Бағдарламасы «Эксперименталды психология»


Тақырып 15 Статистикалық болжамдарды тексеру



бет4/4
Дата11.06.2016
өлшемі404 Kb.
#128280
түріБағдарламасы
1   2   3   4

Тақырып 15 Статистикалық болжамдарды тексеру

Жоспар

.Ғылыми зерттеулерде эксперимент пен теория байланысы.

2.Психологиялық эксперименттегі этика проблемасы.

Зерттеудің статистикалық гипотезасы.

Статистикалық гипотеза- алынған нәтиженің таңдалған статистикалық модельге қаншалықты сәйкес келетіні (сәйкес келмейтіні) туралы ұйғарым.

Мысалы, модель параметрлерінің алынған бағалауы параметрлердің «шын» мәніне қаншалықты сәйкес келеді. Әдетте 2 альтернативті статистикалық гипотезаны қарастырады.

Н0- қорытынды гипотеза, оны біз қандай да бір статистикалық критерийдің көмегімен тұжырымдаймыз және тексереміз.

Н1- Н1 ауытқыған кезде оның орнын басатын альтернативті гипотеза.

Статистикалық критерийді қолдану нәтижесінде нөлдік гипотезаға қатысты келесі шешімдер болуы мүмкін :



  1. Н0 гипотезасы бастапқы кезден бастап дұрыс болды, бірақ біз оны қабыл алмаймыз. Осы кездегі біздің жіберген қатеміз-бірінші текті қате деп аталады: р1- бірінші текті қатенің ықтималдығы критерий маңыздылығының деңгейі деп аталады.

  2. Н0 гипотеза бастапқы кезден бастап дұрыс және біз оны қайтарған жоқпыз. Біз дұрыс шешім қабылдадық. Осы оқиғаның ықтималдығы р=1-р1.

  3. Н0 гипотезасы бастапқы кезден бастап дұрыс емес, бірақ біз оны қабылдамауға негіз таппадық. Біз екінші текті қате жібердік, оның ықтималдығын р2 деп белгілейміз және ол критерий қуаты деп аталады.

  4. Н0 гипотезасы бастапқы кезден бастап дұрыс емес және біз оны қабыл алмадық. Осы дұрыс шешімнің ықтималдығы р=1-р2.

р1 мен р2 арасындағы өзара байланыс әлі толық бүге-шүгесіне дейін зерттелген жоқ. Бірақ, бірінші текті қате неғұрлым аз болса, соғұрлым екінші текті қате көп және керісінше болатыны белгілі. Маңыздылық деңгейінің мәні 5% болғандағы осы ықтималдықтар арақатынасын оптималды деп санау қабылданған; сонымен психологияда шешімдердің көпшілігінің дұрыстығына 95% ықтималдықпен (100-дің 95 жағдайында)кепілдеме беріледі.

Әрбір статистикалық критерий негізінде критерийлік таралу – осы критерий үшін арнайы конструкцияланған кездейсоқ шама ықтималдықтарының таралу заңы жатыр. Бұл таралулар кесте түрінде көрсетіледі. Зерттелетін іріктеме көлемін біле және маңыздылық деңгейі р1-ді таңдай отырып, біз кестеден критерийлік таралудың Кt-квантилін табамыз. Онымен біздің іріктеме бойынша есептелген эмпирикалық мән К-ны салыстырамыз және дұрыстығына р=1-р1 ықтималдықпен сенімді болуға болатындай шешім қабылдаймыз.Осы тәрізді тексеруді жүргізудің кәдімгі тәртібі төмендегідей:



  1. Тексерілуге тиісті статистикалық гипотезаны ұсынады. Ол нөлдік Н0 гипотеза деп аталады. Нөлдік Н0 гипотеза жағымды болуы мүмкін: Н0 : «зерттелетін іріктеме болжанған модельге сәйкес келеді » немесе «зерттелетін параметр болжанған мәнге ие болады», жағымсыз болуы мүмкін: Н0 : «зерттелетін іріктеме болжанған модельге сәйкес емес» немесе «зерттелетін параметрдің болжанған мәнге ие болуы мүмкін емес». Нөлдік Н0 гипотеза үшін альтернативті Н1 гипотезаның бар болатынын айтпақшы болады .

  2. Зерттелетін іріктеме элементтері бойынша К «эмпирикалық статистиканы» есептейді. Есептеуге арналған формула қолданылған статистикалық критериймен беріледі.

  3. К эмпирикалық статистиканы кестелік мән Кt-мен салыстырады.Сәйкес кестені қолданылған статистикалық критерий ұсынады. Кt таңдау іріктеме көлеміне және біздің шешімдеріміздегі сенімділік дәрежесіне тәуелді. Сенімділік дәрежесі жіберілген қате ықтималдығы шамасымен бағаланады. Қате ықтималдығы неғұрлым аз болса, соғұрлым біз шешімімізге сенімдіміз.

  4. К мен Кt-ны салыстыру (нақты арақатынас қолданылған критериймен беріледі) нәтижелері бойынша не нөлдік гипотеза сенімділіктің таңдап алынған дәрежесімен қабылданбайды және оның орнын альтернативті гипотеза басады, не біз оның ауытқуы үшін жеткілікті негіз таба алмаймыз және нөлдік гипотезаны жұмысшы деп есептейміз.

Келтірілген сызба бойынша статистикалық гипотезаны тексеру критерийлерінің көпшілігі жұмыс істейді.

Статистикалық гипотезаларды тексеруден кейінгі барлық мүмкін шешімдер өте ықтимал. Әрқашан да қате мүмкін. Сондықтан статистикалық гипотезаны біз не қабылдаймыз не қатенің мүмкін болуын мойындап, гипотезаны қабылдамаға негіз таба алмаймыз. Гипотезаны қабылдау – тым айқын естіледі, ғылыми зерттеу рухына қайшы келеді. Гипотезаны қабылдау зерттеуді тоқтату дегенді білдіреді: барлығы анық, ары қарай жасайтын ештеңе жоқ.

Егер біз нөлдік гипотезаны қабылдамасақ, онда альтернативті мүмкін гипотеза күшіне енеді, ол өз кезегінде тексеруді қажет етеді. Егер біз нөлдік гипотезаны қабылдамауға тиісті негіз таба алмасақ, біз өз қатеміздің мүмкіндігін түсініп, сол гипотезамен жұмыс жасауды жалғастырамыз, яғни ғылыми зерттеудің табиғи процесі жалғасады.

Бұл сөз ойыны емес, бұған бізді статистикалық әдіс-амалды қолдану қажеттілігі мәжбүр етеді. Осы ой-қорытулардан мынадай ереже шығады : психологияда нөлдік жағымсыз гипотезаларды тұжырымдау қажет.

Статистикалық критерийлерді қолдану қажеттілігі үлкен және кіші іріктемелердің қауіптілігін тудырады.

Көлемі шағын, жеткілікті ықтимал іріктемелер кез келген модельге кіргізіледі, яғни статистикалық критерий гипотезаны берілген маңыздылық деңгейінде қабылдамауға негіз таппайды. Көлемі өте үлкен іріктемелер үшін, керісінше, статистикалық критерий кез келген гипотезаны маңыздылықтың кез келген берілген деңгейінде қайтарады.

Іріктеме көлемі үлкейген сайын статистикалық критерий талаптарын қанағаттандыруы мүмкін модельдер класы тарылады . Іріктеменің (өлшеудің қажетті мөлшерінің, сыналушылар мөлшерінің) тиімді көлеміне негізделген таңдау –шешімі психологиялық зерттеудің нақты міндетімен анықталатын мәселе.

Математикалық және психологиялық гипотезаны ажыратып көрсетеді.

Эксперимент психологиялық гипотезаны (психологиялық зерттеудің негізгі гипотезасын) тексеру құралы болып табылады. Психологиялық гипотеза тағдыры туралы шешім эксперимент нәтижелерін интерференциялау негізінде қабылданады. Эксперименттің соңғы нәтижелері берілген психологиялық өлшеулерді (кездейсоқ шамаларды таңдауды) таңдап алынған математикалық модель шеңберінде талдаумен анықталады. Модельді таңдау және одан кейінгі статистикалық анализ шын мәнінде статистикалық гипотезаларды тексеру тізбегі.

Мынадай схеманы көрсету пайдалы: психологиялық гипотеза → мәліметтерді жинау және өңдеу→ статистикалық гипотезаларды ұсыну және тексеру → психологиялық интерпретация→ қорытынды.

Математикалық статистика әдістерінің психологиялық талдау кезінде тек қосымша құрал болатынын атап көрсетеміз.

1. Себепті тәуелсіздік немесе статистикалық байланыс, «өңделмеген» берілген нәрсені шығару- бұл әр зерттеудің нәтижесі. Статистикалақ гипотезаны бекіту және теріске шығару эксперименталды гипотезаның, айырмашылығының, байланысының мағынасын білдіреді.

Зерттеуші бақылау және эксперименталды топтардың айырмашылық гипотезасын бекітуге тырысады

Топтардың теңдігі туралы гипотеза-нольдік гипотеза.

Статистикалық тұжырым шешімнің әр түрлі варианттары болуы мүмкін.

Зерттеуші статистикалық нольдік- гипотезаны бекітіп немесе теріске шығара алады.

Оның 4 баламасы болу керек.


  1. дұрыс нольдік-гипотезаны қабылдау

  2. жасалған нольдік- гипотезаны теріске шығару

  3. жасалған нольдік- гипотезаны қабылдау

  4. дұрыс нольдік-гипотезаны теріске шығару.

Екі нұсқаудың шешімі дұрыс, екеуі-жалған. 1-ші, 2-шісі қате нұсқау болып табылады.

Егер нольдік-гипотезаны теріске шығарса, онда 1 нұсқаудың қатесін зерттеуші жібереді.

Ал жалған нольдік-гипотезаны қабылдаса 2 нұсқаудың қатесін жібереді.

Зерттеу гипотезасын бастапқы стадиясында жоққа шығару зерттеушіге көпке дейін кедергі болады.

Бірақ, ғылымға адам еңбегінің сферасы болғандықтан максималды толық шынайы білім алған қажет.

Психологиялық ғылымның зерттеу стратегиясы мынадай ізденіс эксперименттен дәлелдейтін экспериментке өту, төмен шындықтан-жоғарыға, аз зерттеулерден-үлкен зерттеулерге өтуден тұрады.

Статистикалық гипотезаны теріске шығару немесе бекіту экспериментті гипотезаны қабылдау, бекіту шарты болмайды. Егер статистикалық гипотеза жоққа шығарылса, зерттеуші әр түрлі іске асырады. Ол экспериментті аяқтап, жаңа гипотеза шығаруға тырысады. Жеке жағдайды экспериментке дайындау өте қызықты іс.

Мысалы, эксперименталды гипотеза қолданды дейік, қорытындылау қажет.

Зерттеушілерді қандай топқа бөлеміз, қандай сыртқы жағдайда нәтижелеу болады деген сұрақ туындайды. Экспериментальды нәтиже психологиялық объектілер, басқа да жағдайларға өзгермейді.

1. Объектілер сәйкес жалпылау.

Популяцияның психологиядан тыс мінездемесі екі түрге бөлінеді.


  1. биологиялық

  2. социомәдени

Негізгі биологиялық мінездемеге адамның жынысы,жас шамасы,нәсілі, денсаулығы жатады. Дифференциальды психологиялық зерттеуге екі ауыспалы өзгерістер көрінеді.

Социомәдени ерекшеліктер екінші нәтиженің жалпылауы болып табылады. Басқа ұлттарға және мәдениетіне зерттеу жүргізіледі.

Эксперименттің нәтижесіне білім деңгейі, кіріс, нәсілділігі әсер етеді. Проблеманың шешілуі зерттеудің жоспарынан, талаптың репрезентантығына байланысты.

2. Зерттеу жағдайы. Психологиялық зерттеуде зерттеушінің іс әрекет жағдайы, тапсырманың ерекшеліктері маңызды орын алады. Эксперимент нәтижесі болып зерттелушінің психофизикалық зерттелуі әсер етеді.

3. Зерттеуші. Психология басқа ғылымдарға қарағанда зерттеушінің мінезін, білімділігін шығарып тастай алмайды. «Екінші жасырын тәжірибе» зерттеушінің зерттеуінің нәтижесін бақылауға рұқсат етеді. Ал толық бақылау зерттеушінің жеке ерекшеліктерне мына факторлы жоспарға қосымша ретінде зерттеушінің жынысы, ұлтына, жасына, жеке-психологиялық ерекшелігіне байланысты.

Қорытындылай келе, зерттеуші гипотезаға байланысты 2 қате жіберуі мүмкін:



  1. жасалған эксперименталды гипотезаны қабылдау

  2. дұрыс гипотезаны теріске шығару.

Зерттеушіні зерттеу нәтижесін қорытындылаған кезде қауіп тосып тұрады.

  1. Таңдау ерекшіліктері

  2. Эксперименттің маңызы

  3. Зерттеушінің жеке тұлғасы

Зерттеудің екі стратегиясы болуы мүмкін:

  1. генерализацияның шеңберін азайту

  2. индуктивті жол таңдау

Эксперимент-сын мен идеяларды жинақтауда жақсы әдіс.

2. Әр зерттеу жұмысы болып ғылым қоғам қабылданған нәтиже есептеледі. Өңдеу формаларының нәтижесін негізі екі формаға бөлуге болады: квалификациялық және ғылыми-зерттеу.

Квалификациялық жұмыс- курстық, дипломдық жұмыс, диссертация т.б. -өз жұмысын көрсеткен зерттеушінің алған құжатты еңбегінің жемісі.

Ғылыми- нәтиже беретін жұмыстарды 3 түрге бөлуге болады.



  1. Ауызша мазмұндама

  2. Публикация

  3. Компьютерлік нұсқаулар.

Бұлардың барлығы мәтіндік, символикалық және графикалық ақпаратқа жатады. Сондықтан ғылыми жұмыстардың нәтижесін көрсету үшін, берілген жазудың әдістемелік мінездемесін бастау керек.

Ақпараттың мына түрлерін белгілеуге болады: вербалды түрі (мәтін, сөйлеу); символикалық (белгілер, формалар); графикалық (схемалар, графиктер); зат-бейнелік (макеттер,модельдер, фильмдер т.б.).

Адамдар қоғамында ақпарат берудің негізгі құрамы сөз болып табылады. Сондықтан кез-келген ғылыми хабарлама-бұл белгілі бір ереже бойынша ұйымдастырылған мәтін.

Мәтін түрлерін екіге бөледі: табиғи, және ғылыми тіл. Бірақ, бұл тілдерді бір-бірінен айыруға болмайды, ғылыми тіл күнделікті тілмен, ал табиғи тіл ғылыми тілмен араласып тұрады. Табиғи тілге қарағанда ғылыми тіл біржақты маңызы болады.

Психологияда ғылыми терминдер мен күнделікті терминология арасында жіңішке бөлек болады. Ғылыми мәтінге қойылатын талап;ол мазмұндалудың логикалық ойы және мағыналығы. Ғылыми мәтін әдебиет мәтінінен тұрақты құрылым және сөзтәркестерінен қолданылады. Айтылудың негізігі логикалық формалары болады:


  1. Индуктивті- эмпирикалық материалды жинақтайды;

  2. дедуктивті-жалпыдан жекеге логикалық қорытынды немесе алгоритмді жазу.

  3. аналогия-«трансдукция»

  4. түсіндірме немесе комментарий- «аударма», бір мәтіннің мазмұнын басқа мәтін құру арқылы ашу.

Келесі қорытындыны суреттеу формасы-геометриялық. Геометриялық жазу-көрнекі, ол мәтінді толықтырып, түсіндіреді.

Психологияда ғылыми ақпараттың бірнеше негізгі графикалық формалары қолданылады: топологиялық және метрикалық мінездемелерге сүйенеді. Ақпаратты таратудағы негізгі әдісте топологиялық мінездеме қолданылады-бұл графалар. Графа көптеген нүктелерден тұрады, бұл нүктелер бір-бірімен сызықты қосылады. Графалар психологиялық зерттеулерде нәтижені жазғанда кездеседі.

Ориенталды графалар жүйелерді жазған уақытта кездеседі. Ориенталды емес графалар коррекциялық байланыста қолданылады. Графалармен қоса графикалық жазулар да кездеседі, диаграмма, гистограмма, әртүрлі графикалар.

Гистограмма-«бағанды» диаграмма, координата жүйесі. Бұл психологияда зерттеуші әр түрлі сапалы ерекшеліктерімен бар зерттеушілерді алуға болады. Шартты түрде графиктер мазмұнына қарай екі түрге бөлінеді.



  1. параметрдің өзгеруі

  2. тәуелді және тәуелсіз байланысы

График салудағы бірнеше кеңестер бар.

Л.В. Куликов жаңадан зерттеу бастағандарға мынадай кеңестер береді:

1. График және мәтін бір-бірімен толықтырылуы керек.

2. График түсінікті болуы қажет

3. Бір графикте төрт қисықтан көбірек салу рұқсат етілмейді.

4. Параметрдің мағыналығын графиканың сызығында көрсете білу, маңыздысын санмен белгілеу керек.

5. Осьтағы жазуды жоғарыда және сол жақта жазу керек.

6. Сызықтағы нүктелерді дөңгелектермен, квадрат, үшбұрыштармен белгілеу керек. Ғылыми жұмыстың нәтижесі болып сан мағынасы келеді:



  1. орталық тенденцияның көрсеткіші

  2. абсолюттік жиілік

  3. жан-жаққа шашу көрсеткіші

  4. критерий мағынасы

  5. линейлік байланыстың коэффициенті.

Алғашқы нәтижелер кестенің суреті жазу жолы-зерттелетін бағана- параметрлердің өлшеуіш мағынасы. Математикалық статистикалық нәтижесі кестеде көрінеді.

3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.
4.СӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары

4.1.1. Психологиялық берулерді математикалық өңдеу кезінде қолданылатын негізгі түсініктер

4.1.2. Статистикалық болжамдарды тексеру

4.1.3. Психологиялық өлшем теориялары.

4.1.4. Эксперименталды зерттеуді жоспарлау туралы жалпы түсінік.

4.1.5. Корреляциялық зерттеулерді жоспарлау.

4.1.6. Психологиядағы зерттеудің әдіс-тәсілдері туралы түсінік.

4.1.7. Вербалды-коммуникативті әдістер

4.1.8. Модельдеу

4.1.9. Жеке басты зерттеудің теориялық және эксперименттік жолдары

4.1.10. Рангтік корреляция

4.1.11. Статистикалық болжамдарды тексеру

4.1.12. Психологиядағы дисперсиялық анализ

4.1.13. Психологиядағы факторлық анализ



4.1.2. Аралық бақылау сұрақтары:

1.Ғылыми психологияның пайда болу себептерін ата.

2.Эксперименталды психологияның міндеттері, пәні, даму тарихы туралы не білесің?.

3. Эксперименталды психологияны зерттеудің негізгі методологиялық принциптерін ата.

4.Ғылыми зерттеулерде эксперимент пен теория байланысы неде?

5.Психологиялық эксперименттегі этика проблемасы.

6 Номететикалық зерттеу дегеніміз не?

7.Идеографиялық зерттеу қалай жүзеге асады?

8.Психологиялық өлшем теориялары туралы не білесің?

9. Психологиялық өлшем түрлерін ата.

10.Тест дегеніміз не?

11. Өлшеу теорияларын ата.

12.Психофизика. Сезімталдықты зерттеу әдістері туралы не білесің?

13.Корреляциялық зерттеулерді жоспарлау.Корреляциялық гипотезалар

14.Эксперименталды зерттеуге қарағанда корреляциялық әдіс ерекшелігі.

15.Зерттеу нәтижесін өңдеу формалары.

16.Адамды зерттеу барысында этика принципін қолдану.

17.Интерпретация және зерттеу нәтижесін өңдеу дегеніміз не?

18.Мәліметтердің жіктелуідегенімізді қалай түсінісің?

19.Мәліметтерді жинаудағы негізгі өткізілу талаптарын ата.

20.Мәліметтерді алғаш және қайта өңдеу туралы не білесің?

11 Аралық бақылау сұрақтары:

1.Эксперименталды зерттеуді жоспарлау туралы не білесің?

2.Экперименталды және эксперименталды емес жоспарлартуралы не айтасың?

3.Тәуеліз өзгеріс үшін жоспарлар қалай жасалады?

4.Квазиэксперимент дегеніміз не?

5.Корреляциялық зерттеулер қалай жүзеге асады?.

6.Әңгімелесу әдісінің ерекшеліктерін ашып көрсет.

7.Пікіртерім әдісі туралы не білеің?

8.Сұхбат алу әдісінің ерекшеліктерін ата.

9.Сауалнама әдісінің ерекшеліктері.

10.В.В.Никандровтың әдістемелерін ата.

11.Психологиялық тестілеу туралы не білесің?

12.Тест теориясының классикалық түрлерін атап көрсет.

13.Қазіргі кездегі тестер теориясы туралы не білесің?

14.Кесте тапсырмасын алғашқы анализбен өңдеу дегенімізді қалай түсінесің?

15.Қиындық индексінің коэффицентін қалай есептейді?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет