1. Жалпы ақпарат. Сайт жасау дегеніміз – сайт дизайнын, сайтты толтыратын функционалды және мазмұнды тұжырымдаманы, сайттың беттерін жасаудан, басқару жүйесін мазмұнға қосудан, сайтты мазмұнмен толтырудан, дайын сайтты серверге орналастырудан тұратын кешенді қызмет көрсету.
Өз қызметтері мен тауарларын сатудан табыс алғысы келетін бизнес иелері қазіргі бәсекелестік жағдайында сапалы PR-компаниясыз алға басуға болмайтынын білсе керек. Бүгінде интернетке жарнама берудің түрлі әдістері бар. Бизнесмендер жалпы жарнаманың мынадай түрлерін таңдай алады: теледидар, радио, журнал мен газет жарнамасы, дала мен көліктегі жарнамалық қалқандар. Сайт дайындаудың технологиялары өзгеріп тұратынын ескерсек, қазіргі таңда ең тиімді жарнама болып интернетке орналастырылған жарнама есептеледі, PR-компанияның бұл түрі бүгінгі күні ең тиімді және қолжетімді болып табылады.
Сайт-визитка – мекеменің имиджі. Сіздің оны жарнамалауыңыз, мақтанышпен көрсете алуыңыз немесе қарапайым визитканың өзіне жазуға ұялуыңыз сайт-визитканың қандай болатынына байланысты.
Сайт-визитка қандай мәселелерді шешуге септігін тигізуі керек? Әдетте оны жасату кезінде төмендегі функциялардың болуын ұсынады:
-
көрсетілетін қызметтер мен өндірілетін өнім туралы аудиторияны ақпараттандыру;
-
компания өніміне деген сұранысты арттыруға ықпал ету;
-
брендті жарнамалау;
-
кері байланыс арқылы тұтынушылармен қарым-қатынас орнату;
-
маркетингтік мәліметтерді жинау құралы қызметін атқару.
Мекемелердің виртуалды визиткалары болып саналатын сайт дизайнын жасау барысында фирманың белгілері: логотип, эмблема, монограмма орналастырып, ұжымдық түстер қолданылады.
Сайт-визитка орындалу жағынан баптық немесе қарқынды болады. Бірінші нұсқасы қаржылық жағынан тиімді, алайда болашақта өзгертулерді енгізу барысында белгілі бір қиындықтар болуы мүмкін. Мазмұнды басқару жүйелері базасы негізінде сайт визиткаларды дайындау web-ресурсты толтыруды сайт иесіне мамандардың көмегіне жүгінбей, өз бетімен жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл сайт-визитка иелері үшін қолайлы нұсқа болып табылады.
2. Ғимарат. Аталған бизнес түрі үшін арнайы орынның қажеті жоқ. Мұндай қызметпен сіз үйде өз компьютеріңіздің алдында отырып-ақ айналыса аласыз.
3. Технология. Сайт визитка жасау үшін не қажет?
-
сайт туралы бастапқы ақпаратты жинау;
-
орындаушының техникалық тапсырманы құрастыруы;
-
техникалық тапсырмаға, күнтізбелік жоспарға, келісім-шартқа екі жақ тарапынан қол қою;
-
макетті таңдау немесе сайт дизайнын жасау;
-
хостингті орналастырудың орнын (интернетте сайт орналастыру) таңдау;
-
домендік атауды тіркеу.
Сайт жасау – күрделі әрі шығармашылық процесс. Құны тапсырыс берушінің таңдауына, әр жобаның ерекшелігіне, сайттың мақсатына, бағыты мен күрделілігіне байланысты. Базалық ұсыныстар белгіленген жиынтықта сатылатынын, барлық бағалардың соңғы болып табылатынын есте сақтаңыз.
4. Болжамды есептеулер.
4.1. Шығыстар:
Жақсы компьютер – 50 000 теңгеден бастап.
Лимитсіз интернет – айына 4 000 теңге.
4.2. Табыс:
Құрылымы жағынан қарапайым сайт-визитка –15 000 теңгеден жоғары.
Мұндай сайт-визиткаларды жасау үшін 3-4 күн кетеді, яғни айына 6-7 сайт-визитка жасалса* 15 000 теңге = айына сіздің табысыңыз 90 000 теңгені құрауы мүмкін.
5. Пайдалы сілтемелер:
http://joomla-kniga.ru/ - сайт жасу
http://atom-i-um.ru/archives/210 - сайт жасау бойынша бейнесабақтар
http://studiorunet.ru/site-developed/site-card/
http://web-studia.com.ua/cait_vizitka.php
http://www.codeharmony.ru/subscribe/videocourse
http://www.olegkostyuk.ru/2010/10/18/zapis-obuchayushhego-vebinara-sozdanie-sajta-vizitki/comment-page-1/
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «сайт жасау» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
64. Тоған құрылысы
-
Жалпы ақпарат. Кез келген тоған жер үй ауласының көркін келтіреді. Аптап ыстықта ол ауаны ылғалдандырып, жасыл желекті өсімдіктер үшін қолайлы микроклимат тудырады. Жаз мезгілінде адамдардың көпшілігі жұмыстан соң кішігірім тоған алдында, су ағынын тамашалап, аспалы торда отырып демалуды, не болмаса тіпті өз саяжайында күнге қыздырынып, суға түсуді ұнатады.
Тоғандарды қолдан жасау – бұл бизнес үшін жаңа идея. Тоған құрылысына негізделген бизнес түрі көп шығындалуды қажет етпейді, ал болашақта дұрыс маркетинг арқасында көп табыс әкеледі.
Тоған құрылысы бизнесі белгілі бір ғимаратты жалға алуды, қымбат жабдықтарды сатып алуды қажет етпейді, себебі бұл істі жүзеге асыру үшін күрек пен қайла іспетті кез келген шаруашылықтан табылып қалатын қарапайым құрал-саймандар ғана қажет. Тоған жасау үшін арнайы білімнің де қажеті жоқ, арнайы әдебиеттер мен интернеттегі ақпарат жеткілікті болады.
-
Технология. Тоғанды өз қолымен жасап шығару қиын емес. Тоғанды орналастырудың орнын таңдап алу керек. Ол күн түспейтіндей ағаштардың астында орналасқаны дұрыс.
Тоған орналасатын орынды таңдап алғаннан кейін жіп немесе бау көмегімен оның формасы мен көлемінің қандай болатынын белгілеп алу керек.
Оның сыртқы пішінін таңдау барысында қолданылатын материалдар формасы мен түрін жалпы стилистикалық келбетіне сәйкестендіру керек. Мысалы, аумақты жобалауда түзу геометриялық формалар - шаршы, тікбұрыш болса, онда тоғанның формасы да осыған сай болу керек. Егер қисық жолдар көп болса, онда тоғанды түзу бұрыштармен, түзу емес жаға бойымен бос формада (шеңбер түрінде) жасайды; содан кейін оны табиғи тастармен, қиыршық тастармен, малта тастармен, суға жақын жерде отырғызылған өсімдіктермен әшекейлейді.
Тереңдігі 80 см, көлемі 3,5 х 2 метрден кіші тоған салудың қажеті жоқ. Ондай жердегі су тез қызады, өлген өсімдіктер сонымен қатар, су түбіне түскен балықтардың тіршілік әрекеттерінің өнімдері биогендік заттар бөледі, ал олар балдырлардың өсуіне әкеп соғады, ал балдырлар өз кезегінде, судан оттегін сіңіретін болады. Ал оттегінің жетіспеушілігінен тоған шіри бастайды, су бұлыңғырланып, жағымсыз иіс шығарады. Тоған неғұрлым кіші болса, соғұрлым осындай жағымсызқұбылыстарға тап боласыз. Ал егер тоғанды тереңірек етіп, оны қызудан сақтайтын шаралар жасаса (үстіңгі қабатын суда қалқып тұратын өсімдіктермен жабу немесе оңтүстік жақтан салу), су түбінің қызуы төмендейді.
Тоғанның түбін жасаған кезде мынадай ережелерді ұстану керек. Алдымен бөктердің бұрышы 30°-тан аспағаны жақсы. Егер бұлай жасамасаңыз, онда бір күні топырақ тоған ішіне түсе бастайды.
Содан кейін тоған түбін тамырлар, тастар мен басқа да заттардан тазалап алу керек, себебі негіз ретінде полиэтилен қабықша қолданылатын болады.
Түп бедерін құрастыруда сатылы әдісті қолдануға болады. Таяз су – 40 см-ге дейін, орта бөлігі 60-100 см-ге дейін, терең бөлігі – 100 см не одан көп. Ал тоған тереңдігі 100-120 см. болса, онда балықтар қыстай алатын болады. Одан кейін түп бедерді қабықшамен жабамыз да, біріккен жерлерін суға шыдамды желіммен жапсырамыз. Шұңқырдан алынған топырақ жағаның пішінін жасауға жарайды. Оның қандай болатыны сіздің шығармашылық қабілетіңіз бен тапсырыс берушінің қалауына байланысты. Кішігірім сарқырама жасауға да болады (ол үшін сорғыш керек), тақтай, қойтас, малта тас, жағажай құмын төсеуге болады.
-
Сату. Бизнес үлкен сұранысқа ие, сауатты маркетинг жасалса, көп табыс табуға болады. Бастапқы кезеңде жарнаманың рөлі өте зор. Клиенттерді табуда газеттерге жарнама беру, хабарландырулар ілу, адамдармен жұмыс жасау барысында түрлі-түсті жарнамалық буклеттерді тарату жақсы нәтиже береді. Сіз жасайтын тоған түрлері бар фотоальбом, каталог жасап қойыңыз. Клиенттермен жұмыс жасау барысында өз жұмыстарыңызды суреттер арқылы көрсете аласыз. Уақыт өте келе сіздің жұмысыңызға саябақшылар, қала шетіндегі аудандардың тұрғындары, коттеджі бар қалталы адамдар көптеп қызығады, сонымен қатар қаланы көркейткісі келетін қала билігі тарапынан да тапсырыстардың түсуі әбден мүмкін.
Клиент табудың тағы бір әдісі бар. Визиткаларды көптеп жасап қойыңыз. Содан кейін қалам мен қағаз алып, достарыңыздың тізімін жасаңыз. Олардың көп болғаны жақсы. Бұл сізге өзінше бір жарнамалық кампания болады. Одан кейін 100 визитка алып, артына достарыңыздың атын жазыңыз, мысалы «Асан», осылайша оған беріңіз. Бұл визиткаларды оның өз достарына таратып шығуын ұсыныңыз, егер оның достары арасынан тапсырыс беруші табылса, онда Асанға 5-10% ақы төлеп қойыңыз. Осы әдісті басқа да таныстарыңызға қолданыңыз.
-
Болжамды есептеулер.
4.1. Шығыстар:
-
төсеуге арналған құрылыс қабықшасы мен құрал-саймандар алу - 20 000-30 000 теңге.
-
декоративті материалдарды алу (декоративті тастар, су өсімдіктері) – 20 000-30 000 теңге.
Материалдарға кеткен шығыстарды өзіңіз не болмаса клиентіңіз төлейді. Егер материалдарды өзіңіз алсаңыз, үстеме баға белгілейсіз.
4.2. Табыс:
Сіздің табысыңыз салынған тоғанның көлемі мен тереңдігіне байланысты болады. Мысалы, 1,5 х 1 м көлемдегі тоған салу 20 000 теңге не одан жоғары тұрады.
Уақыт өте келе сіздің табысыңызды өсіретін ландшафты дизайнер қызметін ұсына аласыз. Көп шығындалмайтындықтан бұл бизнес түрі табысты болып есептеледі.
-
Пайдалы сілтемелер:
http://www.sense-life.com/hands/prud.php
http://novaode.ucoz.ua/publ/12-1-0-27
http://www.homebusiness.ru/ideas/244.htm
http://remontinfo.ru/article.php?bc_tovar_id=51
http://woodom.com.ua/ru/foto/bonaqua/
http://www.stroymarket.info/news/content.php?id_news=584&id_groups=8
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «тоған құрылысы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |