыту факторы. Қойылған мақсат тәрбиелiк мiндеттер арқылы жүзеге асады. Оларды анықтаудың әртүрлi әдiстемелерi бар. Мысалы, Н. Е. Щуркова келелi тәрбиелiк мiндеттердi ұсынады:
а) тәрбиелеу және дамыту іс-әрекеттерiн ұйымдастыру;
ә) ұжымды ұйымдастыру мен дамыту;
б) оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның iшкi мүмкіншілігі, бейiмдiлiгi, мақсат-мүдделерi мен қабiлеттерiнiң көрiнуi мен баюы үшiн жағдай жасау.
Сынып жетекшiлерiнiң іс-әрекетiне жасалған әлеуметтiк талдау нәтижесiнде оның мiндеттерiн төрт топқа бөледi.
Бiрiншi топ – әлеуметтiк мiндеттер (балаға көмек, оны әлеуметтiк қатынастар жүйесiне енгiзу, жеке тұлғаның дамуы мен оның даралығының қалыптасуына тиiмдi жағдай жасауда жанұямен және тәрбие институттарымен әрекеттестiк).
Екiншi топ – диагностикалық мiндеттер (сыныппен жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшiн оқушының жеке тұлғасы мен ұжымның даму диагностикасы).
Үшiншi топ – адамгершілік мiндеттер (баланың бойында ќайрымдылыќ критерилерiн қалыптастыру, баланы адамгершілікке бейімдеу жағдайына қою).
Төртiншi топ – даралық-тәжiрибелiк сипаттағы мiндеттер (оқушылармен жұмыстың нәтижелi педагогикалық тәсiлдерiн таңдау, өз жұмысын жоспарлау, іс-әрекеттi бақылау мен түзету, рефлексия педагогикасы).
Педагогтардың, зерттеушiлер мен мұғалімдердің оқушылар ұжымындағы тәрбие жүйесiн ұйымдастыру үшін маңызды мiндеттердi бөлiп ќарау.Өйткенi оқушы өмiрiнiң барлық жақтарын сынып жетекшiсi мен мектептің тәрбие жұмысы ықпалымен аяќталмайды. Ең маңызды мiндеттер:
1. Денсаулық пен салауатты өмiр салтына тәрбиелеу.
2. Баладағы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.
3.Оқушыда адамгершііліікк міінез-құлықты қалыптастыру.
4. Баланың бойына бiткен қабiлетiлiгi мен мақсат-мүдделерiн жаңаша дамыту.
Е.НСтепанованын ой туыншаа сыныптыың тәрбиелік жүйесі-бұл сыныптағы әрбір мүшені тәрбиелеп және олардың өмір сүруші ұымдастыру тәссілі бұл біртұтас өзара әсерететін компонент ,ұжымда және тұлғаның дамуын қамтамасыу етеді - дейді . Осыған байланысты компоненттер туімі;
1.Жеке топтың компонент тәрбиелік жүие қурумы балалармен ересектер тобы.
2 Құндылық-бағдарлы компонент (тәрбиенің максаат міндеті бірлікте, сыныптың болашағы,тәрбие жүйесін құрудың көғыдасы).
3. Қызметтік-әрекет компоненті (жүйе құрушы тур,форма бірлескен іс-әрекетті уйымдастыру әдісі, тәрбие жүйесінің негізгі қызметі, өзін-өзі басқару).
4.Уақытша-кеңістік компоненті ( тәрбиелік орта, тәрбие жүйесінің қалыптасу кезені т.б ).
5.Диагностикалық –талдау компоненті (тәрбиелік орта,тәрбие жүйесінің тиімді өлшемі, ұжымды таным білудің әдіс тәсілдері,талдаудың формасы мен тәсілдері, алынған нәтижені бағалау).
Сынып жетекшісінің жұмысындағы ең қиын нәрсе сол оқушыларды адамгершілік жағынан қалыптастыру болып табылады.
Сынып жетекшiсiнiң жұмысындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру. Сонымен, оқушылардың адамгершілігі тәрбиенiң ең маңызды мiндетi болып табылады. Адамгершілік адамның iс-әрекетi мен қылықтарынан көрiнетiн қоршаған ортаға деген қатынасын білдіреді. Қатынас дегенiмiз субъектiнiң қоршаған ортамен қалауы бойынша анықталатын байланысы. Сондықтан оқушының қандай құндылықтарды таңдап алуы сынып жетекшiсi мен пән мұғалiмдеріне тәуелді.
Зерттеушiлер қатынастар жүйесiне әртүрлi компонентердi кiргiзедi. Әрбiр қатынас белгiлi бiр бiлiмдердi игеру дегендi бiлдiредi, алайда бұндағы ең бастысы бұл бiлiмдердi өнегелiлiк түрде түсiну, сезiну болып табылады. Н.Е. Щуркова., А.П. Сейтешев жеке тұлғаның қасиеттерiн құндылық қатынастардың қалыптасу нәтижесi деп түсiндiредi. Осылайша, басқа адамға деген құндылық қатынастың нәтижесi – гуманизм, өз өзiне – қадiр-қасиет, еңбекке – еңбексүйгiштiк, еңбекқорлық болып табылады.
Жеке тұлғаның ең басты қасиеттерiн осылайша бөлу өте маңызды, өйткенi, қоршаған ортаға, адамға, материалдық және рухани дүниеге деген қатынастың қалыптасуы барысында адамгершіліктіњ барлық жаќтарын ќамту мүмкiн емес.
Тәрбие нәтижелерi туралы сөз етер болсақ, жеке тұлғаның басты қасиеттерiнiң қалыптасуы туралы айтуға болады:
1. Басқа адамға деген қатынас – гуманизм.
2. Өз өзiне деген қатынас – қадiр-қасиет.
3. Еңбекке деген қатынас – еңбексүйгiштiк, еңбекқорлық.
4. Ұжымға деген қатынас – ұжымшылдық.
5. Отанға деген қатынас – отансүйгiштiк, патриотизм.
6. Табиғатқа қатынас – табиғатқа қамқорлық.
7. Көркемдiкке қатынас – көркемдiктi эмоционалды-эстетикалық түрде қабылдау қабiлетi.
Жеке тұлғаның осы бiр қасиеттерiн қалыптастыру – қоршаған орта туралы бiлiмдердi өнегелiлiк түрде түсiнiп-сезiну. Сондықтан, оқушылардың қоршаған орта туралы бiлiмдер жинағын адамгершілікпен сезiнуi тәрбие жұмысыныњ басты мақсаты.
Оқу материалының, әрбiр сабақтың өзiндiк тәрбиелiк маңызы бар екенi белгiлi. Олардың әрқайсысы оқушылардың қоршаған ортаға деген, құндылық қатынасын қалыптастыруда басқа адамның жеке тұлғаға құрметінен бастап, болмысты эмоционалды-эстетикалық қабылдауға дейiнгi, құндылық сапаларын тєрбиелейді. ҚР-мектептерінде білім беру мазмұны үнемі жаңарып отырады.
Мұғалімнің алдында тұрған өзекті мәселе оны адамгершілік тұрғысынан түйсіну. Оқу пәндеріндегі тәрбиелік мүмкіндіктерді мұғалім білуге тиісті. Бұл жөнінде негізгі пәндер гуманитарлық циклде болып келеді. Дегенмен сабақ үстінде ғана тәрбиелеумен шектелмеу керек. Егерде кей мұғалімдердің тәрбиелік міндетті қажетті деңгейде орындай алмауын ескерсек онда жауапкершілік сынып жетекшісіне жүктеледі. Пән мұғалімдерінің тәрбие жұмысының сынып жетекшісіне басшылығына тәуелді сондықтан да мұғалімдер сыныптағы тәрбие жүйесіне қалыптастыруда белсенділік танытады.
Мектептiң тәрбие мiндеттерiне сүйене отырып, өз сыныбындағы оқушылардың ерекшелiктерi мен тәрбиелiлiк деңгейлерiн ескере отырып, осы мәселенi шешуге пән мұғалiмдерi, оқушыларды, ата-ананы, демеушiлердi т.б. тарта отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастырады.
Әр адамның рухани өмірі ізгілігі өзіне ғана тән. Кей бала эстетикалық құндылықты қаласа, кей бала табиғатты таңдайды. Сыныптағы ұжымдық тұлғалық сана тәрбие процесі жағдайына тәуелді. Диагностикалық әдіс-тәсіл оқушының тұлғалық адамгершілік қалыптасу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Сынып жетекшiсiнiң жұмысында сыныптан тыс тәрбие көрiнiс табады. Сынып жетекшiсi қызметi Қазақстанда, барлық Совет Үкiметiндегi секiлдi, 1934 ж. енгiзiледi. Қазiргi уақытта оқушы жеке тұлғасын қалыптастыру, оның қабiлеттiлiгiн дамыту бiрiншi орында. Бұл ретте, сынып жетекшiсi – пән мұғалiмдері мен ата-ананың әрбiр оқушыға ықпалын үйлестiретiн тәрбиені ұйымдастырушысы.
Оқушыларды адамгершілік құндылықты сезінуге үйретуде және сапалы білімді меңгеруге іс-әрекетті ұйымдастырудың мәні зор.
Сынып жетекшiсiнiң қызметтерi. Сынып жетекшiсiнiң жұмысы мектеп Уставымен белгіленеді. Алайда бұл тiзiм оның іс-әрекетiнiң барлық жақтарын қамти алмайды. Оның іс-әрекетiнің әртүрлi жақтары көптеген зерттеулерде қарастырылған (әдіс жєне әдіснамаларда).
Дәстүрлi емес әдiстемелерде сынып жетекшiсiнiң негiзгi қызметтерi:
а) Баланың денсаулығына қамқорлық.
ә) Баланың адамгершілігін қалыптастыруға қамқорлық.
б) Баланың қабiлетiн дамытуға қамқорлық.
Сынып жетекшісінің қызметіне жатады. (Н.Е. Щуркова):
- Мектептегі сынып өміріне қамқорлық;
- әрбiр оқушыны қажеттi оқулықтармен және єдістемелiк құралдармен қамтамасыз ету;
- баланың көзiнiң көруi, құлағының естуi, оның бойын ескерiп, әрбiреуiнiң қабiлетi мен белсендiлiгiне қарай сыныпқа орналастыру;
- сыртқы киiм мен аяқ киiм қоятын орынның болуы;
- мектептiң ертеңгiлiк тамағының тәртiбi мен асхананың тазалық ережесiн қамтамасыз ету;
- оқушы үстi-басын ретке келтiре алатын дәретхана бөлмелерiнiң орналасуы мен оларды пайдалану мәдениетiн ескерту;
сынып бөлмесiнiң iшкi көрiнiсiн, бөлменiң жарықтығы, бөлменiң көркем-әдемiлiгiн сақтайтын кезекшiлер қою;
әрбiр мұғалім мен баланың киiмi мен аяқ киiмiн гигиена, эстетика тұрғысынан деген талап қою;
әрбiр оқушының сабақ кестесi мен сынып бөлмелерiнiң орналасуынан хабардар ету;
оқушының барлық сынып бөлмелерiнiң неге арналғанын оларды пайдалану ережелерiнен (директор кабинетiнен бастап, ойын бөлмесi мен медициналық бөлмеге дейiн) түсінік беру;
оқушының қоршаған заттармен жоғары мәдени деңгейде, тазалықты, әдемiлiк пен тәртiптi сақтай отырып пайдалана білуін үйрету.
Топтың пәндiк іс-әрекетiн ұйымдастыру:
балаға дүниенiң көпжақтылығы мен күрделiлiгi, қарама-қайшылықтарын, танымдық іс-әрекетін ашу;
баланы дүниедегi адам өмiрiне ќажетті құралдары, материалдық құндылықтарға жататын еңбектiң іс-әрекеті;
баланың күш-жiгерiн, өзiнiң денесiне, денсаулығына, ағзасының сұлулығы мен күшiне, адаманың өз денесiн билей алатын спорттық іс-әрекет;
балаға дүниенi көркем образдар арқылы тануға, көркемдiк заттар тудыра отырып, дүниенi көркейтуге мүмкiндiк беретiн іс-әрекет.
3. Өмiрдi түсiнiп, сезiнудiң рухани іс-әрекетiн ұйымдастыру, ол дегенiмiз
– оқушылардың рефлексиясы, өмiр құндылықтарын түсiнiп, сезiнудегi өзiндiк талдауға және өзiнiң iшкi дүниесiн дамытуға жәрдем беру.
4. Тәрбие нәтижелерiнiң диагностикасы негiзiнде жеке тұлғалық дамудың сипаттамасы. Сынып жетекшiсiнiң диагностикалық іс-әрекетi тәрбиелiк жүйенi құрудың негiзi болып табылады. Жеке тұлғаның қалыптасуы ерекше қасиеттерiн анықтауға мүмкiндiк бередi.
Жоғарыда аталған қызметті жүзеге асыруда сынып жетекшісі жүйе түзуші факторды анықтап алу қажет. Ол белгілі жұмыстың формасы, белгілі іс-әрекеттің түрі т.б. бірақ баланың қоршаған ортаға қатынасын қалыптастыру моделін жасағанда ескеретін нәрсе мыс: жүйе түзуші фактор оқушылардың әрекеті театорға бару арқылы тәжірибесін құндылық қатынас қалыптастыру. Ол үшін сынып жетекшісі жұмыстың осындай формасы негізінде тәрбие жүйесінің моделін жасауы қажет.
Оқушылардың сыныптағы іс-әрекетiн ұйымдастыру. Сынып жетекшiсi мына бiр тұжырым ережелердi ұғынып, түсiнген жағдайда ғана тәрбие мiндеттерiнің шешiмi нәтижелi болмаќ:
1. Тәрбиенің жеке тұлғаға бағыттауы.
2. Тәрбие жүйелiк сипатта болу.
Тәрбие іс-әрекетiнің мақсаттарының бiрлiгi, оқушылармен жұмыс iстейтiн мұғалiмдердiң өзара әрекеттестiгi тәрбие жүйесінiң кепiлi.
Тәрбие процесі жеке тұлға теориясы мен іс-әрекет теориясына, құндылықтар теориясы мен басқару теориясына сүйенуi ќажет.
Жеке тұлға теориясы арқылы мұғалiм оқушының тек тәрбие объектiсi ғана емес, сонымен қатар ол іс-әрекеттiң субъектiсi екенiн түсiнедi. Ол сынып жетекшiсiне оқу-тәрбие жұмысын, оқушы жеке тұлғасының қалыптасу, оқушылардың іс-әрекеті бiрнеше кезеңдерден тұрады: мотивтіњ қалыптасуы – оларды адамгершілік түсiнiктерді ұғынуға жағдай жасау; мiнез-құлық пен iс-әрекет нормаларының қалыптасуы – өз iс-әрекетiне қанағаттану. Демек, оқушы жеке тұлғасының қалыптасу технологиясы мотив, танымдық, мiнез-құлық, эмоционалдық сезім компоненттерiнен тұрады.
Осылайша, мотивті қалыптастырып, бiлiм берiп, iс-әрекеттi ұйымдастыру. Жағымды эмоциялар баланың қоршаған болмысқа деген сенімін арттырады.
Сынып жетекшiсiнiң іс-әрекетiнде басқару теориясының да маңызы бар. Педагогтiң негiзгi жұмысы – оқушылардың іс-әрекетiн ұйымдастыру, ал ұйымдастыру басқару теориясының құрамды бөлiгi болып табылады. Оның заңдылықтарын бiлу педагогтар мен оқушылар арасындағы қатынасты, сыныптағы тәрбие жүйесін басқаруға мүмкiндiк бередi.
Тәрбие жүйесінiң қызметiндегi маңыздысы оқушылардың іс-әрекетiнiң түрлерін тиiмдi таңдау (тәрбиелiк шаралар) және оларды өткiзу. Адамды қалыптастыратын негiзгi іс-әрекеттер: танымдық іс-әрекет, материалдық еңбек, қоғамдық-пайдалы жұмыс, бағалау-бағыттау әрекетi, ойын іс-әрекетi, қарым-қатынас, спорттық-сауықтыру, көркемдiк-шығармашылық іс-әрекет.
Басқару теориясы тәрбиелiк шараларды дайындаудың нәтижелi әдiсiн анықтауға мүмкiндiк бередi, олар:
тәрбиелiк шаралардың нақты бiр формасын таңдау (сынып сағаттары, КВН, демалыс кешi, т.б.);
шаралардың мақсаттары мен мiндеттерiн анықтау;
шараларды өткiзуге ынталы топ пен оқушыларды таңдау;
ынталы топпен бiрiгiп тәрбие жұмыстарын жоспарлау;
жұмысты ұйымдастыру мiндеттерiн ынталы топ мүшелерiне бөлiп беру;
мерекеге дайындық;
сынып жетекшiсiнiң тәрбие шараларын дайындауда оқушыларға ақыл-кеңес беруi;
ынталы топпен бiрiгiп шараларға дайындықты тексеру;
тәрбиелiк шараларды өткiзу;
оқушылармен (ынталы топ, сыныптың мөшелерімен) бiрiгiп өткiзiлген шараларға талдау жасау;
оқушылармен бiрiгiп алдағы жұмысты жоспарлау.
Тәжiрибе көрсеткендей, осы ұсынысты қолдана отырып, сыныпта осындай тәрбие жұмыстарын өткiзуге болады.
Сынып жетекшiсiнiң жұмысында сыныппен немесе жеке бiр оқушымен этикалық әңгiме өткiзу ерекше орын алады. Өсiп келе жатқан адамның қиындықтарын адамгершілікпен түсiндiру, ересек адам тарапынан көрсетiлген өз мезгiлiндегi моральдық қолдау, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көп әсер етуi мүмкiн. Өкiнiшке орай, көбiнесе, этикалық әңгiмелер үгiт-насихатпен алмастырылады. Мұғалiмдер В.А. Сухомлинскийдiң мұғалiмнiң сөзiне, оның оқушымен әңгiмесiне зор мән берген пiкiрiне қосылады. Ал, бiр жағынан, оның педагогикалық іс-әрекеттiң осы бiр саласындағы даналық ақылдарын пайдаланбайды. Бұл мұғалiмнiң мәдени танымдық және дайындығының болмауынан шығар.
Қазiргi уақытта мектеп бағдарламасына өзiн өзi рухани дамыту курсын енгiзу ойластырылып жатыр. Бұл оқушыға адамгершілік тәрбие беру мәселесiн бiршама шешуге мүмкiндiк бередi, бiрақ ол сынып жетекшiсiнiң жоспарлы тәрбие жұмысын алмастыра алмайды.
Өзiн өзi бақылауға арналған сұрақтар
Сынып жетекшiсiнің тәрбие жүйесiнiң негiзгi компонентерi қандай?
Сынып жетекшiсiнiң басты қызметтерiн атаңыз.
Жалпы бiлiм беретiн мектептегi сынып жетекшiсiнiң негiзгi мiндеттерi қандай?
Сыныпта оқушылардың іс-әрекетiн ұйымдастырудың ерекшелiктерiн атаңыз.
Сыныптағы оқушы жеке тұлғасын қалыптастырудың ерекшелiктерi қандай?
Тәрбие мақсаты дегендi қалай түсiнесiз?
“Адамның еңбекке қатынасы” дегендi қалай
Тақырып. Балалар мен жасөспірімдер спорттық мектебіндегі тәрбиелік жұмыс жүйесі
Мақсаты: сынып жетекшісімен құрылған сыныптағы тәрбиелік жүйенің мәнін меңгеру.
Өзiн өзi бақылауға арналған сұрақтар
Сынып жетекшiсiнің тәрбие жүйесiнiң негiзгi компонентерi қандай?
Сынып жетекшiсiнiң басты қызметтерiн атаңыз.
Жалпы бiлiм беретiн мектептегi сынып жетекшiсiнiң негiзгi мiндеттерi қандай?
Сыныпта оқушылардың іс-әрекетiн ұйымдастырудың ерекшелiктерiн атаңыз.
Сыныптағы оқушы жеке тұлғасын қалыптастырудың ерекшелiктерi қандай?
Тәрбие мақсаты дегендi қалай түсiнесiз?
“Адамның еңбекке қатынасы” дегендi қалай түсiнесiз?
Тәрбие жұмысының нәтижесiн бағалау. Тәрбиелiк жүйені кәсiби ұйымдастырудың құрамында, мiндеттi түрде, педагогикалық талдау компонентi болуы керек, бұл талдау негiзiнде педагогтар тәрбие барысының дұрыстығын, оның белгiлi дәрежеде жемiстi екенiн бiле алады, ұйымдастыру шараларын жетiлдiрiп, немесе оған уақытқа, балалар жасына, оқиғалар мен жағдайларға бйаланысты түзетулер енгiзе алады. Педагогикалық талдау – бұл тәрбиенiң мәндiк элементтерiн бағалай отырып қарастыру.
Тәрбиелiк процестi бақылау, ең алдымен, оқу процесiнiң барысында жүзеге асырылады, өйткенi негiзгi тәрбие жұмысы сабақ үстiнде жүргiзiледi. Тәрбиелiк процестi бақылауда сынып жетекшiсiнiң сабақтан тыс жұмысын, балалардың қоғамдық ұйымдарының, клубтардың, үйiрмелердiң, секциялардың іс-әрекетiн, сондай-ақ, осы жұмыстың жалпы нәтижелерiн зерттеу ерекше орын алады.
Тәрбиелiк процестi бағалау үшiн көптеген бағалау сипаттамалары бар бала тәрбиелiлiгiнiң негiзгi ұғымдары енгiзiледi. Оқушы тәрбиелiлiгi – оның жекелiк дамуының педагогтар қойған мақсатқа сәйкес келу дәрежесi. Тәрбиелiк процестiң нәтижелiлiгiн анықтау – оқушылардың тәрбиелiлiк деңгейiн айқындау деген сөз.
Тәрбие жұмысын бағалаудың шынайылығына тәрбиелiлiк өлшемдер анықтау арқылы жетуге болады. Бұл өлшемдер екi үлкен топқа бөлуге болады, оның бiрiншiсi жалпы жеке тұлғалық сипаттаманы айқындаумен байланысты болса, екiншiсi жекелеген белгiлер мен қасиеттердiң қалыптасуымен, тәрбиелiк ықпал етудiң белгiлi бiр әдiстерiн қолданумен байланысты аралық, жиi-жиi нәтижелердi тексеруге қатысты.
Аралық немесе қортынды кезеңдегi тәрбиелiк процестiң қортындысы мен нәтижесiн талдау үшiн қолданылатын бiрiншi топтың өлшемдері негiзiнде жеке тұлғаға деген жалпы талаптар болуы мүмкiн. Бұл талаптарды қоғам дамуы процесiнде өзгерiп отыратын әлеуметтiк тапсырыс анықтайды.
Екiншi топ өлшемдерiн келесi топтарға бөлуге болады:
а) Тәрбие нәтижелерiнiң сыртқы түрпішінде – пайымдауларда, бағаларда, әрекеттерде көрiнiс табуымен байланысты өлшемдер.
ә) Тәрбиешiнiң көзiнен таса құбылыстармен, яғни сөзiнде, қылықтарында, iс-әрекеттерiндегi сыртқы көрiнiстерiмен сәйкес келмейтiн адамның себеп-салдарларымен, iшкi ұстанымымен байланысты өлшемдер .
Кәсiби педагогикалық іс-әрекет жемiсi, немесе оның нәтижесi балалардың тәрбиелiлiгi болып табылады. Балалардың тәрбиелiлiгiнiң деңгейi қаншалықты жоғары болса, педагогтiң кәсiбилiгiнiң бағасы соғұрлым жоғары болады. Алайда мәселенiң мұндай қойылуы әдiлетсiз көрiнуi мүмкiн, өйткенi педагог алдына келген балалардың өзiнiң мектепке дейiнгi өмiрiнiң нәтижесi ретiндегi тәрбиелiлiгiнiң деңгейi әртүрлi болады: бiр топта – ақылды, мейiрiмдi, тәрбиеге бой ұсынатын балалар; ал басқа топта – дамымаған, агрессивтi, күтiм көрмеген балалар. Бастапқы тәрбие арќауы сәтсіз болғандықтан, нәтижесi де әртүрлi болады.
Мұндай қарама-қайшылықтан шығудың жолы – тәрбиелiк процестi бағалау өлшемдерiнiң үшiншi тобын енгiзу – балалардың өзгеру мөлшерлерi, “қандай болды” және “қалай өзгердi”, даму мен рухани баю динамикасы. Балаларды бiр бiрiмен емес, тек оларды өткендегiсi мен осы шақтағы тәрбиесімен салыстырса ғана кәсiби әдiлеттiлiк сақталады.
Тәрбие нәтижелерiн бағалау мәселесiнде оларды өлшеу амал-тәсiлдерiн iздестiру ерекше орын алады. Осылайша, жеке тұлғаның тәрбиелiлiгiн бағалау негiзi ретiнде жеке тұлғаның белгiлi бiр түрпішініңде көрiнген қандай да бiр сипаттамалық немесе өзектi қасиеттер тобын алу керек. Бұл қасиеттердiң даму деңгейiн, белгiлi мағынада, баланың тәрбиелiлiгiнiң көрсеткiшi деп есептеуге болады.
Тәрбиелiк жұмыс нәтижелерiн бағалаудың негiзгi әдiстерi ретiнде бақылап қарауды, әңгiме-сұқбатты, оқушылардың әртүрлi құбылыстарға қатынасы бойынша тақырыптарға шығармаларын, тестiнi есептеуге болады.
Тәрбиелiлiктiң кейбiр көрсеткiштерiн арнайы диагностикалық әдiстер арқылы бiлуге болады. Осындай амал-тәсiлдер аз емес: сауалнама, анкета, шығарма, тест. Педагогикалық диагностикалық әдiстер баланың құндылық қатынастарын (оның бар екенiн және мөлшерiн) анықтайды, өйткенi олардың барлығы баланы “ерiктi таңдау” орнына қояды және бұл таңдау арқылы оның жақсылық не жамандықты, ақиқат не өтiрiктi, әсемдiк пен ұсқынсыздықты ажырата алады.
Әдебиеттер
Вопросы обучения и воспитания / сост. Э.Г.Костяшкин. М., 1972
Ленин В.И. Философские тетради ПСС, т.29.
Макаренко А.С. Проблемы школьного советского воспитания. Собр. Соч. В 7 т. Т.5. М., 1958.
Проблемы методологии педагогики, методологического исследования / Под ред. М.А.Данилова и Н.И. Болдырева, М., 1971.
Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. – Алматы: Ғалым, 1988.
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
Тақырыптың негізгі ұғымдары дамуының мазмұндың хронологиялық кестесін жасаңыз.
Біртұтас педагогикалық процестің заңдылықтарына жағдаяттарды таңдап алыңыз.
Өзін талдау схемасын мұғалімінің педагогикалық процесті ұйымдастыру принциптерін басшылыққа алып жасаңыз.
Оқушылардың сыныптары мен өзіне қатынасын бағалау үшін керекті тапсырмаларды құрастырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |