БАҒдарламасы мойынқұм ауылы 2012 жыл мазмұны кіріспе



бет1/7
Дата21.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#151766
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7

Мойынқұм ауданы әкімдігінің

экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫН ДАМЫТУДЫҢ

2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

БАҒДАРЛАМАСЫ

Мойынқұм ауылы

2012 жыл
МАЗМҰНЫ





Кіріспе………………………………………………………………


3

1

Бағдарлама паспорты……………………………………………...…..


4

2

Ағымдағы ахуалдың талдауы………………………..………………….


11

3

Өңір дамуының болашақ көрінісі…………………………………………..

50


4



Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және іске асыру мерзімдері көрсетілген тиісті шаралары

……………………………………...




54


5

Қажетті ресурстар

73

6

Бағдарламаны басқару…………………………………………….


74



КІРІСПЕ
Мойынқұм ауданын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Дамыту бағдарламасы) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» (2009 жылғы 18 маусымдағы № 827), «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» (2010 жылғы 19 наурыздағы № 958) Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 925 Жарлығымен бекітілген 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарының 9-тармағын орындау үшін және Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының шешуші бағыттарына сәйкес әзірленді.

Дамыту бағдарламасы ауданның барлық өңірлерінің тұрақты және теңдей дамуын, әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы экономиканың өсімін қамтамасыз етуге бағытталған.

«Дамыту бағдарламасы» бағдарламасы шеңберінде ауданның қазіргі әлеуметтік-экономикалық ахуалына талдау жүргізіліп, оның күшті және әлсіз жақтары, қауіптер мен даму мүмкіндіктері анықталды.

Ауданның негізгі бәсекелестік артықшылықтарына мыналар жатады: қолайлы географиялық орналасуы, пайдалы қазбалардың бай қорларының болуы, еңбекке қабілетті жастағы тұрғындардың көптігі, инвестициялық жобаларды табысты іске асыруға мүмкіндік беретін өндірістік инфрақұрылымның болуы.

Қолда бар бәсекелестік артықшылықтарды, сондай-ақ мүмкіндіктер мен қауіптерді ескере отырып «Дамыту бағдарламасы» бағдарламасының іс-шараларын іске асыру тұрақты әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Стратегиялық мақсаты ел азаматтарының лайықты өмір сүруі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге қабілетті күшті және тиімді мемлекетті құруға лайықты үлес қосуды қамтамасыз ету болып табылады. Халық өмірінің деңгейі мен сапасын жоғарылату сыртқы және ішкі факторларды барынша пайдалану, табиғи кешеннің әлеуетін молайтуды сақтай және қоршаған ортаны сауықтыра отырып экономикалық және әлеуметтік саланы қарқынды дамытуды қамтамасыз ету арқылы көзделеді.


1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ


Бағдарлама атауы

Мойынқұм ауданын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусым-дағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» № 827 Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 1.02.2010 жылғы «Қазақ-стан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» № 922 Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыз-дағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бұдан әрі қолданылуының кейбір мәселелері туралы» № 931 Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыз-дағы «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Респуб-ликасының мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарын күші жойылды деп тану туралы» № 958 Жарлығы



Өңірдің негізгі сипаттамалары

Мойынқұм ауданының аумағы 50,5 мың шаршы километрді немесе облыс аумағының 42% құрайды және облыстың солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, батыс және шығыс жағы-нан Қарағанды және Алматы облыстарымен, Шу, Меркі, Т.Рысқұлов, Талас және Сарысу аудандарымен шекаралас.

Аудан құрылымында 27 елді мекенді біріктіретін 16 (11-ауылдық, 5-поселкелік) округ бар.

Әкімшілік орталығы – Мойынқұм ауылы.

Аудан халқы 32,3 мың адамды немесе облыс халқының 3,1% құрайды.

Өз бағыты бойынша аудан индустриалды-аграрлық болып табылады.

Жалпы өңірлік өнім өндірісінің көлемі 2009 жылы 8,1 млрд. теңгені құрады, бұл облыстың жалпы ішкі өнімінің 2,4% сәйкес, оның ішінде өнеркәсіп – 4,3 млрд. теңге (аудан ЖӨӨ-дегі үлес салмағы – 56,1%). Сыртқы сауда айналымындағы өнеркәсіп өндірі-сінің көлемі – 0,4 млрд. теңгені құрайды.



Нақты сектордың негізгі салалары мыналар болып табылады: тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру (21,2%), өңдеу өнеркәсібі (69%), және сумен жабдықтау.


Бағыттары

  • Агроөнеркәсіп кешенінде, тау-кен және өңдеу өнеркәсібінде өнімділігі жоғары инновациялық технологияларды ендіру негі-зінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы;

  • Әлеуметтік саланың және адами әлеуеттің дамуы, халық өмірі сапасы деңгейінің жоғарылауы, сапалы әлеуметтік қызметтердің барлық түрлерімен қамтамасыз етілу;

  • Экономиканы үдемелі индустриаландыруға және сапалы тұрғын үй-коммуналдық және көлік қызметтерімен қамтамасыз етуге ықпал ететін инфрақұрылым кешенін модернизациялау;

  • Ауылдық аумақтарды жеделдетіп дамыту және экологияны жақ-сарту есебінен ауданның әкімшілік-аумақтық құрылымдарының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін теңестіру;

  • Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту.



Бағдарламаның мақсаттары

    • Экономиканың сапалы және тұрақты өсімін қамтамасыз ету;

    • Өңірлік экономиканы үдемелі индустриаландыру бойынша ин-новациялық жобаларды іске асыру арқылы басымды салаларда-ғы жоғары шекті өнімге өту, нығайту және тиімділігін арттыру арқылы Мойынқұм ауданының өнеркәсіптік әлеуетін жоғарылату;

    • Өнеркәсіптің энергетикалық тиімділігін арттыру;

    • Тұрақты өсім қарқынымен және осы заманғы, прогрессивтік технологияларды пайдалана отырып бәсекеге қабілетті агро-өнеркәсіп кешенін және тамақ өнімдері өндірісін құру;

    • Еркін бәсекелестікті дамыту және тауарлар мен қызметтер нары-ғына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы бизнестің эко-номикалық белсенділігінің өсімі үшін қолайлы орта жасау;

    • Тиімді сауда саясатын жүргізу;

    • Білімге қолжетімділікті және оның сапасын қамтамасыз ету, ба-лалардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру;

    • Өнімді жұмыспен қамтуға ықпал ету;

    • Атаулылық пен тиімділікке негізделген әлеуметті қорғау жүйе-сін жасау;

    • Мүгедектерді, қарт азаматтар мен ауыр тіршілік жағдайын бас-тан кешіріп отырған азаматтарды әлеуметтік қолдау және олар-дың өмір сүру сапасын жақсарту;

    • Бұқаралық спортты және жоғары табыстар спортын дамыту;

    • Өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, отандық мәдениет пен өнерді кеңінен насихаттау;

    • Көлік инфрақұрылымын дамыту;

    • Тұрғын үй құрылысын ынталандыру;

    • Азаматтардың қолайлы өмір сүруі;

    • Экономиканың электр энергиясына сұранысын қамтамасыз ету;

    • Ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға өту мақса-тында инфокоммуникация саласын дамытуға жағдайлар мен тетіктер жасау;

    • Ауылдық аумақтарды тұрақты дамытудың негіздерін жасау, ауылдық тұрғындардың тіршілгін қамтамасыз етудің жоғарырақ деңгейін қамтамасыз ету;

    • Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту;

    • Ұлт бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту;

    • Мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимы-лын жетілдіру арқылы мемлекеттілікті нығайту;

    • Өңірдегі мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру тиімділігін арттыру;

    • Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру шеңберінде мойынқұмдықтардың әлеуметтік өміршеңдігін қалыптастыру;

    • Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру;

    • Жастарды ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту үшін олардың салауатты өмір салтын қолдау үшін жағдайлар жасау;

    • Мемлекеттік тілді және халықтың лингвистикалық капиталын дамыту;

    • Гендерлік теңділікті нығайту;

    • Көшелер мен басқа қоғамдық орындардағы құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін дамыту;

    • Қылмысқа қарсы күрес, есірткі заттарының заңсыз айналымына және нашақорлыққа қарсы іс-қимыл;

    • Аудан аумағындағы авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру;

    • Мойынқұм ауданының мұрағат саласын дамыту.

Міндеттері

  • ЖӨӨ жыл сайынғы нақты өсімін қамтамасыз ету;

  • Әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ете-тін өнеркәсіптің басымды секторларын дамыту;

  • Инновацияларды дамыту және технологиялық модернизацияға ықпал ету;

  • Металлургиялық өнімдердің жалпы көлемін арттыру;

  • Құрылыс материалдары өнімдері өндірісінің көлемдерін арттыру және жаңа өндірістер ашу;

  • Озық технологияларды ендіру және материалдық-техникалық базаны жақсарту негізінде өсімдік шаруашылығын дамыту көр-сеткіштерінің тұрақты өсімі;

  • Аудан мал шаруашылығының негізгі құрамдас бөлігі ретінде асыл тұқымды және өнімділігі жоғары мал шаруашылығын дамыту;

  • АӨК-тегі қайта өңдеу өндірісін тұрақты дамыту;

  • Ауданның жыртылған жерлерін пайдалану деңгейін арттыру;

  • Бизнес бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторын сауықтыру, экспортқа бейімделген өндірістерді қолдау;

  • Бәсекелестікті дамытудың тиімді жүйесін қалыптастыру;

  • Сауда инфрақұрылымын жетілдіру арқылы сауда тиімділігін арттыру, сауда саласындағы еңбек өнімділігін жоғарылату;

  • Мектепке дейінгі мекемелер желісін ұлғайту және мектепке дейінгі білім беру бойынша көрсетіліп отырған қызметтердің сапасын жақсарту;

  • Орта жалпы білім беру қызметтерінің сапасын жоғарылату;

  • Электрондық оқыту жүйесін ендіру үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз ету;

  • Педагог кадрлардың кәсібилігін және мұғалім мамандығының беделін жоғарылату;

  • Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың білімге қолжетім-ділігін қамтамасыз ету;

  • Халықты тиімді жұмыспен қамтуға қол жеткізу;

  • Халықтың кірістерін арттыру, азаматтарды әлеуметтік қамсыз-дандыру жүйесін жетілдіру;

  • Мүгедектерге, қарт азаматтар мен ауыр тіршілік жағдайын бас-тан кешіріп отырған азаматтарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету;

  • Мүгедектер мен қарт азаматтарға қосымша әлеуметтік қолдау көрсету;

  • Бұқаралық спортты дамыту;

  • Жоғары табыстар спортын дамыту;

  • Ауданның тарихи-мәдени мирас объектілерін қалпына келтіру және сақтау;

  • Мәдениет және өнер саласын жалпыға таныту;

  • Жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын дамыту;

  • Республикалық мәндегі автомобиль жолдарын дамыту;

  • Халықтың кең бөлігінің тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысы проблемаларын кешенді шешу;

  • Аумақтар мен елді мекендерге құрылыстар салу және тиімді дамыту;

  • Тұрғын үй-коммуналдық жүйелерді модернизациялау және дамыту;

  • Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру;

  • Халыққа қызмет көрсету үрдістерін жетілдіру;

  • Жоғары органдардың нормативтік және деректі құжаттарын орындаудың жеделдігін арттыру;

  • Компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру;

  • Әкімдік АҚ деңгейін 100% көтеру;

  • Байланыс қызметтерін жетілдіру;

  • Ауылдық жерлерде берілетін білім сапасын жақсарту;

  • Ауылдық жерлерде мәдениет пен спортты дамыту;

  • Ауыл халқын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету;

  • Облыстық және аудандық мәндегі жолдардың жағдайын жақсарту;

  • Әлеуметтік сала мамандарын ауылдық жерлерге тарту;

  • Шағын несиелеу арқылы ауыл халқының кірістерін арттыру;

  • Атмосфералық ауаның, жер үсті және жер асты суларының лас-тану деңгейін төмендету, өнеркәсіп және тұрмыстық қалдық-тардың шоғырлану көлемін азайту;

  • Ормандарды қорғау, сақтау және өсімін молайту, орман егу;

  • Жануарлар әлемін қорғау және өсімін молайту;

  • Этникааралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту;

  • Азаматтық қоғам институттарының еліміздің даму Стратегиясын іске асыруға қатысуын кеңейту;

  • Өңірлік электрондық және баспа БАҚ арқылы мемлекеттік ақпа-раттық саясатты жүргізу;

  • мемлекеттің даму Стратегиясын өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен ақпараттық қолдаудың тиімділігін арттыру;

  • Жастарды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;

  • Жастарды жұмысқа орналастыруда әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету;

  • Жастар ортасында салауатты өмір салты қағидаттарын, бағдар-ламалық үрдістерді насихаттау;

  • Жастардың кәсіпкерлік және инновациялық әлеуетін дамыту;

  • Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және біріктіру функцияларын кеңейту;

  • Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау;

  • Әйелдердің атқарушы және өкілетті билік органдарына жылжу-ына қатысу;

  • Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың өмір қауіпсізді-гінің, денсаулығының, конституциялық құқықтары мен еріктері-нің қажетті деңгейін ұстау;

  • Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • Қылмысқа қарсы күрестің және қылмыскерлерді іздеудің тиім-ділігін арттыру, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес;

  • Зардап шеккен тұрғындарды бірінші кезекте қамтамасыз етуді ұйымдастыру, материалдық-техникалық, азық-түлік, медицина-лық және өзге құралдардың қорларын құру және оларды өз мақ-саты бойынша пайдалану үшін тұрақты дайындықта ұстау;

  • Тұрмыстық, өндірістік және ландшафтық өрттерге қарсы іс-қимыл;

  • Мойынқұм ауданының мұрағатында сақталатын мұрағат қорын-ың құрамын және мазмұнын байыту, сақталуын қамтамасыз ету.

Іске асыру кезеңдері

  • I кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдар – бірінші кезектегі іс-шараларды іске асыру.

  • II кезең – қорытынды (2 жыл) – 2014-2015 жылдар – Бағдарламада қойылған міндеттерді шешу үшін жоспарланған іс-шараларды іске асыру.

Мақсатты индикаторлары

  • 2015 жылға қарай ЖӨӨ нақты өсімі 2009 жылдың деңгейіне қатысты 6,4 есені құрайды (2009 ж. – 139%);

  • 2015 жылға қарай ЖӨӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі кем дегенде 84,0% дейін ұлғаяды (2009 ж. – 32%);

  • 2015 жылға қарай өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі кем дегенде 9,2 есеге ұлғаяды (2009 ж. – 2,5 мың теңге/адам.);

  • Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, жүйе құрайтын кәсіпорындардың тауарлар сатып алуындағы қазақстандық үлес 92% дейін ұлғаяды;

  • Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, жүйе құрайтын кәсіпорындардың жұмыстар мен қызметтер сатып алуындағы қазақстандық үлес 2015 жылы 93% дейін ұлғаяды;

  • Менеджмент жүйесін ендірген және сертификаттаған (ИСО және ХАССП) кәсіпорындардың саны 3 бірлікке дейін ұлғаяды (2009 ж.- 1 бірлік);

  • Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің ФКИ 2015 жылы 106,7% немесе 4,1 млрд. теңгені құрайды ( 2009 жылы – 122,8% немесе 1,5 млрд. теңге);

  • Агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігі 2015 жылы 2,2 есеге ұлғаяды (2009 ж. - 270 мың теңге 1 қамтылған адамға);

  • 2015 жылы етті қайта өңдеу үлесі 27,7%, сүт - 23%;

  • 2015 жылға қарай АӨК жалпы қосымша құн кем дегенде 1,5 есеге ұлғаяды (2009ж.- 2,8 млрд. теңге);

  • Жер ресурстарын басқару тиімділігі артады;

  • Белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындар саны 1000 тұрғынға шаққанда 54 бірлікке көбейеді (2009 ж. – 48);

  • 2015 жылы бөлшек сауда айналымы өсімінің қарқыны 108% құрайды (2009 жылы -130,8% );

  • 2015 жылы сауда ФКИ 105% құрайды (2009 жылы -104,2% );

  • Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 2013 жылы – 65,1% және 2015 жылға қарай – 70,3%;

  • 12-жылдық бағдарламамен жұмыс істейтін мектептер үлесі (1,5,11 сыныптар) – 2015 ж. – 100%;

  • Жоғары және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары педагог қызметкерлердің педагогтардың жалпы санындағы үлесі - 2013 жыл - 44,4%, 2015 жылға қарай 47%;

  • 2009 жылы жұмыссыздық деңгейі 6,2% құрады, 2015 жылға қарай – 4,3 % аспайды;

  • 2009 жылы жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орна-ластыруға ықпал етуге өтініш білдірген тұлғалар санынан жұмысқа орналасқандар үлесі 70% құрады, 2015 жылға қарай 73% құрайды;

  • Мойынқұм ауданы бойынша жұмыспен қамтылғандар құрамындағы біліктілігі жоғары жұмысшы күшінің үлесі 2009 жылы 54,8%, 2010 жылы – 44,1% құраған, 2015 жылға қарай деңгейі 46,5% жетеді;

  • Өмір сүру деңгейінен төмен кірістері бар тұрғындардың халық-тың жалпы санындағы үлесі 2009 жылы 4,8% құраған, 2010 жылы 9,7% құрайды, аудан бойынша 9% төмендейді;

  • Аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатындардың құра-мындағы еңбекке қабілетті халықтың үлес салмағы 2009 жылы 37,6% құраған, ал 2015 жылға қарай 30% төмендейді;

  • Арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалар әлеу-меттік қызмет көрсетілетін тұлғалардың жалпы санындағы үлесі 2009 жылы 100% құраған, 2015 жылы – 100%;

  • Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтар саны - 2013 жылы –20%, 2015 жылға қарай – 22% (2009 – 10%);

  • Ауданның спорт мекемелеріндегі 6 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер саны - 2013 жылы – 11.1%, 2015 жылға қарай – 13% (2009 жылы-9%);

  • Аудан халқының мәдениет саласы қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейі (2009ж. – 45%) 2013 жылы - 55%, 2015 жылға қарай - 65%;

  • Орташа алғанда жергілікті мәндегі автомобиль жолдарының 80% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда;

  • Орташа алғанда республикалық мәндегі автомобиль жол-дарының 100% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда;

  • Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үй енгізу 2015 жылға қарай (2011-2015 жж.) 7.74 мың шаршы м. жетеді;

  • Ауылдық жерлердегі орталықтандырылған сумен қамтуға қол-жетімділік 2015 жылға қарай – 53.5% құрайды (2009 ж. – 26%);

  • 2015 жылы тұтынушылардың кем дегенде 85% коммуналдық қызметтердің сапасына қанағаттанады;

  • 100% кем емес әлеуметтік-елеулі мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыруды қамтамасыз ету;

  • 2015 жылға қарай халықтың компьютерлік сауаттылығын 75% көтеру;

  • ҚР ЖӨӨ инфокоммуникациялық инфрақұрылымын қосқанда ИКТ секторының үлесі 2015 жылға қарай – 0,2% құрайды (2009 ж. – 1,1%);

  • Жоғары даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендердің саны 2015 жылы 1 бірлікке жетеді (2009 ж. - 2);

  • Стационарлық көздерден ауаға зиянды заттардың жалпы шығарылуы нормативтерінің белгіленген көлемі 2015 жылы 2,026 мың тоннаны құрайды;

  • Ластағыш заттардың жалпы шығарылуының белгіленген көлемі 2015 жылы 6,8 мың тоннаны құрайды;

  • Қалдықтарды қайта өңдеудің олардың құралуына көлемі 2015 жылы 5% құрайды;

  • Ауданның ормандануы артады;

  • Мемлекеттік орман қоры аумағындағы тұяқты жануарлардың жалпы санының өсімі 2015 жылы – 1000 га-ға 0,88 бірлікті құрайды;

  • Қоғамдық санада мемлекеттің даму Стратегиясын және мемлекеттің саясатын қолдау деңгейі 2009 жылы 78,4% құраған, 2015 жылға қарай 93% құрайды;

  • Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын оңды бағалаған халық үлесі 2009 жылы 46% құраған, 2015 жылға қарай 57 % құрайды;

  • Тұтынушылардың өңірлік ақпараттық өнімге қажеттілік деңгейі 2009 ж. – 40%, 2015 жылға қарай 48% құрайды;

  • Мемлекеттік тапсырысты орындайтын БАҚ арқылы халықтың ел дамуының негізгі басымдықтары және жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат туралы ақпараттандырылу деңгейі 2009 ж. – 46%, 2015 жылға қарай 81% құрайды.;

  • Жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастар үлесі 2009 жылғы 9,8%-дан 2015 жылы 25%-ға дейін ұлғаяды;

  • Жастар саясатын іске асыруға қатысатын жастар ұйым-дарының үлесі 2015 жылы 25%-ға дейін ұлғаяды;

  • Жастар отансүйгіштігінің деңгейі 2009 жылғы 65%-дан 2015 жылы 72%-ға дейін ұлғаяды;

  • Жастардың жастар саясаты саласындағы бағдарламалық құжаттар және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы ақпараттану деңгейі 2009 жылғы 71%-дан 2015 жылы 80%-ға дейін ұлғаяды;

  • Мемлекеттік тілді меңгерген аудан халқының үлесі (2009ж.-85,5%) 2013 жылы - 94,0% , 2015жылға қарай 98 % құрайды;

  • Атқарушы және өкілетті билік органдарындағы әйелдер үлесі 2013 жылы - 20%, 2015 жылы -21% құрайды, 2009 жылы 19% құраған;

  • Әйелдердің айлық жалақысының ерлердің айлық жалақысына қатынасы 2011-2015 жылдары кем дегенде 75% қамтамасыз етіледі;

  • Азаматтардың ішкі істер органдарына сенімінің болжамдық деңгейі 2015 жылы 55% деңгейден кем емес (2009 ж. – 50%);

  • Жалпы қылмыстардың болжамдық деңгейі (10 мың тұрғынға шаққанда) 2015 жылы 42-тен жоғары емес (2009 ж. – 38,7);

  • Мұрағат ақпаратын пайдаланушылар сұрақтарына оңды жауап-тар беру үлесі 2015 жылы 80% құрайды (2009 жылы– 68%).

Қаржыландыру көздері және қажетті қаржыландыру көлемдері.

2011 жыл – 2 909 млн.теңге;

2012 жыл – 4 144 млн.теңге;

2013 жыл – 3 733 млн. теңге;


2. АҒЫМДАҒЫ АХУАЛДЫҢ ТАЛДАУЫ
2.1. Өңір ахуалының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, сондай-ақ олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсері

Мойынқұм ауданы облыстың солтүстік, солтүстік-шығысында орналасқан және батысы мен шығысында Сарысу, Талас және Шу аудандарымен, солтүстігінде Қарағанды облысымен, оңтүстігінде - Алматы облысымен, Меркі және Т.Рысқұлов аудандарымен шектеседі. Мойынқұм ауданының аумағы 50,5 мың шаршы км-ді немесе облыс аумағының 42%-ын құрайды.

Аумағының басым көпшілігі жазық жер болғанына қарамастан, Мойынқұм ауданы табиғатының әртүрлілігімен ерекшеленеді. Аудан батыстан шығысқа қарай 330 км, оңтүстіктен солтүстікке 275 км-ге созылып жатыр. Ауданның үлкен бөлігі Бетпақдаланың шығыс бөлігінде жатыр. Ауданның шығыс бөлігін Болаттау, Бетпақтау, Желтау, Шоғырла, Жамбыл, Ақжол, Майжарылған, Қойжарылған, Аңырақай, Үлкен Тасоба, Ақыртау, Бурылтау, Бақтау және басқа аласа таулар, оңтүстігі мен солтүстік шығысын Мойынқұм құмдары алып жатыр. Зерттелген пайдалы қазбалар: вольфрам, молибден, мыс, алтын, көмір, мұнай, газ, құрылыс материалдары. Олардың бірқатары өндірілуде. Ауданға тән климат ерекшелігі: елеулі құрғақшылық пен континентальдылық, бұл температураның барынша құбылмалылығына және жауын-шашын көлемінің аздығына алып келеді. Қаңтардағы орташа температура жазық жерлерде - 15°С, шілдеде тиісінше +24+25°С. Жауын-шашынның жылдық көлемі жазық жерлерде 300 мм. Ауданның мал және өсімдік шаруашылығының дамуына негіз болатын негізгі су қоры - Шу өзені. Мойынқұм және Кіші Қамқалы ауылдарының тұсында өзен бірнеше шағын өзекшелерге бөлініп кетеді. Сонымен қатар ауданда бірнеше үлкенді-кішілі Балхаш, Алакөл, Қаракөл және Тұздыкөл сияқты көлдер орналасқан. Табиғат ерекшеліктеріне, топырақ құрамы мен табиғат жағдайларына қарай аудан аумағын төрт бөлікке бөліуге болады: бірінші - шаруашылыққа қолайлы, елді мекеннің басым көпшілігі орналасқан қалың шөп пен қамыс өскен Шу өзенінің жағалауы; екінші - мал қыстатуға қолайлы, сексеуіл орманы жапқан Мойынқұм құмы; үшінші – ауа райы құрғақ,

жануарлар мен өсімдік дүниесі әр алуан және кең – Бетпақдала; төртінші – жаздыгүні мал шаруашылығын дамытуға өте қолайлы – Сарыарқа жайылымы. Аудан жабайы жануарлардың 25 түрі тіршілік ететін мыңдаған түрлі өсімдігі бар үлкен аумақты алып жатыр. Жамбыл тауының шығысында 1 млн.гектар жерге «Андасай» мемлекеттік қорығы орналасқан. Мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 439,6 мың гектар. Шу өзенінің солтүстік жағында топырақты және тасты Бетпақдала даласы жатса, өзеннің оңтүстігінде жон-жон құмды дала Мойынқұм созылуда.

Негізгі ауылшаруашылық дақылдары: дәнді дақылдар (арпа, жүгері, тары т.б.), көкөніс, майлы дақылдар (күнбағыс), картоп, бақша өнімдері және азықтық дақылдар. Табиғи жайылымдардың молдығы мүйізді ірі қара, қой және жылқы малдарын өсіруге қолайлы жағдай тудырады.

Ауданда 16 округ бар. Халықтың саны 32,3 мың адам немесе облыс халқының 3,1%-ын құрайды. Әкімшілік орталығы – Мойынқұм ауылы.

Ауданның инвестициялық тартымдылығын минералдық-шикізат ресурстары көлемінің көптігі мен оңды табиғи-климаттық жағдайларының болуы белгілейді, бұл өнеркәсіп дамуының дәстүрлі бағыттарымен бірге жаңа өндіріс орындарын ашуға да жағдай жасайды.

Мойынқұм ауданында пайдалы қазбалардың бай қорлары бар: олар – алтын және барит рудасы, көмір, гранит, цемент шикізаты.

Ауданда сонымен бірге төмендегідей пайдалы қазбалар қоры бар:


    • түсті металл (мыс, молибден, алтын, күміс, селен, теллур, қорғасын және мырыш және т.б.), уран

    • барит (Шығанақ кен орны)

    • көмір ( Құлан кен орны)

    • әрлеу, көркемдеу және техникалық тастар (гранит, амазонитті гранит, мәрмәрлар, әктас, техникалық және түсті халцедон, үлгілік шикізаттар, гематит-қантас, хлорит-анартастар)

    • құрылыс материалдары (құмтас, цементтік шикізаттар және т.б.)

    • жерасты сулары.

Аудан аумағында еліміздегі алтын қорының 8,8% жинақталған.

Алтынның 9 кен орыны, 3 темір кен орыны, вольфрамның 4 кен орыны, 5 уран, 3 қорғасын, 2 барит, 2 цемент кен орындары, 4 плавиктік шпат, 2 құрылыс тасы, 2 молибден, 2 флюоритоптикалық, және көмірдің, асбестің, гематиттің, цеолит, тенердит пен хромның кен орындары бар.

Аудан аумағынан 132 км республикалық мәндегі жол өтеді. Облыстық мәндегі жолдың ұзақтығы 343 км болса, аудандық мәнде 175 км, барлық қатты төсеніш жолдардың ұзындығы 650 км құрайды.

Жол төсеніштері сапасының төмендігі (аудандық мәндегі жолдардың 88%-ы қанағаттанарлықсыз деңгейде), жүк көліктерін жөндейтін сертификатталған сервистік орталықтардың жоқтығы, ауданның көлік саласының негізгі мәселелері болып табылады.

Алғашқы құрылыс материалдары: шағылмен, құммен, сары топырақпен жабдықталуы ауданның құрылыс саласының күшті жағы болып табылады.

Ауданда қаракөл қой шаруашылығын дамытуға оңды жағдайлар бар, алайда мал шаруашылығы шикізатын дайындау, сақтау және оны алғашқы өңдеу бойынша инфрақұрылымның жоқтығы бұл саланың даму әлеуетіне кедергі болуда. Сонымен қатар, көкөніс өсіруге оңтайлы табиғи-климаттық жағдайлар да көкөніс сақтау жөніндегі өндіріс қуаттарының шектеулілігіне байланысты толығымен іске асырыла алмауда.

Ауданның өнеркәсіптік әлеуетін өнеркәсіптің алтын, барит, көмір, гранит және цемент өндіру салалары белгілейді.

Әлеуметтік саладағы ахуал халықтың табиғи өсімінің оңды қарқынды демографиялық жағдайымен көрініс беруде.

Білім беру саласын дамытумен қатар бұл халықтың ауылдық жерлерде тұрақтандыруға оңды алғышарт береді.

Соңғы жылдары экономикалық белсенді халық саны артуда және жалпы жұмыссыздық деңгейі төмендеуде.

Сонымен бірге, қолда бар әлеуетті толық қолдануға мүмкіндік бермейтін және экономиканың дамуын кешеуілдететін жағымсыз жақтары да бар.

Өндіріс күштерін таратудағы аумақтық сәйкессіздік, қосымша құн шеңберіндегі өнеркәсіптік буындарының жоқтығы аудан ауылдарының дамуындағы әркелкілікке алып келуде.

Көптеген кәсіпорындардың қазіргі заманғы технологиялық жабдықтармен жарақтандырылуының төмендігі және негізгі өндірістік қорларының барынша ескіруі энерго-, еңбек-, материал сыйымдылығының өсіміне әкеліп, шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.

Аграрлық өнеркәсіп кешенінің негізгі проблемаларына мыналар жатады: еңбек сыйымдылығы процесінің әлсіз механизациясы, ауыл шаруашылығы техникаларының ескіруінің жоғары деңгейі, мал шаруашылығында жоғары өнімді генетикалық материалдың және өсімдік шаруашылғында асылтұқымды тұқымдардың үлесінің төмендігі, мал шаруашылығының шикізаттарын дайындау, сақтау және алғашқы өңдеу және көкөністерді сақтау жөніндегі инфрақұрылымның жоқтығы.

Агроөеркәсіптік кешен құрылымындағы жеке меншік қосалқы шаруашылықтардың үстемдігі (шаруалардың мал союының көптігіне, санитарлық бақылау нормаларын сақтамаумен және әлсіз жемдік базамен байланысты), сондай-ақ қайта өңдеу өндірістерінің технологиялық жарақтануының әлсіздігі өнім сапасына әсер етеді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақтауарлылығы кең ауқымды асыл тұқымды сұрыптау жұмыстарын жүргізуге, ғылыми негізді ауыспалы егісті сақтауға, қазіргі заманғы технологияларды кеңінен пайдалануға, өндіріс процестерін механизациялау мен автоматтандыруға мүмкіндік бермейді.

Өнеркәсіпті дамытудың жағымсыз жақтарына өндірісті әртараптандырудың төмен деңгейін жатқызуға болады.

Инфрақұрылым дамуының жеткіліксіз деңгейі ауылдық елді мекендерді тұрақты дамытудың негізгі мәселесі болып табылады.

Коммуналдық шаруашылық объектілерінің ескіруі жалпы алғанда жоғары деңгейде. Мойынқұм ауылын ауыз сумен қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорын сумен қамсыздандыру жүйесінің ескіргендігінен (65-70%) суды тәулік бойы беруді қамтамасыз ете алмайды. Төмен тарифтер, халықтың қызмет төлемдерін төлеу деңгейінің төмендігі бұл саланы инвестиция мен жеке бизнес үшін тартымсыз етеді.

Білім беру саласының әлсіз жақтары 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі білім берумен қамтылуының төмендігінен, педагогикалық кадрлардың жеткіліксіздігінен, білім беру ғимараттарының физикалық және моральдық жағынан барынша ескіруінен көрініс береді.
2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалының талдауы
2.2.1 Экономикалық даму

Аумақтың экономикасының жалпы сипаттамасы


Мойынқұм ауданының жалпы өндіріс өнімі 2007 жылы ағымдағы бағамен 4,4 млрд. теңгені, 2008 жылы – 5,3 млрд. теңгені, 2009 жылы – 8,1 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте Жамбыл облысының жалпы ішкі өніміндегі Мойынқұм ауданының ЖӨӨ-нің (жалпы өндіріс өнімі) үлес салмағы 2007 жылы 1,5%-ды, 2008 жылы – 1,6%-ды, 2009 жылы - 2,3%-ды құрады.

Ауданның жалпы ішкі өнімінің өсу қарқыны жоғары екендігін атауға болады. 2007 жылы Мойынқұм ауданының ЖӨӨ-нің өсу индексі алдағы кезеңге қарағанда 107,8%-ды, 2008 жылы -119%-ды, 2009 жылы – 152,6%-ды құрады.

Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2007 жылы 138 мың теңге, 2008 жылы – 170,4 мың теңге және 2009 жылы – 250 мың теңге болды.

1 кесте





2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

ЖӨӨ

үлес салм., %

ЖӨӨ

үлес салм., %

ЖӨӨ

үлес салм., %

Аудан бойынша барлығы

8070,9

100

13180,8

100

22898,3

100

ауыл шаруашылығы

1468,3

18,2

3173,5

24,1

3217,2

14,1

өнеркәсіп

4334,3

53,7

4234,7

32,1

17270,5

75,4

құрылыс

1942

24,1

5307,6

40,3

1884,2

8,2

кәсіпкерлік саласы

237

2,9

361

2,7

417,9

1,8

байланыс

89,3

1,1

103,7

0,8

108,5

0,5

ЖӨӨ құрылымында 2007 жылы өнеркәсіп үлесіне 43,4%, 2008 жылы – 55,8%, 2009 жылы – 53,7 %, ауыл шаруашылығының үлесіне тиісінше – 45,4%, 34,8% және 18,2% , саудаға – 6,6%, 4,1% және 2,9%, байланысқа – 1,2%, 1,1% және 1,1%, құрылыстың үлесіне – 3,4%, 4,3% және 24,1 сәйкес келді.

2007 жылмен салыстырғанда 2009 жылы құрылыс мен өнеркәсіп үлесінің жоғарылауы олардың басқа салаларға қарағанда жылдам дамуымен байланысты болды.

Еңбек өнімділігі жұмыспен қамтылған адамдардың біреуіне 2008 жылы 305,6 мың теңге және 2009 жылы 432,2 мың теңге болды.

Мойынқұм ауданындағы еңбек өнімділігінің өсімі тұрақты болғанымен, облыстағы еңбек өнімділігінің орташа көрсеткішінен аспайды. Еңбек өнімділігінің төмендігі аудандағы жұмыспен қамтылудың құрылымымен тікелей байланысты, оның ішінде ауыл шаруашылығындағы өз бетінше жұмыспен қамтылудың басымдығынан болып отыр. Мойынқұм мауданындағы еңбек өнімділігінің индексі алдағы жылға пайызбен қарасақ, 2007 жылы 107,8%, 2008 жылы – 121,2%, 2009 жылы –141,4% шамасында болды.
Өнеркәсіп.
Ауданның өнеркәсіп өндірісінің үлесі облыстық көлемде 2009 жылы 7,3%-ды құрады. Аудан облыс аумағында алтын (100%), барит (100%), көмір (100%), гранит (10%), шығаруда басты орындардың бірінде.

Ауданда минералдық-шикізат ресурстарының болуы арқасында тау-кен өндірісі, қайта өңдеу, құрылыс материалдары өнеркәсібі салалары жақсы дамыған.



Ауданның өндірістік әлеуетін тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі құрайды (2 кесте).

2005-2011 жылдардағы тауар өнімдері өндірісінің

көлемі және нақты көлем индексі

2кесте

Атауы

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

Өнеркәсіп, млн. теңге

2099,1

1712,1

1922,9

2946

4334,3

5741,9

17270,5

Алдағы жылға НКИ %-бен

67,0

127,2

94,1

118,0

77,8

95,8

206,6

оның ішінде:






















тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру, млн. теңге

871,2

469,6

1025,3

1842,7

1701,0

2449,5

3206,6

алдағы жылға НКИ %-бен

57,7

245

127,1

122,3

63,2




68,9

өңдеу өнеркәсібі, млн. теңге

1222,8

1237,3

879,0

1093,5

2622,9

3281,6

14044

алдағы жылға НКИ %-бен

71,0

81,0

58,3

104,0

134




383

электр қуатын, газ бен суды өндіру және тарату, млн. теңге

5,1

5,2

18,6

9,8

9,7

10,8

19,9

алдағы жылға НКИ %-бен

187,1

161,0

125,9

12,4

115,9




67,6

Сонымен 2009 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 4,3 млрд. теңгені (НКИ – 2008 жылғы деңгейге 77,8%-ды) (2 сурет) құрап 2008 жылмен салыстырғанда өнім 47%-ға артты . Өнімге деген сұраныстың баяулауынан, әлемдік бағаның төмендеуінен болған қаржылық дағдарысқа байланысты 2008 жылдан бастап өндірістің физикалық көлем индексі төмендеді, бұл кәсіпорындардың жағдай тұрақталғанға дейін өндірістерін баяулата тұруына алып келді. 2008 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі- өнеркәсіптің негізгі саласы – тау кен өндірісі мен карьерлерді игеруде – 18,7%-ға төмендеді.

Өңдеу өнеркәсібі

Аудан өнеркәсібінде өңдеу өнеркәсібі басымды сала болып табылады, оның кәсіпорындарының үлесіне өнеркәсіп өндірісінің 60,5%-ы сәйкес келеді. ЖӨӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2009 жылы 32,1%-ды құрап, өңдеу өнеркәсібіне салынған нвестициялар 5,3 млрд. теңгеге жетті. Өңдеу өнеркәсібіндегі ЖҚҚ 2009 жылы 41,4 млрд. теңгені құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің негізін төмендегі салалар құрайды: алтын өндіру (саладағы үлесі – 97,4%), азық-түлік өндірісі (саладағы үлесі – 0,2%), өнеркәсіптің басқа да салалары (2,4%).

2009 жылы өндірілген өнім көлемі 2,6 млрд. теңгені (НКИ – 2008 жылғы деңгейге 134%) құрады.

Соңғы екі жылда нақты көлем индексінің өсуі өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің 214%-ға ұлғайуынан болып отыр. Өте терең экономикалық дағдарыстардың бірі өте маңызды сынақ болды және ол аудандағы өнеркәсіп саласының кәсіпорындарының жұмысына қатты әсер етті. 2009 жылы қолданыстағы өнеркәсіп кәсіпорындарының саны 7 болды, оның ішінде 2 ірі және 5 шағын .

2005-2009 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі өнім түрлерін өндірудің динамикасы

3 кесте



Өнім атауы

өлш. бірл.

жылы

2005

2006

2007

2008

2009

алтын

кг

889

657

405

415

561

күміс

кг

117

59

71

92

125

су

мың. куб.м

128,8

133

402,3

219

253,9

газет

мың экз.

152,6

127,4

155,3

175,3

205,3

ыстық нан

тн

23

12,1

14,3

14,0

35,0

3 кестеден көргеніміздей, соңғы бес жылда алтыннан басқа өнім түрлерінің көлемі өскендігі байқалады.

Өңдеу саласының өнеркәсіп өнімдері өндірісінің негізгі көлемін Ақбақай КМК» АҚ беріп отыр.

Металлургия

Ауданда алтын кенін өндіру мен байыту, алтын және құрамында алтыны бар концентраттар өндіру барынша маңызды салалар болып табылады.

Алтын өндіру Мойынқұм ауданындағы Ақбақай кен орнында шоғырлан-ған, оның үлесінде Қазақстанда барланған алтын қорының 8,8%-ы сәйкес келеді. Құрамында алтыны бар кенді өңдеумен Ақбақай ТМК айналысады және олар құрамында алтыны бар концентрат, алтын және күміс шығарады.

«Ақбақай» жер асты кен орнының жылдық өнімділігі 150,0 мың тоннаны, ал ашық тау жұмыстарын жүргізетін учаскелердегі жылдық өндіріс 230,0 мың тонна топтық сілтісіздендіру үшін құрамында пайдалы қазбасы аз кен өндіреді. Ескі өндіріс орны бүгінгі таңда физикалық та, моральдық та тұрғыдан ескірген, 2010 жылдың көктемінде шахтаның бірқатар бөліктері судың астында қалды. «Алтын Алмастың» жаңа басшыларының алдындағы алғашқы кезеңдегі міндеттердің бірі – өндірістік мәселелерді шешу. Бүгінгі таңда «Алтын Алмас» АК» АҚ құны 32,0 млрд. теңгелік алтын шығаратын фабриканы модернизациялау мен қайта жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобасын іске асыруда, бұл жоба жаңа өндіріс орнын ашумен қатар қосалқы инфрақұрылымдар ашуды да көздеуде. 900 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Бұл жоба аймақтық индустриализацияландырудың облыстық картасына енген.

Металл емес өзге минералды өнімдер өндірісі

Ауданда кендік емес пайдалы қазбаларға – құрылыс материалдарына шикізаттар, оның ішінде өңдеу тастары, әктастар, әрлеу, құрылыс тастарына және т.б. өте бай. Ауданда құрылыс материалдарын өндіруді дамытуға үлкен мүмкіндіктер бар.



«АльБасар» ЖШС 2010 жылдың шілдесінде құны 570,0 млн. теңгелік гранит пен одан жасалатын бұйымдарды (жиектеме, қырлама және кеспелтек) өңдеу цехының құрылысын аяқтады. Инвестжоба бойынша 165 жаңа жұмыс орны ашылды.

Құрылыс кешенінің қазіргі кездегі талаптарына сәйкес келетін құрылыс материалдары, құрылыс бұйымдары мен конструкциялары өндірісіне, сонымен қатар жоғары деңгейдегі өңдеу өнімдеріне арналған шикізаттың негізгі түрлерінің қолданыстағы кен орындарының бар екендігін көрсететін бірегей минералдық-шикізаттық базасы бар біздің ауданымызда 2009-2010 жылдары 2 цемент зауытының құрылысы жоспарлануда, оның бірі қуаты жылына 1,2 млн. тонна цемент шығаратын «Мыңарал Тас компани» ЖШС, оның құны 34,9 млрд. теңге, оның 22,8 млрд. теңгесі игерілді.

Инвестжобаны іске асыру және оны ары қарай қаржыландыру үшін ЖШС-ке «Vicat Group» француз компаниясы (60%), қазақстандық Homebroker инвестициялық компаниясы (30%) және Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) (10%) тұлғаларында инвесторлар тартылды. 350 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. 2010 жылдың қарашасында зауыт клинкердің алғашқы тонналарын беріп, үстіміздегі жылдың желтоқсанынан бастап зауыт толығымен іске қосылады және түрлі маркадағы цементтер шығара бастады. Бұл жоба Елімізді индустриализацияландырудың республикалық картасына енген.

«ACIG» АҚ Хантау станциясында қуаты жылына 500 мың тонналық цемент зауыты құрылысы жобасын іске асыруда, оның құны – 8,3 млрд. теңге, игерілгені 5,4 млрд. теңге. Болашақта қуатын жылына 1 млн. тоннаға дейін арттыру көзделуде.

Жобаны «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қаржыландыруда (4500 млн. теңге). Жоба бойынша 300 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауыт құрылысының бірінші кезеңі – 500 мың тонна цемент шығаратын желі аяқталып та қалды. Жобаны іске асыру барысында төмендегідей мәселелер орын алды:

- шетелдік жұмыс күшін тарту құжаттарын дұрыс рәсімдемеу салдарынан салынып жатқан объект жұмыс күшімен қамтамасыз етілмеді;

- кепілдік қамсыздандырудың жеткіліксіздігі, зауыт құрылысын аяқтау үшін жобаға салынған өз қаржыларының жоқтығы және кеден органдарымен соттық істер жүргізу зауыттың іске қосылу мерзіміне кері әсерлерін тигізді.

Қазіргі таңда инвестициялық жобаның бастамашыларымен зауытты іске қосу мерзімі 2011 жылдың 2-ші жартысына жылжытылды.

Жоба аумақты индустриализацияландырудың облыстық картасына енген.


Тау-кен өндірісі саласы және кеніштерді игеру.

Өнеркәсіп құрылымында тау-кен өндіру саласы мен кеніштерді игеру 39,2%-ды құрайды. 2009 жыл салада 1,7 млрд. теңгенің (НКИ – 63,2%) өнімі өндірілді.

2009 жылы дайын өнімге деген сұраныстың төмендеуінен, барит кені мен гранит өндіру көлемдері қысқарды.

«Шығыс кен басқармасы» ЖШС-де өнім шығару көлемі 379,6 млн. теңгені құрады, кен мен барит концентраттарын өндіру – 48,3%-ға немесе 135,1 мың тоннаға кеміді.

2005-2009 жылдардағы тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді игеру өнімдерінің негізгі түрлерін өзгерту динамикасынан көріп отырғанымыздай (4 кесте), 2009 жылы ауданда кенін өндіру 1,6 есе, көмір өндіру 18 есеге артқан .
2005-2009 жылдардағы тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді игеру

өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру динамикасы

4 кесте

Өнім атауы

өлшем бірлігі

жылдар

2005

2006

2007

2008

2009

алтын рудасы

мың тн

225,0

185,0

217,0

287,0

365,0

тас көмір

мың тн

20,0

20,0

740,0

324,0

355,0

барит концентраты

мың тн

91,2

71,0

154,5

354,5

236,2

гранит

мың куб. м

3,7

3,0

3,4

4,1

2,3

Мойынқұм ауданына электр энергиясы «ТЭЦ» АҚ, «Гидроэнергетикалық компания» ЖШС есебінен және Қазақстанның солтүстік энергия көздерінен жеткізіледі.

Мойынқұм ауданындағы электр қуатының жеткіліксіздігі, бір жағынан, аудан экономикасының электр сыйымдылығының жоғарылығына және халықтың тұрмыстық қажеттілікке электр энергиясын пайдалану үлесінің жоғарылығына байланысты.

Электр қуатының жоғары тарифтері, облыстың өзге өңірлерімен салыстырғанда аудан халқының табыс деңгейінің төмендігін ескерсек, үй шаруашылығы бюджетіне үлкен күш салып отыр.

Энергетика саласындағы энергия тиімділігі мен энергия сақтау жөніндегі негізгі іс-шаралар төмендегілер болуы керек:

• электр тарату желілерінің қолда барларын қайта жаңғырту, электр энергиясын беру мен таратудағы шығынды төмендету мақсатында есепке алудың (АСКУЭ) қазіргі заманғы жүйесін енгізу.


Индустриалды-инновациялық даму
Индустриалдандыру картасы
Қазақстанның 2011-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы алдағы жылдары еліміздің экономикалық дамуына жетекшілік жасайтын негізгі құжат болып табылады. Бұл құжаттың бағыты, мақсаты, методологиясы ауданды дамыту бағдарламасын әзірлеуге негіз болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы «2011-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің бірқатар жарлықтарын күші жойылған деп тану туралы» №958 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі №302 Қаулысына сәйкес Өңірлік Индустриалдандыру картасы әзірленді, ол облыс әкімдігінің 2010 жылғы 2 маусымдағы №156 қаулысымен бекітілді.

Индустриалды-инновациялық дамуын тездету мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ауданда экономика салаларын әртараптандыру жөнінде жалғасты жұмыстар жүргізуде. Аудан кәсіпорындарында жаңа өнім түрлері игеріліп, жаңа технологиялық желілер ендірілуде, қосымша құны жоғары бәсекеге қабілетті өнім шығару артуда.

Ауданда жалпы сомасы 44,0 млрд. теңгенің 4 инвестициялық жобасы іске асырылуда, 900 астам жаңа жұмыс орындары ашылмақ (5 кесте).

2010 жылы 35,5 млрд. теңгенің 2 инвестициялық жобасы іске асырылып, 5 жүздей жаңа жұмыс орындары ашылды.

Бүгінгі таңда 2 инвестициялық жоба іске асырылды, оның ішінде:

1. «АльБасар» ЖШС гранит пен одан жасалатын бұйымдар өңдейтін цех құрылысын аяқтады, құны – 570,0 млн. теңге, 165 жаңа жұмыс орны ашылды.

2. «Мыңарал Тас Компани» ЖШС қуаты жылына 1,2 млн. тонна цемент шығаратын цемент зауытының құрылысын іске қосты, құны – 34 953,0 млн. теңге, 350 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Сонымен қатар, ауданда 2011-2014 жылдары іске қосылатын басқа да жобалар жүргізілуде. Бұл төмендегі жобалар:

1. «ACIG» АҚ Хантау станциясында қуаты жылына 500 мың тонна цемент зауытының құрылысы жобасын іске асыруда, құны – 8 250,0 млн. теңге. Болашақта қуатын жылына 1 млн. тоннаға дейін артыру көзделуде. 300 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Іске асырылу мерзімі 2011 жыл.

Индустриаландыру картасын белсендіру үшін инвестициялық жобалардың өңірлік тізбесіне қосымша тағы 1 жоба енгізілді:

1. «АК «Алтыналмас» АҚ «Ақбақай кластері» жобасын (алтын өндіру фабрикасын жетілдіру және қайта жаңғырту) жоспарлауда, құны 32,0 млрд. теңге, 900 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Іске асырылу мерзімі 2010-2014 жылдар.Оның ішінде, осы жобаның 1-ші кезеңі «Ақбақай кен байыту фабрикасын қайта жаңарту», құны 8250 млн. теңгелік, жобасын 2011 жылдың 1-ші жартысында іске қосу жоспарланған.

Индустриаландыру картасының шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру Мойынқұм ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына оңды әсерін тигізеді. Өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінде жаңа өндірістерді енгізу 2015 жылға 74%-ды немесе 19,4 млрд. теңгені құрайды, бюджетке салық түсімдерін 0,4 млрд. теңгеге арттырады, бұл өз кезегінде ауданның жалпы ішкі өнімін арттыруға септігін тигізеді, оның құрылымында индустриаландыру картасының жаңа өндірістері 5,3%-ды құрайтын болады.

Сонымен қатар, 9 жүзден астам жаңа жұмыс орындары ашылып, бұл жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелерін шешуге септігін тигізетін болады.



Тездетілген индустриалды-инновациялық даму шеңберінде ауданда іске асырылатын инвестициялық жобалар тізбесі
5 кесте



Жобаның атауы

Кәсіпорын атауы

Жоба басшысының аты-жөні

Орын-далу мерзімі

Қаржыландыру көлемі

Ашыл. жұмыс орын-ң саны бір.

млн. АҚШ дол.

млн. теңге

2010 жылы іске асырылатын жобалар

1

Қуаты жылына 1200 мың тонна цемент зауытының құрылысы

«Мыңарал Тас Компани»ЖШСМойынқұм ауданы

Ген.директор

Сарғасқаев Айбар Саятұлы



2010 жылдың

1 желтоқ


саны

233,02

34953,0

350

2

«Қияқты» станциясында гранит пен одан жасалатын бұйымдар өңдейтін цех құрылысы

«АльБасар» ЖШС, Мойынқұм ауданы

Директор

Жұмаділ Бауыржан



2010 жылдың

1 шілдесі



3,8

570,0

165

2010 жылғы жобалар бойынша барлығы







236,82

35523

480

Іске асырылатын инвестициялық жобалар

3

Қуаты жылына 500 мың тонна цемент зауытының құрылысы

«ACIG» АҚ, Мойынқұм ауданы

Президент

Жүзбаев Жанат Құрманғалиұлы



2010-2011

60

8250,0

300

Іске асырылатын жобалар бойынша барлығы







60

8250

300

Қазақстанды индустриалдандыру картасын жеделдетуге арналған жобалар

4

Ақбақай кластері

«АК «Алтын Алмас» АҚ, Мойынқұм ауданы


Президент Қанашев

Диар Бахытбекұлы

2010-2020


216,2

32 000,0

900


























Болашақ жобалар бойынша барлығы







216,2

32000

900

ҚОРЫТЫНДЫ







513,02

75773

1377



Қазақстандық мазмұн
Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті тауар, жұмыс пен қызметтерді сатып алуда қазақстандық мазмұнның үлесін арттыруға ықпал ету болып табылады.

2009 жылы тауар, жұмыс пен қызметтерді жеткеру жөнінде 422,5 млн. теңгеге 566 келісім-шартқа жергілікті тауар өндірушілермен, бюджеттік ұйымдар – жалпы сомасы 310,9 млн. теңге 24 келісім-шартқа қол қойды.

«Шығыс кен басқармасы» ЖШС жалпы сомасы 85,8 млрд. теңгелік тауар, жұмыс пен қызметтерді жеткеру жөнінде 7 келісім-шартын жасады.

Бюджеттік ұйымдардың да қазақстандық тауар өндірушілердің ірі тұтынушысы екендігін атап өтуіміз қажет.

2009 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджеттен қаржылан-дырылатын ауданның мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары жалпы сомасы 603,7 млн. теңгеге түрлі жолдармен 1300 тауарларды (жұмыс пен қызмет) мемлекеттік сатып алуларды жүргізді, мұнда қазақстандық мазмұнның үлесі 73% немесе 440,7 млн. теңгені құрайды.

2010 жылы да қазақстандық мазмұнды арттыру жөніндегі жұмыстар жалғасын табуда.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауданның мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары жалпы сомасы 622,4 млн. теңгеге түрлі жолдармен 1105 тауарларды (жұмыс пен қызмет) мемлекеттік сатып алуларды жүргізді, мұнда қазақстандық мазмұнның үлесі 75%.
Мәселелердің, қауіптердің, бәсекелестік басымдықтар мен мүмкіндіктердің кешендік сипаттамасы.

Өңірдегі өнеркәсіптің жүйеқалыптастырушы кәсіпорындарының тауарлар сатып алуындағы қазақстандық мазмұн деңгейінің төмендігіне мыналар әсер етеді:

шикізат сатып алуға мәжбүр республика экономикасының қосымша салалары дамуының жеткіліксіз деңгейі,

кәсіпорындардың технологиялық деңгейінің төмендігі, жабдықтардың физикалық тұрғыдан ескіруі мен моральдық ескіруінің салдарынан өңдеу саласы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;

отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;

айналым қаржыларының жеткіліксіздігі мен пайыздық мөлшерлемесі төмен ұзақ мерзімді кредиттердің қол жетімсіздігі.

Сонымен қатар, өнеркәсіптік кәсіпорындардың маркетингтік қызмет деңгейінің әлсіздігі тұтынушылар тарапынан сұраныстың төмен болуына алып келеді.

Бұл мәселені шешу үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып аудандағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жетілдіруге және жаңа өндіріс орындарын ашуға, бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнім шығаруды қамтамасыз ететін халықаралық сапа стандарттарын ендіруге бағытталған Қазақстанның 2011-2014 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамуын тездету мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде сертификаттары бар аудандағы тауар өндірушілердің реестрлері жасалған және таратылған.




Менеджмент және стандарттау жүйесі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет