Бағдарламасы «ертеңін үшін аянба! »



бет7/53
Дата20.06.2016
өлшемі3.3 Mb.
#148933
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53

Сұйық тамақтар негізінен, ет сорпасында және тұтас қышқыл сүтте түрлі өнімдердің қосылуымен дайындалады. Сұйық тамаққа қой еті, сиыр еті, жылқы еті, түйе еті, сонымен қатар аталған малдардың сүйектері кеңінен қолданылады. Жылқының сүйектері ғана сұйық тамаққа қолданылмайды, себебі ол сорпаға жағымсыз иіс пен дәм беруі мүмкін. Балық сұйық тағамдарға аз көлемде, негізінен суық сорпаларға ғана қолданылады. Ал сорпаның гарниріне үй кеспесі, салма, т.б. пайдаланылады. Қазақша сұйық тағамдарды дайындаудың ерекшелігі – сары май немесе маргаринге тарыны пісіру. Мұндай тәсіл тарының тез пісуіне жәрдемдесіп, дәмін келтіреді.

Екінші тағамдарды еттің алуан түрінен (қой, сиыр, жылқы, түйе, қарақұйрық, құс еті) дайындайды. Етке көкөністер, тары, ұн өнімдері араластырылады, не таза еттің өзінен кәуаптар жасайды. Кейбір екінші тағамдарды балық пен көкөністерден дайындайды.

Оларды дайындау барысында ұнның жоғарғы сортын пайдалану керек. Ұн тағамдарын дайындағанда, ұнға сүт, қаймақ, қатық, май, жұмыртқа, қант, су, хош иісті және бояғыш заттар қосылады.

Жылқы етінен өнімдерді дайындаған кезде (қазы, шұжық, жал, жая, қарта) мұздатылған немесе салқындатылған ет, майсыз тік ішек, жуан ішек, тері асты майы мен іш май, құйрық май, ас тұзы, құмшекер, қара бұрыш, ішектер қолданылады.


4. Сату. Өз сату нүктелеріңіз арқылы сатуға болады. Тағы бір тиімді әдіс – мейрамханалар мен дәмханалармен келісім-шартқа отыру.

5. Болжамды есептеулер.

5.1. Шығыстар:

  • Жент үшін - 1 кг. талқан (ұсақталған тары) = 400 теңге, 200 гр қант, 500 гр сары май = 500 теңге, дәміне қарай мейіз қосуға болады.

  • Балқаймақ үшін (1 литр) қаймақ, бидай ұны, бал мен қант, дәміне қарай тұз, шамамен 700 теңге.

Барлығы: 1 600 теңге.

5.2. Табыс:

  • 1 кг жент = 1 200 теңге, аптасына 10 кг сатылса, 10 кг * 1 000 теңге = 12 000 теңге.

  • 1 кг балқаймақ = 1 000 теңге, аптасына 10 кг сатылса, онда 10 кг х 1 000 теңге = 10 000 теңге.

6. Пайдалы сілтемелер:

http://www.tilashar.kz/index.php3?parent_id=1008305592

http://www.millionmenu.ru/rus/recipes/collection/listkitch/nkitch62/

http://www.russianfood.com/recipes/recipe.php?rid=114259

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «ұлттық тағамдарды дайындау» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

13. Қайың қабығынан өру





  1. Жалпы ақпарат. Қайың қабығы – ол қайыңның үстіңгі икемді қабаты. Жақсы қасиеттерінің (тығыздығы, икемділігі, шіруге тұрақтылығы) арқасында қайың қабығынан бұрынғы заманнан-ақ аптап ыстықта сүт өнімдерін ашытпай сақтайтын дәстүрлі тоз қорап, тұз салатын сауыт, түрлі қалталар іспетті сан алуан ыдыстар жасаған.

Қайың қабығынан жасалған заттар көп шығынды қажет етпейді, әрқашан тұрақты жоғары сұранысқа ие. Сыйлықтар мен кәдесыйлар сататын дүкендер, бөлшек сауда сатушылары сіздің қайың қабығынан жасалған бұйымдарыңызды алуға асыға келіседі.

  1. Қайың қабығын өру мен құрал-жабдықтар. Қайың қабығын шырыны бөлінгенде, икемді болып тұрғанда, ағаш діңінен жеңіл алынатын кезде, өрнектер мен нақыштар салуға ыңғайлы уақытта, яғни мамыр-маусым айларында өруге дайындайды. Қайың қабығы кетіксіз түзу (бүлінген бұтақтарсыз, сызатсыз, тілімсіз), көлденең сызықтары дөңгеленбеген болуы керек.

Қайың қабығын дайындау үшін қолара, балта, сым, пышақ сияқты құрал-саймандар керек. Сым цилинр тәріздес қайың қабығын діңнен аршу үшін қолданылады. Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін қалың болат сымды майыстырып, қолға ұстайтын ыңғайлы құрал етіп жасап алуға болады. Дайын қайың қабығын жасау барысында діңге пышақпен көлденеңінен не тігінен қажет пішінді сызып алады, мысалы қайың қабығының лентасын (жөке) алу үшін діңнің жан-жағын шиыршық түрінде кеседі.

Өру барысында ең алдымен күректі біз (коточик), костыг, арнайы жалпақ ілмекті жүзі бар біз (кочедык) секілді құрал-саймандар керек. Біз орнына жалпақ сапты, ескі, өткір асханалық пышақ (ұстарасының ұзындығы 5 - 7 см, қалыңдығы 1,5 см.) қолдануға болады. Ол өру қабатының ленталары арасын ашып, екінші қабаттың лентасын өткізу үшін қолданылады. Оған қоса мыналар қажет: ленталарды кесу және түбін өңдеуге арналған пышақ, қайың қабығын тігу барысында тесік жасауға арналған төртбұрыш кескіші бар біз және керек көлемдегі қайың қабығы ленталарын қосымша ашу үшін түзу, дөңгеленген ұшы бар етік пышақ. Ленталарды уақытша біріктіру үшін қысқыштар керек: кір жайғанда қолданылатын қысқыштар (прищепки), қалыңдығы қарындаштай, ұзындығы 7 - 10 см. қайың шыбығынан жасалған ұстағыштарды біріктіру үшін кеңсе қыстырғыштары (скрепки) керек.

Сколотень – бұл діңнен түгелдей алынған қайың қабығы. Оны алу үшін жұмсақ қабығы бар түзу діңді 40 - 50 см. болатындай бөліктерге аралайды. Содан кейін қайың қабығы қабатына сым салып, оны діңнің жан-жағына өткізеді. Қайың қабығы алынғанын байқаған соң жеңіл соққылармен діңді айырады.

Діңді араламай-ақ, тек 40 - 50 см. (сколотил ұзындығы диаметрінен 1,5 - 2 есе үлкен болу керек) аралықты сақтап, сақиналық тік тілімдер жасауға болады. Содан соң қайың қабығы қабатының астыңғы тіліміне сым өткізіп, жоғарыда айтылғандай діңнен қайың қабығын цилиндр етіп бөлу керек. Алдымен ең кіші сколотеньді, одан кейін үлкенін, матрешка іспетті біріне бірін салып алып отырады. Қайың қабықтарын құрғақ, салқын жерде сақтайды.

Қалыңдығы 3 - 4 см. лентаны пышақтың сап жағымен діңнен айырады. Одан кейін орамаға орайды да, қайың қабығы іспетті құрғақ, салқын жерде сақтайды.

Қайың қабығы қабатын дайындау үшін діңде 30 - 35 см. қашықтықта көлденең екі тілім жасалып, бір тік тіліммен біріктіреді, одан кейін сочалкамен қайың қабығы қабатын алып тастайды. Дайындалған қабаттарды екі тақта арасына қойып, ауыр нәрсемен қысады. Өру алдында қабатты кесіп, кірден тазалап алады, қабаттарға бөліп тастайды.



  1. Өру технологиясы. Өру барысында бір-ақ әдіс қолданылады. Ол матадағыдай торкөзді ою түрінде жасалады. Дайын өнімдерде қайың қабығы ленталары бір жолда (түзу өрім) әлде 45° бұрышта (қисық өрім) жасалады. Түзу өрім қисыққа қарағанда жеңіл өріледі.

Түзу өрім. Қайың қабығын өру үшін оңай өрім болса да шаблон не қалып қолданылады. Бұл шарық не формасы жағынан келетін құрал болуы мүмкін. Өнімнің (сөмке, қап, қорап) шеткі жақтарында мозаика түрінде сурет болу үшін қайың қабығы түрлі түсті болуы керек.

  1. Сату. Тауарларды арнайы кәдесый сататын дүкендерге, базарларға, туристер көп жүретін жерлерге өткізе аласыз. Өткізу орны өнімге (құмыра, себет, нан салғыш, кәмпит салғыш, жануарларға арналған себет, саяжайға арналған әшекейлер, қарындаштарға арналған тіреуіштер, шыра қалпақтар, өрілген ойыншықтар, өрілген жиһаз, гүлдерге арналған тіреуіштер, сандықтар, т.б.) байланысты әркелкі бола алады: мейрамханалар, дәмханалар, жеке не мемлекеттік балабақшалар, жиһаз дүкендері, сұлулық салондары.

  2. Болжамды есептеулер.

Шикізат табиғи болғандықтан, шығындалудың қажеті жоқ.

Қолөнерші бір күнде орташа 3 - 4 себет өре алады. Бір себеттің құны 2 500 - 3 000 теңге. Нан салғыштың бағасы – 2 000 - 3 000 теңге, тіреуіштер жиынтығы – 2 500 - 3 500 теңге.



  1. Пайдалы сілтемелер:

http://samodelki.org.ua/index.php?newsid=167

http://birch-made.spb.ru/

http://finifty.ru/index.php?option=com_content&task=blogcategory&id=52&Itemid=75

http://home-sweet.ru/archives/tag/izdeliya-iz-beresty

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «қайың қабығынан өру» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет