іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы МКҚК №2 «Батыр» балабақшасы
Топ №10 «Ләйлек» кіші тобы
Балалардың жасы 2-3 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 2023 оқу жылы
наурыз айы
Айы
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
|
наурыз
|
Дене шынықтыру
|
Негізгі қимылдар:
Жүгіру. Бірқалыпты, шашырап, берілген бағытта, әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен, аяқтың ұшымен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20м дейін) шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен жүгіру; бағытты өзгертіп, шашырап, 30-40 секунд бойына тоқтамай жүгіру, жүруден жүгіруге және керісінше ауысу.
Еңбектеу, өрмелеу. Шектеулі жазықтың, көлбеу тақтайдың бойымен, доғаның, гимнастикалық скамейканың астынан, әртүрлі заттардың: арқанның астынан нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу. Биіктігі 10 см, ауданы 50 х 50 см модульге өрмелеу.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары
Балаларды топта жеңіл киінуге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету.
|
Сөйлеуді дамыту
|
Сөздік қорды қалыптастыру.
Балалардың сөздік қорын:
Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлеріне баулу, балаларды бесікпен таныстыру, қуыршақты бесікке бөлеп, бесік жырын айтып отырып ойнату арқылы балаларды қамқорлыққа баулу, балаларға бесік жырын күнделікті ұйықтар алдында тыңдатуды әдетке айналдыру, топтағы барлық баланы ересектердің жақсы көретінін сездіру.
Байланыстырып сөйлеу.
«Бұл кім (не)?», «Не істеді?» қарапайым сюжеттік суреттердің мазмұнын айтып беру. Кейіпкерлердің әрекеттерін (қимылдарын) қайталатып ойнату.
|
Көркем әдебиет
|
Бесік жырларын, халық әндерін, ертегілерді, авторлық шығармаларды тыңдауға үйрету.
Оқылған шығармадағы жекелеген сөздерді қосылып қайталап айтуды үйрету.
|
|
Сенсорика/ Математика негіздері
|
Үлгі мен ауызша нұсқауға сүйеніп, тапсырмаларды орындау.
Қимылдарды, қолдың ұсақ моторикасын үйлестіру дағдыларын меңгерту.
Түстердің атауларын дұрыс қолдануды үйрету.
|
Қоршаған ортамен таныстыру
|
Табиғат әлемі.
Табиғат құбылыстарына қызығушылық таныту. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыру: қар, жаңбыр, жел және т.б.
Аулаға ұшып келетін құстарды (торғайлар, көгершіндер, қарғалар және т.б.), үй құстарын (тауық, қаз, үйрек және т.б.), маусымға тән табиғат құбылыстарын бақылау.
|
Құрастыру
|
Құрдастарымен бірге құрастыруға баулу, олармен ойнау, қарапайым құрастыру дағдыларын бекіту: үстіне, жанына қою.
Қарапайым құрылысты үлгі бойынша құрастыру;
Құрылыс материалдарын (текшелер, кірпіштер) ажырата алуды үйрету.
|
Сурет салу
|
Дөңгелек, ұзын пішіндерге ұқсас заттарды бейнелеуді үйрету.
Қағаздың қасиеттерін білуді үйрету.
Қаламды дұрыс ұстауға дағдыландыру.
Түстерді ажыратуды және оларды дұрыс атауды үйрету.
|
Мүсіндеу
|
Кесе, тостаған, табақты мүсіндеуде пішіннің жоғары бөлігін саусақпен басып мүсінгдеуді үйрету.
Дайын болған бұйымды тұғырға орналастырып, жұмыстан кейін материалдарды жинастыруға дағдыландыру.
|
Жапсыру
|
Фланелеграфте геометриялық фигураларды, машиналарды, үйлерді, доптарды, шарларды, гүлдерді, қазақтың ұлттық ою-өрнектерін және т.б. орналастыру.
|
Музыка
|
Музыкалық-ырғақтық қимылдар
Денені оңға, солға бұру, басты оңға, солға ию, қолдарды сермеу және т.б.
Әртүрлі кейіпкерлердің қимылдарын ойындарда көрсету (қанатын жайып ұшқан құстар және т.б.), ойындар мен әндерді сахналау.
|
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған
Достарыңызбен бөлісу: |