Уақытты бағдарлау.Тәулік бөліктері (таңертең, күндіз, кеш, түн) олардың сипаттамалық ерекшеліктері мен реттіліктері, «бүгін», «кеше», «ертең» туралы ұғымдарын кеңейту.
Қоршаған ортамен таныстыру
|
Бала, оның отбасы, үй.. Отбасы туралы, отбасының ересек мүшелерінің еңбегі туралы білімдерін жетілдіру. Отбасындағы үлкендерді сыйлауға, құрмет көрсетуге, кішілерге қамқорлық жасауға, отбасын, отбасылық дәстүрлерді бағалауға баулу. Жақын туыстарын білуге, олардың есімдерін атауға үйрету, отбасындағы сүйікті адамдары, отбасылық мерекелер, салт-дәстүрлер туралы әңгімелеу, өзінің жақындарына мақтаныш сезімін білдіру.
Заттық әлем.Балаларды заттық әлеммен таныстыру және онымен әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру. Жақын маңайдағы заттарды ажыратып, атай білуді жетілдіру. Қоршаған орта заттары, олардың қасиеттері және қолданылуы туралы түсініктерін кеңейту. Адамдарға еңбектері үшін алғыс айтуға және еңбектің нәтижесіне құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.
Байланыс және қозғалыс құралдары.Әртүрлі көлік құралдары мен оларды басқаратын адамдар туралы білімдерін жетілдіру. Көлікте жұмыс істейтін адамдарға сыйластық танытуға тәрбиелеу.
Еңбекке баулу.Балалардың еңбек етуге деген оң көзқарасын тәрбиелеу, берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру: бастаған істі аяғына дейін жеткізе білу, оны жақсы орындау.Жақындарының мамандықтарымен таныстыру, олардың атқаратын қызметінің маңызын түсіну, ата-анасының мамандықтарына қызығушылықты қалыптастыру.
Адамгершілік және патриоттық тәрбие. Қарапайымдылыққа, мейірімділікке және әділдікке, ересектерге құрмет көрсетуге, кішілерге көмектесуге тәрбиелеу. Жағымсыз қылықтары үшін ұятты сезіне білуге, ренжіткені үшін құрдасынан кешірім сұрауға баулу.
Менің Отаным – Қазақстан.Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікті және мақтаныш сезімін ояту. Балаларды мемлекеттік мерекелерге қатысуға баулу. Мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, әнұран) құрметпен қарауға тәрбиелеу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |