Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары


Қазақ тілі Сөйлеуді дыбыстық мәдениеті



бет6/51
Дата24.07.2023
өлшемі144.21 Kb.
#475808
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Перспектива ересек топ

Қазақ тілі

Сөйлеуді дыбыстық мәдениеті:
-қазақ тілінде айтылған сөздерді мұқият тыңдауды, сондай-ақ, осы сөздерді дұрыс айтуды және еске сақтауды; қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс айтуды үйрету;
- сөйлеу және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды дамыту.
Сөздік қоры:
- қоршаған ортада жиі қолданылатын тұрмыстық заттар, жемістер, көкөністер, құстар, табиғи құбылыстар туралы білімдерін кеңейту;
- заттардың сын-сипатын, санын, қимылын білдіретін сөздерді айтуды үйрету;
- таныс сөздерді өмірде күнделікті қолдануды үйрету.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымы:
- 2-3 сөзден тұратын жай сөйлемдерді түсінуді және сөз тіркестерін құрауды үйрету;
- сөйлеуде зат есімнің жекеше және көпше түрін жасау білігін қалыптастыру.
Байланыстыра сөйлеу.
Шағын шығармаларды, өлеңдерді тыңдауды, түсінуді және мазмұндауды үйрету.



Математика негіздері

Сан, санау:
- 5 көлемінде санау, заттарды үлгісі бойынша және аталған саны бойынша санау
дағдысын қалыптастыру. Сандарды реті бойынша атауға және қорытынды санды атауға, «Барлығы қанша?» сұрағына жауап беруге үйрету. Бірінің астына бірі 2 қатарда орналасқан заттардың екі тобын салыстыруды үйрету;
- теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарды қалыптастыру. Салыстырылатын топтар: бір көп, бір және екі, екі және үш және төрт, төрт және бес;
- теңді кем топқа үстемелей отырып немесе артық топтан бір затты алып тастай отырып, екі тәсілмен орнатуға, «Қанша еді?», «Қаншасы қалды?» сұрақтарына жауап беруге үйрету;
- 5-ке дейін реттік санау дағдыларын дамыту, реттік сан есімдерді атау, «Нешінші?», «Саны бойынша қайсысы?» сұрақтарына жауап беру дағдыларын дамыту;
-сандық топты белгілей отырып, 5-ке дейінгі сандармен таныстыру. Әртүрлі сезім мүшелерінің көмегімен санау дағдысын дамыту (көру, есту, иіс сезу). Тура және кері бағытта 5 көлемінде санатып жаттықтыру.
Шама.
Заттар шамасы бойынша әртүрлі болатындығы жайлы түсінік беру.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
- ұзындығы және ені бойынша бірдей және екі түрлі заттарды салыстыру;- биіктігі және жуандығы бойынша бірдей және екі түрлі заттарды салыстыру; 3) шаманы салыстыруда беттестіру және тұстастыру тәсілдерін қолдану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет