Ескертпе:
**қаражат көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде айқындалатын болады.
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ҚОСРМ – Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі
МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
СДШІА – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
СА – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
ҰҒА – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
«ЭЗИ» АҚ – «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы
«Медициналық холдинг» АҚ – «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы
«ТДҰА» АҚ – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
«Назарбаев Университеті» ДБҰ – «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы
«ӘКК» ҰК» АҚ – «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
«ӘКК» АҚ – «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы
АЭА – арнайы экономикалық аймақ
МЖӘ – мемлекеттік-жекешелік әріптестік.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасына
1-қосымша
Осы Бағдарламада Қазақстан Республикасының қоныстандырылуының топтық жүйелер желісінің агломерациялық әлеуетін анықтау үшін КСРО Ғылым Академиясының География Институтының (қазіргі Ресей ғылым академиясының география институты) әдістемесі пайдаланылған.
Осы әдістеме үш негізгі критерийге сүйенеді:
1) өзектегі адам санының шегі (мың адам);
2) өзектегі жету уақытының шегі (1,5-сағатта жету);
3) өзектегі даму шегі (агломерацияның даму коэффициенті 1,0-дан жоғары).
Агломерациялар дамуының деңгейлерін бағалау үшін адамның көптігіне, қалалар мен қала тұрпатындағы кенттердің санынан және олардың агломерациялардың сомалық адам санындағы үлесіне байланысты болатын және мынадай формула бойынша есептелетін агломерацияның даму коэффициенті алынады:
Кразв.=Рх(Мхm + Nxn),
мұндағы:
Р — агломерациялардың қала халқының саны;
М және N - қалалар мен қала тұрпатындағы кенттердің саны сәйкесінше;
m және n- олардың қала халқының үлесіндегі саны сәйкесінше.
1-кесте
01.01.2010 жылғы жағдай бойынша агломерациялардың даму коэффициенттерін есептеу
р/с №
|
Қоныстан дырудың топтық жүйесінің орталық- қала атауы
|
Қоныстанд ыру жүйесінің қала халқының шарты саны, млн.адам
|
Қалалар
|
Мхm
|
Өзге мекендер
|
Nxn
|
Агломерац иялардың даму коэффициент і
|
Саны, бірлік
|
Халық саны, млн. адам
|
Қоныстандыру жүйесінің шартты қала санындағ ы халық үлесі
|
Саны, бірлік
|
Халық саны, млн. адам
|
Қоныстанды ру жүйесінің шартты қала санындағы халық үлесі
|
Р
|
М
|
m
|
N
|
n
|
1
|
Алматы
|
1,7814
|
5
|
1,5645
|
0,8783
|
4,3915
|
24
|
0,2169
|
0,1217
|
2,9208
|
13,03
|
2
|
Шымкент
|
0,9148
|
3
|
0,6408
|
0,7
|
2,1
|
20
|
0,274
|
0,3
|
6,0
|
7,4
|
3
|
Астана
|
0,689
|
1
|
0,684
|
0,9928
|
0,9928
|
1
|
0,005
|
0,072
|
0,0072
|
0,689
|
4
|
Ақтөбе
|
0,333
|
3
|
0,320
|
0,961
|
2,883
|
1
|
0,013
|
0,039
|
0,039
|
0,97
|
5
|
Ақтау
|
0,1664
|
1
|
0,1564
|
0,9399
|
0,9399
|
2
|
0,01
|
0,0601
|
0,1202
|
0,18
|
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасына
2-қосымша
Осы Бағдарламада Қазақстан Республикасының қоныстандырылуыны топтық жүйелер желісінің агломерациялық әлеуетін айқындай үшін КСРO Ғылым академиясының География институтының (қазіргі Ресей ғылыми академиясының география институты) әдістемесі пайдаланылған.
Осы әдістеме үш негізгі критерийге сүйенеді:
1) өзектегі адам санының шегі (мың адам);
2) өзектегі жету уақытының шегі (1,5-сағатта жету);
3)өзектегі даму шегі (агломерацияның даму коэффициенті 1,0-дан жоғары).
1. Агломерациялардың демографиялық сыйымдылығын олардың ресурстық әлеуеті бойынша айқындау.
Белгілі бір ауданның жалпы демографиялық сыйымдылығы (ДС) аумақтары, су ресурстары, рекреациялық ресурстар, қала маңы ауыл шаруашылық базасы бойынша жеке ДС салыстыру негізінде айқындалады.
Өнеркәсіптік және азаматтық құрылысқа жарамды аумақтардың болуына қатысты демографиялық сыйымдылықты айқындау қарастырылатын факторлар жиынтығы бойынша ең жоғарғы бағаға ие болған аумақтарды есептеуден алынады. 1 мың тұрғынға арналған аумақта қажеттіліктің болжамды көрсеткіші 20-25 га-ға тең.
1-кесте
Өнеркәсіптік және азаматтық құрылысқа жарамды аумақтардың болуына қатысты демографиялық сыйымдылықты есептеу
р/с №
|
Агломерациялар
|
Өнеркәсіптік және азаматтық құрылысқа жарамды аумақтардың ауданы, мың га
|
Аумақтардың болуы жөніндегі демографиялық сыйымдылық, мың адам
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
Алматы
|
512,4
|
12810
|
2
|
Астана
|
1620
|
40500
|
3
|
Шымкент
|
1522
|
38050
|
4
|
Ақтөбе
|
346,4
|
8 660,0
|
5
|
Ақтау
|
27,0
|
687,0
|
Жер асты және жер үсті сулары ресурстарының болуы жөніндегі демографиялық сыйымдылықты айқындау сараланған түрде жүргізіледі.
Жер үсті сулары бойынша аумақтың сыйымдылығы мынадай формуламен айқындалады
Д2=РКх1000/р,
мұндағы:
Д2-аумақтың жеке ДС;
Р - ауданға кіру кезіндегі су ағындарындағы су шығындарының сомасы, м3/тәу;
р -1 мың тұрғынның нормативтік сумен қамтылуы, м3/тәу. (1000-нан 2000 м3/тәу дейін);
К - ағын суларды араластырудың қажеттілігін ескеретін коэффициент (оңтүстік ағыс өзендерінде К=0,2, солтүстік ағыс өзендерінде К=0,1).
Жер асты сулары бойынша аумақтың сыйымдылығы мынадай формуламен айқындалады Д3=ЭТх1000/Р0,
мұндағы:
Д3- аумақтың жеке ДС;
Э-жер асты ағынын пайдаланушылық модулі, м3/тәу. х км2);
Тр-аудан аумағы, км2;
Р0-1 мың тұрғынды сумен жабдықтаудың арнайы нормативі.
2-кесте
Жер үсті сулары ресурстарының болуы жөніндегі демографиялық сыйымдылықты есептеу
р/с №
|
Агломераци ялар
|
Ауданға кіру кезінде су ағындарынд ағысу шығындарын ың сомасы, мың.м3/тәу
|
1 мың тұрғынның нормативтік сумен қамтылуы, м3/тәу
|
Ағын суларды араластырудың қажеттілігін ескеретін коэффициент
|
Жер үсті суларының ресурстары бойынша демографиялық сыйымдылығы, мың адам
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
Алматы
|
9590,4
|
200
|
0,2
|
3836
|
2
|
Астана
|
6134,4
|
200
|
0,1
|
3067
|
3
|
Шымкент
|
1140,48
|
200
|
0,2
|
1140
|
4
|
Ақтөбе
|
Сумен жабдықтаудың қайнар кезі болып саналмайды
|
5
|
Ақтау
|
Жер үсті сулары ресурстары қамтылмаған
|
3-кесте
Жер асты сулары ресурстарының болуы жөніндегі демографиялық сыйымдылықты есептеу
р/с №
|
Агломерациялар
|
Жер асты сулары кен орындарының сомалық дебиті, мың м3/тәу
|
1 мың тұрғынды сумен қамтудың сомалық нормативі, м3/тәу
|
Жер асты суларының ресурстары бойынша демографиялық сыйымдылығы , мың адам
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Алматы
|
7058,5
|
300
|
23528
|
2
|
Астана
|
133,9
|
300
|
446
|
3
|
Шымкент
|
1665,0
|
300
|
5550
|
4
|
Ақтөбе
|
393,3
|
300
|
1 331,0
|
5
|
Ақтау
|
|
|
|
Қала маңы ауыл шаруашылығы базасын ұйымдастыру шарттары бойынша демографиялық сыйымдылықты айқындау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Д6=(Т2хО,1х1000):5,
мұндағы, Д6-аумақтың жеке демографиялық сыйымдылығы;
Т2-ауыл шаруашылығына қолайлы және шектеулі қолайлы аумақтар, км2;
0,1-ауданның ауыл шаруашылық жерлерін қала маңы базасы ретінде пайдалану мүмкіндігін ескеретін коэффициент;
5-қала маңы ауыл шаруашылығы базасы жерлерінде ауданның 1 мың тұрғындарының қажеттілігін көрсететін болжамды көрсеткіш.
4-кесте
Қала маңы ауыл шаруашылығы базасын ұйымдастыру шарттары бойынша демографиялық сыйымдылықты есептеу
р/с №
|
Агломерациялар
|
Ауыл шаруашылығына қалыпты және шектеулі қалыпты аумақтар, км2;
|
Қала маңы ауыл шаруашылығы базасын ұйымдастыру шарттары бойынша демографиялық сыйымдылығы, мың адам
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
Алматы
|
20174
|
10087
|
2
|
Астана
|
4919
|
2460
|
3
|
Шымкент
|
5689
|
4074
|
4
|
Ақтөбе
|
1 115,0
|
230,0
|
5
|
Ақтау
|
20,7
|
415,4
|
5-кесте
Ресурстық әлеуеті бойынша Қазақстанның ең ірі агломерациялар орталықтарының демографиялық сыйымдылығының жеке көрсеткіштері (жиынтық кесте)
р/с №
|
Агломерац иялар
|
Құрылысқа арналған аумақтарының болуы бойынша демографилық сыйымдылығы, мың адам
|
Су ресурстарының болуы бойынша сомалық демографиялық сыйымдылығы
|
Оның ішінде:
|
|
Жер үсті суларының ресурстары бойынша демографиялық сыйымдылығы, мың адам
|
Жер асты суларының ресурстары
бойынша демографиялық сыйымдылығы, мың адам
|
Қала маңы ауыл шаруашылық базасын ұйымдастыру шарттары бойынша демографиялық сыйымдылығы, мың адам
|
1
|
Алматы
|
12810
|
27364
|
3836
|
23528
|
10087
|
2
|
Астана
|
40500
|
3513
|
3067
|
446
|
2460
|
3
|
Шымкент
|
38050
|
6690
|
1140
|
5550
|
4074
|
4
|
Ақтөбе
|
8 660,0
|
1 331,0
|
-
|
1331,0
|
230,0
|
5
|
Ақтау
|
687,0
|
|
-
|
|
415,4
|
2. Қалыптастырылатын агломерациялардың барынша жоғары және оңтайлы саны.
Халықтың барынша жоғары және оңтайлы санын айқындау үшін мынадай тәсіл пайдаланған.
Агломерациялар халқының теориялық барынша жоғары саны 5-кестенің негізінде айқындалады, онда аталған агломерациялардың ресурстық әлеуетінің алуан түрлері бойынша демографиялық сыйымдылықтар көрсеткіштері келтірілген. 5-кестеден көріп отырғанымыздай, халықтың барынша жоғары теориялық саны- Алматы агломерациясы бойынша 27,3 млн. адам, 40,5 млн. адам — Астана агломерациясы бойынша және 38 млн. адам - Шымкент агломерациясы бойынша.
Аумақтардың демографиялық сыйымдылығының шектік (барынша жоғары) мәндері мынадай болып келеді:
1) Алматы агломерациясы бойынша - 10,09 млн. адам (қала маңы ауыл шаруашылығы базасын дамыту шарттары бойынша);
2) Астана агломерациясы бойынша - 2,46 млн. адам (қала маңы ауыл шаруашылығы базасын дамыту шарттары бойынша);
3) Шымкент агломерациясы бойынша- 4,07 млн. адам (қала маңы ауыл шаруашылығы базасын дамыту шарттары бойынша).
4) Ақтөбе агломерациясы бойынша - 1,3 млн. адам (сумен қамту шарттары бойынша). Мұндай жағдайда осы сан алынды, өйткені біздің ойымызша, осы өңірде сумен жабдықтау есебінен дамыту ауыл шаруашылығы база есебінен дамытуға қарағанда үлкен перспективаларға ие;
5) Ақтау агломерациясы бойынша - 415,4 мың адам (қала маңы ауыл шаруашылығы базасын дамыту шарттары бойынша).
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасына
3-қосымша
Осы Бағдарламада Қазақстан Республикасының қоныстандырылуының топтық жүйелер желісінің агломерациялық әлеуетін анықтау үшін КСРО Ғылым академиясының География институтының (қазіргі Ресей ғылым академиясының География институты) әдістемесі пайдаланылған.
Осы әдістеме үш негізгі критерийге сүйенеді:
1) өзектегі адам санының шегі (мың адам);
2) өзектегі жету уақытының шегі (1,5-сағатта жету);
3)өзектегі даму шегі (агломерацияның даму коэффициент 1,0-дан жоғары).
Агломерациялық ареалды қайта лимиттеу үшін (шекараларды орнату) изохрон әдісі пайдаланған, ол агломерация орталығына (негізіне) сапар жасауға қажетті уақыт шығындарын есептейді. Агломерация шекарасы ретінде бірінші деңгейлі агломерациялар үшін 1,5-сағаттық изохрона және екінші деңгейлі агломерациялар үшін 1,0-сағаттық изохрона бекітілген. Аталған әдістің көмегімен агломерация аумағының шегінде елді мекендер сәйкестендірілген.
Астана агломерациясының көлік жетімділігінің 1,5-сағаттық изохронына Ақмола облысының Аршалы, Целиноград және Шортанды аудандары кіреді.
1 -кесте
Көлік жетімділігінің (изохрон) уақытын есептеу
р/с №
|
Атауы (елді мекендер)
|
Автомобиль жолы бойынша агломерация негізінен қашықтығы, км
|
Орташа жылдамдық , км/сағ.
|
Елді мекеннен жолдағы уақыт, сағ. мин. (3-бағ./4-бағ.)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Астана-Аршалы ауданы
|
66
|
90
|
0,73
|
2
|
Астана - Целиноград ауданы
|
111
|
90
|
1,23
|
3
|
Астана - Шортанды ауданы
|
59
|
90
|
0,66
|
Алматы агломерациясының көлік жетімділігінің 1,5-сағаттық изохронына Алматы облысының бес әкімшілік ауданы - Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, сондай-ақ Қапшағай қала әкімшілігі кіреді.
2-кесте
Көлік жетімділігінің (изохрон) уақытын есептеу
Достарыңызбен бөлісу: |