Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»


Практикалық сабақтардың үлгілік тізімі



бет3/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

Практикалық сабақтардың үлгілік тізімі
Волейболшылардың жалпы және арнайы дене дайындығын жас-жыныстық ерекшеліктерін ескеру арқылы дамыту әдістемесі.
Саптық және қолданбалы жаттығулар. Күш, жылдамдық, ептілік, икемділік және төзімділік тәрбиелуге бағытталған. Жалпы дамыту жаттығулары. Арнайы жаттығулар. Түрлі бастапқы жағдайлардан жүгіру: көз белгісі бойынша жылдамдықты өзгерте отырып жүгіру, қарқыны мен жұлқынудың бағыты бойынша 3, 6, 9 м. қайталап жүгіру.
Дайындықтың тәсілдерін таңдаудағы басты нарсе олардың ағзаға түрліше әсер етуі. Таңдаған тәсілдерді кеңінен түрлендіру қажет. Басты назарды акробатикалық және т.б. аудару қажет. Сабақтарды ерекше орынды доппен орындалатын жаттығулар алуы тиіс. Олардың міндеті дене сапасын дамыту ғана емес, допты меңгеру біліктілігін игеру, доппен бірге өз қимылын уақыт пен кеңістікке сәйкестендіруде. Толтырылған допты бір не екі қолымен бірдей ұстап басынан асыра лақтыру, төменнен лақтыру, кеудесін бұру арқылы лақтыру, еңкею.
Таяну арқылы қабырғадан серпілу, теннис добын сығымдау. Қолдың созылмалы қимылдары, қолдың буындарын айналдыру, кеуденің еңкеюі мен айналуы.
Арнайы дене сапаларын жетілдіруге арналған қозғалмалы ойындар мен эстафеталар.


Волейбол ойынының техникасы мен тактикасын үйрету мен жетілдіру.
Шабуылдау техникасы.
Орын ауыстыра қозғалу техникасы. Тізені аздап бүгу арқылы аяқпен жүру. Түрлі бастапқы жағдайлардан кез-келген бағытқа қарай бетімен, артымен жылдамдығын арттыра, жүгіру. Бір аяғымен секіру. Екі аяқпен итеру және жұлқа тарту. Алдан артқа қарай бұрылу.
Допты меңгеру техникасы. Допты бір не екі қолымен ұстап алу. Допты екі қолымен, кеудесінен, жоғарыдан, төменнен алып беру. Бір қолымен иықтан асыра, жоғарыдан, «күршек» түрінде, төменнен, жанынан доп беру.
Лақтыру. Лақтыру фазасы. Екі қолымен кеудесінен, жоғары, секіру арқылы, «күршек» түрінде, төменнен лақтыру. Допты соғу.
Қорғану техникасы.
Орын ауыстыру техникасы. Бір сызықтың бойында табанынан бастап аяғын алға шығарып тұру. Қорғану тұрысы. Кез-келген бағытқа орын ауыстыру. Жұлқына жүгіру, тоқтау, секіру тәсілдерін шабуыл жасауда пайдалану. Бүгілген тізесімен алға адымдаған аяғымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет