Музыка тыңдау.
Музыканы тыңдау мәдениетін сақтау (музыкалық шығармаларды алаңдамай соңына дейін тыңдау).
Ән айту.
Балаларды мәнерлеп ән айтуға үйрету, әнді созып, қимылдармен үйлестіріп айтуды қалыптастыру
Музыкалық-ырғақты қимылдар.
Би қимылдарын, ойындағы музыкалық қимылдарды орындауға қызығушылық тудыру, марш сипатын ырғақты жүріспен беру,
Билер.
Әуеннің көңілді сипатын қабылдауға үйрету,
Жеңіл, ырғақпен қозғалу; жұппен би қимылдарын орындау; билерде ойындағы музыкалық қимылдарды қолдану. Би қимылдарын, ойындағы музыкалық қимылдарды орындауға қызығушылық тудыру.
Білім беру ұйымы: «Акмола облысы білім беру басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Жыланды ауылының негізгі орта мектебі» КММ жаныңдағы «Балдаурен» шағын орталығы
Балалардың жасы: 4-5 жас
Топ: ересек тобы
Жоспардың құрылу кезеңі: Қазан айы, 2022-2023 оқу жылы
Айы
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
|
Қазан
|
Дене шынықтыру
|
-балалардың қимыл әрекеттерін ұйымдастырудың түрлі нысандарында қимылдарды дұрыс орындау біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
- дене қасиеттерін қалыптастыру: ептілік, қозғалыстарды үйлестіру, шыдамдылық, тепе-теңдікті сақтау, икемділік;
- түрлі қимыл біліктері мен дағдылары арқылы тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- жүру мен жүгіруде, секіру мен лақтыруда, қағып алуда, еңбектеу мен өрмелеуде негізгі қимыл түрлерін, жеке гигиена дағдыларын және денсаулықты сақтау негіздерін жетілдіру;
- дене шынықтыру жаттығуларын орындауға қызығушылықты, саламатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу,
- түрлі ұлттық қимылды ойындарды, жарыс сипатындағы ойындарды өткізу.
жүгіру. Қалыпты, аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп; ұсақ және алшақ адыммен, сапта бір-бірден және жұппен, түрлі бағытта, бытырап жүгіру. Жетекшінің ауысуымен, қарқынды жылдамдатып және ақырын жүгіру. Жай қарқында үздіксіз жүгіру; 50–60 метрге жүгіру. 5 метрден 3 рет жүгіру. Түрлі бағытта жүгіру, қағып алып жүгіру;
секіру. Бір орында тұрып екі аяқпен секіру, алға ұмтыла секіру, бір орында тұрып оңға, солға бұрылып секіру, аяқты бірге, алшақ қойып, біреуін – алға, екіншісін – артқа қойып, бір орында тұрып секіру. Затты жанау арқылы орнынан жоғары секіру; биіктігі 5–10 см 2–3 заттың үстінен кезектесе секіру; 20–25 см биіктіктен секіру; бір орында тұрып, ұзындыққа 4–6 сызықтың үстінен секіру (сызықтардың арақашықтығы 40–50 см);
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |