Авторлық бағдарламаның мақсаты:
Қазақтың кемеңгер ұлттық ақыны Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын терең меңгерту, ақын өлеңдерін, поэмаларын, аудармаларын талдау машығын, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, рухани дүниесін кеңейту, кітап оқуға деген ынтасын арттыру.
Міндеттері:
- Оқушылардың оқу дағдысын дамыту және жетілдіру;
- Өлеңдерін мәнерлеп оқуға, жатқа айтуға баулу;
- Шығарманың түпкі мазмұн-мәнін түсінуін, эмоциялық қабылдауын (кейіпкерлердің көңіл-күйіне ортақтасу, күйіну, сүйіну т.б.) қамтамасыз ету;
- Шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;
- Ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;
- Өзіндік ой-пікір айта білуге дағдыландыру;
- Оқушының оқу мәдениетін қалыптастырудағы педагогикалық шарттарды жүзеге асыру;
- Әр баланың оқырмандық қабілеті мен жеке тұлғалық қасиеттерін зерттеу;
- Мағжан поэзиясының тереңдігін сезіндіру, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту, эстетикалық тәрбие беру.
Бағдарламаны жүзеге асырудағы пайдаланылған әдістер:
Көрнекілік, бақылау, ізденіс, зерттеу, сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану.
Сабақтың үш кезеңінде оқушылардың проблема шешу құзыреттілігі,ақпараттық құзыреттілігі және коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту мақсатында әр түрлі стратегиялардың тиімді қолданылуына ерекше мән беру.
Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс.
ДЖИГСО немесе Бедерлі пышқы стратегиясы - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау.
İNSERT немесе түртіп алу стратегиясы - түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» - білмеймін, «-» - мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таңқалдырды - деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Куббизм стратегиясы – Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады.
Сипатта (түрі, түсі, көлемі)
Салыстыр (ұқсастығы, айырмашылығы)
Ұсын (қалай, қай жерде пайдаланылады?)-
Дәлелде (қарсы және қарсы емеспін)
Талда (қалай жасалған, неден тұрады?)
Ой толғау (бұл неден жасалған?)
Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы – оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай: бірінші жолда 1 зат есім, екінші жолда 2 сын есім, үшінші жолда 3 етістік, төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем яғни ойды түйіндеу, бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады.
RAFT стратегиясы – оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады.
Венн диаграммасы стратегиясы – бұл стратегияның мақсаты салыстыру, пайымдау. Екі зат немесе мезгілдің (объектінің) айырмашылығы мен ұқсастығы жазылады.
Геометриялық фигуралар стратегиясы – бұл стратегияның құралдары геометриялық пішіндер. Мақсаты: оқушының сөздік қорын, әдеби, мәдени сөйлеу тілін, күрделі ойлау қабілетін дамыту.
Блум таксаномиясы, сұрақтар стратегиясы –білімділік, түсіндіру, қолдану, талдау, пайымдау, бағалау.
Т кестесі стратегиясы – мақсаты: қарама – қарсы нәрселерді, сөздерді тере білу.
Топтастыру немесе кластер стратегиясы - ойды жинақтау, ми қыртысында сәулеленген ойларды топтастыру, ассоцациялау.
Тірек сөздер стратегиясы – мұғалім тірек сөздер береді. Оқушылар тірек сөздердің ретін бұзбай әңгіме немесе мәтін құрастырады.
ББҮ немесе маркировка кестесі стратегиясы – «ББҮ» - білемін, білгім келеді, үйрендім деген сөздерден алынған.
ЭССЕ немесе ой толғаныс стратегиясы – тақырыпқа сай оқушы өз ойын қорыта және жинақтай отырып, ой-толғанысын жазады т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |