Бағдарламасы «ертеңІҢ Үшін аянба! »



бет7/19
Дата09.06.2016
өлшемі3.31 Mb.
#125430
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

Пайдалы сілтемелер:

1) www.kazproperty.kz – «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ сайты;

2) www.astana.kz – Астана қаласының ресми сайты («Тұрғын үй» бөлімі).

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «Самрұқ-Қазына қорынан үй алу», «Самрұқ-Қазына қорының жылжымайтын мүлік қоры» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

31. Тұрғын үй саламын десеңіз...
Біздің әрбіріміз өзіміздің жеке үйіміз болса деп армандаймыз. Әрине, көп қабатты үйдің кіре берісіндегі ұсақ-түйек мәселелер, есік алдындағы жастардың түні бойғы даңғаза шуы, өмірі бітпейтін жөндеу жұмыстары мен болмашыға бола есігіңді қағып тұратын қытымыр көршілердің әрекетінен талайымызды бұл ой сан рет шаршатқан да болар.

Үй салу үшін жер телімі болуы керек екенін білетін боларсыз. Мемлекет жер телімін беру арқылы жеке тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруды ынталандыруды қарастырған:



  • 10 соттықтан артық емес жер телімдері тегін беріледі;

  • Мұндай алаптар құрылыс басталғанға дейін инженерлік-коммуникативтік инфрақұрылымдармен жарақтандырылады;

  • Жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) берілген алаңдар бекітілген бас жоспарға, детальдық жоспарлау жобасы құрылыс салу ережесі және елді-мекеннің жер-шаруашылық құрылымдарының жобасына сәйкес, алаппен қоршалуы тиіс.

Заңды құрылыс жұмыстарын бастау үшін, сіз жергілікті билік орындарынан келісімдер алуыңыз керек болады.

1. Сіз атқарушы биліктің жергілікті органынан үй құрылысын салуға рұқсат беретін қаулыны аласыз. Ол үшін сізге жерге иелік құқығыңызды білдіретін құжат, паспорт және оның көшірмесі, атқарушы биліктің жергілікті орган басшысы атына жазылған үй құрылысын салуға рұқсат беру туралы өтініш, үй жобасының көшірмесі мен жобалау ұйымының лицензиясының көшірмесі керек болады. Егер сіз кондоминиум қатысушысы болсаңыз, онда жобаны кондоминиум көршілермен де келісуіңіз керек.

2. Аудандық сәулет комитетінің геобақылау бөлімінің мамандарына жер телімін зерттеу бойынша актіге (жер телімінің шекаралары мен құрылыс осьтерін бөлу актісі) немесе өз бетіңізше құрылыс жүргізгіңіз келсе (іргетастан бастап ары қарай)  —  жер телімі мен үйдің атқарушылық топотүсірілімінің жоспарын құрылыс паспортына тапсырыс беріңіз. Бұдан басқа, жер телімінің және құрылыс жүргізілетін ғимарат остерін шығаруға тапсырыс беру керек, егер құрылыс бұдан бұрынғы иелермен басталып қойған болса, жер телімінің жоспары мен жер куәлігінің көшірмесін ұсына отырып, үй мен жер телімінің топотүсіріліміне тапсырысты толтыру қажет болады.

3. Осы комитетке объектінің құрылыс паспортына тапсырыс беріңіз. Оған келесі құжаттар қажет болады: паспорт және оның көшірмесі, жер куәлігі және жер телімінің жоспары, аудан басшысының атына жазылған құрылыс салуға рұқсат беру туралы өтініш, құрылыс салуға рұқсат бергендігі туралы атқарушы биліктің қаулысы (өтініш), үй жобасы, жобалауға рұқсат берген лицензияның расталған көшірмесі, құрылыс басталмас бұрынғы жер телімін қарау актісі немесе құрылыс паспорты үшін жасалған топотүсірілім жоспары.

4. Құрылыстың жер телімінде орналасу жоспарына санитарлық және өрт инспекцияларының келісімін алыңыз. Жер теліміне жер асты және жер үсті коммуникацияларын жүргізу қажет болған жағдайда тиісті бақылаушы ұйымдармен (газбен жабдықтаушылардан бастап энергетиктерге дейін) жоспарға келісімін алыңыз.

5. Барлық келісімдері алынған жоспарды аудандық сәулеткерлік комитетіне апарып, объектінің дайын құрылыс паспортын алыңыз.

Бұдан басқа екі маңызды мәселе:

1. Егер үйдің жалпы көлемі 500 ш. м асып кетсе, құрылысты тағы да сол аудандық сәулеткерлік комитеті беретін сәулеткерлік жоспарлау тапсырмасына (ҮЖТ) сәйкес салуға тура келеді. ҮЖТ қалақұрылысы құжатында бекітілген сәулеткерлік объектінің экологиялық, санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы міндетті ережелерін, тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау талаптарын, ерекше жағдайдағы құрылыстарды салуға көрсетпені және осы құрылыс барысында мүдделері қозғалатын заңды және жеке тұлғалардың құқын бұзбау талаптарын қамтуы тиіс. ҮЖТ-ны алу үшін жер теліміне сіздің иелік құқығыңызды растайтын құжаттарды (ұйғарым құқығы) немесе жер телімі меншік иесінің осы жерде жобалауға берген рұқсатын және өтінімді дайындау керек. Үй салмас бұрын, рұқсат беретін құжаттарды алғаннан кейін, бұдан басқа тағы да жер жұмыстары өндірісіне, құрылыс-монтаж жұмыстарына, және ең соңынан құрылыс біткен кезде сіздің салынған үйіңізді қабылдайтын ведомоствоаралық комиссияның (ВАК) құрылыс салуға беретін рұқсатын алу керек болады. Сіз алған құжаттардың барлығы екі жыл мерзімге жарамды болатынын ұмытпаңыз.

2. Есіңізде болсын, құрылыс барысындағы жобадағы барлық өзгерістер, (10%-дан жоғары болатын) ауданның бас сәулеткерінің рұқсатымен ғана іске асырылады. Жер теліміндегі келісілген үй жобасында және жер теліміне құрылыс тұрғызу жоспарында көрініс таппаған қосымша құрылыстар аудан әкімшілігінің және бас сәулеткердің рұқсатымен ғана іске асырылатынын ұмытпаңыз.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.zakon.kz – ақпараттық портал;

2) www.ads.gov.kz/kz/ - Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің сайты;

3) www.builder.kz – «Қазақстанның құрылыс порталы» сайты;

4) http://stroisowet.ru/ - «Строим сами. Строим вместе» сайты;

5) http://samstroidom.ru/ - «Построй свой дом сам» сайты.

6) www.zhkh-center.kz – «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ сайты.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «тұрғын үй салу», «тұрғын үй құрылысы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
32. Тұрғын үйдің техникалық жағдайын қалай тексеруге болады?
Тұрғын үйлерге техникалық қызмет көрсетуді тексеру ғимараттың ақауларын дер кезінде анықтау, олардың туындау себебін белгілеу және жою шараларын дайындау мақсатында жүргізіледі. Ғимараттарды тексеру кезінде жалпыға ортақ қосалқы орын-жайлардың (тұрғын үйдің жалпы мүлігі) пайдаланылуына және жалпы жағдайына бақылау жүргізіледі, тексеруге берілген уақыт ішінде жоюға болатын аздаған кемшіліктерін түзетеді.

Тұрғын үйдің техникалық жағдайына тексеру жүргізу кезінде мынадай жұмыс түрлері жасалады:

1) ғимараттың техникалық жағдайын, оның инженерлік желілерін (тіректер мен инженерлік жабдықтарға алып баратын құбыр желілерін оларда орналасқан тіректік-реттеуші арматураларымен қоса) толық тексеру;

2) анықталған ақауларды жою жоспарын әзірлей отырып жақын аумақтардың инженерлік жабдықтарын тексеру және абаттандыру;

3) тұрғын орын-жайларды пайдалану, тұрғын үйдің тұрғын және қосалқы орын-жайларын қалпында ұстап тұру, инженерлік жабдықтарды пайдалану және өрт қауіпсіздігі қағидалары бойынша тұрғын үй жалдаушылар мен меншік иелеріне нұсқаулықтар беру;

4) анықталған ақауларды жоюға тапсырма беру (қажет болған жағдайда) және оларды жою мерзімін белгілеу, сондай-ақ алдын-ала берілген тапсырмаға сәйкес ақаулардың жөнделуін бақылау.

Тұрғын үйдің жалпыға ортақ мүлігінің техникалық жағдайына тексеру жүргізу үшін пәтер иелері тұрғылықты жері бойынша әкімдіктердің жанындағы тұрғын үй инспекциясына үйді тексеру және оның техникалық жағдайы туралы акт беруге жазбаша өтініш беруі тиіс.

Тұрғын үй инспекциясы уәкілетті орган ретінде:

1) Кондоминимум нысанының жалпыға ортақ мүлкінің техникалық тексерісін ұйымдастырады;

2) Кондоминимум нысанының жалпыға ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесі мен кезегін анықтайды;

3) Кондоминимум нысанының жалпыға ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тұрғындардың көмегімен қаржыландырылған шығындары сметасын кондоминимум нысанын басқарудың ұсынылған органына келісуге алып барады;

4) Кондоминимум нысанының жалпыға ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдап алу бойынша комиссияларға қатысады.



Ескерту. Кондоминиум - үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда, жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны.

Кондоминиум объектісі - жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігіндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардан және оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен.

Кондоминиум объектісін басқаруды меншiк иесi тiкелей, не өзi құратын (тағайындайтын, сайлайтын) органдар арқылы, сондай-ақ сенiм бiлдiрiлген адамдар арқылы жүзеге асырады.

Тұрғын үйдің ортақ мүлкін басқару, пайдалану мәселелері бойынша шешім пәтер меншік иелерінің келісімімен қабылданады, ал ПИК басқару органы пәтер меншік иелері қабылдаған шешімді орындайды.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.nash-dom.info/ - «Наш Дом» сайты;

2) www.building.bk.kz/ - Қазақстанның құрылыс порталы.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «тұрғын үйдің техникалық жағдайын тексеру», «үйдің техникалық жағдайы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

33. Пәтерді қайта жобалау үшін не істеу керек?
Осы күнде ешбір толыққанды жөндеу жұмыстары қайта жобалаусыз жүзеге аспайды. Адамдар әдетте өз тұрақтарын өз талғамдарына, әдеттеріне және жайлылық туралы түсініктеріне байланысты «бейімдейді». Сол себепті артық қабырғаны алып тастау, бөлмелердің кескінін өзгерту, дыбыстық оқшаулануды арттыру, еден төсемдерін өзгертіп, оған жылы еден орнату, лоджияға терезе салу және сол сияқты көптеген қажеттіліктер туындайды. Алайда бұл ойлардың барлығын жүзеге асыру үшін әр түрлі қажетті орындардан сәйкес рұқсаттар алу қажет.

Қайта жоспарлауға рұқсат алу үшін сіз мемлекеттік өкілеттілігі бар сәулет, құрылыс және қала құрылысы органдарына өтініш тастауыңыз қажет.

Арызға қосымша ретінде:Подпункт 1 изложен в редакции постановления Правительства РК от 29.09.09 г. № 1467 (см. стар. ред.)

1) Сіздің өзгертілетін орынға (ғимарат бөлігіне) иелігіңізді куәландыратын құжаттардың көшірмесі, өтінішті қарастырып отырған орган құжаттардың растығын тексеруі үшін құжаттардың түпнұсқалары салынуы қажет немесе өзгертуге келісімі жөніндегі орын иесінің (немесе иелерінің) нотариалды куәландырылған хаты;

2) жергілікті сәулет және қала құрылысы органының тапсырмасына сәйкестендірілген жоба (эскиз) қажет.

Егер орынды (тұрғын үй бөлігін) жоспарланған қайта жөндеу жұмыстары (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе қабырғаларды жылжыту өзге тұрғын орындарының мүддесіне әсер ететін жағдай туындаса, онда өтінішке оларың осы өзгерістерді енгізуге жазбаша түрдегі нотариалды куәландырылған келісімдері қосылуы қажет.

Орындарды (ғимарат бөліктерін) өзгертуге бағытталған құрылыс-монтаждау жұмыстарына рұқсат беру немесе бермеу жөнінде өтініш тасталғаннан кейін 5 күн ішінде хабарлануы керек.

Егер қайта жоспарлау кезінде өзгерістер тұғырлық конструкцияларға (құрылымдарға) немесе ортақ мүлікке әсер ететін болса, сіздің тұрғын үйіңіздегі пәтер иелерінің кем дегенде үштен екі бөлігінің жазбаша түрдегі келісімі қажет. Ал егер өзгерістер тек өзге орындардың (үй бөліктерінің) иелеріне әсер етсе немесе пәтердің өзгертілетін бөліктерімен шектесетін пәтер иесіне әсер етсе, ол жағдайда тек аталған тұлғалардың жазбаша келісімдері жеткілікті.

Рұқсатсыз қайта жоспарлау құрылыс нормалары мен ережелерінің, өрттен сақтандыру және санитарлық талаптардың бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін, ал бұл өз кезегінде тұрғын үйдің жекеленген құрылымдары мен жүйелерінің және жалпы техникалық жағдайға әсер етуі мүмкін екендігін ұмытпаңыз. Нәтижесінде, бұл түрлі айыппұлдарға, тіпті пәтердің тәркіленуіне әкеліп соғады.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.krisha.kz – «Крыша» сайты;

2) www.kn.kz/ - «Недвижимость Казахстана» сайты;

3) www.tumba.kz – «Тумба» газетінің сайты.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «пәтерді жобалау», «пәтерді қайта жобалау» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

34. Үйдегі жылуды қалай сақтап тұруға болады?
Қысқы суық күндерде үйде жылу мен жайлылық жетіспейді. Жылу сақтаудың ең қарапайым жолы - терезе, қабырға, еден мен есікті жылыту.

Терезелерді жылыту үшін жақтауға поролон не мақта тығып, қалыңдығы 4-5 см. мақталық қағаз жабыстыру керек. Ол үшін ескі ақ жайма жарайды. Кесілген жолақтарды сулатып, кір сабын жағу керек. Ондай жолақтар оңай жабысып, қыс бойы ұстап тұрады. Олар қағазға қарағанда икемді, терезелердің сұқпа тиектері мен ілмектерін жабады. Мата қағаз сияқты сарғаймайды, қыс бойы бүлінбей, көктемде жеңіл алынады. Мата жолақтарын бір емес, бірнеше рет қолдануға болады. Көктемде оларды жуып, кептіріп, орамаға орап, келесі қысқа дейін сақтауға болады.

Немесе суы бар банкада парафи­нді (оны дәріханадан алуға болады) немесе май шамның шырақ тұқылын 70°С температурада ерітуге болады. Сол суда бір реттік инесіз шприцті қыздыру керек (көлемі үлкен болса, тіпті жақсы). Одан кейін парафинді жинақтап, суымай тұрғанда терезе саңылауларына салу керек. Бұл әдіс қарапайым және жедел. Ал көктемде терезені ашқан кезде, ол өз-өзінен түсіп қалады.

Терезе пен әйнектерді жабыстыру – бір ғана шара. Жылу тек конвекционды ағындар мен саңылаулар есебінен жоғалып кетпейді, түссіз әйнекке шағылысудан да жоғалуы мүмкін. Сондықтан да суықта терезеге тығыз перделер іліп қойған дұрыс, ашық түсті болған жөн. Олар қара түстілерге қарағанда жылуды көп сіңіреді. Аязда оларды тартып көтеріп қояды. Ал үйлердің көбінде олар жылыту радиаторларының үстінде орналасып, ұзын болғандықтан, түсіріп қойған кезде, жылытуды шектейді. Сондықтан олар қысқа болған жөн.

Тағы бір әдіс – қазіргі заманғы пластик терезелерді орналастыру, яғни шыныпакеттер. Ол арзан болмағанымен, сапасы жағынан ең тиімдісі. Пластик терезе құрылымының бір ерекшелігі – жылыны ұстап тұрады, тіпті қатты жел болғанда, терезе оны өткізбейді, сондықтан қысқы мезгілде қосымша жылыту бойынша шаралар жасаудың қажеті болмайды. Жылыту бойынша шараларсыз пластик терезелер бөлме температурасын 5 градусқа көтере алады. Шыныпакеттердің жылу сақтағыш бетінің болуы электр энергияны үнемдейді, қысқы уақытта әйнек беті қайтадан бөлмеге инфрақызыл толқынды шағылыстырады. Соның нәтижесінде жылу сақталып тұрады. Ал жазда әйнек беті күннің жылуын шағылыстырады, соның нәтижесінде күн жағында орналасқан орын-жай ысып кетпейді.

Сонымен қатар, терезелерді жиі реттеп тұрыңыз, өйткені резеңке нығыздауышы босап, соның нәтижесінде жел немесе жылу сақтау қабілеті нашарлайды.

Есіктің ойықтарына синтетикалық негізде жасалған арнайы жабысқақ тығыздауыштар орнатылады. Осылайша есіктер біраз жылытылады. Егер жаңа есіктер қойылса, онда есік қорабы тығыз орналасу керек. Ол үшін жаңа есіктің сапалы орнатылуынан кейін, қосымша оның бойына құрылыс көбігін жағуға болады. Көбік кепкеннен кейін, ішкі орын-жай біршама жылынады.

Еден – пәтер жайлылығының негізгі бөлігі. Суық плиталардан гөрі, жылы еденмен жүрген жақсы. Жылуы дұрыс жолға қойылған орын-жайдың едені де жылы болу керек. Алайда барлық жерде олай емес. Физика заңдарына сәйкес, суық ауа төменде шоғырланған. Сондықтан, жалпы жайлы бөлменің едені суықтау болады. Бұл көпқабатты үйлердің бірінші қабаттарындағы сонымен қатар, жертөлесі жоқ, топырақ үстінде тұрғызылған жер үй тұрғындарына таныс. Еденді жылыту үйге ерекше жайлылықты қамтамасыз етеді.

Нарықта дайын технологиялық шешімдер бар. Оларға электрлік және сулы жылы еден жүйелері жатады. Ондай едендерді орналастыру және пайдалану бойынша қызмет көрсетуді білікті мамандар жүзеге асырады. Өйткені есеп және құрастыру барысындағы қателер еденнің жоспардан тыс жөнделуіне, сонымен қатар көршілермен түсініспеушілік мәселесіне әкеп соғады.

Еденді жылытудың дәстүрлі әдісінің бірі - лагтар үстіндегі ағаш еден жабдығы. Ондай еден түрі жер үйлер мен көпқабатты үйлердің бірінші қабаттарына орналастырылады. Лагтар арасындағы кеңістікті нығыздауышпен – шыны мақта мен минералды мақтамен толықтырып, ал лагтарды жылуөткізгіш фольгалық пенополиэтилен мен полистиролмен жабады. Еден және қабырға жапсарларын жылыту үшін монтажға арналған көбік пен көбіктенген пенополистирол қолданылады.

Ал егер пәтер жоғары қабатта орналасып, жертөлесі бар болса, онда жылу мен дыбысоқшаулағыш қатпары бар линолеум немесе кілем жабындысы төселеді. Декоративті жабынды астына қосымша жұқа орамалық экрандық көбіктенген полиэтилен орналастыруға болады. Егер орын-жай жертөле үстінде орналасса, жылытуды жертөледен қамтамасыз етуге болады.



Қабырғаларды жылыту үшін, төмен жылу өткізгіш пен жылу ұстайтын материалдар қолданылады: минералды және шынымақта, түрлі пенопластар және пенополиэтилендер, тығындық оқшаулау материалдары.

Қалай дегенмен де, жылыту приборлары – батареялар үйдің жайлылығын қамтамасыз ете алмайды. Осы жағдайда электржылыту жабдықтары қолданылады: конвектор, инфрақызыл жылытқыш, жылужелдеткіш және май ра­диаторлары. Бұл жабдықтарды тұрмыстық техника дүкенінде сатып ала аласыз.

Энергетикалық тиімділікті арттыруға үйдің автоматты жылу жүйесімен жабдықталуы үлкен әсер етеді, ол көшедегі ауа температурасына және жылу көздерінің параметрлеріне байланысты жылудың берілуін реттейді, бұл үйде қолайлы температура ұстауға мүмкіндік береді.

Үйлерді терможаңғырту – едендерді, қабырғаларды, шатырларды жылылау арқылы үйдің қоршау құрастырмаларының жылутехникалық сипатын жақсарту. Терможаңғырту іс-шараларының бірі – панель аралық герметикалық жіктерді қалпына келтіру және қабырғаларды гидроизоляция болып табылады. Батыс елдерінің практикасы қоршау құрастырмалары жылу ысырабын қысқарту жылытуға жұмсалатын шығындарды 40-60 процентке төмендетуге мүмкіндік беретінін көрсетті.

Сыртқы есік арқылы шығып кететін жылуды сақтаудың ең тиімді тәсілі екінші есік орнату, осылай жылу оқшаулағыш тамбур жасалады. Қалай болса да қабырға мен есіктің арасындағы саңылауды монтаждаушы көбікпен толтыру қажет. Есік қаңқасына есіктің толық жанасуы үшін профильдік тығыздағыштарды пайдалану қажет. Егер кіреберістегі есік жақсы жабылатын болса, есіктерді жылылау тиімді. Бұған есікті сапаландырушы немесе жеке коды бар құлып орнату көмектеседі.

Жылыту маусымында үй-жайды аз ғана, бірақ қарқынды желдету қажет. Үнемі ашық тұрған терезе көшені жылытады және тұрғындардың ақшасын шығындайды. Аз уақытқа терезені толық ашып желдету ұсынылады. Ауа алмасады, бірақ үй-жайдың ішін салқындатпайды.

Пәтерде/үйде шытынаған немесе сынған әйнекті ауыстыру ұсынылады. Суық түскеннен кейін терезелердегі саңылаулар жылудың ысырып болуына себеп болады. Сондықтан терезенің рамасы мен әйнектің жанасқан жеріндегі саңылауларды терезенің бойымен жылуоқшаулағыш материалдармен тығыздау қажет, жылуоқшаулаушы ретінде арнайы тығыздағыштар немесе кәдімгі медициналық мақта да қолданылады. Терезені жылылау үй-жайдың температурасын 2-5 0С-қа көтереді.

Пәтерде қолайлы жағдай жасаудың қарапайым да, қолжетімді тәсілі бар. Үй-жайда температураны кем дегенде 1 0С-қа көтеру үшін радиатордың қуысына жылуды шағылыстыратын экран орнату қажет. Радиатордың сыртындағы қабырға 500 0С-қа қызуы мүмкін. Тек қабырғаны жылытуды болдырмау үшін батареяға жылуды шағылыстыратын экран орнату қажет. Экран арнайы материал – пенофол (бір жағында фольгасы бар көбікті негіз), сондай-ақ жай фольга болуы мүмкін. Радиатордың артындағы экран екі рейкаға немесе рамаға орнатылады, оларға желіммен немесе екі жақты скотчпен немесе степлермен бекітіледі. Тиімді жұмыс істеудің міндетті шарты қабырға мен радиатордың арасында 2-3 см саңылаудың болуы.

Батареяны қара түске бояу қажет, тегіс, қара түсті бет 5-10% жылуды артық шығарады.

Үйдің маңына ағаштар отырғызған жағдайда ғимараттың маңындағы ағаштар үй-жайдың ішінде жылудың сақталуына әсер етеді.

Жылыту радиаторларында температураны реттегіш, ең тиімдісі – жылу есептегіш орнату қажет. Түнде мүмкіндігінше төменгі температураны ұстау денсаулыққа пайдалы.

Жылу энергиясын тұтынуда тұрғындардың әдеті негізгі рөл атқарады. Осыған мысал, кіреберіс есіктердің үнемі ашық қалуы, осының салдарынан жылу энергиясы ысырып болады. Дер кезінде аздаған кемшіліктерді, кіреберістегі сынған әйнекті, жабылмайтын терезені және т.б. қалпына келтірмеу салақтыққа алып келеді.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.dominform.ru – үй-жай, құрылыс, дизайн және жиһаз жайлы сайт;

2) www.pro-okna.com – пластик терезелері туралы ақпараттан тұратын сайт.

3) www.zhkh-center.kz – «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ сайтының «Халыққа арналған пайдалы кеңестер» бөлімінде жылу үнемдеудің тиімді шараларына арналған мәліметтер орналастырылған;



4) «ТКШ Қаз.орталығы» парағы мен и Facebook әлеуметтік желісіндегі «EnergysaversKZ» тобында – қазақстандық ТКШ саласындағы энергия үнемдеуге арналған жаңа технологиялардан ақпарат береді.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «үйдегі жылуды сақтау», «жылу сақтау шаралары» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

35. Коммуналдық қызметтерге кеткен шығындарды қалай үнемдеуге болады?
Әлемдік дағдарыстың салдарынан көптеген адамдар табысының азайып қалғанын сезінді. Ондай жағдайда не істеу қажет? Ешқашан да еңсеңізді түсірмеңіз. Жан-жағыңызға қараңыз да, неге үнемдеуге болатынын елестетіңіз. Батыс елдері тіпті ең қажетті деген заттардың өзіне үнемдеуді үйренді.

Электр қуаты. Біз өзімізді электроника бізге ыңғайлы өмір сүруді қамтамасыз етеді, біздің өмірімізді жайлы етеді деп, өзімізді электр құралдармен, тұрмыстық техникамен, электроникамен қоршап тастадық. Электр қуаты бізге көптеген бос уақыт беріп біз үшін жұмыс істеуі керек еді, алайда біз осыған қоса шу, кернеу және үлкен сомадағы электр қуатына деген шот алдық. Не істеуге болады? Әжетханадағы, жуынатын бөлмедегі және қоймадағы шамдарды айтарлықтай төмен қуатты, 60 ваттығына ауыстырамыз. Жағдайға үйрену үшін бұл жеткілікті болады. Сіз көп уақытыңызды өткізетін жерлерде және жақсы жарықсыз болмайтын жерлерге электр үнемдейтін лампаларды салыңыз. Ондай лампалар қызбайды және барлық күшін жарық беруге жұмсайды. Олардың бағасы кәдімгі лампаларға қарағанда қымбатырақ, алайда, тұтыну қуаты төмен, сонымен қатар олар тез күйіп кетпейді. Егер сіз оқығанды жақсы көретін болсаңыз, онда алты көзді люстраны қосудың еш қажеті жоқ, кітап оқу үшін торшер немесе стол шамын жағуға да болады. Бір шәйнек шай қайнатқаннан гөрі, өзіңіз ішетінін ғана қайнатқан дұрыс. Бұдан да кәдімгідей үнемделеді. Оның үстіне қайта-қайта қайнаған шәйді ішу денсаулыққа зиян. Жан жағыңызға қараңыз, сөзсіз Сізде тек демалыс күндері, онда да анда-санда қолданатын DVD-плеер, музыкалық орталықтар тоқ сұққышқа (розеткаға) қосылып тұрған шығар. Бұл заттар аз тұтыну режиміне жатады, бірақ сонда да электр тұтынады. Егер сіз әлі пластик терезелер құрғызбаған болсаңыз, балконның ескі ағаш есіктерін жылылаңыз. Осылай сіз желдеулерден құтылып, жылуды үнемдейсіз. Сонда жылыту құрылғысын да қосу керек емес.

Су. Біз қанша ақшаны құбырға жіберетінініміз туралы бір сәт болса да ойландыңыз ба? Пәтерде су өлшеуіш құралдарын орнату суды бей-берекет жұмсауды тоқтатып, отбасы бюджетін үнемдеуге көмектеседі. Егер пәтерде бірнеше адам тіркеліп, шын мәнінде бір адам ғана тұратын болса, онда су өлшеуіш құрал өте тиімді болады. Сондай-ақ, бұл құрылғы сіз жаз айларын отбасыңызбен саяжайда өткізетін болсаңыз да тиімді. Егер сіз сүйікті киноңызды көруге асығып, кранды жабуды ұмытып кетсеңіз, унитазыңыздан су ағып тұрса – онда сізге өлшеуіш құрал көмектеспейді. Сонымен, сіз су өлшеуіш құралын орнатуға бел бусаңыз, онда бірнеше ережелерді білгеніңіз жөн.

Өлшеуіш құрылғысын орнатпас бұрын, крандарды жөндеп, ауыстыру, сондай-ақ барлық ағып тұрған жерлерді жөндеу қажет. Ең бастысы – әдетке айналған дағдыңызды өзгерту керек, яғни суды бекерге төкпеу керек. Өз бетіңізбен өсептеуіш құралдарды орната көрмеңіз. Бекітілген ереже бойынша пәтерлердегі есептеуіш құралдарды тек сәйкес лицензиялары бар ұйымдар ғана құра алады.



Газ. Газды тұтыну нормасы көп жағдайда жоғары. Газында есептеуіш құралы бар пәтер иесі, есептеуіші жоқтарға қарағанда аз ақша төлейді. Газға есептеуіш құрал орнату да қиын емес. Ол үшін қалалық газ қызметіне есептеуіш құрал орнатып, үйді газдандыру жобасына сәйкес өзгертулер енгізу туралы өтініш жазу қажет.

Жылу. Халықтың тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметіне төлейтін жалпы шығындарының 40% жылу шығыны құрайтындықтан, жылуды үнемдеу басқа энергоресурстарды үнемдеуге қарағанда басымдыққа ие. Пәтерлерді жылумен қамтамасыз ету меншік иелері үшін басымдыққа ие, себебі пәтерлерді жылытуда ғимараттарды құрылғылар арқылы тығындау арқылы («ақшасы төленген жылуды шығындатпау және өзіңді тоңдырмау үшін») шығынды өтеуге әрі қосымша газ бен электрді жұмсамай-ақ пәтердегі температураны қажетті деңгейде ұстауға болады.

Егер тұрғын үйдің жылу балансын қарайтын болсақ, жылу жүйесінің басым бөлігі жылу шығындарын жабуға жұмсалады екен. Бұл орталықтанған жылу және су жүйесіне қосылған тұрғын үйде төмендегіше көрінеді:



  • Жылытып бекітілмеген терезелер мен есіктер арқылы жоғалатын жылу шығыны – 14%;

  • Ғимарат қабырғалары арқылы шығын – 22%

  • Төбелер, еден, шатыр жабындылары арқылы шығын – 8%

  • Қымтап жабылмайтын есіктер мен терезелер, желдеткіштер арқылы жылу шығыны – 56%.

Егер Сізде жылуға есептеуіш құрал болмаса, онда Сіз қанша үнемдесеңіз де, жылу үшін төленетін төлемге мұның еш қатысы болмайды.

Жылу беруді реттеуге мүмкіндік болуы үшін және коммуналдық қызметкерлер жылу берумен асыра сілтемеуі үшін жылу беру кезеңінде барлық желдеткіштерді ашық қалдырмай, реттегіш радиаторларды құру ұсынылады. Осылайша, жылу қажеттілік бойынша түсетін болады, енді жылуды қалай үнемдеу емес, оны қалай бостан босқа жоғалтпау мәселесі туындайды.

Жылдың суық мезгілінде жылы ауаның сыртқа шығатын жері – есік пен терезе. Егер Сіздің қаражатыңыз жетсе – онда заманауи терезелер үйіңізді айтарлықтай қолайлы әрі жылы етіп, шығындарыңызды үнемдейді. Егер қаражатыңыз жетпесе, суық түсердің алдында терезелер мен кіретін есікті жылылауға ерінбеңіз.

Өзіңіз үшін кем дегенде екі-үш түрлі ақша үнемдеу әдісін таңдау артық болмайды, әрі нәтижесі де көп күттірмейді.

Пайдалы кеңестер:


  • Жылуды жоғалтпас үшін терезелер мен есіктерді оқшаулаңыздар!

  • Күндізгі жарыққа жол беріңіздер - пердені ашыңыздар!

  • Бөлмеден шығарда шамды өшіріңіздер!

  • Энергия үнемдейтін лампаны пайдаланыңыздар –олар энергияны 5 есе аз тұтынады!

  • Үйде жалпы үйішілік есептеу аспаптарын, ал пәтерде суық және ыстық суға есептеу аспаптарын орнатыңыздар!

  • Батареяны жиһазбен немесе пердемен жаппаңыздар!

  • Кір жуатын машинаны толтырып, бір-ақ пайдаланыңыздар!

  • Электр аспаптарын пайдаланбаған кезде оларды сөндіріңіздер!

  • Тамақ пісірген кезде қазанның бетін қақпақпен жабыңыздар!

  • Тоңазытқышты жылу көздерінен мүмкіндігінше алысырақ қойыңыздар!

Пайдалы сілтемелер:

1) www.zakon.kz/ - ақпараттық портал;

2) www.alseco.kz/ - «АЛСЕКО» АҚ сайты.

3) www.zhkh-center.kz – «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ сайтының «Халыққа арналған пайдалы кеңестер» бөлімінде жылу үнемдеудің тиімді шараларына арналған мәліметтер орналастырылған;

4) «ТКШ Қаз.орталығы» парағы мен и Facebook әлеуметтік желісіндегі «EnergysaversKZ» тобында – қазақстандық ТКШ саласындағы энергия үнемдеуге арналған жаңа технологиялардан ақпарат береді.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «коммуналдық шығындарды үнемдеу», «коммуналдық шығындар» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

36. Пәтер иелері кооперативі (ПИК) және оның жұмысындағы тұрғындар рөлі
ПИК-тің атқарып жатқан шаралары өте көп. Ең басты міндеті – үйді ұстау бойынша барлық мәселелерді шешеді: жайластыру, жабдықтау, бір реттік және қайталанатын жөндеу, баспана, өжіре, шатырдың асты, инженерлік коммуникациялар күтімі, техқамтамасыз ету, аймақ тазалығы. Егер баспана немесе құбыр жарылып су ақса, онда ПИК–ке шағымданыңыз.

Егер үй қымбат жөндеуді талап етсе, ал қаржы жетіспесе, онда ақшаның (20-40%) тұрғындардан жиналу бойынша мәселенің шешімі жалпы жиналыста талқыланатын болады. Сіздің мақсатты шығындарыңыз неге жұмсалатынын білгіңіз келсе, онда ПИК-тің тексеру комиссиясының көмегіне жүгіне аласыз. Бастысы – ПИК-тің тексеру комиссиясы құрамына ПИК әкімшілігі мүшелері кірмеу керек. Егер аталған комисия ПИК жұмысында бұзушылықтарды анықтаса, онда сотқа жүгініңіз. Ал егер комиссия тұрғындардың сенімінен айырылса, онда аудиторлық тексеру жұмыстарын ұйымдастыра аласыз.

ПИК егер арзан болса, басқа заңды тұлғалардан мынадай қызмет түрлерін ала алады: дала сыпырушы, электрик, кіреберіс тазалаушысы. Кооперативтердің барлығы жөндеу бригадаларын ұстамайды. Бастысы қалада осындай қызмет түрлерінің бәсекелестік нарығы қалыптасса жақсы болар еді. Ал ПИК келісім-шарт жасасқанда, экономикалық пайда жағын ескеруі керек.

Меншік иелерінің талап етуімен ақшалардың, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған қаражаттың қозғалысы туралы ақпарат ұсынады.

Ортақ мүлікті пайдалануға байланысты шығыстар кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есепте көрсетілуге тиіс, кондоминиумды басқару органы, яғни ПИК үй-жай (пәтер) меншік иелеріне әрбір тоқсан үшін жазбаша нысанда есепті кезеңнен кейінгі айдың алғашқы он күнінде есеп береді.

ПИК басқармасы шаруашылық қызмет және қаржылық есеп бойынша тұрғындар алдында есеп беруі керек.

Егер тұрғындар есепті қабылдаса, онда келер жылға жұмыс жоспары жасалады. Ал егер есеп қабылданбаса, онда тұрғындар жаңа ПИК төрағасын – үйдің кез-келген сенімді тұрғынын тағайындауға құқылы. Егер есеп қанағаттанарлық жағдайда болса, онда төраға қайта сайлана алады.

ПИК жұмысында ең бастысы – төраға таңдау. Ол шаруашылық мәселелері мен заң саласын меңгеру керек. Ол тұрғындар жиналысы барысында дауыс беру арқылы сайланады. Егер жиналыста пәтер иелерінің жартысынан көбі болмаса, онда ондай шешімнің күші жоқ.

Тұрғындар өздері мәселені шешуге араласқысы келе ме? Жауап түсінікті: жоқ немесе мүмкіндіктері жоқ. Кейде, тіпті жиналыстың өзіне пәтер иелерінің көпшілігі келмей жатады. Алайда тұрмыстық қатынастар туралы заңға сәйкес, жиналыс ПИК-тің жоғары органы болып табылады. Жиналыстарда түрлі мәселелер талқыланып, тіпті төрағаны алып тастау туралы шешімдер де қабылданып жатады.

«Мен ақша төлеймін, менде шаруалары болмасын» деген пікір – қате, егер тұрғындар немқұрайлы болса, онда ПИК те жаман жұмыс істейді. Әр үйде басшы болатын, бос уақыты бар сенімді үлкен адам таңдалу керек. Мақсатты шығындар тек сол үйге ғана жұмсалу тиіс (егер ол апаттық жағдай болып және ақша пайызсыз несие түрінде берілсе ғана).



Тұрғындар ПИК есеп шотына қандай міндетті төлемдер аударуы керек? Тұрғындар жалпы қолданыстағы орын-жайларды – дәліз, кіреберіс, шатырдың асты, жертөлені күту мен аймақты жинау шығындарын ғана төлейді. Жалпы шаруашылық үшін ПИК-ке қанша қаржы қажет ететінін ескерген тұрғындар ақша көлемін өздері белгілейді.

Мұны білген жөн (оқып шығыңыз):

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңы.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.krisha.kz/ - «Крыша» сайты («Все о КСК» бөлімі);

2) www.minjust.kz/ - Әділет министрлігінің сайты.

3) www.zhkh-center.kz – «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ сайтының «Үйлерді басқару» бөлімінде ПИК пен басқарушы компаниялар жөнінде мәліметтер орналастырылған;

4) «ТКШ Қаз.орталығы» парағы мен и Facebook әлеуметтік желісіндегі «EnergysaversKZ» тобында – қазақстандық ТКШ саласындағы энергия үнемдеуге арналған жаңа технологиялардан ақпарат береді.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «КСК деген не», «КСК жүйесі» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

IV ТАРАУ. ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
37. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жәрдемақының қандай түрлері бар?
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – өзге жәрдемақы түрлеріне қарамастан, әлеуметтік қорғауды қажет ететіндерге берілетін ақшалай төлем; АӘЖ мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және оларды алуға құқығы бар азаматтарға ай сайын берілетін ақша төлемі болып табылады.

Жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға мыналар жатады:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;

2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және олардың екінші рет некеге тұрмаған жесірлері;

3) қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары, атап айтқанда: Ауғанстандағы немесе өзге де мемлекеттердегі ұрыс қимылдарына қатысу кезінде алынған жарақат, контузия, мертігу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары; бейбіт кезеңде әскери қызметін өтеу кезінде қайтыс болған (қаза тапқан) әскери қызметшілердің отбасы, балалары, қайтыс болғандардың (қаза тапқанның, хабарсыз кеткеннің) асырауында болған, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары; қайта некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері); Чернобыль АЭС-індегі апаттың және өзге де радиациялық апаттардың немесе азаматтық не әскери нысан апаттарының салдарларын жою кезінде қаза болғандардың отбасылары; сәулелену салдарынан қаза болғандардың немесе қаза болған мүгедектердің, сонымен қатар өлімі Чернобыль АЭС-імен немесе өзге азаматтық не әскери нысандағы радиациялық апаттармен байланысты азаматтардың отбасылары;

4) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің қайта некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері), сондай-ақ соғысқа қатысып қайтыс болған әскер, партизан, жасырын әскер, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Ленинград блокадасының тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтардың, жалпы ауру, еңбек жарақаты және өзге де себептермен мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдері (күйеулері);

5) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үшінші дәрежелі даңқ орденінің, үшінші дәрежелі Еңбек даңқы орденінің кавалерлері, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдар;

6) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы ерен еңбегі мен мүлтіксіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медалдарымен марапатталған тұлғалар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;

7) 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС апаты салдарын жоюға қатысқандардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды оқшаулау және қоныс аудару аймағынан өз бетімен кеткен Қазақстан Республикасына қоныс аударғандар қатарындағы адамдар;

8) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;

9) 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

10) «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар;

11) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін);

12) саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар;

13) Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар.

Мемлекеттік жәрдемақы түрлері:


  • арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;

  • мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;

  • асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;

  • жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;

  • мемлекеттiк арнайы жәрдемақы (№ 1 және № 2 Тізім);

  • бала тууында және бала күтіміне байланысты жәрдемақы;

  • 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы;

  • жерлеуге берілетін жәрдемақы.

АӘЖ рәсімдеу үшін тиісті құжаттармен тұрғылықты жері бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа барады.

Назар аударыңыз! Бір уақытта бірнеше негіздемелер бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға жәрдемақы олардың қалауы бойынша тек бір негіздеме бойынша ғана төленеді.

Ескерту! 2011 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері – 1 512 теңге.

Мұны білгеніңіз жөн (оқып шығыңыз):

1) «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 365-I  Заңы;

2) «Қазақстан Республикасында Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдем ақылары туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы № 126-І Заңы;

3) «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілде № 414-I Заңы;

4) «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы №63 Заңы;

5) «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысы;

6) «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысы;

7) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 289-п бұйрығымен бекітілген бала тууына және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;



8) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 289-п бұйрығымен бекітілген мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты.

9) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 289-п бұйрығымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.e.gov.kz/ - «электронды үкімет» порталы («Заңнама» бөлімі);

2) www.pavlodar.com/zakon/ - заңнама базасы бар интернет-ресурс.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «жәрдемақы түрлері», «жәрдемақы алу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

38. Мүгедек адамға протезді-ортопедтік көмекті, сурдотехникалық құралдарды, тифлотехникалық құралдарды, орындық-арбаны, шипажайлық-қурорттық емдеуді, жеке көмекші қызметін және қимыл тілінің маманын қалай алуға болады?
Протезді-ортопедтік көмекке зәру мүгедектер тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесідей құжаттарын тапсыруы керек:


  1. өтініш;

  2. Мүгедекті сауықтыру жеке бағдарламасының картасы.

Мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасынан көшірме Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департаменттерінен беріледі.

  Протезді-ортопедтік құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен жөндеу келесідей тұлғаларға қарастырылған:



  • ҰОС ардагерлері мен мүгедектері, сондай-ақ жеңілдіктері бойынша ҰОС мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

  • Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызметтік міндеттерін өтеу кезінде мүгедек болған әскери қызметкерлерге;

  • Ішкі істер органдарында, ұлттық қауіпсіздік органдарында, басшылық және қатардағы құрамда қызметтік міндеттерін атқару кезінде мүгедек болған тұлғаларға;

  • Жалпы ауруы бойынша мүгедектерге;

  • Бала кезінен мүгедектерге;

  • Мүгедек балаларға.

Сурдотехникалық құралдарға мұқтаж жандар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесідей құжаттарын тапсыруы керек:

1)     Ұлы Отан Соғысының ардагерлері – төлқұжат немесе жеке куәлік, Ұлы Отан Соғысы ардагерінің куәлігі және мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасын;

2)     Ұлы Отан Соғысының мүгедектері - төлқұжат немесе жеке куәлік, Ұлы Отан Соғысы ардагерінің куәлігі және мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасын;

3)  жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша ҰОС мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар – төлқұжат немесе жеке куәлік, жеңілдік алу құқығы белгісі бар зейнеткердің куәлігін және мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасын;

4)     Мүгедек балалар – паспорт немесе жеке куәлік, кәмелет жасқа толмағандар – туу туралы куәлік, ата-аналарының біреуінің (қамқоршысының, қорғаншысының) жеке куәлігін, мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасын;

5)     бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектері – төлқұжат немесе жеке куәлігін, зейнеткердің куәлігін, мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасын;



Тифлотехникалық құралдарға мұқтаж жандар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесідей құжаттарын:

1) бірінші, екінші, топ мүгедектері, мүгедек балалар тифлотехникалық құралдармен өтініш негізінде қамтамасыз етіледі;

2) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аймақтық органдары жасаған мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасын тапсыруы керек.

Міндетті гигиеналық құралдарға мұқтаж жандар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесідей құжаттарын тапсыруы керек:

1) мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасынан көшірме;

2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты;

3) мүгедек балалар – жеке басын куәландыратын құжатты, кәмелет жасқа толмағандар – туу туралы куәлік, ата-аналарының біреуінің (қамқоршысының, қорғаншысының) жеке куәлігін, мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасын;

4) мүгедектігі туралы анықтаманы.

Жеке көмекшінің қызметін және қимыл тілінің маманына мұқтаж жандар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш жазып, келесідей құжаттарын тапсыруы керек:

1) мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасынан көшірме (түпнұсқа және көшірме);

2) жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме);

3) мүгедектігі туралы анықтама (түпнұсқа және көшірме).

Егер Сіз өз бетіңізше арыз беруге мүмкіндігіңіз болмаса, басқа адамға нотариалды растауды талап етпейтін сенімхат жазу арқылы уәкілеттік беруіңізге болады.

Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметі өз бетінше қозғалуы қиындаған бірінші топ мүгедектеріне көрсетіледі. Қимыл тілінің маманы әлеуметтік қызметі кереңдік бойынша мүгедектерге беріледі. Бұл қызмет әр мүгедекке бір жылда 30 сағат көлемінде беріледі.



Есте сақтаңыз! Егер Сіз қимыл тілі маманының қызметін бір жылда 30 сағаттан аса пайдалансаңыз, онда сізге оның қызмет ақысын төлеуге тура келеді.

Орындық-арбаға мұқтаж мүгедектер тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш жазуы керек. Орындық-арбаны беру мүгедектің тегін, атын, әкесінің атын, зейнеткерлік куәлігінің нөмірін, туған жылын, тұратын жерін, алынған орындық-арбасының атауын, алу күнін, алғандығы туралы белгісін көрсету тізімі бойынша беріледі.

Жұмыста зақымданған немесе жұмыс берушінің кінәсінен алынған кәсіби ауруынан мүгедек болған жандар мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасы бойынша орындық-арбалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен беріледі.

Жұмыста зақымданған немесе жұмыс берушінің кінәсінен алынған кәсіби ауруынан мүгедек болған жандар орындық-арбаны жұмыс беруші қызметін тоқтатқан жағдайда немесе заңды тұлға жойылған жағдайда мемлекеттік тапсырыс есебінен алады.



Есте сақтаңыз! Бөлмелік орындық-арбалардың қолданылу мерзімі – жеті жыл, ал серуенге арналған орындық-арбалардың қолданылу мерзімі – төрт жыл.

Шипажай-курорттық емделуге мұқтаж жандар тұрғылықты жері бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне белгіленген үлгі бойынша өтініш жазуы керек.

Арызға келесі құжаттарды тіркеуі қажет:



  1. арыз берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  2. денсаулық сақтау мекемесі берген шипажай-курорттық картаның көшірмесі;

  3. тұрғындарды есепке алу кітабы;

  4. мүгедектігі туралы анықтама мен мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасының көшірмесі;

Құжаттардың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы да беріледі, салыстырып болған соң сізге түпнұсқаны қайтарып береді.

Мұны білген (оқыған) жөн:

1) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

2) «Мүгедектерді сауықтырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысы. Онда мыналар қарастырылған:


  • Мүгедектерді протезді-ортопедтік көмекпен және техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету ережелері ;

  • мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес өз бетінше қимылдауы қиын бірінші топ мүгедектеріне жеке көмекші әлеуметтік қызметін және кереңдігі бойынша мүгедектерге қимыл тілінің маманын – жылына 30 сағат көлемінде беру ережелері;

  • Мүгедектерді арнайы жылжу құралдарымен қамтамасыз ету ережелері;

  • Мүгедектер мен мүгедек-балаларға шипажайлық-курорттық емдеудің ережелері;

  • Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші құралдардың және арнайы жылжу құралдарының тізімі.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.enbek.gov.kz – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты («Заңдар» бөлімі);

2) www.invalid.kz – Қазақстан мүгедектерінің порталы.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «мүгедек адамдарға берілетін көмек», «мүгедек адамдарға көрсетілетін көмек түрлері» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

39. Асыраушысынан айрылған жағдайда жәрдемақыны қалай алуға болады?
Асыраушысынан айрылған жағдайда қайтыс болған адамның отбасындағы, оның асырауында болған еңбекке қабілетсіз адамдарға жәрдемақы беріледі. Еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелері болып:


  • егер он сегiз жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалса, он сегiз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары (оның iшiнде асырап алған балалары, өгей балалары), аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi, қарындастары және немерелерi жатады, бұл орайда аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi, қарындастары және немерелерi - егер олардың еңбекке қабілетті ата-аналары болмаса, өгей балалары - егер олар ата-аналарынан алимент алмайтын болса;

  • Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар кәмелетке толмағандар бұл құқықты өздерiн асырап алған кезде де сақтайды;

  • егер зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес зейнеткерлiк жасына жетсе, әкесi, шешесi (оның iшiнде асырап алушылар), зайыбы, жұбайы;

  • егер қайтыс болған асыраушының 8 жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын, сіңілілерін немесе немерелерiн күтумен айналысса және жұмыс iстемейтiн болса, жасы мен еңбекке қабілеттігіне қарамастан, ата-аналардың немесе жұбайлардың бiреуi не атасы, әжесi, аға-iнiсi немесе апа-сiңлiсi, қарындасы;

  • егер зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес зейнеткерлiк жасына жетсе және заң бойынша асырауға мiндеттi адамдары болмаса және өмiр сүру үшiн басқа қаражат көздерi жоқ болса, атасы мен әжесi есептеледi.

18 жастан асқан студенттердің асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша күндізгі оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенгі дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте жәрдемақы алуға құқығы бар;

Қайтыс болған адамның асырауындағы отбасы мүшелерi, егер олар оның толық асырауында болса немесе одан өздерi үшiн өмiр сүрудiң тұрақты және негiзгi қаражат көзi болған көмек алып тұрса, оның асырауында болған деп есептеледi. Бұл орайда қайтыс болған асыраушының 8 жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, сіңілілерімен, қарындастарын немесе немерелерiн күтумен айналысса, жәрдемақылар олар асыраушының асырауында болғандығына қарамастан тағайындалады.

Жәрдемақы зейнеткер жасындағы адамдарға – өмір бойы, ал басқа отбасы мүшелеріне олар еңбекке қабілетсіз болған уақытының барлығында төленеді.

Асыраушысынан айрылған жағдайда жәрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелерінің барлығына бір ортақ жәрдемақы тағайындалады. Дегенмен отбасы мүшесінің талабы бойынша оның үлесі бөлініп алынып, оған жеке төленеді. Отбасы мүшелерінің жәрдемақымен қамтамасыз етілетін жандарының саны өзгерген жағдайда оның мөлшері жәрдемақы алуға құқығы бар отбасы мүшелерінің санына қарай тиісінше ұлғаяды немесе азаяды.



  • отбасының асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы алуға құқығы бар еңбекке қабілетсіз бiр мүшесi болған кезде жәрдемақы 0,66 ең төмен күнкөрiс деңгейi;

  • екеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке қабілетсіз мүшелерiне 1,14 ең төмен күнкөрiс деңгейi;

  • үшеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке қабілетсіз мүшелерiне 1,41 ең төмен күнкөрiс деңгейi;

  • төртеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке қабілетсіз мүшелерiне 1,50 ең төмен күнкөрiс деңгейi;

  • бесеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке қабілетсіз мүшелерiне 1,55 ең төмен күнкөрiс деңгейi мөлшерiнде тағайындалады;

  • отбасының еңбекке жарамсыз алты және одан да көп мүшелерi болған кезде әрбiр мүшесiне арналған жәрдемақының мөлшерi 1,61 ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң бiрдей үлесi ретiнде есептеледi.

  • Тұлдыр жетiмдерге айлық жәрдемақы әрбiр балаға 0,90 ең төмен күнкөрiс деңгейi мөлшерiнде, отбасының еңбекке жарамсыз өзге мүшелерiне - 0,41 ең төмен күнкөрiс деңгейi мөлшерiнде, бiрақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелерiне 1,96 ең төмен күнкөрiс деңгейiнен аспайтын мөлшерде тағайындалады.

  • Қызметтік мiндеттерiн атқару кезінде немесе әскери қызметін өткеру кезiнде қаза тапқан немесе жаралану, контузия, мертiгу, ауыру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерлерiнiң отбасы мүшелерiне асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының мөлшерi отбасының еңбекке қабілетсіз әрбiр мүшесiне 0,25 ең төмен күнкөрiс деңгейiне, бiрақ отбасының барлық мүшелерiне 1,96 ең төмен күнкөрiс деңгейiнен аспайтын мөлшерде көбейтiледi.

Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындау үшін тіркелген жері бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне барып тиісті құжаттарды ұсыну қажет.

Ескерту: 2011 жылға арналған ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері - 15 999 теңге)

ЗТМО Call-Centre телефоны: 8-800-080-37-07 – республикалық бюджет қаражаты есебінен зейнетақы және жәрдемақы төлеу мәселелері бойынша хабарласу үшін қажет.

Мұны білгеніңіз жөн (оқып шығыңыз):

1) «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақылары туралы» ҚР 1997 жылғы 16 маусымдағы № 126-І Заңы;

2) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405 Заңы;

3) «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 819 қаулысы;

4) «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу, қайта есептеу (айқындау) және арттыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1307 қаулысы;

5) «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақылары туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 289-қ бұйрығы.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.e.gov.kz/ «Қазақстан Республикасының Электронды Үкіметі» сайты («Әлеуметтік көмек. Сақтандыру және әлеуметтік төлемдер» бөлімі, бұдан әрі - «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларын тағайындау»).

2) www.enbek.gov.kz/ - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы», «асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік көмек» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

40. Жұмыссыздық мәртебесін қалай алуға болады?
Біздің елімізде мемлекеттік жұмыспен қамту орталығында жұмыс іздеуші ретінде тіркелген адамдар ғана жұмыссыз деп танылады. Мұнда тіркелгеннен басқа, жұмыссыздар жұмыспен қамту қызметі ұсынатын лайықты жұмысқа кірісуге дайын болуы керек.

Жұмыссыз ретінде тіркелу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне барып тіркеліңіз. Ол жерге:

1) жеке куәлік;

2) ӘЖК;


3) СТН;

4) еңбек қызметіңізді растайтын құжаттарды, (еңбек кітапшасы, бұрынғы жұмыс орныңыздан жеке еңбек шарты (шарттар) немесе жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығару туралы бұйрықтардың көшірмесі болуы мүмкін) ұсыныңыз.



Бұл маңызды! Сізден тапқан табыстарыңыз жөнінде мәліметтер талап етуі мүмкін.

Сіз жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде белгіленіп кетуіңіз керек. Егер сіз ауылдық жерде тұратын болсаңыз, онда айына бір рет ауыл әкіміне барып, белгіленіп отыруыңыз керек.

Егер Сіз қолданыстағы Заңнамаға сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болсаңыз және жұмыс беруші сізге әлеуметтік аударымдар жүргізсе, онда Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айрылған жағдайға берілетін әлеуметтік төлемді тағайындауға және алуға құқығыңыз бар.

Бұл ретте, жұмысынан айрылған жағдайға Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге құқық туындаған күннен бастап, бірақ оны тағайындауға өтініш берген күнге дейінгі он екі айдан аспайтын мерзімнен бастап тағайындалады.

Жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлем тағайындау үшiн өтiнiшке:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты жерi бойынша мәлiметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);

3) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның анықтамасы қоса тiркеледi;

4) ӘЖК;

5) СТН;


6) банктік шот нөмірі (тұлғалық немесе карт. шот).

Жұмыспен қамту қызметі жұмыссыз адамдарды жұмысқа орналасу бойынша көмек көрсетеді, кәсіптік оқуларға жолдама береді, қоғамдық жұмыстарға жібереді, халықтың нысаналы топтарының өкілдері үшін әлеуметтік жұмыс орындары құрылады.



Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілердің жергілікті атқарушы органдармен шарт жасауы негізінде құрылады, олар халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға арналған.

Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмысқа орналасу мүмкіндік береді, жұмыссыздар үшін арналған және кәсіби даярлауды талап етпейді.

Қаперіңізде жүрсін! Қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындарға жіберілген жұмыссыздардың еңбекақы мөлшерін тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақыдан кем емес мөлшерде жергілікті атқарушы органдар белгілейді.

Егер қажетті кәсіби біліктілігі жоқ болғандықтан, ыңғайлы жұмысты таңдап алу мүмкін болмаса, жұмыссыз азамат кәсіптік оқуға жолдануы мүмкін.

Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың қосымша шарасы ретінде кәсіптік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде (басқармаларында) тіркелген білім беретін ұйымдардың түлектеріне жастар практикасынан өту ұсынылуы мүмкін.

Жастар практикасы алынған кәсіп (мамандық) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін жағдай жасау, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталады.

Ескерту: 2011 жылғы ең төменгі жалақы мөлшері 15 999 теңгені құрады.

Мұны білгеніңіз жөн (оқып шығыңыз):

1) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақтан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 Заңы;

2) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 405 Заңы;

3) «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу, қайта есептеу (айқындау) және арттыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1307 қаулысы;



Пайдалы сілтемелер:

1) www.pavlodar.com – заңнама базасы бар интернет-ресурс;

2) www.ozsp.gov.kz – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «жұмыссыздық мәртебесі», «жұмыссыздық мәртебесін алу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
41. Еңбек шартын қалай жасасу керек?
Сізді жұмысқа қабылдады. Сіз үшін қуанышты сәт. Алайда жұмысқа қабылдану барысындағы формальды жағдайларды сақтауды естен шығармаңыз.

Бүгінгі күні жұмыс беруші мен жұмыс алушы құқықтарының тең еместігін білу керек. Жұмыс беруші жұмысқа қабылдауда басымдыққа ие, еңбек шартын құрастыруда да алдымен оның талаптары ескерілген. Алайда өзіңіздің негізгі құқықтарыңызды біліп, оларды қолдануға мүмкіндігіңіз бар.

Жұмысқа қабылданғанда жұмыскерден заңда белгіленген құжаттардан басқа (бұрынғы жұмысынан анықтамалар, бұрын алған төлемақы туралы мәлімет, отбасылық жағдайы, бұрынғы жұмыстағы мінездемелері, т.б) құжаттарды талап етуге тыйым салынады.

Еңбек шартын жасасу. Жұмысқа қабылдау барысында еңбек шартын жасасу шарт (ары қарай – келісімшарт). Ол жазбаша түрде сіздің және жұмыс берушінің қолдары қойылып, әрқайсысына бір-бір данадан екі дана болып жасалады. Жұмыскер келісімшартының бір данасын алғаныңызды жазбаша түрде растайсыз. (Сіз жұмыс берушідегі келісімшартқа өз келісімшартыңызды алғандығыңыз жөнінде белгі қоясыз).

Келісімшартта көрсетілген жұмыстың басталу уақыты жұмыскердің жұмысқа кірісу күні деп есептеледі.

Келісімшарт жасалғаннан кейін, жұмыс беруші жұмысқа қабылдау жөнінде бұйрық шығарып, Сізге қолхат ретінде жеткізуі тиіс.

Өмірде келісімшарт жасалмаған, не тиісті дәрежеде жасалмаған оқиғалар көптеп кездеседі. Келісімшартсыз жұмысқа қабылдануға келіссеңіз, онда Сіз өз құқықтарыңызды шектейсіз. Алайда бұл сіздің барлық құқықтарыңыздан айрылдыңыз деген сөз емес. Жұмысқа қабылдау бұйрығы мен жұмысқа кірісу фактісі келісімшарттың жасалғанын растайды. Алайда келіспеушіліктер туындаған жағдайда, сіз жалақы көлемін, еңбек міндеттемелерін, тағы да басқа жағдайларды дәлелдей алмайсыз. Өйткені олар ешқайда көрсетілмеген. Сондықтан, келісімшарттың жазбаша формасы сіз үшін өте қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет