БАҒдарламасы мойынқұм ауылы 2012 жыл мазмұны кіріспе


Аумақтардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі проблемаларының, тәуекелдіктерінің, тосқауыл болатын факторларының, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктерінің кешенді сипат



бет3/7
Дата21.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#151766
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

2.3. Аумақтардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі проблемаларының, тәуекелдіктерінің, тосқауыл болатын факторларының, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Ауылшаруашылығы

  1. Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу өндірісін тұрақты дамыту үшін қолайлы ауа-райы жағдайлары;

  2. Табиғи топырақ құнарлылығы жоғары, табиғи шабындықтары мен жайлаулары бар ауылшаруашылық жерлерінің болуы;

Өнеркәсіп

  1. Ауданның аудандар арасында және республиканың орталық бөлігі арасындағы қолайлы географиялық орналасуы;

  2. Бай минералдық-шикізат ресурстары, табиғат-ауа райы жағдай-ларының әртүрлілігі;

  3. Өнеркәсіптің күшті базалық салаларының болуы: тау-кен өндірісі, қайта өңдеу өнеркәсібі;

  4. Шағын кәсіпкерліктің белсенді дамуы, өз бетінше жұмыспен қамтылған халық санының өсімі;

  5. Қымбат емес тұрақты өсіп отырған жұмысшы күші;

Бәсекелестікті дамыту

  1. Қолайлы инвестициялық климат;

Шағын және орта кәсіпкерлік

  1. Шағын бизнес саласындағы шағын кәсіпкерлік субъектілері санының, шағын бизнес өндірісі көлемдерінің өсімі;

Сауда саясаты

  1. Аудан халқына көрсетілген қызметтер көлемінің өсімі;

  2. Қызмет көрсетулер саласында негізінен шағын кәсіпкерлік субъектілері қызмет атқарады;

  3. Бөлшек тауар айналымы көлемдерінің өсімі.

Білім беру

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының желісін кеңейту;

Арнайы ұйымдар ашу арқылы мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін жағдайлар жасау;

Балаларды отбасыларына орналастырудың тұрақты үрдісі сақталуда;



Кәсіптік мектепті бітірушілер санынан жұмысқа орналасқандарының көбеюі.

Дене шынықтыру және спорт

  1. Бірінші кезекте сұраныс жағынан дене шынықтыру кіші сек-торының күшті жақтарына оқушылар мен білімгерлер санының өсіп отыр-ғандығын жатқызуға болады, бұл демографиялық келеңсіздіктің аяқталу-ының салдары.

Мәдениет

  1. Ауданның тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дамытуда жұмыс жүйелендірілген;

Көлік

  1. Қатты төсеніші бар автомо-биль жолдарының жоғары үлес салмағы.

Сауда

  1. Аудан халқына көрсетілген қызметтер көлемінің ұлғаюы;

  2. Қызмет көрсетулер саласында негізінен шағын кәсіпкерлік субъектілері қызмет атқарады;

  3. Бөлшек тауар айналымы көлемдерінің өсімі.

Құрылыс

  1. Бастапқы құрылыс материал-дарымен қамтамасыз етілу: шағал тас, құм, топырақ;

  2. Құрылыс материалдары өнді-рісінің қарқынды өсуі;

  3. Әлеуметтік сала объектілерін пайдалануға енгізу;

  4. Мемлекеттік бюджеттен құры-лысқа бөлінген қаржыларды мақсатты және толық игеру;

  5. Тұрғын үй құрылысы көлем-дерінің және оларды пайдалануға беру-дің артуы.

Сумен қамтамасыз ету және су бөлу

  1. Жер асты сулары қорларының болуы;

  2. Сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта жаңғыртуды қаржы-ландырудың өсуі.

Тұрғын үй қорын басқару

  1. Алмастырушы тауарлардың болмауынан коммуналдық қызметтерге деген сұраныс;

Электр энергетикасы

  1. Электр энергиясын тұтыну-дың өсуі;

Аумақтық даму

  1. Бүкіл аудан үшін өсім орта-лығы болуға қабілетті елді мекеннің болуы;

  2. Аумақтық-кеңістіктік құры-лымның ерекшелігі - өңірлік көші-қонды тарту орталықтарының болуы.


Тілдерді дамыту

  1. Мемлекеттік тіл мен Қазақ-стан халқы тілдерін оқыту инфра-құрылымы кеңейтілді;

  2. Мемлекеттік тілді оқыту процесіне жаңа ақпараттық техноло-гияларды (лингафондық кабинеттер, компьютерлік бағдарламалар) ендіру қамтамасыз етілді;

  3. Іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру процесі белсенді іске асырылуда.




Ауылшаруашылығы

  1. Механикаландырудың төмен деңгейі және ауылшаруашылық техни-касы ескіруінің жоғары деңгейі;

  2. Суару инфрақұрылымының ескіруі, суармалы жерлер алқабының азаюы;

  3. Маңызды азықтық жем дақылдары түрлерін (сүрлем, силос) дай-ындаудың жоқтығы және осыған байла-нысты малдың өнімділігін төмендететін мал азығындағы қоректі заттардың аздығы;

  4. Инфрақұрылымдық объекті-лердің тапшылығы (мал соятын пункттер мен көкөніс сақтайтын қоймалар);

  5. Малдың 70% жуығы жеке қосалқы шаруашылықтардың үлесінде.

Өнеркәсіп

  1. Ауданның облыс экономикасындағы төмен үлесі (6,7%);

  2. Өндірісті модернизациялаудың төмен деңгейі;

  3. Инвесторлар үшін төмен тартымдылық;

  4. Шағын және орта кәсіпкерліктің бәсе-кеге қабілеттілігінің төмендігі (өнімділік);

  5. Шағын бизнестегі қызмет көрсету саласының жоғары үлесі;

  6. Білікті жұмысшы кадрлардың және инновациялық менеджмент саласындағы кадрлардың жеткіліксіздігі;

  7. Энергия ресурстары құнының жоғарылығы.

Бәсекелестікті дамыту

  1. Дизельдік отын және бензин тасымал-даудың өзіндік құнының жоғарылығы;

  2. Әкімшілік тосқауылдар.

Шағын және орта кәсіпкерлік

  1. Қаржылық проблемалар: кепілдік қамсыздандырудың жоқтығынан, қаржы мекемелеріндегі өсімнің жоғары пайыздық ставкаларынан, құжаттарды қараудың ұзақ мерзімдерінен ауылдық және бастапқы бизнестің кредиттік ресурстарға шектеулі қолжетімділігі; кредиттік қатынастар саласында жеңілдіктердің болмауы;

  2. Кадрлық проблемалар: иелері мен қызметкерлерінде тәжірибенің жеткіліксіз-дігі, білікті кадрлардың тапшылығы;

  3. Кәсіпкерлер жолында әкімшілік тосқауылдардың болуы.

Сауда саясаты

  1. Ауылдық елді мекендерде қызмет көрсету секторы жеткілікті дамымаған;

Білім беру

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында орын тапшылығы сақталуда;

Ауданның мектепке дейінгі балалар ұйымдарының спорт залдармен, жүзу бассейндерімен, музыкалық сабақтар өткізетін залдармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, тиісті жабдықтар (асханалық) мен құрал-саймандардың ескіруі;

Жыл сайын күрделі жөндеуді қажет ететін мектептер үлесінің артуы;

Ауылдық жерлерде ыңғайластырылған жайларда орналасқан мектептердің болуы;

Ауылдық елді мекендерде кең жолақты Интернет желісіне қолжетімділіктің жеткіліксіздігі;

Мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдарының ( көркемсурет мектептері, техникалық шығармашылық орталықтары) жеткіліксіздігі;

Арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқу шеберлерінің тапшылығы.



Дене шынықтыру және спорт

  1. Мектептердегі спорт объектілері мен спорт алаңдарының (спорт залдары, киім шешетін жерлер, спорт алаңқайлары) созылмалы жеткіліксіздігі, сондай-ақ құрал-саймандардың айтарлықтай жеткі-ліксіздігі;

  2. Сондай-ақ елеулі кемшілігі - ауылдық елді мекендерде спорт бойынша нұсқаушы-әдіскерлердің жетіспеушілігі.

Мәдениет

  1. Мәдени мекемелер желісінің даму-ындағы теңсіздіктерге байланысты аудан халқының мәдени ұйымдар қызметіне қолжетімділігінің бірдей еместігі;

  2. Саланың нашар материалдық-техникалық базасы және білікті кадрлар-дың тапшылығы;

  3. Отандың мәдени өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі.

Көлік

  1. Автожол төсенішінің нашар жағдайы;

  2. Автокөлік үшін сервистік инфрақұры-лымның жоқтығы;

  3. Шалғай жатқан елді мекендермен авто-бус қатынасының жоқтығы;

Құрылыс

  1. Халықтың төмен кірістері;

  2. Халықтың сатып алу қабілетінің төмендігіне байланысты азаматтардың тұрғын үйге қолжетімділігінің жеткіліксіз деңгейі;

  3. Елді мекендерге құрылыс салу бас жоспарларының жоқтығы (Тараз қаласынан басқа);

  4. Коммуналдық инфрақұрылым-ның жетімсіздігі;

  5. Ескірген құрылыс техноло-гиялары;

  6. Халық пен құрылыс компания-ларының үлестік құрылысқа дайын еместігі.

Сумен қамтамасыз ету және су бөлу

  1. Тұрғын үй қорының орталық-тандырылған сумен қамтамасыз етумен және су бөлумен төмен жарақтандырылуы;

  2. Ауылдық жерлерде сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілудің төмен деңгейі;

  3. Су құбырлары және кәріздік желілердің тозуының жоғары дәрежесі;

  4. Инвестицияларға ықпал етпей-тін сумен қамтамасыз етудің және су бөлудің төмен тарифтері.

Тұрғын үй қорын басқару

  1. Халықтың төмен төлем қабі-леттілігі;

  2. Үйлерді күрделі жөндеу үшін тұрғындарды кредиттеудің дамымауы.

Электр энергетиксы

  1. Халық кірістерінің төмен деңгейі;

Аумақтық даму

  1. Өндірістік күштерді орналас-тырудағы аумақтық әркелкіліктер, Аудан аумағының қалалану деңгейінің төмендігі

  2. Ауданның инфрақұрылымдық, әлеуметтік және экономикалық даму-ындағы елеулі әркелкіліктер.

Тілдерді дамыту

  1. Тіл саласының жеткіліксіз нор-мативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі;

  2. Мемлекеттік тілге үйретудің бірыңғай стандарттары жоқ.




Мүмкіндіктері

Қауіптері

Ауылшаруашылығы

  1. СДО құру арқылы жеке қосал-қы шаруашылықтарды ірілендіру, бұл экспорттық әлеуетті ұлғайтуға мүмкіндік береді;

  2. Агроөнеркәсіп кешенін индус-триаландыру;

  3. Егіс алқабының құрылымын-дағы жоғары рентабельді дақылдардың үлесін арттыру;

  4. Мал табынындағы өнімділігі жоғары асыл тұқымды малдың үлесін ұлғайту;

  5. Ауылдық несиелік серіктестік-тер мен ауылдық тұтыну кооператив-терінің желісін кеңейту.

Өнеркәсіп

  • Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру – қосымша құнның өсімі;

  • Инвестициялық тартымдылықты артты-ру;

  • Жаңа минералдық-шикізат ресурстарын игеру;

  • Агроөнеркәсіп кешенін, шағын бизнесті индустриаландыру;

  • Бәсекеге қабілетті өнімнің кең құрамын шығаратын өндірісті дамыту;

Шағын және орта кәсіпкерлік

  • Шағын кәсіпкерліктің өндірістік инфра-құрылымын дамытуға арналған әлеуеттің болуы;

  • Шағын кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту.

Сауда саясаты

  • Халыққа көрсетілетін қызметтер номен-клатурасын кеңейту және қызметтердің заманауи түрлерін дамыту;

  • Қызметтер саласының экономиканы дамытудағы ролі мен орнын толық ауқымда зерттеу кәсіпкерлердің осы салаға назар аударуын арттырып, аудан экономикасының сервистік-технология-лық дамуының алғышарттарын қалып-тастыруға мүмкіндік берген болар еді.

Білім беру

Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтуды 100%-ға жеткізу мақсатында заманауи мектепке дейінгі мекемелер және шағын орталықтар құрылысын салуды бюджеттік және жеке қаржыландыруды кеңейту;

Жұмыс істеуі және тұруы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында жас мамандарды мектепке дейінгі білім беру саласына, оның ішінде ауылдық жерлердегі, тарту және қолдау;

Мектеп оқушыларының санын 1 компьютерге 1-2 балаға дейін келетіндей етіп азайту және мектептердің компь-ютерлік техникамен жарақтандырылу дең-гейін жоғарылату және кең жолақты Интернетке қосылуын 100% жеткізу мақса-тында орта білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын күшей-туге байланысты шығыстарды бюджеттік қаржыландыруды кеңейту және қаржылан-дыруға жеке сектордың қатысуын ынта-ландыру;

Мектептерді ыңғайландырылған жайларда орналастыру дағдысын жою, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау мақсатында заманауи орта білім беру объектілерін салу саласында мемлекеттік жекеменшік әріптестікті дамыту;

Жас педагог кадрлардың өз ісіне шынай берілуін және ауылдық жердегі елді мекенге орнығуын ынталандыру;



Дене шынықтыру және спорт

  1. Спорт мектептері мен спорт-тық секциялардың айтарлықтай жетіс-пеушілігінен осындай ұйымдардың қыз-метіне қанағаттандырылмаған сұраныс. Бұдан басқа балалар мен жастардың өсіп отырған саны бұқаралық спортты дамы-тудың мүмкіндігі болып табылады, бұл алда сұраныстың өсетінін көрсетеді;

Мәдениет

  1. Ауданның тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дамыту;

Сауда

  1. Халыққа көрсетілетін қызмет-тер номенклатурасын кеңейту және қызметтердің заманауи түрлерін дамыту;

  2. Қызметтер саласының эконо-миканы дамытудағы ролі мен орнын то-лық ауқымда зерттеу кәсіпкерлердің осы салаға назар аударуын арттырып, аудан экономикасының сервистік-технология-лық дамуының алғышарттарын қалып-тастыруға мүмкіндік берген болар еді.

Құрылыс

  1. Тұрғын үй құрылысын облыстық бюджетпен қолдауды ұлғайту арқылы өңір халқы үшін тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету;

  2. Пайдалануға енгізіліп отырған объектілерді инженерлік-комму-никациялық инфрақұрылыммен қамтама-сыз ету;

Сумен қамтамасыз ету және су бөлу

  1. Жеткілікті қаржылан-дыра отырып ауданның барлық елді мекендерін ауыз сумен сапалы қамта-масыз ету.

Электр энергетикасы

  1. Экономиканың барлық секторларындағы электр сыйымдылығы және халықтың электр энергиясын тұтыну деңгейінің жоғарылығы;

  2. Электр энергиясын тұтынуды қысқартуға мүмкіндік беретін технологиялардың болуы.

Аумақтық даму

  1. Ауыл халқы санының басым-дылығы ауылшаруашылығын дамыту үшін жақсы база жасауға ықпал етеді.

Тілдерді дамыту

  1. Тілдік көптүрлілікті сақтай отырып әлеуметтік-коммуни-кативтік кеңістікте мемлекеттік тілді қолдану;

Қазақстан халқының рухани және ұлттық бірлігінің басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің ролін арттыру.

Ауылшаруашылығы

  1. Ауыл шаруашылығында қар-жылық және технологиялық мүмкін-діктері шектеулі жеке қосалқы шаруа-шылықтар (әсіресе мал шаруашылы-ғында) үлесі басым, бұл саланың даму-ына, жаңа технологияларды ендіруге кері әсер етеді;

  2. Нашар кепілдік базаға байла-нысты ауыл халқын кредиттеу пробле-малары, халықтың ауылдық кооперация және тетіктері мәселелері бойынша ақпараттануының төмен деңгейі.

Өнеркәсіп

  • Облыстың басқа өңірлеріне қарағанда экономикалық даму қарқыны төмен.

  • Аудан бизнес-ахуалының нашарлау мүмкіндіктері;

  • Үдемелі индустриаландыру жоспарларын іске асыру үшін қолжетімді электр энер-гиясының тапшылығы.

Бәсекелестікті дамыту

  1. Бензин мен дизель отынының тапшы-лығы;

  2. Шикізатқа елеусіз маусымдық тербе-лістердің соңғы өнімге асыра әсер етуі.

Шағын және орта кәсіпкерлік

  1. Бизнестің жабылуы және банкроттыққа ұшырауы, жаңа өндіріс ашуда кәсіпкерлік бастаманың төмендеуі, қолданыстағы өндірістің әртараптануы;

  2. Ішкі нарықтың ашылуына және Бүкіләлемдік сауда ұйымына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке енуге байланысты аудан кәсіпорындарының бәсекеге қабілетсіздігі, ішкі нарықтың импорттан тәуелділігінің артуы.

Сауда саясаты

  1. Көрсетілген қызметтер көлемдерінің қысқаруы;

  2. Қызмет көрсету саласына заманауи тех-нологияларды ендірудің төмен деңгейі.

Білім беру

Мектепке дейінгі білім беру саласына мемлекеттік қаржыландырудың жеткіліксіз-дігі, жаңа мектепке дейінгі балалар ұйымдарын салуда жеке сектор бастамасының жоқтығы, ауданда мектепке дейінгі балаларды қамту деңгейінің төмен-дігі, мектепке дейінгі балалар мекеме-леріндегі орындардың тапшылығы, балалар-ды орта мектепте оқытуға дайындау және олардың қоғамда психологиялық-әлеуметтік бейімделуі бойынша мүмкіндіктерін шектейді;

Облыстық және жергілікті бюджеттерден бөлініп отырған бюджеттік қаржылардың шектеулігі салдарынан аудандағы мектепке дейінгі балалар мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нашарлауда, атап айт-қанда бірқатар мектепке дейінгі балалар мекемелерінде спорт залдары, жүзу бассейн-дері, саз залдары, ыстық су жоқ, бұл бала-лардың денсаулығын нығайту және олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау мүмкіндігін төмендетеді;

Ауылдық жерлердегі ыңғайластырылған жайларда орналасқан мектептер үлесін сақ-тау салдарынан жаңа мектептер салу шығыс-тарын қаржыландырудың жеткіліксіздігі;



Дене шынықтыру және спорт

  1. Әлемдік тәжірибе көрсеткен-дей, халықтың дене шынықтыру белсен-ділігі әдетте әл-ауқатының жақсаруына қарай төмендейді.

Мәдениет

  1. Табиғи-ауа райы жағдайла-рының тарихи-мәдени мұра объектілеріне келеңсіз әсері;

  2. Мәдениет мекемелері қызмет-тері құнының өсімі;

  3. Саладан білікті мамандардың кетуі.

Сауда

  1. Көрсетілген қызметтер көлем-дерінің қысқаруы;

  2. Қызмет көрсету саласына зама-науи технологияларды ендірудің төмен деңгейі.

Құрылыс

  1. Елді мекендер бас жоспар-ларының бекітілуі мен қабылдануының кешеуілдеуі;

  2. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын әзірлеудің кешеуілдеуі;

  3. Халықтың тұтыну қабілетінің төмендеуі.

Сумен қамтамасыз ету және су бөлу

  1. Сумен қамтамасыз ету желілері жағдайының одан әрі нашар-лауы және су құбырлары ұзындығының азаюы салдарынан аудан халқының өмір сүру сапасының нашарлау қаупі өседі.

Тұрғын үй қорын басқару

  1. Халықта жалпыүйлік ау-мақтардың жағдайына, қалдықтарды жинау мен шығаруға жауапкершіліктің жоқтығы;

  2. Тұрғын үй қорының істен шығу қарқынының жеделдеуі.

Электр энергетикасы

  1. Э/э техникалық жоғалту деңгейінің және пайдалану шығыс-тарының өсімі;

  2. Энергия үнемдеу техно-логияларын ендіру бағытында тұтыну-шылар арасындағы төмен белсенділік;

  3. Энергия үнемдеу техноло-гияларын іске асыруға қаржы-лық ресурстарды тартудағы проблемалар.

Аумақтық даму

  1. Ауданның әлеуметтік және инфрақұрылымдық даму әркелкілігінің тереңдеуі.

Тілдерді дамыту

  1. Мемлекеттік тілді қол-дану аясында құқықтық кемшіліктердің болуы;

  2. Қазақстандықтардың тіл мәде-ниетінің төмендеу мүмкіндігі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет