Уақытты бағдарлау.
Тәулік бөліктері (таңертең, күндіз, кеш, түн) олардың сипаттамалық ерекшеліктері мен реттіліктері, «бүгін», «кеше», «ертең» туралы ұғымдарын кеңейту.
Қоршаған ортамен таныстыру
|
Бала, оның отбасы, үй.
Баланың «Мен» бейнесін қалыптастыру. Баланы өсіп, жетілген ересек бала ретінде қабылдау, оның ойын ашық білдіруге мүмкіндік беру, Отбасындағы үлкендерді сыйлауға, құрмет көрсетуге, кішілерге қамқорлық жасауға, отбасын, отбасылық дәстүрлерді бағалауға баулу. Жақын туыстарын білуге, олардың есімдерін атауға үйрету, отбасындағы сүйікті адамдары, отбасылық мерекелер, салт-дәстүрлер туралы әңгімелеу, өзінің жақындарына мақтаныш сезімін білдіру.
Заттық әлем.
Балаларды заттық әлеммен таныстыру және онымен әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру. Жақын маңайдағы заттарды ажыратып, атай білуді жетілдіру. Адамдарға еңбектері үшін алғыс айтуға және еңбектің нәтижесіне құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.
Өлі табиғат құбылыстары мен заттары.
Табиғат құбылыстары туралы ұғымдарын (жел, жаңбыр, тұман, қар, бұршақ, кемпірқосақ, боран) кеңейту.
Бақылау күнтізбесінде ауа райын белгілеу (суық, жылы, күн шуақты, қар, жаңбыр жауды, жел соқты), соған сәйкес киіну.
Қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды бақылау және анықтау (жел соғып, жапырақтар түсті, күннің суықтығынан жердегі қар мұзға айналды), ойын, еңбек, эксперимент барысында құм, қар, су, мұз, тас, саздың қасиеттерін анықтау.
Өсімдіктер әлемі.
Өсімдіктер, оларға күтім жасау (жерді қопсыту, суару, жапырақтардың шаңын сүрту) туралы түсінікті дамыту. Бақылау, эксперимент және еңбек ету барысында өсімдіктердің тірі тіршілік иелері екендігін, өсімдік тұтастығының мәнін, олардың өсуі үшін жер, топырақ, су, күн, жарық, ылғал, жылудың қажеттілігін анықтау.
Жануарлар әлемі.
Төрт түлік және оның төлдері (мінезіндегі ерекшеліктер, қозғалысы, қоректенуі, адамдарға пайдасы), оларға күтім жасаудағы ересектердің еңбегі туралы ұғымдарын кеңейту. Жабайы аңдар, олардың сыртқы түрі, қозғалуы, тіршілік ету ортасы, азығы, қысқа бейімделуі туралы ұғымдарын байыту.
Бақылау барысында жануарлар әлеміндегі маусымға тән көріністерді: күзде – көбелектердің, қоңыздардың, кейбір құстардың болмауы, қыста - құстарды қоректендірудің қажеттігі, көктемде көбелектер, қоңыздардың пайда болуы, құстардың көбеюі, олардың сайрауы, шықылықтауы, шиқылдауы, ұя салуы, балапан шығаруы, жазда көбелектер, қоңыздар, инеліктер, құстардың көбеюін салыстыру, олардың тіршілік етуіне қажетті жағдайларды: азық, су, жылу, жарық, мекендейтін орнын анықтау.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |