Экономикаға жекешелендіруден болатын макроэкономикалық әсерді талдау



жүктеу 99.52 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі99.52 Kb.

ҚР ҰЭМ-нің 2015 жылғы 24 сәуірдегі

№ 22-1/4744//17-53/04-123//01-7.14(ХТ)п.40

(ХТ) хатына қосымша



Экономикаға жекешелендіруден болатын макроэкономикалық әсерді талдау

Жекешелендірудің кешенді жоспары шеңберінде квазимемлекеттік сектордың 782 ұйымы бәсекелі ортаға ауысып, 380 ұйым қайта ұйымдастырылады немесе таратылады. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекет қатысатын жекешелендірілетін ұйымдар активтерінің құны 570 млрд.теңгені немесе мемлекет қатысатын заңды тұлғалар активтерінің жалпы құнынан 3,5 %-ды (16 151, 6 млрд. теңге) құрайды.

Жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі 29 ұйымның қатарында коммерциялық бағыттағы оқу және ғылыми орындар, жобалау институттары, санаторийлер, бұқаралық ақпарат құралдары, күзет ұйымдары бар.

Коммуналдық меншікте 82%-дан астамды жекешелендіру әлеуеті жоқ әлеуметтік саланың ұйымдары құрайды. Басқа секторлардағы коммуналдық меншік объектілерін 38%-ға (416 ұйымға) қысқарту ұсынылады. Елді мекендерді абаттандыру және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, автомобиль жолдарын жөндеу қызметін жүзеге асыратын ұйымдар, автобус және троллейбус парктері, балалар сауықтыру лагерьлері жекешелендіру тізбесіне кіреді.

Ұлттық холдингтер мен компаниялар 337 активті, оның ішінде «Самұрық-Қазына» қоры бойынша -106 активті, Бәйтерек холдингі бойынша -15, КазАгро -32, Парасат – 8, Зерде –2, ӘКК -174 ұйымды бәсекелі ортаға беретін болады.

Жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде 2017 жылға қарай квазимемлекеттік сектор субъектілерінің саны 15%-ға қысқарады, оның ішінде республикалық меншік бойынша 28%-ға, коммуналдық меншік 10%-ға; ӘКК - 60% және ұлттық холдингтер мен компаниялар бойынша 36%-ға қысқарады.

2014 жылы мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар 127 ұйымды сатты (бұдан әрі – жекешелендірілген ұйымдар), бұл 2014-2016 жылдары жекешелендіруге жататын ұйымдардың жалпы санының 16% және 2014 жылы жалпы санының 36 % құрайды (1-кестені қараңыз)1.

1-кесте

2014-2016 жылдары жекешелендіруге жататын ұйымдар саны


Меншіктің түрі




Жекешелендіруге жататын ұйымдар

Барлығы

2014

2014 жылы жекешелендірілді

Жекешелендіретің ұйымдардың жалпы санынан %

2014 жылы жалпы санына қатысты %

Республикалық меншік


29

14

5

17

36

Коммуналдық меншік


416

130

56

13

43

ӘКК


174

74

42

24

57

Холдингтер


163

64

24

15

36

БАРЛЫҒЫ:


782

282

127

16

36

Жекешелендірілген ұйымдардың сатып алушылары - 73 жеке тұлға, 52 заңды тұлға (оның ішінде 1 резидент емес) және 2 – жеке кәсіпкер.

Жекешелендірілген ұйымдардың ең көп саны мына салаларға жатады (2-кестені қараңыз) 2:

ақпарат және байланыс - 25 объект (19,6%) (аудандық газеттер мен радио, ақпараттық қызмет орталықтары және т.б.);

өнеркәсіп – 22 объект (17,3%), оның ішінде: кен өндіру өнеркәсібі және кен өндіру – 4 (темір рудалары мен түсті металдардың басқа да рудаларын өндіру), өңдеу өнеркәсібі - 14 (ет, сүтті өңдеу, ұнды қайта өңдеу, темір жолдардың жылжымалы құрамын жөндеу), сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау - 4 (қауіпсіз емес қалдықтарды жинау,өңдеу және жою);

кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 17 (13,3%)(ғылыми зерттеулер, сәулет саласындағы көрсетілетін қызметтер, білім берудің қосымша ұйымдары);

ауыл шаруашылығы – 11 объект (8,6%) (мал шаруашылығы, дәнді дақылдарды өсіру);

Жекешелендірілген ұйымдар бойынша жалпы қосылған құн (ЖҚҚ) – 9 400,8 млн. теңгені құрады, яғни бәсекелі ортадағы мемлекеттің қатысу үлесі 0,3%-ға азайды (мемлекеттік меншік бойынша ЖҚҚ- 2 891 093,4 млн. теңге).


2-кесте.
Жекешелендірілген ұйымдардың салалық құрылымы

(мың. теңге)

Экономикалық қызметтің түрлері

Ұйымдардың саны

2013 жылдағы жалпы қосылған құн (ЖҚҚ)

Тауарлар өндірісі

5 030 993,9

Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы

11

87 059,4

Өнеркәсіп

22

4 940 962,4

Құрылыс

2

2 972,1

Көрсетілетін қызметтер өндірісі

4 369 841,0

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу

3

25 422,9

Көлік және қоймалау

9

609 931,8

Тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер

3

447 852,0

Ақпарат және байланыс

25

724 075,6

Қаржы және сақтандыру қызметі

11

156 431,4

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

5

143 367,5

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

17

1 544 882,4

Әкімшілік және қосымша қызмет көрсету саласындағы қызмет

5

381 712,5

Білім беру

4

117 097,0

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

2

62 019,8

Өнер, сауықтар мен демалыс

4

88 751,1

Көрсетілетін қызметтің өзге де түрлерін ұсыну

4

68 297,0

Жалпы қосылған құн


9 400 834,9

2013 жылы жекешелендірілген ұйымдардағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 94 633 теңгені құрады, бұл мемлекеттік меншік нысанындағы ұйымдардан (80 424 теңге) 14209 теңгеге жоғары және республика бойынша бір қызметкердің осыған ұқсас кезеңдегі орташа айлық атаулы жалақысынан 14508 теңгеге төмен (109 141 теңге)3.

Жекешелендірілген ұйымдар бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2013 жылы 6 979,2 млн теңгені (3-кесте) 4 құрады, оның ішінде өз қаражаты - 6 726,7 млн. теңге (96,3%) және қарызға алу қаражаты – 252,5 млн. теңге (3,7%).

Негізгі капиталға инвестициялардың технологиялық құрылымында машиналар, жабдық, құралдар мен мүкәммалға 96 %, ғимараттар мен имараттар салу және олардың күрделі жөндеуі бойынша жұмыстарға 1 %, өзге де жұмыстар мен шығындар 3 % тиесілі5.



3-кесте

Негізгі капиталға инвестицияларды қаржыландыру көздері

(мың теңге)

Атауы

Жекешелендірілген ұйымдар

Бюджет қаражаты

-

Жеке қаражат

6 726 657

Қарызға алу қаражаты

252 548

Барлығы:

6 979 205

2013 жылы 67 жекешелендірілген ұйымның (шағын, орта және ірі) қаржы-шаруашылық қызметі көрсеткіштеріне жүргізілген іріктеу нәтижелері бойынша 2013 жылғы қаржылық нәтиже 47 шаруашылық жүргізуші субъектісіндегі 733 718 млн.теңге сомадағы пайда ретінде айқындалды, 20 субъектіде 1 263 348 млн.теңге сома көлемінде шығын орын алды (4-кесте) 6.



4-кесте

2013 жылы шығын және пайда алған жекешелендірілген

ұйымдардың саны


Көрсеткіштер

Шағын кәсіпорындардың (ұйымдардың) саны

Ірі және орта кәсіпорындардың (ұйымдардың) саны

Жалпы саны, бірлік

51

16

Пайда алған кәсіпорындар

37

10

Пайданың сомасы (млн. теңге)

164 027

569 691

Шығынға ұшыраған кәсіпорындар

14

6

Шығынның сомасы (млн. теңге)

-385 414

- 877 934

Осы ұйымдардағы негізгі құралдардың бастапқы құны 2013 жылдың соңына қарай 16 429,1 млрд. теңгені құрады, баланстық құны– 13 012 млрд. теңге7.

Жекешелендірілген ұйымдарды сатудан түскен түсімдер 7,8 млрд. теңгені құрады, оның ішінде мемлекеттік бюджетке кірістер - 878,1 (11,1%) млн. теңгені, СКК кірістері – 2 702 (34,2%), ұлттық холдингтердің кірістері – 4 303,6 (54,7%) млн. теңгені (5-кесте) құрады 8.

«Мак-Экибастуз» ЖШС 2014 жылы сатылған ең қымбат объект болып табылады - 1,021 млрд. теңге. 1 теңгеге жекешелендірілген ең арзан объектілер (ЖШС қатысушысының артықшылықпен сатып алу құқығы) болып табылады: «ATC BROK» ЖШС(49,0%), «ӘЛЕМ ТАҒАМ» ЖШС (9,9%), «ПОЛИМЕР МҰНАЙ ГАЗ» ЖШС (9,0%), «ПАРКИНГ СЕРВИС НТ» ЖШС (51%).


5-кесте

Жекешелендірілген ұйымдарды сатудан түскен кірістер
(млн. теңге)

Кірістер

Сома

1

2

Республикалық бюджет


336,3

Жергілікті бюджет


541,8

ӘКК


2 702

Ұлттық холдингтер


4 303,6

Барлығы

7 883,7

Жалпы жекешелендірудің екінші толқыны шеңберіндегі іс-шараларды іске асыру шағын және орта бизнесті дамытуға жаңа серпін береді, мемлекет, ұлттық холдингтер мен компаниялар инфрақұрылымдық жобаларды дамыту үшін қажетті қаржыландырудың қосымша көзін алады. Жекешелендіру бір жағынан, бизнес үшін үлкен мүмкіндіктер береді, ал екінші жағынан мемлекеттік бюджетке жүктеме азаяды.



Түйіні:

  1. Жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде 2017 жылға қарай квазимемлекеттік сектор субъектілерінің саны 15%-ға қысқарады, оның ішінде республикалық меншік 28%-ға, коммуналдық меншік 10%-ға; ӘКК - 60%-ға және ұлттық холдингтер мен компаниялар бойынша 36%-ға қысқарады.

2014 жылы мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер және компаниялар 127 ұйымды сатты, бұл 2014-2016 жылдары жекешелендіруге жататын ұйымдардың жалпы санының 16% және 2014 жылы жалпы санының 36 % құрайды;

2. Жекешелендірілген ұйымдар бойынша жалпы қосылған құн (ЖҚҚ) – 9 400,8 млн. теңгені құрады;

3. 2013 жылы жекешелендірілген ұйымдардағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 94 633 теңгені құрады, бұл мемлекеттік меншік нысанындағы ұйымдардан (80 424 теңге) 14209 теңгеге жоғары және республика бойынша бір қызметкердің осыған ұқсас кезеңдегі орташа айлық атаулы жалақысынан 14508 теңгеге төмен (109 141 теңге)9;

4. Жекешелендірілген ұйымдар бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2013 жылы 6 979,2 млн теңгені (3-кесте) 10 құрады (оның ішінде өз қаражаты - 6 726,7 млн. теңге (96,3%) және қарызға алу қаражаты – 252,5 млн. теңге (3,7%);



5. Жекешелендірілген ұйымдарды сатудан түскен түсімдер 7,8 млрд. теңгені құрады, оның ішінде мемлекеттік бюджетке кірістер - 878,1 (11,1%) млн. теңгені, ӘКК кірістері – 2 702 (34,2%), ұлттық холдингтердің кірістері – 4 303,6 (54,7%) млн. теңгені құрады.


1 Мемлекеттік меншік тізімдемесінен ақпарат

2 Статистикалық ақпарат

4 Статистикалық ақпарат

5 Статистикалық ақпарат

6 Статистикалық ақпарат

7 Статистикалық ақпарат

8 Мемлекеттік мүлік тізімдемесінен мәліметтер

9 Статистикалық ақпарат

10 Статистикалық ақпарат



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет