Спорттық жаттығулар.
Мұзды жолдармен сырғанау: балаларды қолынан жетелеп сырғанату.
Дербес қимыл белсенділігі.
Ересектің бақылауымен ойын әрекеттерін (спорттық, би) орындауға, қимыл белсенділігіне жағымды эмоция білдіруге, бұрын меңгерген қимылдарды өз бетінше орындауға ықылас танытуға баулу.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары.
Балаларды топта жеңіл киінуге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету.
Сөйлеуді дамыту
|
- көрнекілікке сүйенбей айналасындағылардың сөзін түсіну қабілетін дамыту;
- дыбыстарды дұрыс айтуды дамыту;
- пассивті және белсенді сөздік қорды байыту;
- түрлі балалар әрекетінде қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы балалардың ауызша және байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Сөйлеу қарқынын, дауыстың жоғарылығы мен күшін ескеріп, дыбыстардың, сөздер мен сөз тіркестерінің анық айтылуына назар аудара отырып, дауыс аппаратын дамыту, артикуляциялық гимнастика жасау.
Сөздік қорды қалыптастыру.
Балалардың сөздік қорын: үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларын заттарын білдіретін зат есімдермен;
Тілдің грамматикалық құрылымы.
Сөздердің дұрыс айтылуын, зат есімдердің көпше түрде дұрыс қолданылуын ескеріп, сын есімдерді зат есімнің көпше түрімен сәйкестендіру.
Байланыстырып сөйлеу.
Кітаптардағы суреттерді қарау, ондағы таныс заттарды атау, педагогтің өтініші бойынша суреттен заттарды тауып, сұрақ қою: «Бұл кім (не)?», «Не істеді?». Қарапайым сюжеттік суреттердің мазмұнын айтып беру. Кейіпкерлердің әрекеттерін (қимылдарын) қайталатып ойнату.
|
Көркем әдебиет
|
- қолжетімді халық ауыз әдебиеті, көркем әдебиет шығармаларына, театр әлеміне баулу;
- кітаптарға қызығушылықты дамыту;
- түрлі балалар әрекетінде қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы балалардың ауызша және байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Таныс өлеңдерді оқыған кезде балаларға сөздерді, сөз тіркестерін қосылып айтуға мүмкіндік беру.
|
Сенсорика
|
- қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;
- түрлі сенсорлық әсерлермен байыту;
- қоршаған ортада бірлесіп әрекет етуді дамыту;
- түрлі балалар әрекеттерінде көз бен қол үйлесімділігін, қолдардың ұсақ моторикасын дамыту;
- заттарды түсі, көлемі, пішіні бойынша өз бетінше зерттеу.
Өлшемдері әртүрлі геометриялық фигураларды, өлшемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды, түрлі көлемдегі геометриялық фигураларды негізгі түсі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстыру және іріктеуді жетілдіру.
|
Қоршаған ортамен таныстыру
|
- қарым-қатынас барысында бір-бірінің атын атауға, достарының аттарын есте сақтауға баулу;
- аты мен жынысына сәйкес өзін-өзі тануға баулу;
- өзгелерге құрметпен қарауға тәрбиелеу;
- отбасы дәстүрлеріне баулу, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру;
- әртүрлі өмірлік және ойын жағдаяттарында баланың әлеуметтік қатынастар жүйесіне енуі негізінде әлеуметтік тәжірибесін, жеке қасиеттерін қалыптастыру;
- табиғат құбылыстарына қызығушылықты ояту;
- өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға, олардың әсемдігін байқауға үйрету;
- табиғаттағы қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережелерімен таныстыру (бейтаныс жануарларға жақындамау, оларды сипамау; өсімдіктерді аузына алмау және жұлмау).
- құрдастарымен және ересектермен өзара әрекет етуі және бірлескен ойындарға қатысуы үшін жағдайлар жасау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |