БАҒдарламасы мазмұны кіріспе


Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатына талдау жасау



бет12/27
Дата15.06.2016
өлшемі4.48 Mb.
#137657
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27

2.4. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатына талдау жасау

Жамбыл облысында 2010 жылы 16 өңірлік бағдарлама жұмыс істейді.

Үсіміздегі жылы 2004-2010 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі Бағдарламаны іске асыру шеңберінде барлық көздер есебінен 8 млрд. 694 млн. теңге көзделген, 2010 жылғы 1 қыркүйекке олардың 4 млрд. 743 млн. теңгесі немесе 54,6% игерілді. Аталған бағдарлама шеңберінде 2010 жылы 8 мектептің, 150 төсектік орталық аудандық аурухананың, ауысымына 250 адам келетін аудандық емхананың, 8 медициналық пункттік 3 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы, сондай-ақ 29 сумен қамтамасыз ету объектілерінің құрылысы және қайта жаңғыртылуы көзделген. Сондай-ақ ауылдық жерлерде 8 мектеп, 9 денсаулық сақтау объектісі, мәдениет үйлері және автомобиль жолдары күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілуде. Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылында жаңа тұрғын үй массивтерін газдандыру және электрмен қамтамасыз ету қарастырылған. «ЖЭС» ЖШС және «Қазақтелеком» АҚ өз қаржылары есебінен электр беру желілерін күрделі жөндеуден өткізуді, телефон байланысы объектілерін модернизациялау мен кеңейтуді жоспарлап отыр.

2005-2010 жылдарға арналған Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласының реформалау мен дамыту бағдарламасы халықтың денсаулық жағдайын жақсартуға, халыққа тиімді, қолжетімді медициналық көмек көрсету жүйесін жасауға бағытталған. Бағдарлама шеңберінде облыстың денсаулық сақтау жүйесінің құрылымын жетілдіру, денсаулық сақтау жүйесіндегі бастапқы медициналық көмектің рөлін одан әрі арттыру, бала мен ана денсаулығын нығайту, дәрілермен қамтамасыз етуді жетілдіру, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету, көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру, денсаулық сақтауды басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру жөнінде іс-шаралар жүргізілуде.

2008-2010 жылдарға арналған Жамбыл облысында туберкулезге қарсы күрес облыстық бағдарламасында көзделген туберкулезді емдеуге бағытталған бюджет соммасы 607,7 млн. теңгені құрайды, игерілгені-462,0 млн. теңге. Осылайша игеру 76% құрады. Аталған бағдарламаға сәйкес аурудың пайда болуына, таралуына және оны емдеуге байланысты проблемаларды шешуге бағытталған бірқатар шаралар іске асырылды, атап айтқанда облыстың туберкулезге қарсы мекемелері үшін медициналық жабдықтар сатып алуға 315,3 млн. теңге, санитарлық автокөлік сатып алуға, 14,9 млн. теңге, туберкулезге қарсы мекемелерді күрделі жөндеуге-317,6 млн, теңге бөлініп, бөлінген қаржылар толық игерілді.

Бағдарламамен көзделген іс-шараларды іске асыру нәтижесінде науқастану және өлу бойынша оңды көрсеткіштерге қол жеткізілді. Жалпы алғанда бағдарламаны көкейкесті, табысты игеріліп, табысты іске асырылып отырған бағдарлама ретінде сипаттауға болады.



2005-2010 жылдарға арналған Жамбыл облысының білім саласын дамытудың өңірлік бағдарламасын іске асыру шеңберінде халықтың барлық бөлігі үшін сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз етуге, қазақстандық отансүйгіштікті, мәдениетті, адамның құқықтары мен еріктерін сыйлау сезімін тәрбиелеуге, мемлекеттік тілді дамытуға, білім беру мазмұны мен құрылымын жаңартуға, халықаралық стандарттық білім жіктемесінің өлшемдеріне сәйкес кәсіптік білім беру және кадрларды дайындау жүйесін қайта құрылымдауға, білім жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Бағдарламаның бірінші кезеңінде көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға 7617,9 млн. теңге бөлінген, екінші кезеңде 17136,236 млн. теңге көзделген. Оның ішінде 2010 жылы 3790,991 млн. теңге бөлініп, 1.07.2010 жылға 1339,6 млн. теңгесі немесе 75,4% игерілді.



2006-2012 жылдарға арналған Жамбыл облысының облыстық және аудандық мәндегі автомобиль жолдарын дамыту бағдарламасы бойынша жалпы 5 млрд. 788 млн. теңге көзделген, оның ішінде республикалық бюджеттен - 4 млрд. 87 млн. теңге және облыстық бюджеттен - 1 млрд. 701 млн. теңге.

2006-2009 жылдары осы бағдарлама шеңберінде ұзындығы 28,8 шақырым «Қаркемер-Қарасай батыр», ұзындығы 10,05 шақырым «Қызтоған-облыс шекарасы» жолдарының құрылысы бойынша инвестициялық жобалар іске асырылды, «Аса-Қарабастау», «Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент» автожолдарының жекелеген учаскелеріне күрделі жөндеу және облыстық мәндегі 71 шақырым автожолдарға орташа жөндеу жүргізілді.

2010 жылы «Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент» автожолын күрделі жөндеу жалғасуда, орташа жөндеумен облыстық мәндегі 60 шақырым автожолдар қамтылған.

«2009-2011 жылдарға арналған Жамбыл облысының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту жөніндегі шаралар кешені» бағдарламасы бойынша 2010 жылы барлық көздерден 4863,8 млн.теңге бөлу жоспарланған, олардан 1 қыркүйекке 3433,7 млн.теңге бөлініп, 2903 млн.теңге игерілді, олардан: республикалық бюджеттен 4425,3 млн.теңге көзделіп, 1 қыркүйекке 3344,6 млн.теңге бөлініп, 2835,9 млн.теңгесі игерілді. Жергілікті бюджет қаржыларынан 108,5 млн.теңге көзделді, 1 қыркүйекке 89,1 млн.теңге бөлінді, 67,1 млн.теңге игерілді, басқа көздерден 330 млн.теңге бөлу көзделген, бүгінгі таңда бұл қаржылар игерілді.

Жалпы бағдарлама бойынша қаржылардың игерілуі 85% құрады, бұл ретте бағдарламаның көкейкестілігі мен іске асырылымы жоғары деп бағаланды.



«Ауыз су» бағдарламасы шеңберінде 2003-2009 жылдары 5988,3 млн. теңге игерілді, оның ішінде республикалық бюджет қаржылары - 4375,2 млн. теңге, жергілікті-1455,1 млн. теңге, шаруашылық субъектілері қаржылары -98 млн. теңге және Жол картасы бойынша - 60 млн. теңге. 2010 жылы 30 сумен қамтамасыз ету объектілерін салу және қайта жаңғырту көзделген. Бүгінгі таңда сумен қамтамасыз ету жүйелері 13 елді мекенде енгізілген, нәтижесінде 28 мыңға жуық адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.

2008-2010 жылдарға арналған Жамбыл облысында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру үшін 23,2 млн. теңге көзделген, олардан 17,7 млн. теңге бөлініп, толық көлемде игерілді.

Бағдарламаны іске асыру мақсатында бірқатар іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде бағдарлама көкейкесті, игерілуі - жоғары, іске асырылуы -жоғары деп бағаланды.



2007-2011 жылдарға арналған Жамбыл облысында дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламасы. Облыс халқы арасында дене тәрбиесі мен спортты дамыту мақсатында аудандарда демеушілер есебінен 5 стадион, 30 спорт алаңы, 1 бокс залы салынып, 67 спорт объектісі жөндеуден өткізілді. Үстіміздегі жылы облыс орталығында 65 аулалық спорт алаңдары құрылысы көзделіп, олардың 9-ы салынды.

Тараз қаласында Спорт сарайының құрылысына 4,0 гектар жер телімі бөлінді. Құрылысты аяқтау 2012 жылға жоспарланған.

Жоғары нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жаттықтырушы-оқытушыларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру көзделген. Осыған байланысты спорт және туризм Академиясында біліктілігін жоғарылату курстарын ұйымдастыру үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығы құрылып, онда біздің облысымыздан 10 жаттықтырушы оқыды, ал Тараз қаласындағы осындай орталықта 57 жаттықтырушы өз шеберлігін шыңдады.

Халықтың кең бөлігінің тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында облыста 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама шеңберінде 2008-2010 жылдары қаржыландырудың барлық көздері есебінен пайдалануға 566,1 мың шаршы метр тұрғын үй енгізу көзделген. 2008-2009 жылдары және 2010 жылдың қаңтар-тамызында пайдалануға 575,5 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді.



2007-2015 жылдарға арналған Жамбыл облысын газдандырудың кешенді бағдарламасы шеңберінде 140 елді мекен газдандырылатын болады, оның ішінде:

МГ БГР Ташкент-Бішкек-Алматы - 75;

МГ Амангелді - КС-5 - 29:

Жоспардағы МГ - Қордай-Шу - 36.

2008-2009 жылдары 443,6 млн. теңге республикалық бюджет қаржылары есебінен Жуалы ауданының 8 елді мекені газдандырылды (Ақбастау, Қарасаз, Зыковка, Дүйсебайұлы, Шақпақата, Амансай, Ынтымақ, Түктібай), бұл ретте табиғи газды 1597 абонент алады.

2008 жылы облыстық бюджеттен Жамбыл облысының 60 елді мекенін газдандырудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге 38,7 млн. теңге бөлінді. Нәтижесінде жалпы сомасы 2 745 042,4 мың теңгеге ТЭН әзірленді, оның ішінде:

Байзақ ауданының 7 е.м. газдандыруға – 267879,6 мың теңге;

Т.Рысқұлов ауданының 14 е.м. газдандыруға– 760058,7 мың теңге;

Жамбыл ауданының 11 е.м. газдандыруға– 447797,7 мың теңге;

Жуалы ауданының 10 е.м. газдандыруға –-216426,2 мың теңге;

Меркі ауданының 10 е.м. газдандыруға - 461010,2 мың теңге;

Талас ауданының 8 е.м. газдандыруға– 591869,986 мың теңге.



2007-2009 жылдарға арналған Жамбыл облысының тұрғын үй-коммуналдық саласын дамыту бағдарламасын іске асыруға мемлекеттік қаржылардың қажеттілігі 1175,9 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:

аудандар мен Тараз қаласы бюджеттері қаржыларынан және басқа бюджеттен тыс қаржылардан - 38,5 млн. теңге;

кәсіпорындар қаржыларынан - 1137,4 млн. теңге, олардан игерілгені - 742,3 млн. теңге.

Бағдарлама 18 іс-шаралар тармақтарынан тұрады, олардың 6 тармағы аудандар мен Тараз қаласы бюджеттері қаржыларынан және басқа бюджеттен тыс қаржылардан 38,5 млн. теңгеге қаржыландырылды.

Бағдарламамен көзделген іс-шараларды іске асыруды бағалау нәтижесінде бағдарламаның көкейкестілігі және іске асырылуы жоғары деп бағаланады.

2008-2010 жылдарға арналған білім, денсаулық сақтау, мәдениет салаларының жас білікті мамандарын ауылға бекіту жөніндегі бағдарлама.

Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі «2010-2011 оқу жылына техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі мамандарды дайындауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» №142 қаулысымен 4288 орын бөлінді, оның ішінде педагогикалық мамандықтар бойынша-220 орын, медициналық мамандықтар бойынша-250 орын, мәдениет және өнер мамандықтары бойынша-41 орын.

2008-2009 жылдары білім, денсаулық сақтау, мәдениет басқармаларының мәліметтері бойынша 682 адам, оның ішінде ауылдық жерлерде 384 адам жұмысқа орналастырылды.

2010 жылы Байзақ, Шу, Т.Рысқұлов аудандарында жергілікті бюджеттен жас дәрігер мамандарға 200 мың теңгеден, педагогтарға 100 мыңнан астам теңгеден төлемақы көзделді.

Сонымен бірге ауылдық елді мекендерде тұратын әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін 2010 жылы республикалық бюджеттен 139 маманға 17,5 млн. теңге көшерақы, тұрғын үй сатып алу кредиттеріне - 124,2 млн. теңге қарастырылды.

2009-2011 жылдарға арналған Жамбыл өңірлік экологиялық бағдарламада жергілікті бюджет қаржылары есебінен табиғат қорғау іс-шараларын орындау арқылы қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету бойынша басымды бағыттар айқындалған. Жалпы бағдарлама бойынша жалпы сомасы 1434,2 млн.тенгеге іс-шаралар атқару көзделген. Үстіміздегі жылы табиғат қорғау іс-шараларын өткізуге Бағдарлама бойынша 537,4 млн.тенге жоспарланған, іс жүзінде бөлінгені - 177,1 млн.тенге.

Үстіміздегі жылы облыстық бюджет қаржылары есебінен аса апатты жағдайда тұрған су шаруашылығы құрылғылары мен гидромелиоративтік жүйелерді қалпына келтіру, Шу, Жаңатас, Қаратау шағын қалалары мен Кордай ауылындағы атмосфералық ауа мен трансшекаралық өзендер бойынша жер үсті суларын ластанудың экологиялық мониторингін жүргізу, орманды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, облыстың елді мекендерін көгалдандыру, Жамбыл облысының пайдалы өсімдіктерінің ресурстық кадастрын жасау бойынша жұмыстарды аяқтау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.



«2008-2012 жылдарға арналған Жамбыл облысында қызылша шаруашылығын және қант өндірісін дамыту бағдарлдамасы» отандық шикізат өндірісін ұлғайту және оны тиімді қайта өңдеу арқылы облыста қант қызылшасын игеруді одан әрі дамытуға және қант өндірісін қалпына келтіруге бағытталған. Бүгінгі таңда аталған бағдарлама шеңберінде қант қызылшасын өсіретін шаруалар мен қант зауыттары арасында әріптестік қатынастар мен өзара тиімді келісімдерге қол жеткізіліп, бірлескен Меморандумға қол қойылды және жолға қойылған жұмыстар жүргізілуде. Қант қызылшасын өсіру мен жинауға арналған қажетті техника сатып алу үшін «Тараз» СПК шаруалардың сервистік-даярлау орталықтарының ауылшаруашылық техникаларын пайдалануы үшін жағдайлар жасады.

Жалпы бағдарламаның іске асырылуы және көкейкестілігі жоғары деп бағалануда.



3. ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ БОЛАШАҚ КӨРІНІСІ
Жамбыл облысы Қазақстанның оңтүстігінің қарқынды дамитын және бәсекеге қабілетті, өнеркәсіптік-аграрлық өңір; Қытай мен Еуропа арасындағы қолайлы көлік дәлізі болатын өңір; ішік және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілетті химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнімдері өндірісі бар өңір; өмір сүру деңгейі жоғары, дені сау және білімді халқы бар өңір; ірі және шағын бизнесті дамыту үшін қолайлы бизнес климаты бар өңір; жоғары білікті және тиімді жергілікті билігі бар өңір болады.
1 бағыт.: «Агроәнеркәсіп кешенінде, химия, жеңіл өнеркәсіпте өнімділігі жоғары инновациялық техноглогиялар ендіру негізінде өңір экономикасын жеделдетіп дамыту»

  • ЖЖӨ нақты өсімі 2015 жылы 2010 жылдың деңгейіне қатысты 139,4% құрайды (2010 ж. – алдын ала мәлімет б/ша 107,6%);

  • ЖӨӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібі үлесінің 2015 жылға кем дегенде 15,6% ұлғаяды (2009 ж.- 12,6%);

  • Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2015 жылы 157,0 млрд. теңге (2009 ж. – 88,2 млрд. теңге);

  • Өңдеу өнеркәсібінің алдыңғы жылға НКИ 2015 жылы 107,5%;

  • Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің 2015 жылы кем дегенде 1,4 есеге ұлғаюы,мың. теңге/адам (2009ж.-15,0 мың долл./адам, 147,5 теңге курс бойынша, 2010 жылы – 16,3 мың долл./адам, 147,34 теңге курс бойынша);

  • Экспорттың жалпы көлеміндегі шикізаттық емес экспорт үлесінің 2015 жылға кем дегенде 91% ұлғаяды;

  • Шикізаттық емес экспорт көлемінің өңдеу өнеркәсібі өндірісінің бірлескен көлемі 2015 жылы 35,8% құрайды (2009 ж. – 28,5%);

  • Инновациялық өнім өндіру көлемі 2015 ж. – 2503,19 млн.теңге;

  • Өңдеу өнеркәсібіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі 13,2% дейін (2009 ж. – 4,4%);

  • ЖӨӨ энергия сыйымдылығының 2014 жылға 2008 жылдың деңгейінен кем дегенде 10% төмендеуі;

  • Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, жүйе құрушы кәсіпорындардың тауарларды сатып алуларындағы қазақстандық үлестің 64% дейін өсуі (2009 ж. - 58%);

  • 2015 жылы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, жүйе құрушы кәсіпорындардың жұмыстар мен қызметтерді сатып алуларындағы қазақстандық үлестің 90% аса өсуі (2009 ж. – 83,6%);

  • Менеджмент жүйесін (ИСО және ХАССП) ендірген және сертификаттаған кәсіпорындар санының 295 бірлікке дейін өсуі (2009 ж. – 148 бірлік);

  • Менеджмент жүйесін ендірген және сертификаттаған экспортқа бейімделген кәсіпорындар санының өсуі, 2015 жылы – 10 бірлік (2009 ж. – 3 бірлік);

  • ЖӨӨ құрылымындағы химия өнеркәсібі өнімдерін шығару үлесі 2015 жылы 5,6% (2009 ж. – 3,3%);

  • Химия өнімдері өндірісінің көлемі 2015 жылға 2,6 есеге өседі,

  • Химия өнеркәсібінің НКИ 2015 жылы 2014 жылдың деңгейіне – 118,1%;

  • Химия өнімдерін экспорттау 2015 жылға қарай 1,5 есеге артады;

  • Минералдық тыңайтқыштардың әр түрлерінің өндірісі 2015 жылға қарай 244,8 мың тоннаға жетеді;

  • Химия саласындағы еңбек өнімділігі 2015 жылға қарай өсуі, 5,9 млн.тенге/адам;

  • Металлургиялық өнімнің және дайын металл бұйымдары өндірісінің екі еселенуі 2015 жылға қарай 19,7 млрд.теңгеге дейін;

  • Минералдық шикізатты тереңдете қайта өңдеу және жаңа шектеуліктер жасау негізінде металлургия саласының жалпы қосымша құнының кем дегенде 107% өсуі;

  • Металлургия өнеркәсібінің өндіріс көлемі 2015 жылы 14,7 млн. теңгені құрайды;

  • Металлургия өнеркәсібінің НКИ 2015 жылы 2014 жылдың деңгейіне 104,2% (2009 ж. – 92,2%);

  • Металлургия өнімдерін экспорттау 2015 жылға қарай 20,4 млрд. тенгеге өседі;

  • Металлургия өнеркәсібі саласында еңбек өнімділігін 2015 жылға 4,7 млн.теңге/адам;

  • ЖӨӨ құрылымындағы машина жасау өнімін шығару үлесі 2015 жылы 0,9%;

  • Машина жасау саласының жалпы қосымша құны 2015 жылға қарай 4,5 млрд.теңгеге дейін;

  • Машина жасау саласының жалпы қосымша құнының 2015 жылға өсімі 100%-ға дейін;

  • Машина жасау саласының өндіріс көлемі 2015 жылға 8,6 млрд.теңге құрайды;

  • Машина жасау өндірісінің НКИ 2015 жылы 2014 жылдың деңгейіне 100,2%;

  • Машина жасау саласындағы еңбек өнімділігі 2015 жылы 1,6 млн.теңге/адам дейін артуы;

  • Құрылыс индустриясындағы жалпы қосымша құнның өсімі 2015 жылы 102,0%-ға дейін (2009 ж. – 100);

  • Өзге металлдық емес минералдық өнімдер өндіру көлемі 2015 жылы 16,9 млрд. теңге;

  • Өзге металлдық емес минералдық өнімдер өндіру НКИ 2015 жылы 103,1% (2009 ж. – 80,3%);

  • Құрылыс материалдары отандық өндірісі үлесінің артуы 2015 жылға 8,63% (2009 ж. – 1,24);

  • Құрылыс материалдары секторындағы өндіріс экспортының үлесі 2015 жылы 0,17%-ды құрайды;

  • ЖӨӨ құрылымындағы жеңіл өнеркәсіп өнімін шығару үлесі 2015 жылы 0,06%-ды құрайды;

  • Жеңіл өнеркәсіптің жалпы қосымша құны 2015 жылы 1629,0 млн. теңге;

  • Жеңіл өнеркәсіптің өндіріс көлемі 2015 жылы 2715,8 млн. теңге;

  • Жеңіл өнеркәсіптің өсім қарқыны 2015 жылы 105,0%;

  • 2015 жылға қарай жеңіл өнеркәсіп өніміне ішкі нарық сұранысын 2% деңгейге дейін қанағаттандыру;

  • Жеңіл өнеркәсіптің еңбек өнімділігін арттыру 2015 жылға 0,8 млн.теңге/адам дейін (2009 ж. – 0,6 млн.теңге/адам);

  • ЖӨӨ құрылымындағы мұнай өнімдерін шығару үлесі 2015 жылы 0,2% (2009 ж. – 0,2%);

  • Мұнай өнімдері өндірісі көлемдері 2015 жылы 3064,6 млн.теңге;

  • Электр энергиясы өндірісінің көлемдері;

  • Электр энергиясын тұтыну көлемі;

  • Жылу энергиясы өндірісінің көлемі;

  • Жылу энергиясын тұтыну көлемі;

  • Энергияны жергілікті көздерден өндіру 2015 жылы 50%-ды құрайды;

  • Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің НКИ 2015 жылы 2014 жылдың деңгейіне 104,2% немесе 83,2 млрд . теңгені құрайды (2009 жылы – 117,4% немесе 68,4 млрд. теңге);

  • Аграрлық саланың экспорттық әлеуеті 2015 жылы экспорттың жалпы көлемінде 24,1% дейін ұлғаяды (2009ж. – 17,0%);

  • Агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігі 2015 жылы 2,2 есеге (2009 ж. - 236 мың теңге);

  • 2015 жылы етті қайта өңдеу үлесі 35,5%, сүт - 55%, жеміс пен көкөніс - 15% артады (2009ж.: ет – 27,2%, сүт – 18,9%, жеміс пен көкөніс – 0,01%);

  • 2015 жылға қарай АӨК жалпы қосымша құны ұлғаяды, ақшалай 2015 жылы – 53,2 млрд.тенге (2010ж.- 43,9 млрд. теңге);

  • 2015 жылға қарай жер үсті көздерінен су алу 0,8 млн. м3 қысқартылады;

  • 2015 жылға қарай каналдардың пайдалы әрекетінің коэффициенті 0,05 құрайды;

  • 2015 жылы жылдық балық аулау 350 тоннаға жетіп немесе 2009 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге ұлғаюы тиіс;

  • Жер ресурстарын басқару тиімділігі артады;

  • Белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындар саны 1000 тұрғынға шаққанда 2015 жылға 40 бірлікке көбейеді;

  • 2015 жылы сауда НКИ 2009 жылғы 102,9% қарағанда 105% құрайды (алдыңғы жылға);

  • 2015 жылы сыртқы сауда айналымы өсімінің қарқыны 103,9% құрайды (алдыңғы жылға), (2009 жылы -62,6% );

  • Ірі объектілер мен сауда желілерінің бөлшек сауда айналымының жалпы көлеміндегі үлесінің өсімі 2009 жылғы 1,1% қарағанда 1,9% құрайды;

  • Туристік салада қызметтер көрсететін ұйымдардың жалпы кірістері 2015 жылы 2008 жылдың деңгейінен 15% ұлғаяды;


2 бағыт. «Әлеуметтік саланы және адами әлеуетті дамыту, халықтың өмір сүру сапасының деңгейін арттыру, сапалы әлеуметтік қызметтердің барлық түрлерімен қамтамасыз ету».

  • Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы - 2015 жылы 70,3 жас (2009 ж.-68,7 жас).

  • 1000 адамға шаққандағы жалпы өлім деңгейі - 2015 ж. 6,6 (2009 ж.-7,82).

  • 1000 тірі туылғандарға шаққандағы ана өлімі - 2015 жылы 25,9 (2009 ж. - 40,0).

  • 1000 тірі туылғандарға шаққандағы нәресте өлімі - 2015 жылы 12,3 (2009 ж. - 18,4).

  • Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 2013 жылы - 56,1% және 2015 жылға қарай – 73,5%;

  • Табиғи-математикалық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын табысты меңгерген оқушылар үлесі 2013 жылы – 58 %, 2015 жылға қарай –60 %;

  • Инклюзивтік білім беру үшін жағдайлар жасаған білім ұйымдарының олардың жалпы санындағы үлесі - 2013 жыл - 17,7%, 2015 жылға қарай - 30,0%;

  • ТжКБ оқу орындары түлектерінің оқуды аяқтағаннан соң бірінші жылы жұмысқа орналасқандарының және жұмыспен қамтылғандарының үлесі - 2013 жылы - 60%, 2015 жылға қарай - 62%;

  • Жұмыс берушілердің бірлестігінде біліктілігін тәуелсіз бағалаудан бірден өткізген ТжКБ оқу орындары түлектерінің үлесі 2013 жылы - 55%, 2015 жылы – 60%.

  • 2009 жылы жұмыссыздық деңгейі 6,5% құрады, 2020 жылға қарай 5%, 2015 жылға қарай 5,5% аспайды;

  • 2009 жылы жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналастыруға ықпал ету үшін жүгінген тұлғалардан жұмысқа орналасқандарының үлесі 2009 жылы 83,9% құрады, 2015 жылы - 72,5% құрайды;

  • Жамбыл облысы бойынша жұмыспен қамтылған халық құрамындағы жоғары білікті жұмыс күшінің үлесі 2009 жылы 54,8% құрады, 2010 жылы-44,1%, 2015 жылы - 46,2% жетеді;

  • Тартылған шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандар үлесі 71,2% құрады, 2010 жылы - 50,0%, 2015 жылы - 52,5% жетеді;

  • Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іс-шараларымен қамту, 2011 жылы 154 адам;

  • Ең төменгі күнкөріс деңгейінен табысы аз тұрғындардың жалпы халықтың санындағы үлесі 2009 жылы 4,8%, 2010 жылы - 5,3% құрады, облыс бойынша 2015 жылы 5,1% төмендейді;

  • Атаулы әлеуметтік көмек алушылар құрамындағы еңбекке қабілетті халықтың үлес салмағы 2009 жылы 39%, 2010 жылы - 38,2% құрады, 2015 жылы - 30% төмендейді.

  • Арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалар үлесі (әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалардың жалпы санынан) 2009 жылы 100% құрады, 2015 жылы-100% құрайды.

  • Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтар саны - 2013 жылы – 19,4%, 2015 жылға қарай – 22% (2009 жылы – 12%);

  • Облыстың спорт мекемелеріндегі 6 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер саны - 2013 жылы – 11,1%, 2015 жылға қарай – 12,9% (2009 жылы-6,2%);

  • Облыс халқының мәдениет саласы қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейі 2013 жылы - 50%, 2015 жылы - 52% құрайды (2009 ж. – 45%).


3 бағыт. «Экономиканы үдемелі индустрияландыруға және сапалы тұрғын үй коммуналдық және көліктік қызметтерді қамтамасыз етуге ықпал ететін инфрақұрылым кешенін модернизациялау».

  • Орташа алғанда жергілікті мәндегі автомобиль жолдарының 80% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда;

  • Орташа алғанда республикалық мәндегі автомобиль жолдарының 100% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда;

  • Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үй енгізу 2015 жылға қарай 1081,9 мың шаршы метрге жетеді (2011-2015жж.);

  • Азаматтық қолданыстағы нысандарды сейсмотұрақтылыққа зерттеу;

  • Қалалардағы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қолжетімділік 2015 жылға қарай 100% құрайды (2009 ж.-74,2%);

  • Ауылдық жерлерде орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қолжетімділік 2015 жылға қарай 68% құрайды (2009 ж.-40,9%);

  • Экономиканың сұраныстарын қанағаттандыратын өз көздерінен энергия өндіру 2015 жылы 50% құрайды;

  • Әлеуметтік-елеулі мемлекеттік қызметтердің кем дегенде 50% электрондық форматқа көшіруді қамтамасыз ету;

  • Халықтың компьютерлік сауаттылығын 2015 жылға қарай 40% дейін арттыру;

  • ҚР ЖӨӨ ИКТ секторының инфокоммуникациялық инфрақұрылымды қосқандағы үлесі 2015 жылға қарай 2% құрайды (2009 ж.-1,95%);



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет