Қоршаған ортамен таныстыру
|
Баланың «Мен» бейнесін қалыптастыру. Баланы өсіп, жетілген ересек бала ретінде қабылдау, оның ойын ашық білдіруге мүмкіндік беру, келісім білдіру, жеке басын құрметтеу. Оның өсуі мен дамуы, өткені, бүгіні және болашағы туралы түсініктерді қалыптастыру («Мен кішкентай болдым, мен өсіп келемін, мен ересек боламын»). Мектеп туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру (мектепке баруға ынтасын, қызығушылығын арттыру). Өзінің атын, тегін, жасын, жынысын атай білуге үйрету, өзін құрметтеуге, өз қадір-қасиетін сезінуге, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу.
Отбасы туралы, отбасының ересек мүшелерінің еңбегі туралы білімдерін жетілдіру. Отбасындағы үлкендерді сыйлауға, құрмет көрсетуге, кішілерге қамқорлық жасауға, отбасын, отбасылық дәстүрлерді бағалауға баулу. Жақын туыстарын білуге, олардың
есімдерін атауға үйрету, отбасындағы сүйікті адамдары, отбасылық мерекелер,
салт-дәстүрлер туралы әңгімелеу, өзінің жақындарына мақтаныш сезімін білдіру.
|
Құрастыру
|
Қағаздан құрастыру.
Қағаздан құрастыруға үйрету: қағаздың парағын ортасынан бүктеп, шиыршықтап, көлемді пішіндерге, орамдарға, ілмекке айналдыра білу, бұрыштарын және қырларын біріктіру, желімдеу.
Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру.
табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен таныстыру. Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып және құрастыратын материалдарды өз бетінше таңдап, ойдан құрастыруға мүмкіндік беру.
|
Сурет салу
|
Қоршаған ортаның әсемдігіне, қазақ халқының және басқа халықтардың өнер туындыларына, тұрмыстық заттарға, ойыншықтарға қызығушылықты дамыту.
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері туралы білімдерін кеңейту.
|
Мүсіндеу
|
Ермексаз, сазбалшық, пластикалық кесектерден әртүрлі тәсілдерді қолданып, бейнелерді мүсіндеу. Балалардың көлемді пішіндер мен қарапайым композицияларды мүсіндеуге қызығушылығын арттыру. Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен таныстыру, оларды мүсіндеуге баулу.
|
Жапсыру
|
Қайшыны дұрыс ұстауды және пайдалана білуді қалыптастыру. Дайын пішіндерден жануарлар, құстар, гүлдердің пішінін қию және ол заттарды қағаз бетіне орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Геометриялық пішіндерден ою-өрнектерді жапсыру дағдыларын қалыптастыру.
|
Музыка
|
Балалардың музыкаға деген қызығушылығын тудыру, оны тыңдауға ынталандыру, музыкалық шығармаларды эмоционалды қабылдауды дамыту.
|
Достарыңызбен бөлісу: |