Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 26 шілдедегі
№ 862 қаулысымен
бекітілген
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы
Ескерту. Бағдарлама жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.10.04 № 1258 Қаулысымен.
1. Бағдарламаның паспорты
Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1492 қаулысымен.
Бағдарламаның атауы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы
Әзірлеуге негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің
2011 жылғы 21 шілдедегі № 118
Жарлығымен бекітілген елдің
аумақтық-кеңістіктік дамуының 2020
жылға дейінгі болжамды схемасы;
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2011 жылғы 28
қаңтардағы Қазақстан халқына
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!»
атты Жолдауы;
Қазақстан Республикасы Президентінің
2011 жылғы 18 ақпандағы № 1158
Жарлығымен бекітілген Мемлекет
басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!»
атты Қазақстан халқына Жолдауын іске
асыру жөніндегі жалпыұлттық
іс-шаралар жоспары;
Қазақстан Республикасы Президентінің
2012 жылғы 27 қаңтардағы
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту -
Қазақстан дамуының басты бағыты!»
атты Жолдауы;
Қазақстан Республикасы Президентінің
2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261
Жарлығымен бекітілген Мемлекет
басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту -
Қазақстан дамуының басты бағыты!»
атты Қазақстан халқына Жолдауын іске
асыру жөніндегі жалпы ұлттық
іс-шаралар жоспары;
Бағдарламаны әзірлеуге және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
іске асыруға жауапты министрлігі
мемлекеттік орган
Бағдарламаның мақсаты Өңірлердің перспективада өзекті
әлеуметтік-экономикалық
проблемаларын шешу
Бағдарламаның міндеттері 1. Өңірлердің
әлеуметтік-экономикалық дамуын
шектейтін жүйелі проблемалары мен
факторларын анықтау және оларды жою
үшін жергілікті атқарушы органдар
іс-қимылдарының тиімді тетігін
әзірлеу.
2. Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе
және Ақтау қалаларында орталықтары
бар агломерацияларды басым дамыту
арқылы өңірлік1 және әлемдік
нарықтармен ықпалдастырылған ұзақ
мерзімді экономикалық өсу
орталықтарын қалыптастыру.
2-1. Ауылдық аумақтарды дамыту.
3. Бәсекеге қабілеттілігін және
халықтың экономикалық әлеуеті мен
қоныстандыруды ұтымды кеңістіктік
ұйымдастыру үшін өңірлерді қаржылық
қолдау.
______________
1Мұндағы «өңір» ұғымы Орталық Азияны, РФ Орал және Сібір өңірлерін, Батыс Қытайды, Кавказ маңын қамтиды.
Іске асыру мерзімі 1-кезең - 2011 - 2012 жылдар
(пилоттық)
2-кезең - 2013 - 2020 жылдар
Нысаналы индикаторлар 2015 жылға қарай:
ЖӨӨ-ның нақты мәнде алдыңғы жылға
өсуін қамтамасыз ету:
Облыс/қала
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
Ақмола
|
108,2
|
107,4
|
107,2
|
108,5
|
107,2
|
Алматы
|
105,8
|
105,8
|
106,0
|
106,1
|
106,4
|
Атырау
|
103,2
|
103,8
|
103,0
|
107,2
|
111,6
|
Батыс Қазақстан
|
106,1
|
105,6
|
104,0
|
104,6
|
104,4
|
Жамбыл
|
108,8
|
106,6
|
106,4
|
106,9
|
105,7
|
Қарағанды
|
106,4
|
106,0
|
105,2
|
105,3
|
106,5
|
Қостанай
|
105,8
|
107,0
|
106,7
|
106,9
|
108,2
|
Қызылорда
|
104,1
|
105,2
|
104,3
|
105,5
|
105,4
|
Маңғыстау
|
106,1
|
105,7
|
106,9
|
107,0
|
107,9
|
Оңтүстік
Қазақстан
|
108,1
|
108,1
|
108,0
|
109,2
|
109,7
|
Павлодар
|
106,0
|
105,7
|
105,1
|
104,9
|
105,8
|
Солтүстік
Қазақстан
|
107,0
|
105,6
|
105,6
|
106,1
|
104,6
|
Шығыс Қазақстан
|
108,0
|
106,9
|
106,7
|
108,0
|
107,4
|
Астана қаласы
|
108,5
|
108,1
|
106,8
|
107,0
|
106,1
|
Алматы қаласы
|
108,2
|
108,8
|
108,4
|
107,9
|
107,1
|
Бағдарлама шеңберінде бөлінетін
бюджет қаражаты көлемінің тартылған
жеке инвестициялар көлеміне
арақатынасы кемінде 1/2 құрайды;
2020 жылға қарай:
Бағдарлама шеңберінде бөлінетін
бюджет қаражаты көлемінің тартылған
жеке инвестициялар көлеміне ара
қатынасы кемінде 1/2 құрайды;
2012 жылмен салыстырғанда:
- агломерациялар халқының өмір сүру
деңгейін (нақты табыстарын) 50%-ға;
- агломерациялар халқының саның
20%-ға;
- агломерациялар аумағында
шоғырландырылған кәсіпорындарда
еңбек өнімділігін 50%-ға;
- ауыл халқының өмір сүру деңгейін
(ақшалай табыстарын) 30 %-ға;
- агломерациялар аумағында
шоғырландырылған кәсіпорындардың
инновациялық (жоғары технологиялық)
өнімді шығаруын 20%-ға;
- агломерациялар экономикасының
құрылымындағы шағын және орта
кәсіпкерліктің үлесін 50%-ға
ұлғайту;
2012 жылмен салыстырғанда:
- агломерациялардың шикізат емес
сектордың өзіндік құн құрылымындағы
көлік шығындарының үлесін 10%-ға
азайту.
Қаржыландыру көздері мен Бағдарламаны қаржыландыру
көлемі республикалық және жергілікті
бюджеттер қаражаты, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының
заңнамасында тыйым салынбаған басқа
да көздер есебінен және шегінде
жүзеге асырылатын болады.
Бағдарламаны республикалық бюджеттен
қаржыландыру көлемі:
2011 жылы — 176,5 млн. теңгені,
2012 жылы - 15 050,0 млн. теңгені**,
2013 жылы - 29 500,0 млн. теңгені**,
2014 жылы - 20 000,0 млн. теңгені**,
2015 жылы - 21 000,0 млн. теңгені**
құрайды.
Жергілікті бюджеттерден
қоса қаржыландыру көлемі
республикалық бюджеттен Бағдарлама
шеңберінде іске асырылатын
инвестициялық жобаларға бағытталатын
қаражат көлемі айқындалғаннан кейін
анықталатын болады. 2016-2020
жылдарға-______**.
**Қаражат көлемі Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес
тиісті қаржы жылдарына арналған
республикалық және жергілікті
бюджеттерді бекіту және нақтылау
кезінде анықталатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |