Бағдарламасы «Эксперименталды психология»



бет2/4
Дата11.06.2016
өлшемі404 Kb.
#128280
түріБағдарламасы
1   2   3   4

$$$ 1Ed = DL


ХІХ ғ. неміс физиологы Э. Вебер минималды қосымша қоздырғыштың шамасының (∆R) ынтаның бастапқы мәніне (R) қатынасы тұрақты болғандықтан, сезімталдықтың айыру табалдырығының шамасы салыстырмалы екенін дәлелдеген: R

R = const.

Осы заңға сүйене отырып және интенсивтіліктің өсімшесін өте аз шама ретінде алуға болатынын ескере отырып, Фехнер интенсивтіліктің өзгеруін физикалық қозғарғыштың күшіне байланыстылығын мына формуламен көрсеткен: Еd = c log r

мұндағы Ed- сезімталдық айырымы; с- натуралды логарифмнен ондыққа көшкендегі тұрақты; r- әсер ететін қоздырғыш шамасының сезімталдықтың қатынасы, яғни ___R__


$$$ 2R = RL

Психофизикалық заңды Г.Фехнер былай тұжырымдаған: түйсіну шамасы ынта шамасына пропорционал емес, ал ынтаның шамасының логарифміне, егер ол өзінің табалдырық шамасы арқылы берілсе, яғни соңғы шама түйсіну пайда болып және жоғалып кеткен жағдайдағы бірлік. Сезімталдық табалдырығының абсолютті және айырма шамалары оларды өлшеу жағдайына байланысты. Оны анықтайтын негізгі фактор болып өлшеулер жағдайына сезім мүшелірінің бейімделуі. Бейімделу деп- бұл жағдайда өзгермелі сыртқы жағдайларға анализатордың қалыптасуы.

Сезім мүшелерінің бейімделуінің, сезімталдықтың абсолютті табылдырығының өзгеруіне әсер етуін көздік қараңғылық және көздің жарыққа бейімделу мысалынан көреміз.

Г. Фехнер сезімталдықтың абсолютті және айырма табалдырықтарын есептеудің бірнеше әдістерін көрсетті. Олар аз ғана түйсінуді бейнелейтін қоздырғыштың интенсивтілігін есептеуге мүмкіндік береді. Бұл әдістер арасындағы айырмашылық- қоздырғышты ұсыну тәсілінде және зерттеудің алғашқы нәтижелерді статистикалық өндеу тәсілінде.



Сезімталдықтың абсолютті табалдырығын анықтау әдістері. Ең алдымен минималды өзгеру немесе шекаралар әдісін қарастырайық. Әдістің мазмұнын атынан көруге болады: таңдалған ынталар континуумын оның дискретті мәндердің айырмашылығы минималды болатындай қылып алу керек.

Ынталарды ұсыну өспелі және кемімелі ретте болады. Әрбір ынтаны ұсыну тізбегіне жауаптар ауысу шекарасын көрсетеді. Табалдырықты өлшеуді ынталардың кемімелі тізбегінен бастайды, яғни бастапқы мән ретінде анық қабылданатын ынтаны алады. Табалдырық ынта аралық интервалдың ортасында орналасқан, яғни әлі қабылданатын және қабылданбайтын ынталардың ортасында. Осылай өспелі ынта қатарын да анықтайды. Өспелі және кемімелі қатарға жауаптар шекаралары сәйкес келмейді. Ол тек зерттелетін адамдарда қайталанатын қателер- үйрену және тосу қателері болған кезде байқалады. Әрбір өспелі және кемімелі қатарда 1 зерттеуде 6 дан 15 ретке дейін тексерді. RL сезімталдықтың абсолют табалдырығы ретінде пайда болу және жоғалу табалдырығының орта арифметикалық мәні есептеледі: L__

RL= N

мұндағы: RL- сезімталдықтың абсолют орта табалдырығы: L- әрбір ынта қатарындағы табалдырықтың мәні; N- ынта қатарының жалпы саны. Зерттелетін адамның жауаптарының вариативтілігін орта квадраттық ауытқу көмегімен анықтайды. Жіберілген қатенің орта мәнін қалыпты деп атайды:



δ

δ RL= √N-1

мұндағы δ – RL- дің орта квадраттық ауытқуы; N- іріктеу көлемі.

Сезімталдықтың абсолютті табалдырығын анықтайтын 2- әдіс- тұрақты қоздырғыштар әдісі немесе тұрақтылар әдісі. Бұл әдіс табалдырықты шекара диапазонын анықтауға бағытталған тәжірибе өткізуді талап етеді.Табалдырықты шекара деп зеріттелетін адам әрқашан ынтаның әсерін сезе бастайды немесе сезбейтін шекаралардың қоздырғыш интенсивтілік диапазоны. Тәжірибеден табылған шекараны интервалдарға бөледі (5 тен 9 дейін). Сондықтан табалдырықты шекарада барлық ынталар шамаларының айырымы бірдей.Тәжірибе жүзінде бұл интенсивтіліктілер тұрақты болады. Тәжірибе кезінде әртүрлі интенсивтілікті ынталарды кез- келген ретте ұсынады, әрбір интенсивтіліктің ынталарын бірдей ретте ұсыну керек.



Тақырып 3. Интерпретация және зерттеу нәтижесін өңдеу.

Жоспар

1.Интерпретация және зерттеу нәтижесін өңдеу.

2.Мәліметтердің жіктелуі. Мәліметтерді жинаудағы негізгі өткізілу талаптары.

3. Мәліметтерді алғаш және қайта өңдеу туралы жалпы ұғым.

Эмпирикалық зерттеудің бірінші этапының негізгісі мәліметтерді жинау болып табылады. Жалпы жағдайда мәліметтерді зерттелуші объект жағдайының белгіленген параметрі ретінде қарастыруға болады.

Психологиялық берілгендер эмпирикалық әдістің анықталуының сапасы ретінде, осы немесе басқа әдіскердің көрсеткіш көмегімен де белгілеп алуға болады (Т.В.Корнилова).

Ж. Годфруаның ойы бойынша – мәліметтер – ол қорытындыға жататын элемент, қайта қаралу мақсатында жіктелген кез келген ақпарат болуы мүмкін.

Сонымен, егер зерттелуші объект туралы ақпарат беретін болса, онда оны эмпирикамен алынған мәліметтер деп атауға болады, яғни алдын ала белгіленген жоспарға және зерттеу нәтижесінің болжамына да сәйкестендіріледі (оң , теріс ). Егер алынған шарттарға сәйкес келмесе, онда ол есептелмейді, яғни олардың ақпараты 0 – ге тең болады.

В.В. Никандровтың айтуынша, нақты объект – ол өмірдің бөлігі, ал олар туралы мәліметтер – ол ғылымның іргетасы. Ол әртүрлі қағидалар негізінде мәліметтердің жіктелуін былай көрсетеді:


  1. Ғылыми негізделуі бойынша:

    1. ғылыми мәліметтер – іздену нәтижесінде ғылыми талаптарға сай алынған мағлұмат.

    2. Ғылыми емес мәліметтер - өмірлік тәжірибеден алынған мағлұмат.

  2. Гипотезаны тексеру кезіндегі үлес және шешу жолдары бойынша:

    1. Негізгілері – алға қойған гипотезаны қабылдау немесе қабылдамау.

    2. Маңыздысы – шешу мәселесіне көптеген үлес қосылады, бірақ оның толық қанды шешілуіне толығырақ мағлұмат қажет.

  3. Ақпарат көздерінің әрекеті және облысы бойынша:

    1. социологиялық

    2. психологиялық

    3. педагогикалық

    4. физиологиялық және т.б.

  4. Зерттеу әдісі бойынша:

    1. бақылау мәліметі;

    2. сұрау мәліметі;

    3. экспериментті мәлімет және т.б.

    4. арнайы әдіс көмегімен алынған мәліметтер.

  5. Қайнар көздермен үйлесетін әдіс бойынша (Р.Б.Кеттелл жіктеуі).

    1. L-мәліметтер (life data) – шындық өмірдің нақты тіркелу жолымен алынған мағлұматтар, мысал ретінде, бақылау әдісі көмегімен. Сонымен қатар, зерттелу ортасының сарапшыларынан (мұғалім, дәрігер) және басқа да адамдардан алынатын мағлұматтар. Сарапшы бағасын шығарарда арнайы ережелерді сақтау қажет: мысалы, сарапшы зерттеу барысын ұзақ уақыт бойы және 10 – нан кем болмайтындай топты да қосу керек.

    2. Q–мәліметтер (questionnaire data) – сыналушының өзіндік есебіне негізделген сұраулар, қызықты тестер және басқа да әдістер көмегімен алынатын мағлұматтар,. Бұндай жұмыс барысында көптеген қиыншылықтар тууы мүмкін, мысалы, сыналушының төмен дәрежедегі білімі, біліктілігінің жоқтығы, салысырымды жүргізу кезіндегі қателіктер және т.б.

    3. T-(test data) – объективті тест, әдіскер ұсынысы, сонымен бірге физиологиялық өлшеу көмегімен алынатын мағлұматтар. Сыналушының типін көрсету өте қиынға соғады (ерікті түрде немесе ерікті түрде емес).

  6. Ақпараттандырылу бойынша :

    1. метрикалық емес (сапалы мәлімет – қарастырылатын объекті қандайда бір класқа біріктіріп, арнайы шкала күйінде анықтаудағы мағлұмат; реттілік – шкала ретті күйде көрсетіледі);

    2. метрикалық мәліметтер – сандық мәліметтер, бірлік өлшемі бар (аралық шкаласында не қатыс шкаласында көрсетілген).

Мәлімет жиыны әрекеттерге сәйкес алгоритммен анықталған, зерттеудің белгіленген жоспарына сәйкес келуі тиіс. Бұл көптеген бос орындардың, артық қиыншылықтар болмауы үшін қажет. Эмпирикалық зерттеу жүргізілетін жоспарда қойылған есепке қатысы бар зерттелу объектінің өзгеруін және олардың фиксация тәсілдерін қарастыру қажет. әртүрлі арнайы фиксация құралдарын қолдану тиімді, мысалы бейне, аудио және т.б.

Зерттеу кезінде міндетті түрде хаттама болу керек. Сыналушы жайлы, қоршаған орта жағдайы, зерттеу жүргізілген мерзім және де осы мәселенің шешілуіне қатысты басқа да мағлұматтар хаттамаға енгізіледі. Әр сынаудан кейін мәліметтер арнайы кесте түрінде жұмыс журналына жазылады. Жұмыс журналының әр нақты сынауға қажетті нұсқаулар, ескертулер жазылып отырады. Мәжіліс хаттағы және жұмыс журналындағы барлық жазылғандар анық жазылуы тиіс, ол авторға ғана емес, кез келген маманға түсінікті болуы керек. Жұмыс журналы автордың жеке күнделігі және жеке меншік те бола алмайды.

Зерттеуді ғылыми тұрғыда анықтау үшін, мәлімет жинау әрекетіндегі жоғары дәрежелі қалыптасқан және алгоритмделген болуы керек.

Мәліметтерді алғаш және қайта өңдеу туралы жалпы ұғым.

Психологиялық зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтерге “шикі” баға беріледі. Сондықтан да, ары қарай өңдеуді қажет етеді.

Егер мәліметтер жинауды зерттегенде әрқилы мағлұматтар алуға тырыссақ, ал өңдеу барысында керісінше қорытындыны және нәтижелер интерпретациясын жеңілдету үшін мағлұматтарды азайтуға тура келеді.

Мәліметтерді өңдеуде келесі есептерді шешу бағытталған:



  1. Басқа материалдың реттілігі, ары қарай белгілеу және зерттелуші объектіні түсіндіру негізінде мәліметтер жиынын бір жүйеге келтіру мүмкіндігі.

  2. Қателерді жою және табу.

  3. Жасырын пайда болғанды тікелей қабылдаудан айқындау

  4. Эмперикалық әрекет кезінде байқалмаған жаңа мағлұматтың табылуы.

  5. Алынған нәтиженің нақты, сенімді, куәландыратынын анықтау

Зерттеу жүргізілгендегі нәтиженің есебіне және кестелеріне алғаш қарағанда көз алдында қандайда бір түсініксіздік пайда болады. Сондықтан да, алғашқы зерттеулердің ең маңыздысы реттілік болып табылады. Мүмкіндігінше “шикі” мәліметтерді сапалық бағаға әкелуге тырысу керек. Мысалы, жоғары деңгейде жүргізілген зерттеу алғашқы өңдеудің өзінде алдын ала арнайы жіктеулерге және әр класта сандық мәліметтер есептеледі, яғни класқа түсу жиілігін анықтайды. Бұл жиілік өңделген әдіске сәйкес сан болады. Егер біз сандық мәліметтер алатын болсақ, ең алдымен қарапайым , бірақ өте тиімді әрекет жасауымыз керек. Яғни, реттелген сандық қатарға келтіру, алынған сандық мәліметтердің кемуі (өсуі) бойынша жазу. әрине, реттелген қатармен жұмыс жасау әлдеқайда жеңілдірек. Ол қандайда бір ақпаратты береді. Мәндердің өзгеру аралығын (максималды немесе минималды), бағалауға, қай мәлімет жиі кездеседі, ал қайсысы сирек кездесетіндігін, медианасын анықтауға болады.

Ендігі бір қадамымыз математикалық статистика негізінде гистограмма құру болып табылады.



  • Гистограмма – бұл жиіліктің (абсолютті немесе шартты) интервал бойынша бөліну диаграммасы. Ордината осі бойынша жиілік мәні, ал абсцисса осі бойынша параметр көрсеткіші. Егер ордината осіне абсолютті емес, шартты жиілікті жазсақ, жалпы гистограмма түрі өзгермейтіні айқын.

Гистограмма құрылғаннан кейін нәтиже өте жақсы көрінетін болады. Гистограмманың ең оңай және жеңіл әрекеті – мода. Мода ең көп мәліметтің түскенін анықтайды. Ал гистограммада ол ең жоғарғы шыңы. Гистограмманың унимодалды және полимодалды түрлері де болады. Унимодалды – ол гистограмманың жалғыз шыңың, ал полимодалды – бірнеше шыңдарымен анықталады.

Гистограмма мәліметтердің ұтымдылығын ғана көрсетпейді, сонымен қатар зерттеу нәтижесіне алғашқы сапалы қорытынды жасауға да мүмкіндік береді.

Егер гистограмма унимодалды, симметриалы, “қысылған”, анық шыңымен көрсетілген болса, онда зерттеудің мағынасы бар деп санауға болады. Ары қарай біз өзіміз арифметикалық орта түрінде, ортаквадраттық ауытқу арқылы қателерді көруімізге болады.

Егер гистограмма “шимайланған”, шың өте нашар көрсетілген болса, онда біз қажет емес, бөгет болатын факторларды жоя алмағанымыз. Қателікте өте үлкен, бұндайда босқа жұмыс атқардық деп те атауымызға болады.

Егер гистограмма асимметриялы, шың солға не оңға қарай бағытталған болса, онда біздің негізгі факторларды елемегеніміз, “системалық” қателердің болғаны.

Егер гистограмма полимодалды болса, онда, факторларға қатысты бірнеше тұрақтылар пайда болады, олардың қайсысы зерттеуге қатысты, ал қайсысы қатысы жоқ екенін анықтауға болмайды.

Сонымен, гистограмма түрлері психологиялық эксперимент нәтижесінде маңызды, қымбат ақпараттар, сапалы қорытындылар бере алады.

Сапалы қорытындыны алу үшін біз сандарға сәйкес келетін интервалдарды аламыз. Аз интервал болса, біз ақпаратты жіберіп алуымыз мүмкін, ал көп интервалда – көп сандық мәліметтер береді.

Негізінен гистограмма алғашқы өңдеу кезінде құрылады. Ал қайта өңдеу бөлімінде сандық әрекеттері

Тақырып 4. Эксперименталды зерттеуді жоспарлау туралы жалпы түсінік.

Жоспар

1.Эксперименталды және эксперименталды емес жоспарлар.

2.Тәуеліз өзгеріс үшін жоспарлар.

3.Квазиэксперимент және корреляциялық зерттеулер.


Эмпирикалық ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу анықтама бойынша алдын-ала құрылған жоспар бойынша жүзеге асырылады. Жоспарда қарастырылған зерттеу схемасынан ауытқу қойылған есепті шешуден алыс жаққа қарай алып кетуі мүмкін.

Сауатты құрылған жоспар, валидтілік, сенімділік(нәтижелердің қайталануы) және дәлдік көрсеткіштерінің тиімді шешімдерін қамтамасыз етеді. Осы көрсеткіштер жүргізілген зерттеудің «сапасын», ең алдымен алынған нәтижелердің дұрыстығын анықтайды. Сондықтан психологияда зерттеуді жоспарлауға ерекше назар аударады.Жоспарлау процесі екі кезеңнен тұрады: мазмұнды және формалды.



Мазмұнды жоспарлау.Мазмұнды жоспарлаудың бастапқы кезі осы зерттеудің тақырыбы болып табылады. Осы жоспарлаудың негізгі мақсаты- зерттеудің сыртқы валидтілігін қамтамасыз етуден тұрады.

Зерттеу жоспарының маңызды бөлігін құруға кіріспестен бұрын мыналарды жасау қажет:



  1. Алдағы зерттеу тақырыбы бойынша арнаулы әдебиеттермен оқып танысу.

  2. Егер әдебиеттен ізденіс нәтижесінде сіз өзіңіздікіне ұқсас есеп шешімін таппасаңыз басқа зерттеулерде өзін ақтай алатын эксперименттік әдістемені қолдануға тура келеді.

  3. Егер тексерілген немесе танылған әдістемелер арасынан лайықтысы табылмаса онда жаңа біртума әдістемені дайындауға және негіздеуге кірісуге тура келеді.

Мазмұнды жоспарлау кезеңінде:

  1. Зерттеу жүргізілетін теориялық концепция таңдалады.

  2. Зерттеудің теориялық және эксперименттік гипотезалары тұжырымдалады.

  3. Қажетті эмпирикалық әдіс таңдалады.

  4. Сыналушылардың іріктеме мәселесі шешіледі: кім? қанша? қалай?

  1. іріктеменің құрамы (гендерлі, жасына байланысты, әлеуметтік , мамандығына қатысты және т.б.)

  2. іріктеменің көлемі

  3. қалыптасу жолы (рандомизацияланған, қос-қостан, бақылау тобының қажеттілігі және т.б.).

Формальды жоспарлау. Формальды жоспарлау зерттеудің эмпирикалық бөлігін ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз етеді. Формальды жоспарлау келесі міндеттерді шешеді:

  1. Зерттеудің эмпирикалық бөлігін жүргізу алгоритмін дайындау.

  2. Зерттеуді жүргізуді экономикалық қамтамасыз ету.

  3. Нәтижелерді салыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ету.

  4. Алынған мәліметтерді талқылау мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Формальды жоспарлаудың басты мақсаты-мүмкіндігінше нәтижелерді бұрмалау себептерінің максимал санын болғызбау және осы зерттеумен байланысты қателер облысын минималдандыру, сонымен ішкі валидтілікті жоғарлату.

Сәтті формальды жоспарлаудың қажетті шарты жоспарлаудың тіпті мазмұнды бөлігінде басталатын эксперименттік жағдаяттардың барлық мүмкін факторларын алдын-ала талдау болып табылады.

Бұл факторлар зерттеу тақырыбымен, эксперимент экологиясымен, зерттеу тәсілі мен әдістемесімен, сыналушы іріктемесімен және болжау мүмкін емес басқа да себептермен (мүлдем кездейсоқ оқиғаларды қосқанда) анықталуы мүмкін.

Т.В.Корнилова формальды жоспарлау кезеңінде эксперименттік жоспарларды өңдеудің екі негізгі әдісін еңгізді(4.1.кесте).

Кесте 4.1.

Келісім әдісі

Айырмашылық әдісі

(А,В,Х)→У

(С,D,Х)→У

Х→У


(А,В,С,Х)→У

(А,В,С)→У емес

Х→У


Егер айнымалылардың екі кешені бір ғана эффектіні (У) тудырса, яғни ол айнымалылардың осы тобы үшін ортақ болып табылады.

Х факторын қамтитын айнымалылар тобы У эффектісін тудырса, ал Х факторы жоқ сол топ жағымсыз нәтижеге әкелсе(У емес), онда У Х-айнымалысымен байланысқан.

Жоспар –бұл зерттеу схемасы. Жоспарлар әр түрлі болуы мүмкін, бірақ жоспар құру кезінде ескерілуге тиісті жалпы ерекшеліктері бар. Эксперименттік жоспарлар жауап беретін негізгі сұрақтар мыналар:



  1. Экспериментте қолданылатын тәуелсіз айнымалылар біреу ме, әлде бірнеше ме ?

  2. Тәуелсіз айнымалы шамасы бойынша өзгере ме әлде тұрақты болып қала ма (тәуелсіз айнымалының деңгейінің немесе градациясының мөлшері)?

  3. Эксперименттік жағдаят бақылау әдістерінің қайсысын талап етеді және ұйғарады?

Эксперименттік зерттеу методологиясында жай және кешенді жоспарлар белгілі.

Барлық жай жоспарлар бір жалғыз айнымалының процесіне ықпалды зерттеуді болжайды.Жай жоспарларға негізінен мыналар жатады:



Қайта жаңғыртылатын шарттары бар тәжірибелер: Мақсаты: 1-2 шарттың бір айнымалыға әсерін белгілеу(эквивалентті топтар жоспарлары). Басты қиыншылық- экивалентті топтарды құру. Эквиваленттілік тек топтың құрамы мен құрылымына жатады, себебі мүлдем бірдей адамдар болмайды.Яғни эквиваленттілік барлық эквивалентті топтарды сипаттайтын сапалардың тек салыстырмалы беттесуін білдіреді.

Эксперименттік және бақылау топтары бар тәжірибелер. Осы топтар арасындағы айырмашылықтар берілген зерттеу көлемінде ғана мағыналы болады. Негізінен медициналық және педагогикалық психологияда қолданылады. Эксперименттік әсерге тек эксперименттік топ ұшырайды. Эксперименттік топ та , бақылау тобы да бір популяциядан таңдалады. Мақсаты- бір тәуелсіз айнымалының әрекетін тексеру.

Кешенді жоспарлар бірнеше тәуелсіз айнымалылар әсері үшін-фактор жоспарлар немесе бір тәуелсіз айнымалының түрлі градацияларының біртіндеп әсері үшін-көп деңгейлі эксперименттер құрылады

«Шынайы» эксперименталды зерттеулердің жоспары басқалардан келесі маңызды көріністермен ерекшеленеді:

1.Эквивалентті топ құру стратегияның бірін қолдану, жиі –рандализация ;

2.Эксперименталдық,ең кіші бір бақылау тобы сияқты ;

3. Эксперименталды әсер алған (х1) топпен экспериментлды емес әсер алған (х0) топты экспериметті тестілеп және топтар әрекетін салыстырып аяқтау



Классикалық жоспар нұсқасы 2 тәуелсіз топ үшін жоспар болады.

Психологияда экспериментті жоспарлау 20 ғ. бірінші 10жылдығынан қолданылып келеді.

Осы жоспардың 3 негізгі бағыты жүзеге асады. Оларды анықтауда Кэмпбелл ұсынған символизацияны қолданамыз.

Кесте 4.2.




1

Эксперименталды топ

R X O1


2

Бақылау тобы


R X O2

Мұнда R-рандализация , Х-әсер, О1-1 -топ тестілеуі ,О2-2 –топ тестілеуі .

1.Әсерден кейін тестілеумен екі рандолизациялық топ үшін жоспар. Оның авторы- атақты биолог және статист Р.А.Фишер ( Fisher. R.A, 1935). Жоспар құрылымы 5-ші кестеде көрсетілген.

Эксперименталды және бақылау тобының теңдігі осы жоспарды қолданудың қажетті шарты болып табылады. Топтардың эквиваленттілігіне жету үшін жиі рандолизация әдісін қолданады. Егер зерттеушілерге алдын-ала тестілеу жүргізуге мүмкіндік болмаса , немесе қажеттілік болмаса, онда осы жоспарды қолдану ұсынылады.Егер рандолизация сапалы жүргізілсе , онда еқ жақсы болады, артефакттың бастауының көбін бақылауға мүмкіндік береді; мұнымен қатар ол үшін дисперсиондық анализдің түрлі нұсқалары қолданылады.

Рандализацияны жүргізгеннен кейін топтп теңестіру зксперименталды әсермен жүзеге асады. Қарапайым нұсқада тәуелсіз өзгеріс градациясында тек екеуі қолданылады: әсер бар , әсер жоқ.

Егер әсер етудің 1-ақ деңгейін пайдалану қажет болмаса , онда бірнеше зерттеу топтарымен (әсер ететін деңгейінің саны бойынша) және бір бақылаушы жоспарлары қолданылады.

Егер әсер етуді бақыласақ, онда 2 бақылаушы топтар мен 1 зерттеуші жоспарын қолданады. Әрекетті өлшеу 2 топты салыстыруға мәлімет береді.Берілгендерді өңдеу бағаның математикалық статистикасы үшін дәстүрліні қолдануды қажет етеді. Өлшеу интервалды шкаламен жүргізілуін қарастырайық.Топтардың орташа көрсеткіштеріндегі айырмашылық бағасы үшін Стьюденттің t-критериі пайдаланылады. Зерттеуші және бақылаушы топтар арасындағы өлшенетін параметрдің вариациясындағы айырмашылықтың бағалауы F-критериі арқылы жүзеге асады, сәйкес процедуралар психологтарға арналған математикалық статистика оқулықтарында толық қарастырылған.

Тестілеумен бірге 2 рандализирленген топтар үшін жоспарды қолдану әсерден кейін ішкі беріксіздіктің негізгі шығу нүктесін бақылауға мүмкіндік береді.(Оларды Кэмпбэлл анықтағандай). Алдын-ала тестілеу жоқ болғандықтан, тестілеу прцедурасының әсер етуші эффекті және зерттеу әсерінің мазмұны және тестілеу эффектісінің өзі жойылды. Жоспар топ құрамының әсерін, кенет жойылуды, шынайы дамудың әсерін, топ құрамының басқа факторлармен әсерлесуін бақылауға мүмкіндік береді, сол сияқты рандализация арқылы регрессия эффектісін жоюға және зерттеуші мен бақылаушы топтарды салыстыруға мүмкіндік береді. Бірақта педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық зерттеулерді жүргізгенде тәуелді үзілістің қайтымды деңгейін қатаң бақылау керек, ол интеллект, үрей, білім немесе топтағы жеке бас орны болсада , рандализация- мүмкіндіктердің ең жақсы процедурасы, бірақ ол таңдаудың дұрыстылығына толық жауап бере алмайды. Егер рандализация нәтижелерінде күмән болса, онда алғашқы тестілеудің жоспарын қолданады.

2. Екі алдын-ала және нәтижелі тестілеу рандализирленген топтарға арналған жоспар. Осы жоспар құрылымын қарастырайық. (4.3. кесте)
Тақырып 5. Корреляциялық зерттеулерді жоспарлау.

Жоспар

1.Корреляциялық гипотезалар.

2.Эксперименталды зерттеуге қарағанда корреляциялық әдіс ерекшелігі.

3.Зерттеу нәтижесін өңдеу формалары.

4.Адамды зерттеу барысында этика принципін қолдану.
Корреляциялық зерттеу біріне бірі бағынбайтын өлшемдер зерттеушілер тобына бөлінеді. Корреляциялық зерттеу жоспары квазиэксперименталды жоспардың түрі болып есептеледі. Тест өтетін топтар эквивалентті шартта болуы қажет. Зерттеу жұмыстарының практикасында параметрдің уақытша корреляциясын анықтайды.

Бұндай зерттеудің үлгісі болып лонгитюд зерттелуі есептеледі.

Лонгитюдті зерттеу – ол уақы таралық вариант. Квазиэксперимент пен корреляциялық зерттеулер бағынышты жеке анықтау қажет.

Корреляциялық жоспар зерттелуі параллелепипед ретінде, әр шеті зерттелуші, операция, уақытша этапы болып есептеледі.

Негізгі коррелляциялық зерттеулердің түрлерін анықтауға болады.


  1. Екі топты салыстыру.

Бұл жоспарды шартты түрде корреляциялық зерттеуге жатқызады. Бұл зерттеу екі табиғи топтың психологиялық қасиетін анықтау үшін қолданады. Мысалы, ер адам мен әйел адам арасында экстроверсиялық айырмашылығын анықтау. Ол үшін екі репризентті таңдау жасап, ЕРА тест арқылы өлшеу өткізуіміз керек. 2 топтың орта нәтижесі Стюдент t- критеримен салыстыру керек. Керек жағдайда дисперсия көрсеткіші мен экстраверсия критерииін салыстырады. 2 топты салыстыру артефакт қатарын корреляциялық зерттеулеріне қатысты. Біріншіден, топтың таңдап алған критериіне бөлінеді.

Екіншіден, өлшемдер әр түрлі уақытша өтеді,

R1-01-

RII-02

Үшіншіден, топ ішінде тестер уақытта өтеді. Жеке зерттелушілер әр уақытта тестен өтетін болса, нәтижесінде уақытша фактор болады.

Егер зерттелуші екі топты салыстыратын болсақ, ең алдымен топтарды ауыстырып алмау қажет. Алғашқы топтарды бөліп тесті жоспар бойынша өткізу керек.



Тақырып 6. Психологиядағы зерттеудің әдіс-тәсілдері туралы түсінік.
Жоспар
1. Психологиядағы зерттеудің әдіс-тәсілдері туралы түсінік.

2.Пирьов жіктемесі.

3.Б.Г. Ананьев жіктемесі.

4.М.С.Роговин, Г.В.Залевский жіктемесі.

5.Б.Н.Дружинин жіктемесі.

Эксперимент – объективті әдіс. Зерттелінетін құбылысқа арнайы жасанды жағдаяттар әзірленеді де, сол құбылыс анықталады, көрінеді, бағаланады. Эксперименттің негізгі жетістігі зерттелінетін феноменнің себеп-салдарлық байланысы басқа феномендермен салыстырылады, ғылыми түрде құбылыстардың пайда болуы мен дамуы түсіндіріледі. Эксперимент лабораториялық және табиғи болып бөлінеді.

Лабораториялық эксперимент зерттелінетін құбылыстардың тереңірек бағалау үшін жасанды жағдаяттар әзірлейді.

Табиғи эксперимент қалыпты өмір жағдайында жасалынады. Экспериментатор эксперимент барысында араласпайды, оның өтілу барысын сол қалпында белгілейді. Табиғи экспериментті алғаш қолдануға енгізген орыс ғалымы А.Ф.Лазурский болды. Табиғи эксперимент нәтижесі кейде қатаң бақылау болмағандықтан, толық болмауы мүмкін.

Үлгілеу – психологиялық ғылымның келесі бір әдісі. Бұл әдісті жеке әдіс деп қарастыруға болады. Бұл әдісті басқа әдістерді пайдалануда қиындық келтірген кезде пайдаланған тиімді. Үлгілеу психикалық құбылыстарды зерттеу барысында ол туралы белгілі бір хабарламаны пайдалану кезінде сыналушының өзінің нақты қатысуынсыз да жүргізілуі мүмкін. Үлгілеу: техникалық, логикалық, математикалық, кибернетикалық т.б. болып бөлінеді.

Зерттеу кезінде объектілерді іріктеуде жіктемелердің маңызы өте кең. Критерии негізгі сапалар жиынтығын анықтап, оны белгілі бір класқа байланыстығын анықтайды. Пирьов осындай бірнеше дербес әдістерді атады.

Жанама Әңгімелесу Бақылау.


  1. Бақылау

  1. Объективті бақылау- тікелей бақылаудан тұрады. Ол топ адамдарының белсенділігін өмір сүру үрдісінде жекелей бақылайды.

  2. Объективті бақылаудың ерекше формасы ретінде Пирьов объективті –клиникалық бақылауды айтады.

  3. Сауалнамадан тұратын жанама бақылау.Жанама бақылаудың кең тараған түрі – адам іс- әрекеті өнімін талдау.

  1. Субъективті бақылау.(Өзін- өзі бақылау)

  1. Тікелей өзін - өзін бақылау – адамның өзінің сөздік есебі.

  2. Жанама өзін - өзін бақылау – күнделік, хат адамның еске түсіруі, деректерді зерттеу.

Эксперимент.

  1. Лабораториялық эксперимент.

  1. Классикалық- реакцияларды тіркеу әдістемесі, психофизикалық әдістер т.б.

  2. Психометрия (индивидулды, топтың стандартты өлшеудің тестік әдістері, шкалалау т.б.)

2.Табиғи эксперимент

Ойын, оқу іс- әрекет жағдайында өтеді. Н.Н Лазурскийден кейін психологияға кеңінен енді.



  1. Психологиялық- педагогикалық эксперимент..

Н.Н.Лазурскийдің табиғи экспериментінен кейін 30 жыл пайда болды. Оқушының оқу сапасын арттыруға арналған түрлері.

1. Констатациялаушы

2. Қалыптастырушы

Үлгілеу. Инженерлі және когнитивті психологияда кеңінен пайдаланылатын кибернетикалық түрі.

Психологиялық мінездеме. Зерттеудің синтетикалық түрі. Ол зерттеу мен эксперимент нәтижесіне сүйенеді.(ойлау ерекшелігі) ес, темперамент, сөйлеу, эмоциялар, статус т.б.

Көмекші әдістер.



  1. Физиологиялық, фармакологиялық, биохимиялық т.б.

  2. Математикалық

3.Графикалық

Арнайы әдістер.



  1. Генетикалық әдіс. (онтегенездік және филогенетикалық аспектілерді қарастырады)

  2. Салыстырмалы зерттеу әдістер (Мыс: бала психикасы дамуы мен маймылдың баласын зерттеу)

  3. Патопсихологиялық әдіс.(қалыпты жағдайдан ауытқуды зерттеу)

Пирьов әдістерді эмпирикалық (бақылау эксперимент) және теориялық (үлгілеу,психологикалық мінездеме әдістері т.б.) әдістер деп бөледі.

Б.Г.Ананьев психологияның зерттеу әдістерін зерттеу әдістеріне байланысты қарастырады.

1. Ұйымдастырушы: салыстырмалы, лонгитюдті, комплексті.

2.Эмпирикалық

1) бақылау, өзін-өзі бақылау

2)эксперименталды әдіс- шалғынды эксперимент, лабораториялық эксперимент,табиғи, табиғи емес, қалыптастырушы, психологиялық- педагогикалық эксперимент.

3)психодиагностикалық әдістер (стандартты, проективті, сауалнама, сұхбаттасу, әңгімелесу )

4)праксиметриялық (хронометраж, циклография, профессиография, өтілуі бағалау)

5)үлгілу

6) библиографиялық

Эмпирикалық таңдауды өңдеудің әдіс- тәсілдері


  1. математикалық статистикалық әдістер

  2. материалдың сапалық мінездемесі.

4. Интерпретациялық әдістер.

1. Генетикалық – зерттеу материалдары даму фазасы, стадиясы, шарықтау шегі, жеке бастың қалыптасу ерекшелігін түгелдей қамтиды.

2. Құрылыстық - әлеуметтік топ, типтер арасындағы байланыс т.б. қарастырады.

Б.Г. Ананьев жіктемесі барлық зерттеу кезеңдерін қамтитын әдіс- тәсілдер жинағы.

М.С.Роговин мен Г.В.Залевский зерттеудің 6 негізгі әдістерін ажыратады.

1. Герменевтикалық әдіс- субъект мен объекті бір- біріне қарсы емес, ойлау операциясы мен зерттеу әдістері бірлігін қарастырады.

2. Биографиялық – психика туралы білімді біртұтастықта танып білу.

3. Бақылау – объект пен субъект дифференциациясы.

4. Өзін- өзі бақылау- субъектіні объектіге айналдыру.

5. Клиникалық – сыртқы бақылаудан ішкі бақылауға көшу.

6.Эксперимент - танып білу үрдісінде объектінің белсенділігін есепке алу.

В.Н. Дружинин 3 әдістемені қарастырады.

1. Эмпирикалық – зерттелінетін субъект пен объект қарым- қатынасының сыртқы реалды әрекеттері.

2. Теориялық – субъект объектіге ойша әсер етеді.

3. Интерпретация және суреттеме.

Эмпирикалық әдістеме жіктемесі: В.Н.Дружинин бойынша

Белсенді Пассивті

Тікелей Эксперимент Өлшеу



Тақырып 7. Вербалды-коммуникативті әдістер

Жоспар

1.Әңгімелесу әдісі.

2.Пікіртерім әдісі.

3.Сұхбат алу әдісі.

4.Сауалнама әдісі.
Сөйлеу қарым-қатынасы арқылы психологиялық ақпарат алу әдістері вербалды-коммуникативті әдістерге жатады. Вербалды-коммуникативті әдістер қарым-қатынас арқылы жасалады. Осындай әдістің бірі -әңгімелесу. Өздік әдіс ретінде кеңес беру, сот, саяси психологияда қолданылады. Практик-психолог психотерапияны қолданған кезде кең пайдаланылады.

Әңгімелесу байланыс жасаудан басталады. Ол ішкі және сыртқы бақылау әдістерімен тығыз байланысты. Бақылау нәтижесінде экспресс-диагностика жасалып, арнайы таңдалған әңгімеге байланысты стратегия қолданылып, қажет жағдайда түзету еңгізіледі. Байланыс жасау кезеңінің негізгі мақсаты респондентте диалогты жалғастыруға деген қызығушылықты ояту.

Психологиялық әңгімелесудің тұрмыстық әңгімелесуден айырмашылығы пікірлесушілердің тәуелсіздігі. Психолог әңгімені бағыттап, сұрақ қояды. Респондент бұл сұрақтарға жауап береді. Осындай теңсіздіктер әңгіменің желісін бұзуы мүмкін, сондықтан әңгімелесуді тергеуге айналдырмау керек. Психолог әңгіме барысында психологиялық хал-ахуалды орнату керек. Респонденттің үздіксіз көңіл-күйін анықтау, оны реттеп отыру керек.

Белсенді тыңдау кезінде екі жағдайға назар аудару керек. Біріншісі, респонденттің ойының мағынасын түсіну. Бұл мақсат дұрыс ұйымдасқан әңгіме арқылы жүзеге асады. Екіншісі, психологтың эмпатиялық аяушылық білдіре алуы. Осы екі жағдай «тыңдау» және «есту» деген түсініктерге әкеледі. В.В.Никандровтың айтуынша «тыңдау» - интеллектуалды мақсатты шешу, ал «есту» - эмоционалды байланысты орнату. Кез-келген әңгіме сөз тіркестерінен тұрады. Алайда кейбір тіркестер респонденттің қорғаныш реакциясын тудырып қарым-қатынастың жатылуын тудыруы мүмкін. В.В.Никандров мынандай тіркестерді атайды:



  1. Жауап беруде бұйрық рай («анық айтыңыз!», «қайталаңыз»)

  2. Қорқыту, қауіп төндіру («Сіз әлі өкінесіз»)

  3. Уәде беру, саудаласу (тыңдаыңыз, мен сізді тыңдаймын)

  4. Үйрету, ақыл айту («Бұл дұрыс емес»)

  5. Кеңес беру, сипаттау («Мен сізге мынаны ұсынамын»)

  6. Келіспеу, кінә арту (сіз ақымақтық жасадыңыз)

  7. Келісу, мақтау (сіз дұрыс айтасыз)

  8. Шек қою, қысым жасау (а, сіздер барлықтарыңыз бірдейсіздер)

  9. Ұрсу, жеку (сұмырай, бәрін бүлдірдің)

  10. Интерпретация (а, сіздер айтқандарыңызға өздеріңіз де сенбейсіздер)

  11. Тынышталу, жұбату (бәрі де, қателеседі)

  12. Тергеу (сіз енді не істейсіз?)

  13. Проблемадан қашықтау, қалжыңдау (есіңнен шығарып таста)

Әңгіменің барысын сөзбен де, үнсіз де басқаруға болады. Үнсіз басқару – рефлексивті емес тыңдау деп аталады. Рефлексивті емес тыңдау зейінді үнсіздік іскерлігі. Адам әңгіме барысында өзі көп сөйлеп, аз тыңдағанды ұнатуы. Сондықтан, рефлексивті емес тыңдау әңгіменің нәтижелілігін арттырады. Рефлексивті емес тыңдау келесі жағдайяттарда тиімді:

  1. Әңгімелесуші адам өз ойын толық жеткізгісі келеді.

  2. Әңгімелесуші адам басқа адамдардың ойын есепке алмай, «ішіндегісін» сыртқа шығарғысы келеді.

  3. Әңгімелесуші өз ойын еркін жеткізе алмайды, сондықтан оның әңгімесіне араласпау, оның өзін-өзі тыңдауын жеңілдетеді.

  4. Серіктестігінің өзінен жоғары болуы әңгімелесуші адамның эмоционалды тарығуын тудырады.

Алайда рефлексивті емес тыңдаудың тиімсіз жақтары да бар. Біріншіден, байланыс қарым-қатынасы жоғалуы мүмкін. Себебі, психологтың үнсіздігін респондент мақұлдау деп қабылдауы мүмкін. Екіншіден, сөздік әдістерді мүлдем қолданбау байланыс қарым-қатынасының жоғалып, басшылық респонденттің белсенділігіне өтуі мүмкін.

Рефлексивті тыңдау хабарламаның дұрыс қабылдауын бақылауға жағдай жасайды. Бақылауды бағалау себептері:



  1. Сөздің көп мағыналылығы. Сөздің қолдану мағынасын анық білу.

  2. Ашық өзін-өзі білдірудің қиындығы. Ол белгілі бір ұлттың дәстүрі, шарттарына байланысты.

  3. Респонденттің жеке бас қасиетіне байланысты. Мысалы, өз ойын толық жеткізе алмау, өз өзіне сенімінің болмауы т.б.

Әңгімені қолдану үшін рефлексивті тыңдау техникасының төрт негізгі әдістері бар:

  1. Анықтау. Әңгімелесуші адамға белгілі бір сұрақтармен нақтылау.

  2. Қайтадан сөз тіркесін өңдеу. Әңгімелесушінің өз сөзімен сөйлеуін қадағалау.

  3. Сезімдерді бейнелеу.

  4. Резюме жасау. Алынған хабарламаның нәтижесін қорытындылау.

Әңгімелесудің түрлері:

  1. Терапиялық әңгіме.

  2. «Экспериментке еңгізу» - бірлесуге шақыру.

  3. Эксперименталды болжаудың мақсатын анықтау үшін эксперименталды әңгіме.

  4. Автобиографиялық әңгіме.

  5. Субъективті анамнезді жинақтау (сыналушының жеке бас ерекшелігі туралы дерек).

  6. Объективті анамнезді жинақтау (респонденттің таныстары туралы дерек).

  7. Телефон арқылы әңгімелесу.

  8. Сұхбат алу.

Осы жіктемелерді әңгімелесу әдісі арқылы жүзеге асыруға болады.

2) Пікіртерім – берілген сұрақтарға жауап беруді тіркеу арқылы мақсатты ұйымдасқан алғашқы хабарлама алуға арналған арнайы әдіс.

Пікіртерім белгілі бірр жоспар бойынша жүрілуі керек. Ол эксперименталды зерттеуге негізгі әдіс болып енуі мүмкін. Пікіртерім стандартты немесе стандартты емес сауалнамалар арқылы жүреді. Стандартты емес сауалнамаларда респонденттердің индивидуалды реакциясына орай экспериментатор өзгеріс ендіре алады. Стандартты сауалнамалар жалпы зерттелетін проблемалар туралы жалпы түсінік береді. Сауалнаманың ерекшелігі оны жанама және көпшілікке бірден өткізе алуында.

В.В.Никандров сауалнама әдістерін үшке бөледі:



  • «бетпе-бет сауалнамасы» - сұхбаттасу

  • «жанама сауалнама» - сауалнама жүргізу.

  • жеке бастың тестік сауалнамасы.

Сауалнамалардың беріктігін қамтамасыз ету үшін мынандай шарттарды орындау қажет:

  1. Әрбір сұрақ логикалық және даралық сипатта болуы тиіс.

  2. Арнайы терминдерді, түсініксіз немесе аз қолданылатын сөздерді қолданбаған жөн.

  3. Сұрақтар қысқа болуы тиіс.

  4. Қажет болған жағдайда сұрақты сілтеме жасап, қайталауға болады.

  5. Сұрақ абстрактілі емес нақты болуы тиіс.

  6. Сұрақтың шешімі болмауы тиіс.

  7. Сұрақ респонденттерді жауап беруге мәжбүр еткізбеуі тиіс.

  8. Жауаптардың шаблонды болуынан аулақ болу керек.

  9. Респонденттің жағымсыз сезімдерін тудыратын сұрақтардан аулақ болу керек.

  10. Сіз осы пікірмен келіспейсіз бе? Деген сұрақтарды қоюға болмайды.

Шешетін мақсаттарына байланысты сұрақтар мынандай түрлерге бөлінеді:

Ашық – жабық. Ашық (құрастырылмаған) сұрақтар ешқандай жауаптың алдын алмайды. Респондент еркін жауап береді. Жабық (құрастырылған) сұрақтар бірнеше жауап нұсқаларын таңдаудан жасалады. Дихотимиялық сұрақтарда «иә-жоқ» деген екі жауап қарастырылған. Егер бірнеше жауаптарды қажет ететін болса, онда сұрақ «бірнеше жауапты таңдау құқығы бар» болып саналады.

Ашық сұрақтардың ерекшелігі:


  • табиғи жағдай орнайды

  • ойланған жауаптар алуға мүмкіндік болады

  • жауаптағы басымдылық көрсететін мотив, сезім, қызығушылықты бейнелеудің жоғары мүмкіндігі.

Ең негізгі кемшілігі - өңдеудің қиындығы. Жабық сұрақтардың жауабын өңдеу жеңіл, алайда ол ойланбаған, автоматты немесе кездейсоқ жауаптардан тұруы мүмкін.

Тікелей-жанама. Тікелей жауап респонденттің де, кореспонденттің де түсінікті жауабынан тұрады. Жанама сұрақта респонденттің ойы жасырын болады.

Жеке-жалпы. Жеке сұрақ тікелей респондентке арналады. Жалпы сұрақ баршаға арналған.

Субъективті-проективті. Субъективті сұрақта респонденттен белгілі бір жағдаятқа байланысты қарым-қатынасты анықтауға арналған. Проективті сұрақта үшінші адам туралы айтылады.

Негізгі-бақылаушы. Негізгі сұрақ зерттеушіге қажет хабарламаны алу үшін қажет. Бақылаушы – алынған хабарламаның беріктігін анықтау үшін қажет.

Қиын-жеңіл. Қиын сұрақтар респонденттердің жауабын қиындатады. Жеңіл сұрақтар тым қарапайым.

Тенденциозды – тендензиозды емес. Тенденциозды сұрақта респондент зерттеушінің көз қарасын жақтайды.

Әдепті-әдетінше. Әдепті сұрақ адамның сыртқа шығарғысы келмейтін ішкі және сыртқы өмірін сипаттайды.

3) Сұхбаттасу – арнайы жоспар бойынша құрылған әңгіме.

Сұхбаттасудың әңгімелесуден айырмашылғы қатаң ұйымдасқан мақсатты әңгімелесушілердің ассиметриялық функциясынан тұрады. Сұхбаттың сәттілігіне екі шарт қажет: қарым-қатынастың жағымды хал-ахуалы, сауатты құрылған сауалнама.Қарым-қатынастың алғашқы фазасына – байланыс орнату. Байланыс фазасы респондентте сұхбат беруге деген қызығушылықты тудыру керек.

Екінші фазада – сұхбаттаушы сұрақтар қоюы тиіс. Сұрақ қою барысында зерттеу затына деген өз қарым-қатынасын байқатпайды. Жауап реакциясы табиғи болады.Қорытынды фазасында әңгіме қорытындысы шығады. Сұхбаттау ұзақтығы қойылатын сұрақтың саны мен респонденттің жеке, дара ерекшелігіне байланысты.

Сұхбат жіктемелері:



  • стандартталған немесе формализацияланған. Бұнда сұрақтардың жүйелілігі алдын ала анықталған.

  • Стандартты емес, еркін. Сүхбаттаушы жалпы бағдарламаны басшылыққа алады да сұрақтар жағдаятқа байланысты қойылады.

  • Жартылай стандартталған.

Стандартталған сұхбатқа арналған ереже:

  1. Сыналушының кейбір мінез көрсеткішін анықтайтын сұрақтар тізімде болуы тиіс.

  2. Негізгі сұрақтар жеке бастың ерекшелігін, сыналушының әлеуметтік жағдайы туралы хабарлама беру керек.

  3. Сыналушының өткені мен қазіргі жағдайына байланысты деректерді анықтайтын сұрақтар қойылуы тиіс.

  4. Сыналушының қарым-қатынасын өзгертетін сұрақтар жанама түрде қойылады.

Зерттеу деңгейіне байланысты сұхбатты алдын-ала, негізгі және бақылаушы деп бөледі. Алдын ала сұхбаттасу пилотажды зерттеу кезінде пайдалынылады. Негізгіні – негізгі нәтижені жинау кезінде, ал бақылаушы талас туған кезде пайдаланылады. Санына байланысты сұхбат индивидуалды, топтық, көпшілік болып бөлінеді. Көпшілік сұхбатты көбінесе социологтар пайдаланылады. Олар мыңдаған респонденттерді қамтиды. Психотерапияда клиникалық сұхбатты пайдаланылады. Сонымен бірге, интенсивті және шоғырланған сұхбаттасуды пайдалануға болады. В.В.Никандров бойынша, біріншісі, жеке бастың бағыттылығының тереңдігін, ал екіншісі – жеке, дара аспектілерді зерттейді.

4) Сауалнама – арнайы респонденттер тобына арналған сұрақтар тізімі.Сауалнама кезінде респондентпен тікелей қарым-қатынас жасау шектеледі. Қарым-қатынас сауалнама арқылы жүзеге асады.

Сауалнама үш негізгі бөлімнен тұрады:


  1. Кіріспе. Бұл бөлімде сауалнаманы ұйымдастырушы туралы деректер көрсетіледі. Сұрақтардың мақсаттары суреттеледі. Сауалнаманың атаусыз екендігіне кепілдеме беріледі.

  2. Негізгі. Сұрақтар мен жауаптар орнынан тұрады.

  3. Қорытынды. Респондентке алғыс айтудан тұрады.

Сауалнаманы құру кезіндегі қажетті ережелер:

  1. Тематикалық бөлімдер кіріспе түсіндірмемен беріледі.

  2. Әрбір сұрақ нақты нұсқаумен қамтамасыз етіледі.

  3. Мәтіндегі әрбір сұрақтың келесі бетке толығымен берілуі тиіс.

  4. Әрбір сұрақтар сандармен беріледі, жауап нұсқалары әріптермен беріледі.

  5. Кестелі формаларда сұрақ саны аз болуы тиіс.

  6. Электронды есептеу машинасына сауалнаманы өңдеу үшін арнайы орын қалдыру керек.

  7. Сауалнаманың сыртқы өлшеміне 4 беті және беттер саны енгізіледі.

  8. Сауалнаманың ішкі өлшемі сұрақтар санымен сипатталады. Сауалнамаға кететін уақыт 20-30 минут.

Сауалнаманы мынандай жағдайларда өткізу керек:

  • белгілі бір сұрақтар талас тудырған кезде адамдардың ойын анықтау үшін.

  • қысқа мерзімде көптеген адамдарды қамту үшін.

Сауалнама критерийлері:

  1. Респондент санына байланысты: индивидуалды, топтық, бұқаралық.

  2. Респонденттер мен байланысына байланысты: сырттай, іштей.

Сырттай бірнеше әдістермен өтіледі:

  • сауалнаманы пошта торабы арқылы тарату.

  • Сауалнаманы баспа беттерінде тарату

  • өмір сүрген жеріне, жұмысына т.б. сауалнамаларды жинау және тарату.


Тақырып 9. Тестілеу

Жоспар

1.Психологиялық тестілеу туралы түсінік

2.Тест теориясының классикалық түрлері.

3.Қазіргі кездегі тестер теориясы.

Тестің беріктігі арқылы жеке бас әрекетінің қасиеті түсіндіріледі. Тест беріктігі-өлшеу аспабының дәлдік мінезде болуы. Тест беріктігінің эмпирикалық анықтамасы. Оны психолог іс-әрекетінде практикада пайдалануға мүмкіндік береді.Тестер теориясы 1904-1927 жж Ч Спирмен мен Х Гулликсеномның (1950) «Ақыл-ой теориясының тесті» кітабында негізделген. Осы теорияға сәйкес t зерттелуші j алғашқы эмпирикалық алынған нәтижесі демек tj , 2 құрылымды көрсетеді; Тj нәтижесінің ақикат белгісі және ej өлшемінің қателері. Бақыланған текстің белгісі ej=tj-Tj формуласы түрінде көрсетеді.Өлшеу қателігінің негізгі қасиеттері мына теңдіктермен берілген Ме=0, рее=0, ret=0 Қателіктер мен ақиқаттар арасындағы белгілер нөлге тең болады. Осылар (S2t) бөліну негізінде алынған берілгенге дисперсия ақиқатының берілген тестер нәтижесінің (S2T) және дисперсия қателігінің берілгенің анықтауға болады. Нәтиженің дәлдік көрсеткішіне, бақыланған тестер белгісіне қатынас дисперсиясының ақиқат белгісіне қызмет етеді, демек S2T/ S2T. S2T= S2T-S2e, болғанда, (rtt) коэфициент беріктігінің қасиетін қарастыруға болады.
rtt=1- S2T

S2e

Тест беріктілігі дисперсия қателігінің өсуінен төмендейді.

Негізделу психометрикасында тест беріктігінің 3 әдіс өзінің тиісті бағасын алды:



  1. Қайталанбалы тестілеудің әдісі (тест-ретест әдісі)

  2. Параллель эквивалентті тест формасының әдісі

  3. Тесті бөлу немесе бөлікке тарату әдісі

Тапсырма мақсаты Беріктілік коэффицетінің есебі, тесті 2 бөлікке бөлу «жұп және тақ» және тапсырманы бағалау.

Қажетті құралдар Микроколькулятор немесе ДЭЕМ, алғашқы нәтиже кесте (8.1.).


Равен тесті бойынша зерттеудің алғашқы нәтижесі (n=36)

(№80)


Берілген тапсырмада алынған мәліметтерді салыстыру анализі үшін барлық формуланы пайдалану керек.

1 )6 кестедегі есептерді 2 топқа бөлу

Тақ – (1,3,5 және т.б.) және жұп (2,4,6және т.б)

2) Әрбір жұп және тақ топ есептерінің стандартты ауытқуларын және дисперсиясын, арифметикалық орташа үлкендігін есептеу керек.

3 )Пирсон бойынша пайдалану (r,2-деп белгілеу)

4) (1) – (3) формулаларды қою

1) арифметикалық үлкендікті табу

2) Әрбір есепті р және g-ны табу

3) ( 5) формула үшін S 2 p белгісін анықтау .

4) алынған санды (4) – (5) формулаға қою

Алынған барлық нәтижелерді хаттамаға еңгізу керек.

Тестік тапсырмаларды талдау және өңдеу.

Әр түрлі тестердің қорытындысын шығарып оларды психометриялық тестке қосу үшін алғашқы өңдеу жасау керек. Алғашқы өңдеу психометрикада алғашқы берілгендермен немесе ұпайлардың шығуына байланысты болады. Зерттеудегі барлық хаттамаларды жинағаннан кейін ең 1-ші 4 шешімнің қайсысына келетінін анықтау керек.



  • Дұрыс жауап (n)-жауап сұраққа сәйкес.

  • Дұрыс емес (н)- сұраққа дұрыс келмейді.

  • Ұқыпсыз қарағаннан кейін бос жіберіліп кеткен тапсырма (н)

  • Уақыт аздығына байланысты тапсырманы орындамау (Б) осыған қарап зерттеу қорытындысы былай п.б.

П+М+А+Б=п

Мұнда п-тестегі жалпы сурет саны.

Хаттама дәлдігі үшін былай жазамыз:

N N N N


П+Н+а+б=N* n

i=1 i=1 i=1

Алғашқы қорытынды алудың ең оңай тәсілі дұрыс сұраққа немесе жауапқа 1 ұпайдан беру. Сонда зерттелушінің қорытындысы Х=Н түрінде анықталады. Көптеген санақтарда дұрыс емес жауаптар саны да ескеріледі. Мыс: зерттеушінің жұмысының сапалылығын немесе диалогтың құнын анықтау үшін.

Тапсырманың қиындық индексі Nт дұрыс жауаптың % тең мәні



Nт =Nn*100 (1)

N
Екі түрлі тапсырмадағы қиындық индекстің стандарттық қажеттілігін анықтау үшін Макпемаридің критерийін қолдануға болады

К2=(b-c)2 (2)

b+c
Мұндағы в- тапсырмаларды дұрыс шешкен зерттеушілер саны с-1 на тапсырманы шешкен зерт саны

Екінші статистикалық көрсеткіш дискриминант коэффициенті зерттеушінің нақты тапсырманы дифференциалданған бағалауды көрсетеді.



Жұмыс мақсаты

Тапсырманың қиыншылық индексімен дискременативті коэфиценті қабылдау құрал жабдықтары.

Микрокалькулятор немесе ДЭЕМ шартты белгілері бар таблицалар (қағаз, қарындаш)

Жұмыс шарты

Санақ студенттердің өздігімен есептелінеді мұғалім кеңес береді және дұрыстығын бағалап отырады.

Қиыншылық индексін есептеу.
Зерттеу қорытындысын анықтау үшін Равен тестін қолданамыз. Бұл тест 16 жас аралығындағы 80 адамға арналған Равен тесті перцептивті тест б.т. Ол ойлауға арналған. Тестің құрамында 5 тапсырма бөлімдері бар. Олар

А дан Е-ге дейін латын әріпімен белгіленеді. Әрбір бөлімі 12 тапсырмадан бар.

Тапрсырма келесі бағытта орындалады.

1. Микроколькулятор көмегімен 36 тапсырманың қиындық индексін (1-ші) формулаға қойып анықтау.

2. Әрбір бөлімге байлысты қиындық индекісінің орташа есебімен анықтау.

3. Бөлім арасындағы статистикалық көрсеткіштің қиындық индексін (2-ші)формула көмегімен анықтау.

4. Әрбір бөлімдегі тапсырмалардың оптималды болып шыққан қиындық индексін белгілеу

5. Жеңілден қиынға қарай өсу ретімен әрбір серияны жеке жеке қою.


Тақырып 10. Модельдеу

Жоспар

1.Психологиядағы математикалық модельдеу.

2.Объектіні зерттеу қатынасы.

3.Алғашқы өлшем нәтижелерін зерттеу.

Математикалық моделге деген қызыѓушылық, эксперимент нәтижесініњ шекарасынан шықпайтындай, эвристикалық к‰шті есептеу болып табылады, бірақ та объектілер арасында жања қатынас орнатады, болашақта болжауына кµмектеседі. Математикалық модельдіњ мањыздылыѓы бір модель арқылы әрт‰рлі класстарѓа қатысты мәліметтерді сапалы қортындылайды – психологиялық кµріністерінен физиологиялық әрекеттерге дейін. Мысалы ‰шін, Пуассонныњ ықтималдықты орналастыру зањы бірнеше дербес жаѓдайларѓа, сонымен бірге гамма – бµлігі және мегаполисті тудыру ‰шін де қолданылады. Эмпирикалық жиындар нәтижесінде алынѓан мәліметтерді µњдеуде математика жиі кµмектеседі.

Ѓылым неѓ±рлым жақсы дамыса, соѓ±рлым математикалық модель жиі қолданады деген босқа айтылмаѓан сияқты.

Эйлер жазып кеткендей, “дәл осы математика – ењ алдымен алданудан және оқуда қорѓайды, жалпы негізінен біздіњ ойлауымызша заттыњ қалай қойылѓаны – бір бµлек, ал екіншісі оны қалай қабылдауда; б±л ѓылым сенімді ережені сақтайды; кім осы баѓытпен ж‰реді, сол алдану сезімінен қауіптенуді қажет етпейді”.


  • Математикалық модель – қандайда бір математикалық теорияныњ енуіндегі білім қ±рылымы, яѓни сол табиѓатқа сай элемент, аксиомалар, ережелер қолданылады.

Егер осылай болса, онда кез келген математика қ±ралы математикалық модель болып табылады.

Е.Ю.Артемьеваныњ айтуынша, егер психология моделініњ аксиоматикасы шындық қ±ралынан µзгеше болса, онда модельдіњ дамуы оныњ психологиялық концепциясына сәйкес келмейді, және осы сәйкестендірілмегенше, бір біріне пайдасы тимейді.

Мысал ретінде қандайда бір математикалық модельді қарастырайық.

Объектініњ басқару қиындылыѓы мен басқару саны арасындаѓы қатысты зерттеу.

Айталық, алѓашқы мәліметтердегі басқару қиындылыѓыныњ µзгеруі басқару санына қатысы бар деп қарастырайық, нақты айтсақ, қозѓалу объектісініњ басқару санына байланысты басқару қиындылыѓыны жылдамдыѓы µзгереді. Математикалық т±рѓыда б±л к‰йді мына т‰рде кµрсетуге болады:



dy=axdx, dy/dx=ax

м±ндаѓы у – басқару қиындыѓы, х – басқару объектілерініњ саны, а – қандайда бір т±рақты.

Б±л дифференциалдық тењдеуді шешу басқару объекті саныныњ басқару қиындылыѓына квадратты қатысты болады y=ax2

Ѓылыми шыѓарма саныныњ µсуін зерттеу.

Айталық, ѓылыми шыѓарма саныныњ µсу жылдамдыѓы уақытқа қатысты болсын:



dy/dt=ay,

м±ндаѓы у – ѓылыми шыѓарма µсуі, t – уақыт. Б±л тењдеуді шешкенде экспонентке қатысты шешіледі y=ceat.



Ѓылыми ж±мыстардыњ нәтижесі ѓылыми жетекшілеріне де қатысты зерттеу ж‰ргізіледі.

Айталық, ѓылыми шыѓармалардыњ саны ѓылыми жетекшілерге қатысты болсын:



dy=adn/n,

м±ндаѓы у – ѓылыми ж±мыстыњ нәтижесі, n – ѓылыми жетекшілердіњ саны. Соњында мына тењдеуді аламыз y=a1 lnn.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет