Бағдарламасы негізінде 2022-2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған


іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет8/11
Дата28.03.2023
өлшемі58.82 Kb.
#471304
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Перспектива 2022-2023 жж

іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы МКҚК №2«Батыр» балабақшасы
Топ №10 «Ләйлек» кіші тобы
Балалардың жасы 2-3 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 2023 оқу жылы
ақпан айы

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

ақпан

Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:
Тепе-теңдік сақтау жаттығулары.
Қолдарын жоғары көтеру, түсу; заттардан ( биіктігі 10-15см): құрсаудан құрсауға аттап өту; тақтайдың үстімен 20 см арақашықтықта орналасқан бірнеше кедергілерден (ленталардан, текшелерден және тағы басқа) аттап жүру, орнында баяу айналу.
Орнында жүру. Бастапқы қалыпта тұрып, сол (оң) аяқтың тізесін (заттан ұстап) бүгу. Таяныштан ұстап отыру, аяқтың ұшымен тұрып, тартылу. Аяқтың өкшесін алға қою. Аяқтың бақайларын қимылдату (отырып).
Спорттық жаттығулар.
Шанамен сырғанау: шанаға отырып, төбешіктен сырғанауға, шананы жібінен сүйретуге, ойыншықтарды шанамен сырғанатуға үйрету;.
Мұзды жолдармен сырғанау: балаларды қолынан жетелеп сырғанату.



Сөйлеуді дамыту

Сөздік қорды қалыптастыру.
Балалардың сөздік қорын:
еңбек әрекетін (жуу, суару, құю), қарама-қарсы мәндес әрекеттерді (ашу-жабу, кию-шешу, алу-салу), адамдардың қарым-қатынасын (құшақтау, көмектесу), көңіл-күйін (қуану, күлу, ренжу) білдіретін етістіктерді үйрету.
Байланыстырып сөйлеу.
Кітаптардағы суреттерді қарау, ондағы таныс заттарды атау.



Көркем әдебиет

Балалардың назарын кітапты қарап отырған балаға аудару. Балалармен бірге балалар әдебиетінің шығармаларына арналған иллюстрацияларды қарау.
Суреттердің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруді дамыту.




Сенсорика/ Математика негіздері

Берілген заттардың 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әртекті заттарды салыстыру.
Заттарды түсі, көлемі, пішіні бойынша өзбетінше зерттеу және салыстыруға мүмкіндік беру.



Қоршаған ортамен таныстыру

Табиғат әлемі.
Сыртқы белгілері бойынша көгөністер (қызанақ, қияр, картоп және т.б.) мен жемістерді (алма, алмұрт және т.б.) ажырату.
Үй жануарлары және олардың төлдерімен (қозы, лақ, бота және т.б.), аңдармен (аю, қасқыр, қоян және т.б.) және құстармен таныстыру, оларды ажырату және атау, сипаттамалық ерекшеліктерін ажырата білу. Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.



Құрастыру

Кеңістік қатынастарды түсіну, құрылыс масштабына сәйкес сюжеттік ойыншықтарды, табиғи материалдарды (құм, су, тас және т.б.) қолданып, ойнауға мүмкіндік беру.
Тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атау, қорапқа құрылыс бөлшектерін ұқыптылықпен жинау.



Сурет салу

Қаламды үш саусақпен, қатты қыспай ұстау, суреттің қарапайым элементтері ретінде тік және тұйықталған дөңгелек сызықтарды қағаз бетінде жеңіл жүргізу.



Мүсіндеу

Сазбалшықтың, ермексаздың қасиеттерін үйрету;
Мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін меңгеру (кесектерді үлкен бөліктерден бөліп алып, оларды біртұтас етіп біріктіреді, сазбалшықты өздігінен илей алуды) үйрету.



Жапсыру

Фланелеграфте геометриялық фигураларды, машиналарды, үйлерді, доптарды орналастырып жапсыруға үйрету.



Музыка

Музыкалық-ырғақтық қимылдар
Музыканың сүйемелдеуімен топпен және шеңбер бойынша қол ұстасып жүру және жүгіру дағдыларын қалыптастыру.
Қарапайым би қимылдарын орындау:қолдың білектерін айналдыру, шапалақтау және аяқты тарсылдату, жүрелеп отыру, аяқтарын қозғау, айналу;
денені оңға, солға бұру, басты оңға, солға ию, қолдарды сермеу және т.б.




Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет