Білім беру ұйымы: «Акмола облысы білім беру басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Жыланды ауылының негізгі орта мектебі» КММ жаныңдағы «Балдаурен» шағын орталығы
Балалардың жасы: 4-5 жас
Топ: ересек тобы
Жоспардың құрылу кезеңі: Наурыз айы, 2022-2023 оқу жылы
Айы
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
|
Наурыз
|
Дене шынықтыру
|
Негізгі қимылдар:
Жүру: өкшемен, аяқтың сыртқы қырымен, адымдап, жан-жаққа қосалқы қадаммен (оңға және солға), сапта бір-бірден жүру, жүруді жүгірумен, секірумен алмастырып, бағытты және қарқынды өзгертіп жүру, қол мен аяқ қимылдарын үйлестіру.
Тепе-теңдікті сақтау:қырлы, көлбеу тақтай бойымен (ені 2 сантиметр, биіктігі 30-35 сантиметр) жүру; қолдарды әртүрлі қалыпта ұстап жүру.
Жүгіру: түрлі тапсырмаларды орындай отырып: шапшаң және баяу қарқынмен, жетекшіні ауыстырып жүгіру, 1–1,5 минут ішінде баяу қарқынмен жүгіру.
Еңбектеу,өрмелеу: гимнастикалық қабырғаға оңға, солға ауыспалы қадаммен өрмелеу, бөрене және гимнастикалық скамейкадан аттап өту.
Секіру: аяқты бірге, алшақ қойып, бір аяқпен (оң және сол аяқты алмастыру) секіру, 4–5 сызықтан аттап (сызықтардың арақашықтығы 40–50 сантиметр) секіру, 20–25 сантиметр биіктіктен секіру
Лақтыру, домалату, қағып алу: заттардың арасымен доптарды, құрсауларды бір-біріне домалату; заттарды қашықтыққа лақтыру (3,5–6,5 метрден кем емес), оң және сол қолымен көлденең қойылған нысанаға (2–2,5 метр қашықтықтан), 1,5 метр қашықтықта тігінен қойылған (нысана ортасының биіктігі 1,5 метр) нысанаға лақтыру; допты бір-біріне төменнен және бастан асыра лақтыру (1,5 метр қашықтықта), қағып алу; допты кедергілер арқылы бастан асыра екі қолымен және бір қолымен лақтыру (2 метр қашықтықтан); допты жоғары лақтыру және екі қолымен қағып алу (қатарынан 3–4 рет).
|
Достарыңызбен бөлісу: |