Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»



бет48/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

Әдістемелік нұсқаулар: Ойын барысында жетекші міндетті түрде ұпайларды санап отыратын көмекшілер алуы керек. Топ капитаны ойыншылардың дұрыс орналасуына, мүмкіндіктерді дұрыс пайдалануына назарын аудару керек.
Ойынның педагогикалық мазмұны: Ойын оқушылардың жүгіру, лақтыру, қағып алу дағдыларын бекітіп, дәлдік, жылдамдық, ептілік, икемділік, күш қабілеттерін жетілдіріп, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.
«Волейболшылар ойыны»


Ойыншылар саны: 20 30 адам.
Өткізетін орын: спорт зал, алаң.
Керекті құралдар-жабдықтар: волейбол добы.
Дайындық: Ойыншылар шеңбер жасап тұрады. Ортаға жүгіргізуші шығады. Оған доп беріледі. Егер ойыншылар саны көп болса екі шеңбер жасауға болады.
Ойын мазмұны: Жүгізуші допты (волейбол ойынындағыдай) екі қолмен жоғарыдан лақтырып бірінші тұрған ойыншыларға береді. Ол да допты жоғарыдан екі қолмен қабылдап қайта жүргізушіге береді. Ойын осылай шеңбер бойымен әр ойыншыға кезекпен жүргізіледі. Соңында бірінші ойыншыға кезек қайта айналып келгенде, ойынды қайта жалғастырады. Ойын осылай барлық ойыншылар жүгізуші болғанға дейін жалғасады.
Ойынның басқа түрі: Ойыншылар екі топқа бөлініп жарыс түрінде жүгізуге болады. Бұл ойында жүргізуші ауыспайды. Қай топ допты жерге түсірмей көп уақыт ойнаса, сол топ жеңіске жетеді. Ойыншылар аз болған жайғдайда қателік жасаған ойыншы ойыннан шығып отырады. Ең соңында қалған ойыншы жеңімпаз болады.
Ойын ережесі:
1) Допты екі рет қабылдап беруге болмайды;
2) Допты баспен, иықпен ұруға рұқсат етіледі;
3) Допты екі қолмен төменнен қабылдап ойнатуға болады.


Тордың үстінен бір-біріне қарама-қарсы волейбол добын беру


Ойыншылар саны: 20 30 адам.
Өткізетін орын: спорт зал, алаң.
Керекті құрал-жабдықтар: волейбол добы, тор.
Дайындық: Ойыншылар теңдей екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың тең жартысы келесі бетіне бір-біріне қарама-қарсы бір лекке тұрады. Екі топ та дәл осылай екіге бөлініп тордың бір жақ бетіне орналасады. Тордың бір бетінде тұрған екі топтың да бірінші тұрған ойыншыларына волейбол добы беріледі.
Ойын мазмұны: Белгі берілгенде доп ұстап тұрған ойыншылар тордың үстінен екі қолмен жоғарыдан допты келесі беттегі ойыншыларға береді де өзі лектің соңына барып тұрады. Келесі беттегі ойыншы допты екі қолымен жоғарыдан қабылдап жаттығуды жалғастырады. Ойын допты ең бірінші бастап лақтырған ойыншыға қайтып келгенше жалғасады. Ойынды екі рет үзіліссіз жүргізуге болады (келісім бойынша). Ойынды қатесіз, дұрыс және ең бірінші аяқтаған топ жеңіске жетеді. Ойынды екі қолмен төменнен қабылдатып та жүргізуге болады.
Ойын ережесі:
1) Ойыншылар жылдам ауысып отыруы керек;
2) Доп тордан өтпей қалса, қайта алып жалғастыруға болады;
3) Бір ойыншы допты екі рет қабылдауға болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет