Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет20/51
Дата24.07.2023
өлшемі144.21 Kb.
#475808
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51
Перспектива ересек топ

Құрастыру

Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру.
Қалдық (қақпақтың түрлері, пластик, қораптар, кір қыстырғыштар) заттардан құрастыру. Табиғи материалдардан түрлі композиция жасауға ынталандыру. Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып және құрастыратын материалдарды өз бетінше таңдап, ойдан құрастыруға мүмкіндік беру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сурет салу



Сюжетті композицияларды салу кезінде әрбір затқа тән ерекшеліктерді, олардың бір- біріне арақатынасын беру.
Заттардың пішіні: дөңгелек, сопақ, шаршы, тікбұрыш, үшбұрыш, көлемі бөліктерінің орналасуы туралы түсініктерді бекіту. Заттардың көлемі бойынша арақатынасын беруге үйрету: ағаш биік, бұта ағаштан аласа, гүл бұтадан аласа.
Балалардың гүлдер, қоршаған заттар мен табиғат объектілерінің түстері мен реңктері туралы ұғымдарын байыту. түстерді өз бетінше жасауға ынталандыру (қажетті түсті шығару үшін бояуларды араластыру).
Балаларды суреттерді қылқаламмен, қаламмен бояуға үйрету, заттарды бояуда сызбалар мен жақпаларды бір бағытта жоғарыдан төменге немесе солдан оңға пішіннің шеткі сызығынан шықпай ырғақты түрде бояу. Қылқаламды үстінен баса отырып, жуан сызықтарды ал қылқаламның ұшымен жіңішке сызықтарды жүргізу.
Сурет салуда еңкеймей, арқаны тік ұстап, дұрыс еркін отыруға, жұмыс орнын таза ұстауға, ұқыпты болуға, қауіпсіздікті сақтауға баулу.

Мүсіндеу

Бірнеше бөліктерден заттарды мүсіндеу, оларды орналастыру, пропорцияларды сақтау, бөліктерді біріктіру.
Балалардың көлемді пішіндер мен қарапайым композицияларды мүсіндеуге қызығушылығын арттыру.
Мүсіндеуде қысу, тарту, басу әдістерін қолдану.
Ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына сюжеттік композициялар құру, ұжымдық жұмыстарды орындауда міндеттемелерді өзара бөлісу.
Мүсіндеуде қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Жапсыру

Текшеден дөңгелек пішін, тікбұрыштан бұрыштарын бүктеу арқылы сопақша пішіндерді қиып алуға; Дайын пішіндерден жануарлар, құстар, гүлдердің пішінін қию және ол заттарды қағаз бетіне орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Композицияны құрастыру кезінде заттар мен нысандардың көлемі бойынша арақатынасын ескеру.
Композицияны құрастыруда дайын пішіндердің көмегімен заттарды қиюға немесе өз бетінше ойдан қиып жапсыруға мүмкіндік беру. Шығармашылық қиялды дамыту.
Жапсыруда қауіпсіздік ережелерін сақтау, жұмысты ұқыптылықпен орындау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет