Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет3/3
Дата28.03.2023
өлшемі12.87 Kb.
#471302
түріБағдарламасы
1   2   3
Кантар перспектива

Бала, оның отбасы, үйі.
Баланың жеке тұлғасының қалыптасуына ықпал ету.
Заттық әлем.
Заттық-бағдарлық әрекеттерді (қарау, тигізу, бұрау, ашу, белгілі бір объектіге арналған нақты әрекеттерді (допты домалату, машинаны итеру, қуыршақты жатқызу, пирамиданы жинау және бөлшектеу, бір текшені екіншісіне қою) орындауға баулу.
Көлік.
Жол туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру.
Еңбекке баулу.
Кейбір еңбек әрекеттерін білуге және атауға (тәрбиешінің көмекшісі ыдыс жуады, тамақ әкеледі, сүлгілерді ауыстырады) үйрету.
Адамгершілік тәрбиесі.
Ненің «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» екені туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру.
Табиғат әлемі.
Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Үй жануарлары және олардың төлдерімен (қозы, лақ, бота), аңдармен (аю, қасқыр, қоян) және құстармен таныстыру, оларды ажырату және атау, сипаттамалық ерекшеліктерін ажырата білу. Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Құрастыру

- заттар туралы түсініктерді, бейнелеу және құрастыру әрекеттерін нақтылау
үшін көру және сипап-сезу (тактилді) зерттеу әдістерін қалыптастыру;
- құрылыс материалдарынан құрастыруға баулу.
Қарапайым құрылысты үлгі бойынша, ересектің көмегімен, өз бетінше құрастыру, кеңістік қатынастарды түсіну, құрылыс масштабына сәйкес сюжеттік ойыншықтарды, табиғи материалдарды (құм, су, тас) қолданып, ойнауға мүмкіндік беру.

Сурет салу

- бейнелеу өнеріне шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру.
Белгілі бір ережелерді орындау: дұрыс отыру, қағазды умаждамау, қаламды тарсылдатпау, жұмысты ұқыпты жасау.

Мүсіндеу

- материалға ұқыпты қарауға, оны дұрыс қолдана білуге үйрету.
Қарапайым және күрделі пішінді заттарды мүсіндеудің техникалық дағдыларын қалыптастыру: кесені, тостағанды, табақты мүсіндеуде пішіннің жоғары бөлігін саусақпен басып, тереңдету, кесектерді біріктіру, қуыршаққа арналған әшекейлерді (білезік, жүзік, қол сағат) мүсіндеу, заттардың ұқсастықтарын табу.

Жапсыру

- желімсіз жапсыру техникасын игеру.
Фланелеграфта доптарды орналастыру.

Музыка

- музыкаға, ән айтуға, қарапайым аспаптарда ойнауға шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру;
- балаларды музыкалық шығармашылыққа, әсемдікті сезінуге тәрбиелеу;
- көркемдік қабылдауды дамыту, балаларды бейнелеу өнерінің шығармаларын түсінуге, музыка мен әнді қабылдауға баулу.
Музыкаға деген қызығушылықты ояту, музыка тыңдауға, ән айтуға, қарапайым би қимылдарын орындауға баулу.
Музыка тыңдау.
Фортепианоның дыбысталуын ажырата білу, әртүрлі музыкалық аспаптарда орындалған таныс әуендерді тыңдау, бұл әуендерді тани білу.
Ән айту.
Әнді жеке және топпен айту, әуенді интонациямен және ырғақты дұрыс жеткізу.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар.
Қарапайым би қимылдарын орындау: шапалақтау және аяқты тарсылдату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет