Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»



бет25/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

Оқу-жаттығу үдерісін жоспарлау
Оқу-жаттығу үдерісін жоспарлау – көпжылдық шығармашылық үдеріс. 1-кезеңде жан-жақты дене даярлығы және негізгі техникалық әдістерді меңгеру жоспарланады. Тек содан кейін жаттығу сабақтары жүргізіледі, яғни, үдеріс жаттығу сипатына ие болады. Жас спортшы қажетті ойын элементтерін меңгергеннен кейін және жарыстарға қатыса бастаған соң оқу-жаттығу жұмыстарын жоспарлау қажеттілігі туындайды.
Перспективалық (келешек) жоспарлау – бұл алда болатын күрделі жарыстарға жекелеген спортшыларды даярлау бағдарламасы (яғни, команда қалалық, облыстық, республикалық спартакиадалар мен жарыстарға қатысуға даярлығын көрсетуі тиіс). Ересек спортшылар үшін – қалалық, облыстық, республикалық, әлемдік спорт тізбесіндегі жарыстар перспективалық жоспарға енгізіліп, аталған жарыстарда нақты спорттық нәтижелерге жету міндеті қойылады. Жеке перспективалық жоспарда – команда бойынша нақты ойын қызметтерін орындау үшін жекелеген ойншыларды даярлау міндеті тұрады. Мұнда ойыншының дене, техникалық, тактикалық, психологиялық дайындығының мүмкіндіктері ескерілуі қажет. Жылдық жоспарлау цикл бойынша жүзеге асады. Күзгі-қысқы (қазан, наурыз) және көктемгі-жазғы (сәуір-қыркүйек). Оның ұзақтығы мен нақты мазмұны айналысушылардың контингентіне, жасына, жынысына, жалпы техникалық және тактикалық даярлығына, жыл бойы болатын жарыстарға тәуелді. Оқу-жаттығу үдерісінде 3 кезең белгіленген: дайындық, жарыс, ауыспалы кезең, яғни, бұл дайындықтың бір үлкен циклын құрайды. Дайындық кезеңі ресми жарысқа қатысуға дейінгі 2-3 ай ішінде басталады. Бұл кезеңнің міндеті – жалпы дене дайындығын дамыту, психологиялық, техникалық, тактикалық дайындығын меңгерту.
Дайындық кезеңі 3 кезеңге бөлінеді: жалпы кезең, арнайы кезең, жарыс алдындағы дайындық кезеңі. 1-кезеңде – дене дайындығының мықты негізін қалау міндеті шешіледі. Оған 45 %-ға дейін жаттығу бөлінеді. Техникасын меңгеруге 40%, тактикалық дайындыққа 15 % уақыт жоспарланады. Кезең уақытында теориялық дайындық, ерік-жігер қасиеттерге баулитын жұмыстар жүргізіледі.
2-кезеңде – арнайы дене дайындығының салмағы жоғарылайды. Жалпы дене дайындығы мұнда 25-30% уақыт алады. Техникалық дайындыққа 30-35%, тактикалыққа 35-40% уақыт жұмсалады. Техника мен тактика бойынша тапсырмалар күрделенеді. Екі жақты ойындарда командалардың звеноларын жасақтау жүргізіледі. 3-кезең – жарыс алдындағы кезеңдік жалпы және арнайы дене дайындығына назар аудару жалғаса береді (20-30%), 30-35% уақыт техникалық дайындыққа, негізгі уақыт 55%-ға дейін тактикалық дайындыққа бөлінеді. Техниканы меңгеруде басты назар ойын тәсілдерінің орындалуының нақтылығы мен жылдамдығына аударылады. Тәсілдерді орындау шарттары күрделенеді. Тактикалық дайындық бойынша шабуыл мен қорғанудағы өзара іс-әрекеттер жүйесі орындалады. Командалық өзара іс-қимылдар екі жақты оқу және жолдастық кездесулерде меңгеріледі. Жүктемелерді орындауда тиімділігі арта түседі. Дайындық кезеңінің аяғына қарай спортшыларда жоғары нәтижелерге жету үшін база қалыптасу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет