Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі салаларынан тұратын агроөнеркәсіптік кешеннің облыс экономикасындағы ролі зор. Облыстың ЖӨӨ-дегі ауыл шаруашылығының үлесі 2009 жылы 12,8%-ды құрады. Сонымен бірге оның ЖӨӨ-дегі үлесінің 2005 жылы 17,5%-дан төмендеді, сауда, құрылыс, көлік және байланыс салалары үлесінің артуынан болды.
Облыстағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемінің үлес салмағы ауыл шаруашылықтың республикалық көлемінде 4,1%-ды құрайды. Агроөнеркәсіптік кешенде облыстың еңбекке жарамды халқының 33%-ы жұмыс істейді.
Ауыл шаруашылығы дақылдары 10489,6 мың га жерді алып жатыр, бұл облыстағы жалпы жер алқабының 72,7%-ын құрайды. Егіс алқаптарының негізгі алаңдарын дәнді және жемдік дақылдар (жалпы егіс алқаптарының 80%-ын) құрайды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің құрылымының жартысынан көбін халық шаруашылығының өнімдері, 37%-ын – шаруа қожалықтарының өнімдері, 7,2%-ын – ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өнімдері құрайды, бұл ретте шаруа қожалықтарының саны облыстағы барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарының 97%-ын құрайды.
Ауыл шаруашылығының өңірлік өнімдерінің құрылымында мал шаруашылығы (49%) мен өсімдік шаруашылығы (51%) бірдей үлеске ие. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өңірлік өнімінің құрылымындағы өсімдік шаруашылығының үлесі төмендеді, ол 2005 жылы 57,3%-ды, 2009 жылы – 51%-ды құрады.
Өсімдік шаруашылығы үлесінің төмендеуі егіс алқаптарының және дәнді дақылдар өндірісі көлемінің қысқаруымен негізделген. Дәнді дақылдардың егіс алқабы 2009 жылы 235,7 мың га құрады, бұл 2005 жылға қарағанда 41,5% -ға кем.
Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін және оның қайта өңдеу өнімдерін өндіруді арттыруда оңды серпілістер байқалуда. Азық-түлік импортының деңгейі төмендеуде, жабдықтармен және ауыл шаруашылығы техникаларымен жабдықталу артуда.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің құрылымы
Кесте 1
|
2005 жыл
|
2006 жыл
|
2007 жыл
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
млн. теңге
|
үлес салм, %
|
млн. теңге
|
үлес салм, %
|
млн. теңге
|
үлес салм, %
|
млн. теңге
|
үлес салм, %
|
млн. теңге
|
үлес салм, %
|
ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, барлығы
|
45737,4
|
100
|
45832,3
|
100
|
60331,9
|
100
|
63202,0
|
100
|
68463,1
|
100
|
оның ішінде:
- өсімдік шаруашылығы
|
26188,3
|
57,3
|
23193,4
|
50,6
|
34154,2
|
56,6
|
30013,4
|
47,5
|
34925,5
|
51,0
|
- мал шаруашылығы
|
19549,1
|
42,7
|
22638,9
|
49,4
|
26177,7
|
43,4
|
33188,6
|
52,5
|
33537,6
|
49,0
|
2005-2009 жылдардағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,5 есеге артты және 2009 жылы 2005 жылғы 45,7 млрд. теңгеге қарсы 68,4 млрд. теңгені құрады. 2009 жылы нақты көлем индексі 117,4%-ды құрады (1 кесте).
2009 жылы өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі 34,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2005 жылға қарағанда 33,4%-ға артық. 2008 жылы ауыл шаруашылығы өндірісінің құлдырауы (НКИ – 92,7%) байқалғандығын атап өтуіміз керек, бұл жағымсыз табиғи жағдайларға байланысты өсімдік шаруашылығы (85,3%) өнімінің құлдырағандығымен негізделді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру
Кесте 2
|
2005 жыл
|
2006 жыл
|
2007 жыл
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
мың тонна
|
мың тонна
|
мың тонна
|
мың тонна
|
мың тонна
|
Өсімдік шаруашылығы өнімдері
|
Дәнді және дәндібұршақты дақылдар
|
655,1
|
431,1
|
425,9
|
152,5
|
553,3
|
Қант қызылшасы
|
13,7
|
3,7
|
0,2
|
9,0
|
17,4
|
Күнбағыс
|
5,3
|
5,3
|
4,7
|
5,4
|
5,0
|
Картоп
|
107,0
|
94,1
|
103,4
|
104,9
|
108,8
|
Көкөністер
|
356,2
|
324,6
|
359,6
|
362,5
|
349,8
|
Бақша дақылдар
|
143,9
|
121,7
|
127,0
|
147,0
|
148,3
|
Мал шаруашылығы өнімдері
|
Тірі салмақтағы ет
|
76,2
|
79,9
|
83,2
|
86,1
|
87,2
|
Сойылған салмақтағы ет
|
41,3
|
43,6
|
45,6
|
46,6
|
47,3
|
Сүт
|
244,1
|
253,0
|
260,7
|
266,9
|
269,1
|
Жұмыртқа
|
92,0
|
93,9
|
96,0
|
99,7
|
109,6
|
Жүн
|
4,8
|
5,3
|
5,3
|
5,4
|
5,5
|
Облыс халқының көкөніске деген сұранысын қамтамасыз ету үшін 16 га аумақтағы 200 жылыжай, оның ішінде 2009 жылы - 5,7 га аумақтағы 100 жылыжай іске қосылды.
2009 жылы дәнді дақылдардың жалпы жиналымы 533,3 мың тоннаны, картоп 108,8 мың тоннаны, көкөніс 349,8 мың тоннаны және бақша дақылдары – 148,3 мың тоннаны құрады. 900 га егістікте суды үнемдейтін тамшылы суару технологиясы ендірілді. Сонымен қатар, облыстағы бірқатар шаруашылықтар күздік бидайды айдарлап егуді қайта қарау жөнінде Су шаруашылығы ҒЗИ-ның зерттемелерін пайдалануда, бұл суғару шығынын 25%-ға қысқартады.
Ауыл шаруашылығы құрылымдарының техникалық жарақтандырылуы артуда, 201 жылдың 1 қаңтарында 761,5 млн. теңгеге 132 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары сатылып алынды.
Облыста мал шаруашылығы өндірісінің көлемінің тұрақты өсу қарқыны байқалуда, ол 2005-2009 жылдары 1,7 есеге арты және 2009 жылы 2005 жылғы 19,5 млрд. теңгеге қарсы 33,5 млрд. теңгені құрады.
Жылдан жылға ет, сүт, жүн өндіру, барлық мал түрлерінің өнімділігі мен мал басы артуда. Мал шаруашылығының негізгі өнімдерін өндіруде халықтың жеке меншік қосалқы шаруашылықтарының үлесі басым, мұнда 84,4% ет, 90,8% сүт, 78,6% жұмыртқа, 72,3% жүн өндірілген.
2005-2009 жылдары ет өндіру (тірі салмақта) 14%-ға артты және 2009 жылы 2005 жылғы 76,2 мың тоннаға қарсы 87,2 мың тоннаны құрады. Сүт сауу 2005 жылдан бері 10,2%-ға артты және 2009 жылы 269,1 мың тоннаны құрады. Жүн өндірісінің өсімі бес жылда 14,8%-ды құрады, бұл мал басының артуына байланысты.
Асыл тұқымды шаруашылықтар мен асыл тұқымды мал басын арттыру, қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыстарының тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыстар жалғастырылуда. Бүгінгі таңда 89 асыл тұқымды шаруашылық, оның ішінде 8 асыл тұқымды зауыт және 179 қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыс істеуде.
Жамбыл облысындағы асыл тұқымды малдың жоғары өнімділігінің үлесі МІҚ мал бойынша – 7,3%-ды (республикада 3 орында), қой – 16,1%-ды (республикада 4 орында), шошқа – 31,7%-ды (республикада 2 орында), жылқы – 15,3%-ды (республикада 1 орында), түйе бойынша – 36,5%-ды (республикада 2 орында) құрайды.
Облыста ветеринарлық биологиялық препараттарды пайдалану бәсекелес ортаға берілген, емдеу-сауықтыру шараларын лицензияланған 350 ветринар дәрігерлер іске асырады. Облыс аумағында малдың 25 жұқпалы аурулары бойынша алдын-алу шаралары жүргізіледі, ол республикалық бюджеттен қаржыландырылады, басқа науқастар бойынша шаралар мал иелерінің өз қаржылары есебінен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасындағы 2006-2010 жылдарға арналған Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыстағы ауылшаруашылығы құрылымдарын қолдауға республикалық бюджеттен 2006-2009 жылдары 4,8 млрд. теңге, 2010 жылға – 1,7 млрд. теңге бөлінді, 2010 жылдың 1 қазанында оның 1,2 млрд. теңгесі игерілді.
Облыста ауылдық кредиттік серіктестіктерді дамыту бағдарламасы мен ауылдағы микрокредиттеу бағдарламасы дамуда, оның мақсаты ауылдық кредиттік серіктестіктерді кредиттік қаржылармен қамсыздандыру болып табылады. Құрамында 543 ауылшаруашылығы құрылымдары бар 11 ауылдық кредиттік серіктестіктер құрылды. 2009 жылы жалпы сомасы 305,2 млн. теңге кредит берілді, бұл 2008 жылға қарағанда 125,8 млн. теңгеге артық.
Жамбыл облысы АӨК-нің негізгі мәселелерінің бірі ауыл шаруашылығы жерлеріне минералды тыңайтқыштарды себу деңгейінің төмендігі болып табылады. Минералды тыңайтқыштарды сатып алу бойынша мемлекеттен берілген 50% субсидияға қарамастан, Жамбыл облысындағы тыңайтқыштарды пайдалану деңгейі дамыған елдерден барынша артта қалуда.
Азық-түлік өндірісі
Азық-түлік өнеркәсібі облысты дамытуда болашағы бар сала болып табылады, бұл шикізат өндірісінің, өндіріс қуаттарының облысты 4 шекаралық аудандарына шоғырланғандығынан, Қырғызстанның өткеру нарығының жақын орналасқандығынан болып отыр.
Экономикалық дағдарыс азық-түлік саласының кәсіпорындарына да өз әсерін тигізді, бұл айналым қаржыларының жоқтығынан болды. Консервіленген және алкогольдік өнімдер, клейковина, қышқыл сүт өнімдері өндіретін кәсіпорындар («Концерн Азия Қазақстан» ЖШС, «Зар-Замин» ЖШС, «Фудмастер-Қордай» ЖШС) толығымен және жартылай тоқтап тұрды. Консервіленген және алкогольдік өнімдер шығаратын ірі өндірушілер («Тараз» ЖШС, «БМ» ЖШС) сот істеріне байланысты өз жұмыстарын тоқтатқан.
Латын Америкасынан әкелінетін шикізатты (қант шикізаты) жеткерудің тұрақсыздығынан және облыстың қант зауыттарындағы жабдықтардың 2009 жылы күрделі жөндеуден өтуінен қант өндірісінің көлемі төмендеді.
2009 жылы «Қант» АҚ-дағы қант өндірісінің көлемі 11,0 млрд. теңгелік 111,3 мың тоннаны құрады, бұл 2008 жылғы деңгейден 43,5%-ға төмен. 2009 жыладың қыркүйегінен бастап қана шетелден қант шикізатының келуімен байланысты қант шығару қайта жанданды.
Қант өндірісінің төмендеуінің осы тәрізді себебі 2009 жылы «Меркі қант зауыты» ЖШС-де де байқалды, мұнда өндіріс тек желтоқсанда ғана іске қосылды және жыл қорытындысы бойынша 112,4 мың тонна қант өндірілді, бұл 2008 жылғы деңгейден 18,2%-ға төмен.
Облыстың тамақ өнеркәсібі негізінен Тараз қаласына (3 кесте) және Меркі ауданына шоғырланған.
Тараз қаласындағы тамақ өнеркәсібінің негізгі кәсіпорындары
Кесте 3
№
|
Компания
|
Негізгі өндірілетін өнім
|
1.
|
«Қант» АҚ
|
Қант өндіру
|
2.
|
«Та-Мак» ЖШС
|
Макарон өнімдерін өндіру
|
3.
|
«Салангани» ЖШС
|
Макарон өнімдерін өндіру
|
4.
|
«Зар Замин» ЖШС
|
Ұн өндіру
|
5.
|
«Галеника» ЖШС
|
Сүт өнімдерін өндіру
|
6.
|
«Дәнегүл» ЖШС
|
Сүт өнімдерін өндіру
|
7.
|
«Астана Самсон» ЖШС
|
Сүт өнімдерін өндіру
|
8.
|
«Төлебай Май 2007» ЖШС
|
Өсімдік майын өндіру
|
9.
|
«Палванов» ЖК
|
Өсімдік майын өндіру
|
10.
|
«Надыров» ЖК
|
Нан-бөлішке өнімдерін өндіру
|
Облыста тамақ өнімдерін өндіретін екінші үлкен аймақ Меркі ауданы болып табылады, мұнда негізгі өнім көлемі «Меркі қант зауыты» ЖШС, «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС, «Алкопищепром» ЖШС мен «Меркі сүт» ЖШС кәсіпорындарында өндіріледі.
Салада 2009 жылы 45,1 млрд. теңгенің тауарлық өнімдері өндірілді, нақты көлем индексі 76,2%-ды құрайды.
2009 жылы облыстың жалпы экспортының көлемінде қайта өңдеу өнімдері 17%-ды құрады. Облыстан негізінен қант, ұн, пияз, көкөністер, техникалық тұз, экспортталса, сүт өнімдері, кондитерлік арақ өнімдері, табиғи шырындар, консервілер, өсімдік және сары майлар импортталады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында, негізінен, шағын кәсіпорындар жұмыс істейді, олар ыңғайластырылған жайларда орналасқан, бұрын пайдаланылған, физикалық та, моральдық та тұрғыдан ескірген өндірістік және технологиялық жабдықтармен жабдықталған
Азық-түлік саласы жұмысының және шығарылатын өнім сапасының тиімділігін арттыру үшін 4 инвестициялық жоба іске асырылуда.
«Луговой жылқы зауыты» ЖШС құны 2,5 млрд. теңге шошқа шаруашылығы кешенінің құрылысын іске асыруда, мұнда 150 жаңа жұмыс орындары ашылмақ (2008-2011 жылдар). Шаруашылықтың 470 млн. теңге өз қаржылары салынған және жобаны 600 млн. теңгеге қаржыландыруға «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-на тапсырыс берілді.
«Қазақ ет компаниясы АӨК» ЖШС құны – 2,2 млрд. теңгелік ірі ауқымды механикаландырылған кешен құрылысы жобасын іске асыруда, мұнда 161 жаңа жұмыс орындары ашылмақ (2007-2011 жылдар). 2008 жылы « «Оңтүстік АӨК» ҰК АҚ бордақылау үшін 3136 мүйізді мал сатып алу үшін 64,8 млн. теңге бөлінді.
«Жамбыл Құс» ЖШС құны – 6,0 млрд. теңге құс фабрикасы құрылысы жобасын іске асыруда, мұнда 250 жаңа жұмыс орындары ашылмақ (2009-2011 жылдар).
К.Ж.Медеуов ЖК құны – 112,0 млн. теңге жылыжай кешенінің құрылысы жобасын іске асыруда, мұнда 50 жаңа жұмыс орындары ашылмақ (2009-2011 жылдар).
Жобалар облысты индустриалдандыру картасына енгізілген.
Достарыңызбен бөлісу: |