Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»


Волейболдың КСРО және Ресейде дамуы



бет14/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

Волейболдың КСРО және Ресейде дамуы

Волейбол Ресейде 1920-1921 жылдары орталық Волга (Қазан, Төменгі Жаңақала) аудандарында дами бастады.


Мәскеуде волейбол ойынымен алғашында Жоғарғы суретшілер және театр актерлері ойнады. 1923 жылы ұйымдастырылған «Динамо» спорт қоғамы басқа ойындармен қатар волейболды да насихаттай бастады. Осы жылдары волейбол Қиыр Шығыста пайда болды және Хабаровскі мен Владивостокте дамыды.
1923 жыл 28 шілдеде алғашқы ерлер командасының арасында жоғарғы суретшілер мен театр шеберлері және мемлекеттік киномотография мектептері арасында волейболдан ойын өтті.
Осы кезеңде Қиыр Шығыс пен Украинада волейбол ойыны өте танымал бола бастады. «Ұшатын допқа» қарсы шабуыл дәл осы Қиыр Шығыста пайда болды, сондықтан осы соғыс алды жылдары бұл соққылар «хабаровскілік» деп аталды.
1925 жылы Мәскеу дене шынықтыру кеңесі ең алғашқы волейбол жарысының ережелерін бекітті. Тордың биіктігі анықталды – 2 м 20 см әйелдер үшін, 2 м 40 см ерлер үшін. Әйелдер ойыны 15х7,5 м көлеміндегі алаңда өткізілді.
1926 жылы Мәскеуде жаңа ережелер бойынша жарыстар өткізілді, ал, 1927 жылдан бастап Мәскеуде волейболдан жүйелі түрде біріншіліктер өтті.
1926 жылдан бастап маңызды оқиғалар орын алды: волейбол Бүкілодақтық шынықтыру кеңесі жұмысының жоспарына енгізілді. Бүкілодақтық дене шынықтыру кеңесінде волейбол жарысының бірыңғай ережесі бекітілді; Харьковте алғашқы қалааралық Мәскеулік және Харьковтық волейболшылар арасында кездесулер өтті.
1927 жылы КСРО-да Бүкілодақтық жарыстардың ережелері қабылданды.
1927 жылы Мәскеу мен Харьковтың студент жастары арасында алғашқы қалааралық жарыс өтті, бұл ойында мәскеуліктер жеңіске жетті. Осы жылы «Волейбол и кулачный мяч» атты ең алғашқы волейбол туралы кітап шығарылды.
1928 жылы Мәскеуде чемпионат өтті, ол Бүкілодақтық спартакиада бағдарламасына енді. Оған Мәскеу, Украина, Қиыр Шығыс, Кавказ елдері қатысты. Жеңімпаз Украинадан келген команда болды. Ал, әйелдер арасындағы жеңісті Мәскеу құрамасы иемденді.
КСРО волейболының дамуында маңызды орын алған оқиға Бүкілодақтық чемпионат пайда болды, ол 1928 жылғы тамызда Мәскеуде өткен спартакиадада ойналды. Ол жарысқа Мәскеудің, Қиыр Шығыстың және Кавказ елінің ерлер және әйелдер командасы қатысты. Ойында жеңіске жеткен Мәскеудің әйелдер командасы мен Украинаның ерлер командасы болды.
Бүкілодақтық спартакиадада волейболшылардың кездесуі жарыс ережелерін талқылауға әсер етті. Бұл кездің ерекшелігі әйелдер командасы осы кезде 18х9 м көлеміндегі алаңда ойнады. Спартакиада ойындары волейболдың командалық ойын екенін көрсетті. Кеңес Одағының барлық өңірінде волейболды дамыту бағыттары көзделді. Украиндықтар ұжымдық ойынның тактикасын және қорғанысын көрсетті, мәскеуліктер мықты шабуылмен ерекшеленді, ал Қиыр Шығыстықтар жаңалық ретінде – төменнен беру соққысын көрсетті.
Волейболдың дамуында үлкен орын алған 1929 жылғы пионерлер мен мектеп оқушыларының спартакиадасы болды. Көптеген спартакиадаға қатысушылар кейіннен осы ойынның шеберлері атанды. 1929 жылы Мәскеуде тұңғыш рет төрешілер кеңесі өткізілді.
Кейіннен КСРО-да ойын ережелері өзгеріп, халықаралық ережелерге сәйкес бола бастады.
Волейболдың бұқаралық сипат алуы үшін насихат жұмыстарымен бірге мәдениет, демалыс орындары мен аулаларда волейбол алаңдарының салынуы ерекше маңызға ие болды. Мәскеудің орталық саябағында мыңдаған көрермендердің алдында өткізілген волейбол ойынына жергілікті халықтардан басқа шетелдерден де көптеген қонақтар қатысты.
1930 жылдың басында Германия баспаларының бірінен «Волейбол - орыстың ұлттық ойыны» атты жарыс ережелері басылып шықты.
1932 жылдан бастап волейбол барлық ірі спартакиадалық ойындар қатарына енді. Сондықтан жыл сайынғы волейбол жарысын өткізу сұрағы қарастырылды.
1933 жылдан бастап тұрақты түрде КСРО біріншілігі өткізіле бастады, ол басында Бүкілодақтық волейболшылар мерекесі деп аталды.
1933 жылдың сәуірінде волейболдан КСРО-ның алғашқы біріншілігі Днепропетровскіде өтті. Жарысқа бес әйелдер (Мәскеу, Днепропетровск, Харьков, Баку, Минск) және бес ерлер (Мәскеу, Днепропетровск, Харьков, Тифлис, Минск) командалары қатысты. Ойын айналма жүйе бойынша өткізіліп, көптеген көрермендерді қызықтырды. Бұл біріншілік ұжымдық командалық ойын көрсеткен мәскеуліктердің жеңісімен аяқталды. Біріншілік аяқталғаннан кейін Мәскеулік аралас команданың (команда құрамы 3 әйел, 3 ерлер) көрсетілім ойыны үлкен қызығушылық тудырды.
Волейболдың дамуына үлкен серпін әкелген 1935 жылғы тамызда жастар арасындағы мектеп оқушыларының біріншілігі болды. Жарыстың бірінші кезеңіне 12 қала мен облыстың командалары қатысты, ойын шығып қалу жүйесімен өткізілді. Ал, ақтық ойындар айналма жүйе бойынша өтті. Әр қаладан үш команданың ұжымы қатысты: кіші және үлкен жастағы жастар және үлкен жастағы қыздар.
1935 жылы КСРО волейболшыларының техникалық-тактикалық даярлығын тексеру үшін тұңғыш халықаралық кездесу ұйымдастырылды. Ол, Ташкент пен Мәскеу қалаларында КСРО мен Ауғанстан волейболшыларының арасында өтті. Бұл ойын ауған ережесімен өткізілді (командада 9 ойыншы және 22 ұпайға дейін, ойыншылар алаңда орын ауыстырмай ойнады), бұл кездесуде КСРО ойыншылары жеңіске жетті.
1936 жылғы КСРО кубогы үшін жарысқа 100 командаға дейін қатысты. Әйелдер және ерлер арасында Кубокты мәскеулік «Медика» командасы иеленді.
1938 жылы КСРО біріншілігін өткізу ережелері айтарлықтай өзгеріске енді. Бұл жылы біріншілік спорттық қоғамдар арасында жаздық алаңда өткізілді. Маусым бойы ойындар көптеген қалаларда өткізілді, ал, ақтық ойын Мәскеуде өтті. Келесі екі КСРО біріншілігі осы ереже бойынша өткізілді.
Жаттықтырушылар мен ойыншылар техника мен тактиканы дамыту үшін көптеген шығармашылық ізденістерге түсті. Ойыншылар соққыны тор шетінен қолданды. Сонымен қатар, допты ойынға күшпен қапталдан қосу да үлкен маңызға ие болды. Кейбір командалар топтық тосқауылдарға өте бастады.
1940 жылы КСРО біріншілігі Тбилисиде өтті. Мәскеулік «Спартак» ерлер командасы жаңа тактикалармен керемет ойын үлгісін көрсетіп, КСРО чемпионы атағын жеңіп алды.
Ұлы Отан соғысы КСРО-да волейбол ойынының дамуына үлкен кедергі жасады. Көптеген спортшылар соғыс майданына аттанды. 1943 жылы соғыс кезінде әскери бөлімдерді мәдениеттендіру мақсатында тылдағы волейбол алаңдарын жандандыру жұмыстары жүргізілді. Осы жылы Мәскеудің және басқа да қалалардың біріншіліктері өтті. 1945 жылы Мәскеу мен Ленинградта волейбол жарысы өткізілді.
1945 жылы КСРО біріншілігі қайта жанданды. 1945 жылғы біріншілік шабуылшылардың ойындағы үлкен рөлін көрсетті. Чемпион болған Динамо командасының негізгі ойыншылары 4 шабуылшыдан құралды. Сондықтан олар басқа командалардан ерекшеленді.
Допты ойынға қосқанда топтық тосқауыл қою пайдаланылды. Жылдан жылға волейболшылардың техникасы мен тактикасы және дене дайындық деңгейлері жетілдіріле түсті.
1947 жылы КСРО волейболшылары халықаралық аренаға шықты. Әлемдік фестивалде жастар арасындағы волейбол Прага қаласында өтті. Бұл ойынға Чехославакияның бес командасы мен үш шетелдік команда қатысты, олардың қатарында Ленинград командасы да болды. КСРО ойыншылары жеңіске ие болды. Осы жылдың күзінде үш дүркін КСРО чемпионы атанған Динамо командасы Польшаға жолдастық кездесуге аттанды, ол жерде барлық кездесулерде үлкен басымдықпен жеңіс жетіп ел мерейін үстем етті. Одан кейінгі жылдары КСРО командаларының халықаралық байланыстары нығайып, күшейе түсті.
1947 жылы КСРО біріншілігіндегі ойындар 5 кезеңмен өткізілді. Бұл чемпионатта Ленинград офицерлерінің командасы алғаш рет алты шабуылшыдан тұратын ойын өрнегін көрсетті.
1948 жылы Бүкілодақтық волейбол секциясы Халықаралық волейбол федерациясының құрамына енді, ал келесі 1949 жылы КСРО ойыншылары алғаш рет әлемдік жарыстарға қатысты. Қыркүйек айында Прагада Еуропаның ерлер және әйелдер командаларының арасында біріншілік өтті.
1949 жылы Прагада І-ші әлем чемпионаты өтті. КСРО ерлер командасы әлем чемпионы атағына ие болды, ал әйелдер еуропа чемпионатында жеңіске ие болды.
1950 жылы Софияда КСРО ерлер командасы А.Чинилиннің жетекшілігімен бірде-бір кезеңде жеңілмей құрлық біріншілігін жеңіп алды. 1952 жылы Мәскеуде ерлер командалары арасында екінші әлемдік біріншілік пен әйелдер арасында бірінші әлем біріншілігі өткізілді. Бұл біріншіліктің жеңімпаздары КСРО спортшылары болды.
1956 жыл бірінші Бүкілодақтық спартакиада жылы деп аталды. Волейболдың танымалдылығы арта түсіп, волейболмен айналысатындар саны бірнеше миллионға жетті.
1959 жылы Парижде үш континент ойыны өтті. Бұл ойынға ең мықты командалар жиналды. Румыния мен Чехословакия командаларын бірнеше жыл үзілістен кейін жеңген КСРО командасы бірінші орынға ие болды.
1960 жылы ЦСКА (Мәскеу) командасы ерлер арасындағы Еуропа чемпиондары кубогының иегері атанды.
1962 жылы Мәскеуде өткен әлем чемпионатында КСРО ерлер командасы алтын, ал әйелдер командасы күміс медальмен марапатталды.
1964 жылы Токиодағы жарыста 6 әйелдер және 10 ерлер командалары қатысты. Ерлер арасындағы бірінші олимпиада чемпиондары КСРО, ал әйелдер арасында - Жапония құрама командасы иеленді.
1965 жылы алғашқы рет ерлер арасында әлем кубогы ойнатылды. КСРО құрамасы бірінші орынды иеленді.
1966 жылы-Венгрияда алғаш рет жасөспірімдер (20 жасқа дейін) арасындағы Еуропа біріншілігі өтті. Бұл біріншілікке 12 қыздар және 19 ерелер командалары қатысты. КСРО қыздар және ерлер құрама командасы жасөспірімдер арасында Еуропа чемпионы атанды.
1968 жылы Мехико қаласында ерлер және әйелдер КСРО құрама құрамасы Олимпиада чемпионы атанды.
1973 жылы КСРО әйелдер командасы бірінші әлем кубогын иеленді. Осы жылы «Звезда» (Ворошиловград, КСРО) командасы – Кубок иелерінің Кубогын жеңіп алды.
1980 жылы КСРО құрамасы екінші рет 1968 жылғы Мехико Олимпиядасынан кейін Мәскеу Олимпиадасының алтын медальін жеңіп алды.
2012 жылы Ресейдің ерлер құрамасы 24 жылдан кейінгі үзілістен кейін Лондон Олимпиядасында ақтық сында Бразилия құрамасын 3-2 есебімен жеңіп Олимпияданың алтын медальін жеңіп алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет