БАҒдарламасы мазмұны 1 Кіріспе



бет11/23
Дата25.02.2016
өлшемі3.97 Mb.
#22142
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23

2.2.2 Әлеуметтік сала

Білім беру

Білім беру жүйесінде компьютерлермен, жаңа үлгідегі және кең ауқымды Интернеті бар кабинеттермен жабдықтау негізінде мектептердің материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейін арттырудың тұрақты үрдісі байқалуда, бұл сапалы білімге қолжетімділікті арттырады. Дарынды балаларға арналған арнайы мектептерде, гимназиялар мен лицейлерде оқығысы келетіндердің саны артуда. Бұл білім беру қызметтерінің деңгейіне және қазіргі заманғы талаптарға сай жағдайлар жасауға деген сұраныстың артқандығының белгісі.



Орта білім беру

2010-2011 оқу жылдары білім беру қызметін 466 мектеп, 2011-2012 жылдары – 460 мектеп, 2012-2013 жылдары – 456 мектеп атқарды.

2013-2014 оқу жылының басына білім беру қызметін 453 мектеп атқарды (447 жалпы білім беретін және 6 мектеп интернаттары).

2014-2015 оқу жылының басына облыста 450 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді (444 жалпы білім беретін және 6 мектеп интернаттары).

Үш ауысымда білім беретін мектептер жұмыс істеді (2012 ж. – 4, 2013 ж. – 2, 2014 ж. – 3);

2014 жылы Қордай ауданының Кенен ауылындағы 600 орындық ОМ құрылысы есебінен 1 үшауысымды мектептің мәселесі шешілді.

2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, облыста оқушылар орны тапшылығы бар 2 мектеп (Меркі ауданы Сарымолдаев ауылындағы №9 ОМ, Байзақ ауданы Түймекент ауылындағы Түймекент ОМ) үш ауысымды білім беру жүйесіне көшірілді.

Аталмыш мәселелерді шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жобалар тізіміне қосылған:



  • 2015 жылға: 2 мектептің құрылысы (Байзақ ауданы Түймекент ауылында 300 орындық ОМ, Тараз қаласы Құмшағал станциясында 300 орындық ОМ);

  • 2016 жылға: 1 мектептің құрылысы (Меркі ауданы Сарымолдаев ауылында 600 орындық ОМ).

Апатты мектептер санының жыл сайын азаюы байқалады (2012 жылдың қорытындысы бойынша – 33, 2013 ж. – 25, 2014 ж. – 19).

2015 жылы апатты мектептердің орнына 9 мектепті пайдалануға беру, қалған 10 мектептің мәселесі 2016-2017 жылдары шешу жоспарлануда.

2015 жылдың басына облыста қалғаны 69 мектеп саман кірпішті ғимараттарда орналасқан (2012 жылы – 81, 2013 жылы - 77), 120 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді.

2014-2015 оқу жылдары 284 мектеп (450 жалпы білім беретін мектептің санынан 62,7%) лингафонды-мультимедиялық кабинеттермен қамтылды (2011-2012 о.ж.ж. – 217 мектеп (456 жалпы білім беретін мектептің санынан 47,6%), 2013-2014 о.ж.ж. – 248 мектеп (453 жалпы білім беретін мектептің санынан 54,7%), 185 мектеп (47,8%) – биология кабинеттерімен (2011-2012 о.ж.ж. – 109 мектеп (27,9%), 2013-2014 о.ж.ж. – 129 мектеп (33,3%), 158 (40,8%) – физика кабинеттерімен, 2011-2012 о.ж.ж. – 96 (24,6%), 2013-2014 о.ж.ж. – 117 (30,2%), 163 (42,1%) – химия кабинеттерімен 2011-2012 о.ж.ж. – 28 (7,2%), 2013-2014 о.ж.ж. – 130 (33,6%) қамтылды.

2012 - 2014 жылдар аралығында 333 жаңа модификациядағы кабинеттер сатып алында (2012 жылы - 66, 2013 жылы - 99, 2014 жылы - 168).

2015 жылдың басына облыста 138 мектеп интерактивті жабдықтармен қамтылған, қамтылу деңгейі 30,6%-ды құрайды, 431 жалпы білім беретін мектеп (95,8%) кең ауқымды Интернет желісіне қосылған.

2011 жылдан бастап қазіргі таңға дейін сапалы және тұрақты ыстық тамақпен қамтамасыз етілген аз қамтылған отбасындағы балалардың үлесі 100% құрайды.

Сапалы жайлы жеткізумен 5206 бала немесе 100%-ы қамтылды.

Мәселелер:

- саман кірпішті ғимараттарда орналасқан 69 мектеп бар болуынан апатты мектептер санының өсімі;


Білім беру қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету

Жылда табиғи-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын жақсы игерген түлектердің үлесі артуда.

Егер 2011 жылы табиғи-математикалық пән бойынша мектеп түлектерінің үлесі 58,0%-ды құраса, 2012 жылы 58,1%-ды, 2013 жылы – 58,9%-ды, 2014 жылы – 59,7%-ды құрады.

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша 2011 жылы жақсы игерген түлектердің үлесі 66,0%-ды құраса, 2012 жылы - 66,1%-ды, 2013 жылы – 66,5%-ды, 2014 жылы – 67,7%-ды құрады.

Жыл сайын халықаралық олимпиадаларға, конкурстарға, ғылыми жарыстарға қатысушылардың саны ұлғаюда, сәйкесінше, жеңімпаздардың да саны өсуде. Егер, 2011 жылы 18 жеңімпаз болса, 2012 жылы олар 36-ны құрады, 2013 жылы – 48 және 2014 жылы – 71.
Педогогикалық кадрлардың кәсібилігін және мұғалім мамандығы беделін арттыру

Педагогикалық кадрларды ауылда бекітуге немесе орнықтыруға мұғалімдерге әлеуметтік қолдау мен оларға материалдық ынталандыру жүзеге асырылады. Ауылдық аймақтар педагогикалық кадрларды тарту мақсатында жыл сайын әлеуметтік қолдауға бюджеттен қаражат қарастырады. Ауылдық білім мекемелеріне келген жас мамандардың тұрмыс-тіршілігі жағдайын қамтамасыз ету бойынша мәселелер шешілуде. ЖОО бітірген және ауылда жұмыс істеу мен тұруға қайтып келген жас мамандардың саны ұлғаюда; оқу орындарындағы түлектер мен білімгерлердің, мектеп оқушыларының санынан ауыл шаруашылығы үшін кадрлық әлеуеттер құрылуда; ауыл шаруашылық өндірісі мен ауылдағы әлеуметтік сала жүйесінің маңызды бөлігіне білікті кадрларды бекіту мен олардың ағымдылығын төмендету үшін жағдайлар жасалуда.



Жоғары білім алған педагогтар санының өсуі байқалуда. Егер 2009 жылы облыс мектептерінде жұмыс істейтін педагогтардың саны 21759 адамды құрайтын болса, оның ішінде 86%-ы (2007-82,7%) жоғары білімді, онда 2011 жылы жоғары білімді педагогтар үлесі 87,4%-ды, 2012 жылы 88,9%-ды, 2013 жылы 89,8%, 2014 жылы 91%-ды құрайды.

Егер 2009 жылы жоғары және бірінші категориялы мұғалімдер үлесі 42,2%-ды құраған болса, 2011 жылы педагогтардың шеберлігі мен біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіруі есебінен 44,0%-ға, ал 2012 жылы 47,5%-ға өсті, 2013 жылы – 48,4%, 2014 жылы-48,3%-ды құрады.

2011 жылы 5024 педагог біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

2012 жылы «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы Жамбыл филиалында 1054 педагогтар оқытылды (2 деңгейде – 110 адамның еңбекақысы 70%-ға, 3 деңгейде – 1044 адамның еңбекақысы 30%-ға өскен). Бұдан басқа, мектептердің 157 басшысы (директорлар, олардың орынбасарлары) біліктілікті арттыру курсынан өтті.

2013 жылы "Назарбаев интеллектуалды мектебі" педагогтық шеберлілік орталығында 1100 педагог жаңа форматтағы деңгейлік курсттан өтті: 1-ші деңгейден 250 педагог (100%-ға еңбекақысы жоғарылатылды), 2-ші деңгейден 155 педагог (70%-ға), 3-ші деңгейден 695 педагог (30%-ға) өтті.

Бұдан басқа, 111 мектеп басшылары (директорлар, орынбасарлар) біліктілікті арттыру кусртарынан өтті.

2014 жылы 1252 педагог жаңа форматтағы деңгейлік курстардан өтті: 1-ші деңгейден жалақысы 100% артуымен 235 педагог өтті, 2-ші деңгейден 70% - 318 педагог, 3-ші деңгей – жалақысы 30% артуымен 699 педагог өтті.

Ауылдық мұғалімдердің деңгейлерін жоғарылату және сапалы білім беруге біріңғай қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 2011-2016 жылдары 10 тіректі мектептер (ресурстық орталықтар) ашу қарастырылған, оның ішінде 2015 жылдың басына Байзак, Жуалы, Талас, Шу, Т. Рыскұлов, Мойынкұм Мерке және Сарысу аудандарында 8 мектеп (2013 ж. - 6, 2014 ж. - 8) жұмыс істейді.

Ресурстық орталықтарды материалдық-техникалық қамтуға 2012 жылы 58,8 млн.теңге, 2013 жылы - 126,8 млн. теңге, 2014 жылы - 50 млн.теңге облыстық бюджет қаражаттары бөлінді.



Мәселелер:

Білікті педагогикалық кадрлардың - табиғи-математика бойынша шетел тілінде дәріс беретін мұғалімнің жетіспеушілігі.


Даму мүмкіншілігі шектеулі балаларды қолжетімді білім берумен қамтамасыз ету

Даму мүмкіншілігі шектеулі балалардың саны жыл сайын өсуде. 2011 жылы олардың саны 6972 болса, 2012 жылы - 7174, 2013-2014 оқу жылы – 7324, 2014-2015 оқу жылы – 7474 құрады.

Барлығы білім ұйымдарында 18 жасқа дейінгі даму мүмкіншілігі шектеулі 5889 (78,8%) балалар тәрбиеленуде және білім алуда.

Мектепке дейінгі мекемелерде сөйлеу мәнері бұзылған 1779 бала тәрбиеленуде: сөйлеу мәнері бұзылған балаларға арналған 2 арнайы балабақшада (Тараз қаласы, №6,8 б/б) 727 бала (2011 ж. – 717, 2012 ж. – 756, 2013 ж. - 722), жалпы бағыттағы мектепке дейінгі 8 мекемеде сөйлеу мәнері бұзылған балаларға 35 топ ашылып, онда 632 бала (Тараз қаласы, №7,15,16,18,21,27,33,38) (2011 ж.-587, 2012 ж.-771, 2013 ж.-620), Тараз қаласында инклюзивті тәрбиелеумен мектепке дейінгі 15 мекемеде сөйлеу мәнері бұзылған 420 бала қамтылған.

Даму мүмкіншілігі шектеулі 4110 бала жалпы білім беретін мектептер мен колледждерде, оның ішінде 4 арнайы түзету мектеп-интернатында – 575 (2011 ж. – 570, 2012 ж. – 559, 2013 ж. – 584, 2014 ж. - 575), жалпы білім беретін мектептерде даму мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған арнайы сыныптарда – 447 (2011 ж. – 489, 2012 ж. – 408, 2013 ж. – 424, 2014 ж. - 447) бала оқиды.

Одан басқа, үйде оқытумен 1430 бала (2011ж.-1308, 2012ж.-1340, 2013ж.- 1374, 2014ж. -1430) қамтылған, облыстың 290 мектебінде инклюзивті білім берумен 1495 (2011ж.-1250, 2012ж.-1262, 2013ж.- 1318, 2014 ж. -1495) даму мүмкіншілігі шектеулі бала қамтылған. Облыс колледждерінде 163 (2011ж.-39, 2012ж.- 32, 2013ж.- 70, 2014ж. - 163) оқушы дәріс алуда.

Облыс бойынша:


  • психологиялық-медициналық-педогогикалық кеңес беру – 5 (2011 жылдан бастап – 5);

  • арнайы түзету мектеп - интернаттары - 4 (2011 жылдан бастап - 4);

  • психологиялық-педогогикалық түзету кабинеттері - 7 (2011 жылдан бастап - 7);

  • арнайы логопедтік мектепке дейінгі мекемелер - 2 (2011 жылдан бастап - 2);

  • логопедтік топтары бар мектепке дейінгі мекемелер - 8 (2011ж. - 6, 2012 ж. -6, 2013 ж. -7, 2014 ж.-8);

  • логопункттер -21 (2011 ж. - 2, 2012 ж. – 5, 2013 ж. – 13, 2014 ж. – 21)

  • түзету сыныптарымен жалпы білім беру мектептері 20 (2011 ж. - 20, 2012 ж. – 18, 2013 ж. – 20, 2014 ж.-17);

- 1 сауықтыру орталығы жұмыс істейді.

Бөгетсіз өтуге жағдай жасау мақсатында облыста 324 мектепке пандустар мен тұтқалар, 327 мектепке – кең есіктер, 90 мектепке – демалу орындары орнатылды. 228 мектепке дейінгі мекемелер ішінде 106-на пандустар мен тұтқалар, 91-іне – кең есіктер орнатылды.

2014 жылы 90 мектеп бөгетсіз білім алуға қол жетімділікпен қамтамасыз етілді (пандустар мен тұтқалар, кең есіктер орнатылды және демалу бұрыштарымен қамтылды).

Мәселелер:

- мектептерде, балабақшаларда логопедтік пункттер жеткіліксіздігі;


Мектепке дейінгі білім беру

«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру облыста мектепке дейінгі білім беру жағдайын айтарлықтау жақсартуға ықпал етті.

2015 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша облыста бала саны 43767 мектепке дейінгі 406 (240 бала бақша және 169 шағын орталық) мекеме жұмыс істейді, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар үлесі 70,7%-ды құрайды.

Бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде 2010-2014 жылдар аралығында облыста 94 бала бақшада және 141 шағын орталық ашылды, онда 24388 бала тәрбиеленуде, оның ішінде: салынғаны – 16 (РБ есебінен – 14, ЖБ - 2), мемлкеттік-жекеменшік серіктестігі негізінде – 21 ашылды, бұрын жекешелендірген балабақшаларды қайтару есебінен 15 ашылды, қалпына келтіру есебінен – 20, балабақшаға жарамды ғимараттарды беру есебінен 22 мекеме ашылды.

2011 жылы 5720 орындық 17 балабақша және 52 шағын орталық ашылды, жоспарды асыра орындау 2605 орынды құрады (2011 жыл жоспары – 3115 орын). Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар үлесі 60,5%-ды құрайды. 2010 жылмен салыстырғанда 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар үлесі 5,6%-ға артты (2010 ж. – 54,9%).

2012 жылы 4030 орындық 17 балабақша және 8 шағын орталық ашылды, жоспарды асыра орындау 1665 орынды құрады (2012 жыл жоспары – 2365 орын). Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар үлесі 64,6%-ды құрайды. 2011 жылмен салыстырғанда 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар үлесі 4,1%-ға артты.

2013 жылы 3115 орындық 18 балабақша және 2 шағын орталық ашылды, жоспарды асыра орындау 1105 орынды құрады (2013 жыл жоспары – 2010 орын). Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар үлесі 67,6%-ды құрайды. 2012 жылмен салыстырғанда 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар үлесі 3%-ға артты.

2014 жылы 4653 орындық 23 балабақша және 9 шағын орталық ашылды, жоспарды асыра орындау 1283 орынды құрады (2014 жыл жоспары – 3370 орын). Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар үлесі 70,7%-ды құрайды. 2013 жылмен салыстырғанда 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар үлесі 3,1%-ға артты.

«Балапан» бағдарламасын іске асырудың шеңберінде жергілікті бюджет есебінен 591 млн. тенгеге 26 балабақша ғимараттары сатып алынды (2010 жылы - 10, 2011 жылы - 14, 2012 жылы - 2).

2010 жылдан бастап 2015 жылдың 1 қаңтарына пайдалануға 16 балабақша берілді (2010 ж.- 1; 2011ж.- 2; 2012 ж.- 3, 2013 ж.-3, 2014 ж.-7), оның ішінде республикалық бюджеттен – 14, жергілікті бюджеттен – 2.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік есебінен жұмыс істейтін мектепке дейінгі мекемелер жүйесі ұлғаюда. 2010 жылға дейін облыста тек 2 жекеменшік балабақша жұмыс істеді. Бүгінгі күні 29 (23 б/б, 6 ш/о) мектепке дейінгі балабақшада 3094 бала тәрбиеленеді.

2015 жылдың басына жекеменшік балабақшалар жүйесі 2010 жылмен салыстырғанда 20 бірлікке кеңейтілді. Егер 2013 жылы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік есебінен 715 орындық 7 балабақша ашылса, онда 2014 жылы 1143 орындық 11 мектепке дейінгі мекеме ашылды, оның ішінде 878 орындық 8 балабақша және 265 орындық 3 шағын орталық.

Балалардың (3-6 жастағы) мектепке дейінгі тәрбиемен және білім алумен қамтылу деңгейі:

%





2010г

2011г

2012г.

2013г.

2014г.

3-6 жас

54,9

60,5

64,6

67,6

70, 7

Мәселелер:

- Мектепке дейінгі мекемелер жүйесінің тұрақты артуына қарамастан, балабақша қажеттілігі төмендемеген. Облыс бойынша мектепке дейінгі мекемелерге орналастыру үшін кезекке тұрған балалардың саны 36992 адамды құрады (Тараз қ. 22622);

- мектепке дейінгі мекемелер жүйесінің жетіспеушілігінен балабақшаларда топтардың шектен тыс толуы (Тараз қаласы бойынша).
Кәсіби білім беру

2010-2011 оқу жылдары облыста 60 ТжКББ мекемелері жұмыс істеді, 2011-2012 о.ж.ж. – 56, 2012-2013 о.ж.ж. – 54, 2013-2014 о.ж.ж. – 51.

2014-2015 о.ж.ж. облыста 51 колледж жұмыс істейді, ондағы оқушылар саны 29922 (2011 ж. - 37895, 2012 ж. – 35472, 2013 ж. – 32320).

Орта буындағы және жұмысшы мамандығы кадрларын дайындау 85 мамандық және 133 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.

Жылда жергілікті бюджеттен мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі артып келеді. 2011-2012 оқу жылдары ЖБ және РБ барлығы 4496 орын бөлінді, оның ішінде 3859 орын жергілікті бюджеттен. 2012-2013 оқу жылдары ЖБ және РБ барлығы 4229 орын бөлінді, оның ішінде – 3994 орын жергілікті бюджеттен, бұл 2011-2012 оқу жылдарына қарағанда 135 орынға артық. 2013-2014 оқу жылдарында облыс колледждерінде 4730 (2011 ж. – 4288, 2012 ж. – 4496) білімгер білім алады, бұл 2011 жылға қарағанда 442 орынға артық.

2014-2015 оқу жылдары ЖБ және РБ барлығы 4335 орын бөлінді, оның ішінде – 4019 орын жергілікті бюджеттен, бұл 2013-2014 оқу жылдарына қарағанда (2013-2014 о.ж.ж. – жергілікті бюджеттен 3919 орын) 100 орынға артық.

Техникалық және кәсіби білім алуға қол жетімділік Т.Рысқұлов ауданы Құлан а. және Қордай ауданы Ноғайбай а. ауыл шаруашылық колледждерінің бос тұрған жатақханаларында күрделі жөндеу жүгізу есебінен ұлғайды.

Оқушыларды базалық өндірістік тәжірибемен және жұмысқа орналастырумен қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы облыстың колледждері, кәспорындары мен шаруа қожалықтары арасында 1354 келісім-шартқа қол қойылып (2011 ж.- 1084, 2012 ж. -1243, 2013 ж. - 1182), нәтижесінде өндірістік тәжірибеден өтуге 14710 жұмыс орыны бөлінді.

2014 жылы күндізгі бөлімнің 6493 түлектерінен 4895 адам немесе жас мамандардың 75,3%-ы жұмысқа орналастырылды (2011 ж.-87,6%, 2012 ж. - 85,9%, 2013 ж. – 76,7%).

2014 жылдың қорытындысы бойынша «Кәсіптік және техникалық білімі бар типтік жастағы жастарды (14-24 жас) қамту үлесі» индикаторының орындалмауының себебі ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік 3 – колледжің жабылуы (ТарМУ жанындағы копсалалы колледжі, ТарМУ жанындағы Қаратау колледжі, ТарПИ жанындағы «Өнер және мәдениет» колледжі). 14 және 24 жастар аралығындағы жастардың жалпы саны - 194256, ТжКБ-мен қамтылған жастардың саны – 26712 (13,8%) құрады.


Мәселелер:

- инженерлі-педогогикалық қызметкерлердің біліктілігінің төмен деңгейі, ағылшын тілінде арнайы пәндерді оқытушылардың жетіспеушілігі;

- мемлекеттік колледждер жатақханаларының жеткіліксіздігі.
Өңірлерде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру

14 пен 29 жас арасындағы жастар саны 2010 жылы 297 361 адамды, 2011жылы - 283 217 адамды, 2012 жылы - 290 734 адамды, 2013 жылы – 286 947 адамды, 2014 ж. - 282816 адвмды құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 4,9%-ға азайды.

Облыста 75 жастар ұйымдары мен 12 жастар орталығы (облыстық, қалалық, аудандық) жұмыс істейді.

Жастар ұйымдары өсімінің оңды динамикасы байқалады: 2011 жылы 59-дан, 2012 жылы - 62-ге, 2013 жылы – 70-ке, 2014 жылы - 75-ке дейін. Жылдан-жылға жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастар саны өсуде.Атап айтқанда, 2011 жылы жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастардың саны 68000 адамды құраса, 2012 жылы – 75000 адамды, 2013 жылы – 72000 адамды, 2014 жылы – 82000 адамды құрады.

Жастар ұйымдарының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі жобаларды іске асыруға қатысуы өсуде. 2011 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға 21 жастар ұйымы қатысса, 2012 жылы - 17, 2013 жылы – 24, 2014 жылы – 25 ұйым қатысты.

Жастардың жастар саясаты саласындағы іс-шараларға қатысуының сандық өсімі байқалады. 2011 жылы іс-шараларды іске асыруға 70600 адам, 2012 ж. - 75000 адам, 2013 жылы – 80000, 2014 жылы - 86100 адам қатысты.

Сонымен бірге, жастардың барлық деңгейдегі мәслихаттарға қатысуының төмен деңгейі байқалады. 2010 жылы барлық деңгейдегі мәслихаттарда 3 адам ғана тіркелді (облыстың депутаттық корпусы 205 адамнан тұрады), бұл облыс депутаттары жалпы санының 1,5%-н, 2014 жылы - 1%-н құрайды.

Барлық деңгейдегі әкімдіктер жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестер, облыстық жастар форумдары, «Облыс жастар ұйымдарының қауымдастығы» мемлекеттік органдар мен жастар бірлестіктерінің өзара іс-қимыл институттары болып табылады.

Сонымен бірге, 2014 жылдың қорытындысы бойынша жастарды еңбекке орналастыру және жұмыспен қамту, сондай-ақ, көрші елдердегі радикалды бағыттағы діни қауымдастық өкілдерінің әсер етуі мәселелерінің әсерінен «14 пен 29 жас аралығындағы тұрғындар арасында жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа қанағаттану деңгейі», сондай-ақ «15-28 жас аралығындағы жастардың жалпы санында NEET үлесі» индикаторлырына қол жеткізілмей отыр.

Мәселелер:


  • жастарды іс-шаралармен қамтудың төмен деңгейі;

  • аудан деңгейінде үкіметтік емес секторларды дамытудың төмен деңгейі;

  • мемлекеттік жастар саясаты саласында құрылымдық бөлімдермен әдістемелік жұмыс жүйесінің жоқтығы;

  • жұмыста жастармен жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың жоғары деңгейінің жетіспеушілігі.


Денсаулық сақтау

Халыққа медициналық қызметті 54 ауруханалық ұйым (оның 12 жеке меншік), 409 амбулаторлық-поликлиникалық мекеме (оның 25 жеке меншік), және 12 басқа да мекеме көрсетеді.

Облыстағы денсаулық сақтау саласында ана мен бала денсаулығын нығайту мен сақтау, әлеуметтік-маңызды ауруларға (туберкулез, онкологиялық аурулар, ЖҚТБ, жүрек-қан тамырлар аурулары, жарақаттанулар) қарсы әрекет ету жөніндегі жұмыстарды күшейту, материалдық-техникалық базаны нығайту, денсаулық сақтау жүйесін басқаруды жетілдіру басымды бағыттар болып табылады.

Халықпен жұмыс аурулардың алдын алуға және денсаулықты сақтаудағы жауапкершілікке, салауатты өмір салтын сақтауға бағытталған.

2009 жылдан бастап бала туу өсуде, 2009 жылы ол 26,00-ді (ҚР – 22,00) құраса, 2010 жылы – 27,24, 2011 жылы – 27,24, 2012 жылы – 26,83, 2013 жылы - 26,8, 2014 жылы 1000 адамға 27,14-ті құрады.

Өлім көрсеткіші 2009 жылы 7,00 (ҚР – 8,00) 2010 жылы - 8,01, 2011 жылы – 7,67, 2012 жылы – 7,53, 2013 жылы – 7,27, 2014 жылы – 6,79-ды құрады.

Халықтың табиғи өсімінің коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2009 жылғы 18,00-ден (ҚР – 13,00) 2010 жылы 18,45-ке, 2011 жылы 19,62-ге, 2012 жылы 19,30-ға, 2013 жылы 19,53-ке, 2014 жылы 20,35-ке дейін өсті.

Күтілетін өмір сүру ұзақтығы облыс бойынша 2009 жылғы 67,92 жастан (ҚР – 68,36) 2010 жылы – 68,13 жасқа, 2011 жылы-69,23 жас, 2012 жылы 69,53 жасқа (ҚР – 69,61 жас) 2013 жылы 69,73 жасқа дейін өсуде.

Ана өлімінің көрсеткіші тұрақты қысқаруда: 2009 жылғы 40,08-ден (ҚР – 36,8) 2010 жылы – 29,5-ке (ҚР – 23,1), в 2011 жылы -22,5, 2012 жылы – 18,7-ға (ҚР – 13,5), 2013 жылы – 14,8-ге (ҚР – 12,6), 2014 жылы – 18,1-ге (ҚР – 11,5) дейін, сонымен бірге орташа республикалық көрсеткіштен жоғары болып қалуда.

2014 жылы Бағдарламамен жоспарланған ана өлімі көрсеткішіне қол жеткізілген жоқ, жоспар 14,14, қол жеткізілгені 18,1. 2014 жылы 5 ана өлімі оқиғасы тіркелген, 2013 жылы 4 оқиға. Ана өлімінің негізгі себептері аналардың өз денсаулығына жауапкершіліктің төмен болуы нәтижесінде - акушерлік қан кету (20,0%), гестоздар (20,0%), экстрагенитальдық аурулар (60,0%).

Ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында облыста Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДСҰ) ұсынылған бағдарламалар енгізілген: ана сүтімен емізуді қолдау және ынталандыру, ана қауіпсіздігі, перинаталдық көмекті өңірлендіру, бала жасындағы ауруларды интегралдық жүргізу. Диагностика жасау мен емдеудің клиникалық хаттамалары барлық жерлерде енгізілген, халықты ақпараттандыру мен хабардар ету жұмыстары белсендендірілген, репродуктивті денсаулық саласындағы мамандардың біліктілігі арттырылуда. Жаңа туылған балаға хирургиялық көмек көрсету үшін облыстық перинаталдық орталық базасында 2012 жылы неонаталдық бөлім кеңейтілді. Аталған қызметтің нәтижесі 2011 жылғы 11,93-тен 2012 жылғы 10,04 – ке, 2013 жылы – 13,5-ке, 2014 жылы 10,5-ке дейін бала өлімінің қысқаруы болып табылады.

Облыста халықтың 100 мың адамға шаққанда қан айналымы жүйесі аруларының өсімі байқалуда, 2010 жылы ол 3106, 2011 жылы – 3106,1, 2012 жылы – 3877,8 (ҚР - 2194), 2013 жылы - 2896,9, 2014ж. – 2094,9-ды құрады, оның ішінде қан қысымының жоғарылығы 2010 жылы – 1276, 2012 жылы – 1932,7, 2013ж. – 1512,3, 2014ж. – 1173,2-ні құрады. Халықаралық стандартарға сәйкес оңалту және сауықтыру төсектері бар қалалық №1 ауруханасының базасында инсульттік орталық ашылды. Орталық компьютерлік томографпен қамтылған және оны жүзеге асыру жұмыстары жалғастырылуда. Кардиологиялық төсектерді қайта ұйымдастыру жүргізілген, ангиографиялық зертхана ашылған, қалалық және ауылдық медициналық ұйымдарында «алтын уақыт» принциптері кеңінен пайдаланыла бастады. 2013 жылы «Жүрек» кардиохирургиялық жеке клиника ашылды. 2014 жылы аталған орталық базасында жоғарғы мамандандырылған көмек көрсетуге мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз етілді.

Қатерлі ісіктермен ауыру деңгейі Жамбыл облысында төмен, ол 2010 жылы 100 мың халыққа шаққанда 125,3, 2011 жылы – 130,8, 2012 жылы – 129,5 (ҚР – 188,4), 2013 жылы – 139,9, 2014 жылы -141,1-ді құрады.

Өткен жылдарда туберкулезбен ауыру көрсеткіштерінің төмендегендігі байқалады, ол 2010 жылы 83,0, 2011 жылы – 78,4 (ҚР – 63,0), 2012 жылы - 77,2, 2013 жылы – 70,6, 2014 ж- 58,9-ды құрады.

Жұқпалы ВИЧ көрсеткішінің артқандығы байқалады, 2011 жылы ол – 8,9



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет