Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»



бет19/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

Тосқауылдар. Шабуыл соққысына доп беру бағыты мен биіктігін анықтап, ойыншы доппен кездесу орнына адымдап, секіріп не баяу жүгірумен қозғалады. Оның аяқтарының тізесі сәл бүгілген, қолдарының шынтақ буыны иілген, қол білезіктері бас деңгейінде. Ойыншы тосқауылдау алдында аяқтарын тізе және жеткіншек буындарында қаттырақ бүгеді, шынтақ бүгілген қол қолдары басынан біршама жоғары көтеріледі. Шабуылдаушының қимылын анықтап, тосқауылдаушы тірекпен серпіледі, мұнда қозғалыс қолмен, сосын аяқтармен басталады. Аяқтарын күрт жазып, кеудесін тіктеп, ойыншы қолын қатты сермеп вертикаль қалыпқа келеді.
Қолдары тор үстінен шағын еңісті болатындай етіп шығарылады. Доп жақындығына қарай алға-жоғары жылжиды. Білезіктері білек буындарында бүгіледі де, саусақтары алға-төмен қозғалады. Тосқауылдағаннан соң ойыншы бүгілген аяқтарына отырады.
Жоғарыда сипатталған қозғалыстар қимылсыз тосқауылдауды орындау техникасына қатысты. Егер қозғалыссыз тосқауылдау үшін қолдарын тор үстіне алаңның белгілі аумағын жабу мақсатында қойса, онда қозғалысты тосқауылдауда ойыншы қолдарын шабуыл соққысы бағытына қарай оңға не солға жылжытады. Егер соққылар тордың шеттеріне орындалса, шетке жақын алақан доп қарсылас алаңына сырғып кететіндей болып бұрылады.
Техникалық дайындық жарыс күресін жүргізу құралы болып табылатын қозғалыс техникасын үйретуге және оны жетілдіруге бағытталады. Ойын тәсілдерін үйретуді мынадай жоспармен құрған жөн:
1. Ойын тәсілімен жалпы таныстыру;
2. Оңайлатылған жағдайларда тәсілді орындау;
3. Ойынға жақындатылған жағдайларда тәсілді орындау;
4. Ойын жағдайында тәсілді жетілдіру.
Төменде жас волейболшыларды техникалық даярлауға жаттығулар берілген.
Қозғалулар.

  1. Жаттығушылар алаңның бет сызығынан тыс орналасады және ойыншының тұрыс қалпын қабылдайды. Белгі бойынша қос адым секіріп не аттап жылжиды.

  2. Жаттығушылар бет сызығынан тыс орынға қатарға тұрады. Белгі бойынша торға қарай, сосын арқасымен кері жүгіру қозғалысын орындайды. Осылай бірақ ойынның белгілі тәсіліне имитация жасайды.

  3. Жаттығушылар 1-ші және 5-ші аймақтарда екі лекпен орналасады. Белгі бойынша 6-шы аймаққа жүгіреді, тоқтайды, ойынның белгілі тәсіліне имитациялайды.

  4. Лекте бір-бірден бет сызығынан тыс орналасу: 1-ші аймақтың бірінші ойыншысы 2-ші аймаққа үдету орындайды, одан тор бойымен адымдап 4-ші аймаққа жылжиды, сосын арқасымен алға, артқа 5-ші аймаққа. Ойыншы 5-ші аймақтан 6-шы аймаққа жылжиды, онда аялдама жасап, екі қолымен төменнен доп қабылдау имитациясын жасайды, лек соңына барады.

  5. Орналасу 5-ші жаттығудағыдай, бірінші ойыншы 6-шы аймаққа үдету орындайды, бір қолмен төменнен доп қабылдауды имитациялайды, сосын 2-ші аймаққа жылжып, онда шабуыл соққыны имитациялайды. 2-ші аймақтан 6-шы аймаққа қайтып келеді, 4-ші аймаққа торға жүгіріп келіп, тосқауыл элементтерін жасайды, сосын қайтадан арқасын беріп 6 аймаққа жылжиды да, лек соңына барады.

Қозғалу техникасын жақсы меңгеру үшін әр түрлі қимыл-қозғалыс ойындарын пайдалану ұсынылады. Олардың бірнешеуін ұсынамыз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет