р/с
|
Тақырыбы
|
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
|
күні
|
1.
|
Заттардың адам өміріндегі маңызы.Не неден жасалады?
|
Балаларға заттардың белгілері мен ерекшеліктері туралы білім беру.Қандай материалдардан жасалынатыны және олардың сапасы жайлы түсінігін кеңейту.
|
|
2.
|
Жылмезгілдері:жаз,күз.
Белгілері.
|
Жаз және күз мезгілдерінің негізгі,маңызды белгілері бойынша түсінік беру.Сөздік қорларын,өзін қоршаған орта туралы ойын жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
|
|
3.
|
Бізді не қоршап тұр?
|
Балаларды жансыз табиғат түсінігімен таныстыру,жансыз табиғаттағы адам қолымен жасалған заттарды айыра білуге үйрету.Өзіндік тәжірибеалдық жұмысты ұйымдастыру арқылы балалардың түсініктерін жетілдіру.
|
|
4.
|
Табиғатта не өзгерді?
|
Күзде табиғатта болатын маусымдық өзгерістерді бақылап,бір-бірінен ажырату және атауларын атап көрсетуге;себеп-салдар байланысын анықтауға үйрету.Тәжірибелік-тәжіриеалдық жұмысқа деген қызығушылығын ояту,бақылау нәтиелерін салыстыру,талдау,және қорытынды жасау қабілеттерін шыңдау.
|
|
5.
|
Нан қайдан келеді?
|
Балалардың нанның дастарханға келу жолы туралы түсініктерін жетілдіру.Танымдық-ізденістік жұмыстарға талпынысын күшейту.
|
|
6.
|
Себетке қандай саңырауқұлақ саламыз?
|
Саңырауқұлақтың кейбір жеуге жарамды және улы түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру.Балаларға саңырауқұлақтардың түр-түсі мен атауларын үйрету.
|
|
7.
|
Ағаш және бұта
|
Ағаштың,бұталардың атауларымен таныстыружәне олардың түрлерін бір-бірінен өзіне тән ерекшеліктеріне қарай айыра білуге үйрету.Тірі нысанды суреттей білу қабілеттерін дамыту.
|
|
8.
|
Барлық мамандық қажет,барлық мамандық маңызды
|
Мамандық түрлері,олардың атқаратын қызметі,қоғамға келтіретін пайдасы туралы білімдерін жетілдіру.Өз ата-анасының мамандығы туралы айта алу дағдыларын арттыру.
|
|
9.
|
Су-тіршілік көзі
|
Судың қасиеттерін таныстыру.Танымдық мүмкіндіктерін арттыру,тәжірибе жасай білу дағдыларын дамыту.
|
|