Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»



бет17/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

Жоғарыдан тіке ойынға қосу. Ойыншы бастапқы қалыпта торға бетімен немесе жартылай бұрылып тұрады. Допты иық деңгейінде ұстап, ойыншы дене салмағын аяқтарына тең бөледі, ұратын қол шынтақ буынында бүгілген және сермеуге дайын. Допты лақтырған соң ұратын қолмен жоғары-кері жіберіледі. Соғу кезінде ұратын қол жоғары қозғалады. Соққы ойыншы алдында орындалады. Доп айналу үшін соққы ойыншы алдында орындалады. Доп айналу үшін, соққы кезінде, соққы күшінің бағыты доптың ауырлық орталығы арқылы өтпейтін етіп, қол білезігі доптың үстіне салынуы керек, яғни қол білезігін бір жағына немесе ортадан төмен жылжыту керек. Барлық жағдайда допты бастапқы үлкен жылдамдықпен тастағанда доп горизонталь өстен айналуы тиіс. Сонда ол алаң шегінде қалады. Ойынға қосуды допты айналдырмай, оның тербелісін тудыру үшін, доп лақтыру оны айналдырмай жүргізіледі. Допты ұру тез және білезік күрт кернеліп орындалады. Соңғы уақытта секіріп доп тастау жиі қолданылады. Оның ерекшеліктері болып табылатындар: екпін алуды пайдалану, допты 1,5-2 м алға көтере тастау, секіріп ұру және ұрудан соң алаңда жерге отыру.
Жоғарыдан бүйірден қосудың да бірнеше тәсілдері бар. Доп ұруды иық буыны деңгейінен жоғары, торға бүйірмен тұрып орындайды. Бір орнында тұрып допты айналдырып тасауда, оны басыннан жоғары 1,5 м дейін лақтырады. Қол артқа-алға сермеледі, кеуде тор жағына бұрылады жоғары бүйірден тастауды бір немесе бірнеше адамнан соң орындауға болады, бұл соққы күшін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Берулер. Ойында допты екі қолмен жоғарыдан, тіреу қалпына секіріп және құлаумен беру қолданылады.
Жоғарыдан екі қолмен беру. Бастапқы қалыпта ойыншы кеудесі вертикаль орналасқан, аяқтары иық деңгейінде қойылған немесе бір аяғы алда. Аяқтарды бүгу дәрежесі доптың ұшу траекториясы биіктігіне байланысты. Қолдар беттің алдына шығады, қол білезіктері оптималды кернеулі. Доп жақындағанда ойыншы аяқ-қол, кеудесін тіктеп қарсы, қозғалыс басталады. Соққы қозғалысын орындауда допқа қол тиген кезде саусақтар доптың қарсы ұшуын әуелі амортизацияланып, допқа жаңа ілгерімелі қозғалыс береді. Сұқ және ортаңғы саусақтар негізгі соққы бөлігі болып табылады. Допқа белгілі траекториялы жаңа бағыт беру үшін бұлшықет күшін ұлғайтуды қажет етеді, ол үшін аяқ-қол кеуде үйлесімді қозғалуы тиіс. Допты кері бергенде, ойыншы қолын сыртқы жағымен басынан жоғары көтереді, аяқтарын бүгеді, кеудесін жоғары-кері қисайтады. Беру қолдың шынтақ буындарын бүгу және кеудені кері-жоғары қозғалыс есебінен орындалады.
Доп жоғары ұшып, ойыншыға бағытталған жағдайда, екі не бір қолмен секіріп үстінен беру орындалады. Секіру кезінде қолдар бастан біршама жоғары көтеріледі. Тіреуден серпіліп, ойыншы қолын жоғары қарай бұрады да, секірудің жоғары нүктесінде тастауды орындайды. Доп тіке ойыншыға немесе оның жанына ұшқан кезде, екі қолмен арқаға домалап құлап екі қолмен допты үстінен береді немесе жамбас-арқаға құлау арқылы тастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет