Тілдің грамматикалық құрылымы.
Сөйлемдегі сөздерді байланыстыруға, көмекші сөздерді дұрыс қолдануға үйрету, зат есімдерді жекеше және көпше түрде, сан есімдерді ретімен атауға, оларды зат есімдермен септіктерде, жекеше және көпше түрде, зат есімдерді сын есімдермен байланыстыруға, етістіктерді бұйрық райымен қолдана білуге үйрету (отыр, жүр, жүгір).
Көркем әдебиет
|
Әдеби шығармаларды мұқият тыңдау, кейіпкерлерге жанашырлық таныту, ондағы әрекеттердің дамуын қадағалау, мазмұнын түсінуге және олардың мазмұнын қайталап айтуда сюжет желісінің реттілігін сақтауға, автор сөздерін айту, кейіпкерлердің мінезін беру, шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге, ересектермен бірге ертегі мен әңгіменің басын, соңын ойдан құрастыруға баулу.
Балалардың кітаптағы иллюстрацияларды өз бетінше қарастырып, ертегі, әңгіме құрастыруына мүмкіндік беру.
Шешендікке, сөз өнеріне баулу, халық ауыз әдебиеті шығармаларымен таныстыру, санамақ, жаңылтпаш айту, жұмбақ шешу, айтыс өнеріне баулу.
Сахналық қойылымдарға қатысуға, таныс әдеби шығармалар, ертегілер бойынша қарапайым қойылымдарды ойнауға, образды бейнелеу үшін мәнерлілік құралдарын (интонация, ым-ишара, қимыл) қолдануға, еркін ойындарда таныс кейіпкерлердің образын өздігінен сомдауға, оларды басқа қырынан көрсетуге (қатыгез-мейірімді, ақкөңіл-салмақты) ынталандыру.
|
Қазақ тілі
|
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Қазақ тіліне тән ө, қ, ү, ұ, і, ғ дыбыстарын жеке, сөз ішінде анық айтуға баулу. Артикуляциялық және дауыс аппаратын, сөйлеуде тыныс алуды, фонематикалық естуді, анық және қалыпты қарқынмен сөйлей білуді дамыту.
Сөздік қор.
Қоршаған ортадағы заттар мен өсімдіктердің, жануарлардың, құстардың, табиғат құбылыстарының, тұрмыстық заттардың атауларын білдіретін сөздерді түсіну және атау дағдыларын қалыптастыру.
|
Достарыңызбен бөлісу: |