Бағдарламасы «ертеңІҢ Үшін аянба! »


Теріні (былғарыны) қабылдау мен өңдеу



бет9/53
Дата24.04.2016
өлшемі3.64 Mb.
#78173
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53

15. Теріні (былғарыны) қабылдау мен өңдеу



1. Жалпы ақпарат. Жаңа сыпырылған тері буы бурқыраған деп аталады. Былғары үшін жаңадан сыпырылып алынған, қан мен кір жұқпаған теріден артық зат жоқ. Алайда көбінесе теріні бірден зауытқа жеткізуге немесе өздігінен өңдеуге мүмкіндік болмай жатады. Ал жатып қалған тері тез арада бүлінеді. Ол алдымен кеуіп, содан кейін мыжырайып, мүйізденіп кетеді. Одан кейін көгеріп, жүні түсе бастайды. Содан соң мүлдем шіриді. Сондықтан да тері бүлініп кетпеуі үшін одан түрлі нәрселер жасауға тура келеді.

2. Теріні өңдеу. Теріні тазалап алғаннан кейін, оны тұзбен өңдейді. Өңдеу терінің шіріп кетпеуі үшін ғана емес, жүнінің мықтап тұруына да септігін тигізеді.

Тазаланған теріні келесі әдіспен тұздаған жөн: майда тұз алынады. Қыс айларында әр 1 кг теріге 200 г, ал жаз мезгілінде 300 г тұз пайдаланылады. Үлкен өгіздің терісіне қыста 5,7-6,6 кг, ал жазда 8,2-10,2 кг тұз, ал сиыр терісіне қыста 3,3-5 кг, ал жазда 5-6,2 кг. тұз жұмсалады.



3. Өңдеу тәсілі. Теріні жүн жағымен таза жерге немесе еденге жаяды. Терінің астына шыққан ылғалын сіңіріп алатын бір нәрсе қоюға болады. Терінің ішкі жағына біркелкі етіп тұз себеді, тұз теріге дұрыс жағылуы үшін тұзды қолмен жаққан дұрыс. Егер тұз дұрыс жағылса, онда 3 күннен кейін оның бетінде қатты тұз көрінетін болады. Ал егер барлық тұз сіңіп кетсе, онда тұзды жаңадан қайта жағу керек. Тері тұздалғаннан кейін, бас пен құйрық жағын ішке қарай иеді. Одан кейін бас пен басқа да бөліктерді тұзбен өңдейді.

Содан кейін теріні буып қояды. Оның әдісі мынадай: бастан басталған терінің төрттен бір бөлігі ішке қарай иіледі, одан кейін оң және сол жақтары ортаға қарай, тері арқа бойымен, одан кейін басынан бастап оралады, құйрықпен немесе жіңішке арқанмен байланады.

Бес күннен кейін оралған тері шешіледі. Ылғалын ағызып, тағы да аздап тұздап, қайтадан орап қояды. Егер бәрі дұрыс жасалса, онда тері ұзақ уақыт бойы бүлінбей сақталады.

Терілер көп мөлшерде жиналып қалғанда, қатарларда тұздауға болады.

Бірінші теріні еденге жайып тұздайды. Одан кейін бас, аяқ жақтарын дөңгелетіп ішке қарай орайды. Барлық бөліктерді, әсіресе басын жақсылап тұздайды. Одан кейін екінші терінің басын бірінші терінің үстіне емес, жанына түсетіндей етіп қояды. Бәрін бірінші терідегідей жасайды. Екіншісіне үшіншісін, сосын төртіншісін, бесіншісін, осылай кете береді. Бастар бір-бірінен кейін жатады. Осындай ретпен 200 шақты теріні қоюға болады. Қатардағы тұздық терілердің дұрыс орналаспағандығынан бір жақа ағып кетпеуі керек.

Егер тері дұрыс тұздалмаса, ол бүліне бастайды. Тері шіри бастағанда оның жүні түседі. Жүнін анда-санда қолмен тартып көру керек. Жақсы теріден жүн түспейді, ал бүлінген теріден жылдам сыдырылып кетеді. Ондай теріні қолдануға болмайды. Одан кейін терінің сыртқы жағын ішке қарай орналастырып, сосын көлеңкеде кептіру керек. Теріні кептіру үшін іліп қояды. Оны күннің астында не ыстық пештің қасында кептіруге болмайды. Кәдімгі бөлме температурасы болған дұрыс.

Тері кепкеннен кейін (қатты кептірудің қажеті жоқ), оның жүнін ішке қаратып, соңғы рет кептіреді.

Мұндай жағдайда тері көпке дейін сақталып тұрады.



4. Сату. Терілер отандық жеңіл өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Онда қосымша өңдеу жасалып, белгілі мемлекеттік сапа стандарттарына сәйкес қайта өңдеу жүргізіледі. Мекеме сатып алатын шикізат мемлекеттік стандарт бойынша қатаң бақылаудан өтеді. Стандартқа сай емес шикізат былғары жартылай фабрикат өндірісіне жіберілмейді. Баға шикізаттың көлемі мен сапасына қарай белгіленеді.

5. Болжамды есептеулер.     

5.1. Шығыстар:

1 кг тұз = 30 теңге. Бір қойдың терісін өңдеу үшін 1,5-2,5 кг тұз керек * 30 теңге = 45-75 теңге.

Ірі қара мал терісін өңдеу үшін 5-7 кг тұз * 30 теңге = 150-210 теңге керек.

5.2. Табыс:

Қой терісін сату – 1 кг = 800 – 1 200 теңге.

Ірі қара мал терісін сату – 1 кг = 1 800 – 2 200 теңге.

6. Пайдалы сілтемелер:

http://zoomet.ru/plav/plavil_156.html

http://www.pcsw.ru/index.php?section=articles&id=8

http://www.viptrophy.com/articles/1645

http://www.ya-fermer.ru/content/shkury-koz?page=6

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «теріні өңдеу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

16. Бал арасын өсіру



1. Жалпы ақпарат. Ара өсіруге негізделген бизнес – бұл негізінде балара ұясын және омартаны ұстауға жататын бизнес. Бұл бизнеспен айналысу арқылы балара балы, балауыз, ара желімі, тозаңы және басқа да балара өнімдерін алуға болады. Табиғи жас балара өнімі азық–түлік саласында да, медицина саласында да әрқашан үлкен сұранысқа ие.

2. Түрлері. Араның түрлері шамамен 25 мыңға жуық. Араның бал жинау мен гүлденген дақылдардың өнімділігін арттыру үшін ең көп тараған ортаресейлік, карпаттық және қиыр шығыстық іспетті түрлерін өсірген дұрыс.

Ортаресейлік аралар. Ірі болады, салмағы 110 мг жетеді. Тұмсығы қысқа - 6,35 мм. Түсі қара-сұр. Араның бұл түрі өте долы болып келеді. Қысқа өте төзімді. Аналығының өнім беруі 2 000 жұмыртқаға дейін жетеді. Карпат аралары таза сұр реңді. Олардың мөлшері ортаресейліктен кіші, бірақ кавказдықтан үлкен. Салмағы 100 мг дейін. Тұмсығы 6,7 мм. Аралар бейбітсүйгіш, тыныш. Қысқа төзімділігі орташа. Өнімділігі 1 800 жұмыртқаға дейін. Қиыр шығыстық аралар. Сұр түсті. Салмағы 105 мг. Тұмсығының ұзындығы 6,7 мм дейін. Бұл аралар да бейбітсүйгіш, тыныш. Қысқа төзімділігі орташа. Аналығының өнімділігі 1 800 жұмыртқаға дейін.



Неден бастау керек? Омарта орналастыратын жерді таңдаудан (ара ұясымен бірге бірнеше омарталар) және қажетті құрал жабдық алудан бастау керек. Омартаны ұйымдастыру үшін құрғақ жерде орналасқан, желден жақсы қорғалған шағын жер учаскесі қажет, сонымен қатар оның маңында орман, бақша, балды өсімдіктер өсетін шалғындар мен алаңдар болуы керек. Омарталар конструкциясы да үлкен мәнге ие, оның сапасы күшті, жұмысқа қабілетті аралардың тобын құруға және омарташының еңбек өнімділігінің артуына тікелей әсер етеді.

3. Құрылғылар мен технология. Ең алдымен сізге омарта алу қажет. Әрине, тәжірибесі мол омарташылардың өздерінің ағаш өңдейтін құралдары бар және олар омартаны өздері жонып жасай алады. Сіздің қолыңыздан омарта жасау келмейді, сондықтан сатып алуға тура келеді. Омартаның бұрын қолданылғанын әрі онша тозбағанын алу керек. Бұл олардың кемшіліксіз болатынын білдіреді, және сізге де оны түзету үшін қолыңызға балға алудың қажеті болмайды. Бірақ бұндай жағдайда баға мен сапаның үйлесімдігі өте қолайлы болып табылады. Ондай омарталарды 1 500 – 2 000 теңгеге сатып алуға болады.

Бірақ бір ғана ара отбасын асырау – «бұл бизнес емес». Күзде өнімді сату үшін ең жоқ дегенде 5 омарта сатып алып, ең кемі 5 ара отбасын асырау керек (бұдан да көп болса болады, бірақ тәжірибе болмағандықтан сіз үлкен омартаға қарау барысында проблемаларға ұрынуыңыз мүмкін). Сондықтан да 5 омарта сатып алсаңыз, барлығы шамамен 10 000 теңге болады.

Енді аралар. Оларды омартамен бірге сатып алуға болады, бұл өте қарапайым, бірақ есесіне ең қымбат тәсіл болып шығады. Аралар отбасының құны орта есеппен 11 000-13 000 теңге.

Құрал жабдықтар. Сізге бетжақ перде, мұржа және ең керегі омарташы қашауын алу керек, онсыз омартаға жақындай алмайсыз. Сонымен қатар, ашық түсті, түксіз киім керек, араларды ұйпау үшін щетка (қаздың қанаты) және қажеттілікке қарай басқа да жабдықтар керек.



4. Жем. Аралар үшін негізгі тамақтану көзі – гүл шырыны (гүлдің арнайы мүшелерінен бөлінетін тәтті сұйықтық). Аралар өздері жемін тауып, қысқы азық қорларын өздері әзірлейді. Олар жемді өңдейді, өсімдік шырынын балға, ал гүл тозаңдарын балтозаңға, яғни ұзақ мерзімге сақтауға болатын және ара ағзасымен жақсы игерілетін өнімге айналдырады.

Араларды сонымен қатар қосымша қант шәрбатымен (жүзім тұнбасы қышқылы қосылған суға араласқан құрақ қант) азықтандыру қажет;



5. Көбейту. Бал аралардың көбеюі екі түрлі жолмен болады: шағылысу және аралардың үйірлену жолымен (бұл ара отбасыларын жеке жайғастыру жолымен аналық отбасын аралардың жартысынан бөлу – роя болып табылады).

Үрдіс. Аналық – бір өзі үлкен отбасының жалғыз анасы. Шағылысудан кейін 3-4 күн өткен соң аналық ара жұмыртқа сала бастайды. Жұмыртқалау кезеңінде ол тәулігіне 2-3 мыңға дейін жұмыртқа салады. Аналығы 30 күн бойы шағылысу қабілетін сақтайды.

Үйірлесуге дайындалу барысында аралардың отбасы кәріздер құрылысын тоқтатады, бірден шырын мен тозаң жинауды төмендетеді. Аналықтың алмасуы отбасының үйірлесуі үшін ынталандыру бола алады. Бұл жаздың ортасында, бал өсімдіктері гүлдеуі азайғанда байқалуы мүмкін. Үйірлесу 2-ден 6 аптаға дейін жалғасады. Жаңадан жарып шыққан араның жұмсақ хитинді сүйегі болады, денесін жүн жауып тұрады, сондықтан түрі ұлпаға ұқсайды. Алғашқы үш тәулікте барлық личинкалар ақуыз жемімен – аналық сүтімен тамақтанады. Үш тәулік өткеннен кейін асыраушы аралар жұмыс істейтін және жалқау аралардың личинкаларын көмірқышқыл жемімен – бал мен балтозаңның араласқан түрімен қоректендіреді. Нәтижесінде үш тәуліктің ішінде ( 3-күннен 5 күндік жасқа дейін) аналық личинканың таза салмағы 26 есеге дейін өседі (жұмысшы аранікі - 6 есе, жалқаудікі -3 есе).

6. Сату. Балдан басқа жанама өнімдерді сатумен де айналысуға болады: аналық сүтті, балауызды, тозаңды. Дегенмен, омарта шаруашылығының негізгі табыс көзі (шамамен 80%) – бал сату.

Сіз балды өз туыстарыңызға, достарыңызға сата аласыз, базарға, дүкенге өткізуге де болады және т.б.



7. Болжамды есептеулер.

7.1. Шығыстар:

  • бұрын пайдаланылған омарталар сатып алу (5 тал) – 10 000 теңге.

  • аралар сатып алу, 5 отбасы * 11 000 теңге = 55 000 теңге.

  • жабдықтар сатып алу – 15 000-16 000 теңге.

Барлығы: 88 000 теңге.

7.2. Табыс:

Енді кірістер туралы. Бүгінгі күні балдың литрі 1 000-1 200 теңге (өңіріне сәйкес) тұрады. Орта есеппен алғанда бір ара отбасынан шамамен бір маусымда 30 кг сатуға арналған бал алуға болады, бұны қарапайым есепке салу үшін литрге айналдырайық, шамамен – 20 л. Сонымен, 20 л * 1 000 теңге * 5 отбасы = 100 000 теңге.

Балдан басқа балауызды, ара желімін, гүл тозаңын, ара уын сатуға болады, яғни кірістер бұдан да жоғары болуы мүмкін.

Айта кететін бір жайт, бұл шығыстарды бір реттік төлем деп те атауға болады. Егер сіз омартаны кеңейтуді көздемесеңіз, жыл сайын құрал-жабдықтар мен ара омарталарды сатып алудың қажеті болмайды.

Тағы айта кетерлігі, омарташылықпен әуесқойлық тұрғыдан айналысу, яғни тағы басқа жерде жұмыс істей жүріп айналысуға болады, омарташылар 30 және одан да көп ара отбасыларын ұстай алады. Бұны бал бағасына көбейтсеңіз, жалақыңызға қосымша жап жақсы табысты қоса аласыз.

Ал кім омарташылықпен кәсіби айналысса, оларда 60 және одан да көп ара отбасылары болады, онда кәсіппен айналысушы өзін осы тамаша жәндіктер есебінен толық қамтамасыз ете алады.

8. Пайдалы сілтемелер:

www.zoodrug.ru/topic2212.html

www.opchelah.com/

http://pchelodom.ru/site/uleyopisanie.html

http://www.medovik.info/



http://pcheloverh.narod.ru/org6.htm

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «бал арасын өсіру» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет