Сөйлеуді дамыту
|
Сөздік қор.
Балалардың сөздік қорын адамдардың мамандықтарының атауларымен, заттардың
бөліктерімен, заттардың сапалары мен қасиеттерін білдіретін зат есімдермен байыту. Келесі дағдыларды қалыптастыру:
- тұрмыстық заттар және қоршаған орта заттарының қолданылу маңыздылығын түсіну дағдыларын қалыптастыру;
- сөздік қорын жалпылаушы мағыналы сөздермен байыту;
- заттарды және олардың тұрған орнын анықтау дағдыларын жетілдіру;
- ойындарды қолдану арқылы сөздерге қызығушылығы мен зейінін дамыту. Тілдің грамматикалық құрылымы.
Келесі дағдыларды жетілдіру:
- байланыстырып сөйлеу;
- жануарлар және олардың төлдерінің атауларын білдіретін сөздерді, сөздердің түрлі тсілдермен жасалуын, зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану;
- әртүрлі тәсілдермен жаңа сөздер құру;
- сан есімдерді ретімен атауға, оларды зат есімдермен бірге қолдану;
- тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыруда ойындарды қолдану. Байланыстырып сөйлеу.
Әңгімеге қатысу және тілді түсіну, тыңдау біліктерін, көлемі шағын тақпақтарды жатқа айту, сурет бойынша заттар және ойыншықтар туралы әңгіме, үлгі бойынша әңгіме құрастыру, шағын әңгімелер мен ертегілерді айтып беруге үйрету дағдыларын қалыптастыру. Ұсынылған мазмұн бойынша сахналауды үйрету.
|
Көркем әдебиет
|
Оқу, әңгімелеу.
Көркем шығармаларды эмоционалды қабылдай білуді дамыту. Балаларды түрлі тақырыптағы көркем шығармалармен таныстыру. Кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қасиеттерін көруге, олардың әрекеттерін бағалауға, әңгіме, ертегілердің мазмұнын олардың атауымен салыстыруға үйрету; әдеби шығармаларда бейнеленген қоғамдық өмір, табиғат, қоршаған орта оқиғалары, Қазақстан халқының өмірі мен тұрмысының ерекшеліктері туралы түсініктерін қалыптастыру;
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |