4. Спорттық жарыстардың маңызы және оларды жоспарлау
- жарыстарды ұйымдастыру және өткізу, жарыс түрлері;
- жарыстар туралы ереже;
- жарыс өткізу жүйесі;
- жарыс құжаттары;
- төрешілік ережелер.
Волейболдан жарыс өткізу және ұйымдастыру – педагогикалық, спорттық-әдістемелік, қоғамдық-педагогикалық міндеттерді шешеді. Олар оқу-жаттығу үдерісінің сапасын тексерудің, жіберілген кемшіліктерді түзетудің, алдағы жоспардың, жарысты ұйымдастыру мен өткізудің жалғасы болып табылады.
Жарыстар – бұл ерік-жігер қасиеттерін шыңдап, дайындықты күшейтеді. Сонымен қатар, спорттық-бұқаралық жұмысты белсенді түрге айналдырады, эстетикалық, патриоттық, интернационалдық тәрбие береді. Волейбол жарыстарының негізгі мақсаты – оқушылардың спорттық шеберлігін арттыру, жоғары көрсеткіштерге жеткізу, достық қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыруды көздейді.
Жарыстар – оқу-жаттығу үдерісінің бір бөлігі болып есептеледі. Жарыстарда оқушылар (студенттер) волейболмен шұғылдану барысында меңгерілген тәсілдік дайындық дағдылары мен дене қабілеттерін тексеру мүмкіндігіне ие болады.
Жарыстарды өткізбес бұрын төмендегідей ұйымдастыру мәселелерін шешіп алу қажет. Алдағы жарыстар міндеттері мен мақсаттарын анықтап, қолайлы мерзімдерін бекіту қажет:
- жарыстар туралы ереже мазмұны;
- қатысушыларды жарысқа жіберу;
- ойындарды жүргізу амалдары;
- жарыс нәтижелерін бағалау.
Ұйымдық кеңес құрамын бекіту керек, оны төменгі дене шынықтыру ұжымы, спорт клубы кеңестерінің төрағалары басқаруы тиіс.
Бас төрешіні тағайындау қажет, ол төрешілер құрамын жинақтайды және медицина мекемелеріне жарысқа дәрігер бөлуі туралы ұсыныс жасайды.
Жарыс комендантын сайлау. Оның міндеттері:
- жарыс өткізетін орынды безендіру;
- техникалық құрал-жабдықтарды тексеру (электрлі табло, сағаттар, музыкалық аспаптар, т.б.);
- спорт құрал-жабдықтарын дайындау (доп, ысқырық, секундамер, команда аттары жазылған штандарттар, төрешілер мен командалар ойыншыларының орындығы, т.б.).
Афиша. Хабарландыруларды дайындау және іліп қою. Баспасөз ақпарат құралдарына, теледидарға мәлімет беру.
Жарыс барысында ойын нәтижелерінің кестесін іліп отыру.
Жарыс соңында:
- жеңімпаз, жүлдегер командаларды және үздік ойыншыларды дәрежелі дипломдармен, ескерткіш сыйлықтармен марапаттау.
- жарыстың қызықты сәттерінен сурет қабырғасын жабдықтау;
- жарыс нәтижелері туралы БАҚ-на материалдар шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |