Тәжірбие бойынша:
Негізгі техникалық тәсілдерді орындау;
Ойын ситуацияларында техника мен тактика әдістерін көрсету;
Жаттығуларды жүйелеу мен шеберлік әдісін, тактикалық қарым-қатынасты оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытушылардың тапсырмасы бойынша орындау;
Оқыту әдісін меңгеру;
Білімділік ойынға әділ баға беру.
Теория бойынша:
Оқу бағдарламасы көлемінде теория бойынша емтихан өткізу;
Ойын ережелерін білу.
Емтихан теория мен тәжірбие бойынша білімділік, біліктілік, әдістемелік, білімдеріне сәйкес жалпы бағаланады.
Кіріспе
«Волейбол оқыту әдістемесімен» пәнінің дене тәрбиесі мен халықтардың денсаулығын жетілдіру жүйесіндегі орны. Волейболдың әлемде және Қазақстандағы пайда болу мен даму тарихы. Спорт санаттары мен білімдері үшін техникалық-тактикалық бойынша санаттық талаптар мен нормативтер.
Жоғары білікті оқытушы мамандар мен жаттықтырушыларды университеттерде, академияларда дене шынықтыру институттары мен дене тәрбиесі факультеттерінде дайындау спорт ойындары ары қарай дамытудың шарттарының бірі.
Спорт ойындарын оқыту әдістемесі курсынан өтуге арналған бағдарлама және оқу жұмысы мен емтихан талаптарының ұйымдастырылуы мен мазмұны. Оқу-жаттығу процесінде (волейбол сабақтарында) техника қауіпсіздігі мен гигиеналық нормаларды сақтау.
Волейбол ойынының техникасы мен тактикасын топтастыру және үйрету әдістемесі
Техникалық тәсілдерді топтастыру мен ойын тактикасының негіздері. Шабуылдау мен қорғанудағы негізгі тәсілдердің сипаты. Техникалық және тактикалық дайындықтың өзара байланысы. Ойыншылардың қызметі. Қорғану мен шабуылдағы жеке, топтық. Командалық іс-қимылдардың сипаты. Ойын қимылдарына үйрету әдістемесі, оқу-жаттығу сабақтарын жоспарлау мен ұйымдастыру. Педагогикалық міндеттердің, әдіс-тәсілдер бірлігінің қойылу кезегі.
Волейбол ойынының ережелері мен жарыстарға төрешілік жасау әдістемесі
Ойынның негізгі ережелері. Спорттық құрал-жабдықтар мен мүліктер спорттық ғимараттар. Жарыстарға төрешілік жасау әдістемесі. Төрешінің жарыс жетекшісі мен спортшының тәрбиешісі ретіндегі рөлі. Ойынның қарапайым ережелері және оларды анықтау әдістемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |