БАҒдарламасы мазмұны кіріспе


Шағын және орта кәсіпкерлік



бет7/26
Дата22.02.2016
өлшемі4.65 Mb.
#1769
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26

Шағын және орта кәсіпкерлік


Өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлік жолға қойылған экономикалық сала ретінде бағаланады. в регионе оценивается как сложившаяся экономическая сфера. Шағын және орта бизнес халықтың жұмыспен қамтылуының айтарлықтай пайызын, тауарлар мен қызметтердің кең көлемді саласын қалыптастыруды, бюджетке салық түсімдерінің маңызды үлесін қамтамасыз етеді. Облыстағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму көрсеткіштері түсімдік динамикасына ие, бұл экономиканың осы саласының дамуының оңды үрдістерінен көрініс береді.
2005-2009 жылдардағы шағын және орта кәсіпкерлік

көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы
8 кесте

Көрсеткіштер атауы

Жылдар




2005

2006

2007

2008

2009

Белсенді субъектілер саны, бірлік

27290

34181

33822

36138

38206

Өнім шығару, млрд. теңге

45,3

56,8

83,9

102,4

109,9

Барлық жұмыс істейтіндер саны, мың адам.

99,6

123,1

137,7

133,8

136,2

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру үшін Жамбыл облысына республикалық бюджет есебінен барлығы 912364,0 мың теңге бөлінген. Оның ішінде:

- шағын кәсіпкерлікті қолдауға арналған мақсатты ағымды трансферттер - 600 364,0 мың теңге;

- индустриалды инфрақұрылымды дамытуға арналған мақсатты трансферттер - 312 000,0 мың теңге.

Облыс әкімдігінің қаулысымен өңірлік үйлестіру кеңесінің ережесіне «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберіндегі жобаларды қарау және таңдау жөніндегі қызметтер енгізілген.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын орындау мақсатында Жамбыл облысының жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамуы жөніндегі өңірлік үйлестіру Кеңесінің 2010 жылғы 21 мамырдағы шешімімен Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары үшін экономиканың басымды салаларының тізбесі бекітілген, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберіндегі мақсатты трансферттер сомасы төмендегідей ретпен бөлінген:

- пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға - 100 000,0 мың теңге,

- кредиттерді кепілдендіруге - 398 158,0 мың теңге;

- сервистік қызметтерге - 52 206,0 мың теңге;

-экспортқа бағытталған өндірісті қолдауға -50 000,0 мың теңге.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде екінші деңгейдегі банк бөлімшелерінің қарауында жалпы сомасы 7200,7 млн. теңгенің 17 жобасы жатыр. Олар:

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға екінші деңгейдегі банк бөлімшелеріне жалпы сомасы 4383,0 млн. теңгелік 7 тапсырыс келіп түсті, оның ішінде 3 жоба 1451,5 млн. теңгеге жартылай гаранттауға берілген. Бүгінгі таңда бір жоба - «Альянс банк» АҚ ұсынған «Super Pharm» ЖШС-нің 150,0 млн. теңге сомасындағы жобасын өңірлік үйлестіру Кеңесі мақұлдады және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне келісуге жолданды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша екінші деңгейдегі банк бөлімшелеріне жалпы сомасы 2817,7 млн. теңгелік 10 тапсырыс түсті. ҚР экономикасын жетілдіру мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссия жанындағы Жұмысшы топтың шешімімен облыс бойынша келесі жобалар мақұлданды: 2,4 млн. теңгеге стоматологиялық медициналық қызмет көрсету жөніндегі «Стом және К» ЖШС-нің жобасы, 24,8 млн. теңге сомасына демалыс аймағын салу жөніндегі жобасы.

Сервистік қолдау бойынша Облыс Әкімінің ресми сайтында үстіміздегі жылдың 19 қазанында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету қызметін сатып алуға арналған мемлекеттік сатып алулар туралы конкурс жарияланған.

«Өндірістік (индустриалды) инфрақұрылымды дамыту» бойынша жұмысшы органға қажетті инфрақұрылымды жасауға облыс кәсіпкерлерінен 1217,0 млн. теңге сомасындағы 9 ұсыныс түсті. Өңірлік үйлестіру Кеңесінің 2010 жылғы 13 тамыздағы және 15 қазандағы мәжілістерінде бұл жобалар қаралды, нәтижесінде 7 жоба бойынша оңды шешім шығарылды, 2 жоба қайтарылды. Бүгінгі таңда бұл жобалар уәкілетті органға (ЭДСМ) келісуге жолданды.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының негізгі ережелерін түсіндіру үшін облыстағы кәсіпкерлік құрылымдар арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Барлық аудандар мен Тараз қаласында бағдарламаның негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі семинар-кеңестер өткізілді.

Облыс Әкімінің тікелей қатысуымен Бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша бірқатар кеңестер өткізілді.

Сондай-ақ, облыстық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Облыс әкімдігінің ресми сайтында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы туралы қажетті ақпараттар берілген.

1) 2010 жылдың 3 наурызында Жамбыл облысы кәсіпкерлерінің форумында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының іске асырылуына түсінік берілді.

2) Үстімізегі жылдың 6 мамырында «Даму» «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның өңірлік бөлімшесімен бірлесе отырып, кәсіпкерлердің, екінші деңгейдегі банк бөлімшелерінің қатысуымен «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының ережелерін түсіндіру жөнінде кеңес өткізілді.

3) 2010 жылдың 7 маусымында облыстық әкімдікте облыс кәсіпкерлерінің қатысуымен «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының негізгі ережелері мен іске асырылу жолдарын түсіндіру жөнінде семинар-кеңес өткізілді.

4) Жергілікті жерлердегі кәсіпкерлерге ақпарат беру үшін аудандар мен Тараз қаласының әкімдеріне «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы жолданды.

5) «Бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету» бағдарламасының бағыттарын іске асыру мақсатында аудандар мен Тараз қаласының әкімдеріне «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының кеңесшілері ретінде таңдап алуға үміткерлердің тізімін беру туралы хат жолданды.

6) «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы туралы ақпарат облыс әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

7) Басқарма мен «Даму» «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның өңірлік бөлімшесімен бірлесе отырып 5-20 қазанда облыс кәсіпкерлерінің қатысуымен облыстың барлық аудандарында (қалада) семинарлар өткізілді.

2010 жылдың 26 қазанында облыстық әкімдікте облыс кәсіпкерлерінің қатысуымен «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының негізгі ережелері мен іске асырылу жолдарын түсіндіру жөнінде семинар-кеңес өткізілді.

Семинар кезінде бұл бағдарламаға қатысушы екінші деңгейдегі банк бөлімшелері «мобильдік кеңселер» орнатты, онды әрбір кәсіпкер қажетті ақпарат ала алады.

Сондай-ақ облыстық ақпарат құралдары арқылы да кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Жергілікті атқарушы органда «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының шеңберінде БВУ-ға келіп түскен жобалар мониторингін жасауда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет