Бағдарламасы Орындаған: Молдабаева А. Тобы: дпмно-101в


В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясы бойынша болжауды құру барысында мына жеті аксиома орындалу керек



бет5/14
Дата23.12.2022
өлшемі57.38 Kb.
#467818
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Химия п нінен 8 – сынып о ушыларына арнал ан п. . д академик В.

В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясы бойынша болжауды құру барысында мына жеті аксиома орындалу керек:
1-аксиома. Өзіндік жұмыстың (ӨЖ) екі түрі бар: білім беру стандарты (программа) деңгейіндегі тапсырма, көтеріңкі деңгейдегі тапсырма.
2-аксиома. Стандартты ӨЖ төрт тапсырмадан тұрады: алғашқы екеуі стандартты деңгейінде, соңғы екеуі көтеріңкі деңгейде.
3-аксиома. ӨЖ-тың жалпы түрі:
1)білім беру стандарты талаптары деңгейіндегі тапсырма;
2)білім беру стандарты талаптары деңгейдегі тапсырма;
3) «Төрттік» баға деңгейіндегі тапсырма;
4) «Бестік» баға деңгейіндегі тапсырма.
4-аксиома. Алғашқы екі тапсырма қиындығы жөнінен бірдей, оқушыларға түсінікті әрі қарапайым болу керек.
5-аксиома. Білім беру Заңына (әрбір 3 оқушы стандарт деңгейіне жетуге міндетті, одан әрі ол осы деңгейде тоқтай ма, жоқ па әлде әрі қарайғы деңгей тапсырмасын орындай ма, ол оқушының өз еркі) сәйкес кез келген оқушы тапсырманы берілген тәртіп бойынша және екінші тапсырма орындалмай тұрып үшінші сол сияқты төртінші тапсырманы орындауға болмайды.
6-аксиома. «Төрттік» бағаға берілетін №3 тапсырма алғашқыларға қарағанда қиынырақ болу керек. Тапсырманың қиындығы болжанатын мақсаттың мазмұнына байланысты.\
7-аксиома. «Бестік» бағаға берілетін №4 тапсырма №3 тапсырмаға қарағанда қиындау болуы керек.
Міне, осы аксиомалар талаптары толық сақталғандща болжау жұмысының тапсырмалары алдыға қойған мақсатқа толық жеткізеді.
Осы аксиомаларға нақтырақ түсініктемелер берейік. 3-аксиомада болжамдағы тапсырма-лар саны көрсетіледі. Онда білім беру стандарты талаптары деңгейіндегі тапсырма саны екеу екені айтылған. Оның себебі «егер оқушы алғашқы екі тапсырманы ешқандай қатесіз орындаса, онда оның білімі «мемлекеттік талаптарына» сай келеді және ол сынақтан өтті деген белгі алуына толық мүмкіндігі бар. Егер тапсырманың екеуі де орындалмаса, онда оқушы түзету (коррекция) тобына түседі. Егер екі тапсырманың біреуі дұрыс, ал екіншісі қате болса, онда ол оқушының да сынақтан өтуге мүмкіндігі бар, егер ол технологиялық картадағы «Сабақтан тыс өз бетімен орындайтын тапсырмалар» бөлігіндегі тапсырманың стандарт деңгейіндегі жаттығуларын толық орындаса.
Келесі кезекте «бестік» деңгейін анықтайды, яғни №4 тапсырманың үлгісін құрады. «Бестік» немесе ең жоғары деңгей тапсырмасы оқушылардың ойлау, есте сақтау дағдыла-рын жылдамдығын тексеру мақсатында болу керек. №3тапсырманың («төрттік» баға дең-гейінің талаптары) қиындығы стандарт пен жоғары деңгейдің арасындағы аралық деңгей болып шығады. В.М.Монахов эксперименттік зерттеу нәтижелерінің қорытындысы бой-ынша «төрттік» деңгейдегі бағаның оқу орнының түріне қарай мынадай мөлшерін ұсы-нады: егер гимназия немесе лицей болса, онда «төрттік» бағаның деңгейі «бестік» баға-ның деңгейіне, ал жалпы орта білім беретін орта мектепте «төрттік» бағаның деңгейі стан-дарттың деңгейіне жақындатып алу тиімді болады.
3.Оқушылардың сабақтан тыс бетімен орындайтын тапсырмаларын мөлшерлеу бөлігі. Бұл бөліктің практикалық мақсаты – оқушылардың болжау тапсырмаларына дайындығы.
Адамгершілік мақсаты – оқушыға бірінші рет «білім туралы» Заңға сәйкес өз бағасын таң-дауға мүмкіндік беріледі, яғни қойылатын баға деңгейіндегі тапсырмалар жиынтығын таңдау.
Негізгі мақсат – артық тапсырмадан арылу.
Мұнда да қойылған мақсаттар санына байланысты, әрбір мақсатқа үш деңгей бойынша тапсырмалар жиынтығы беріледі. Технологиялық жобаның авторы – сабақтан тыс өз бетімен орындайтын тапсырмаларды мөлшерлеу бөлігінде оқушыға тексеру жұмысы кезінде өзінің таңдаған деңгейіндегі бағаны алуға кепілдік беретін тапсырма көлемін орындап дайындалуды ұсыну керек. Технология бойынша оқыту үрдісі кезінде де әдеттегі үйге берілетін тапсырмадан бас тартуға болмайды. Үй тапсырмасының әрқайсысының деңгей бойынша анықтап, оның қай деңгейін орындауды таңдауын оқушылардың өз еріктеріне беру қажет. Технологияның үш элементі: мақсат қою, болжау, үй тапсырмасын мөлшерлеу өзара тығыз байланыста, олардың әрқайсысы екіншісінің мазмұнын толықты-рып отырады. Мақсаттың саны мен мазмұны, онда анықталған оқушыларды дамыту мін-деттері тақырыпты оқытудың логикалық құрылымын құрайды. Мұнда әрбір мақсатқа жетудің уақытша ұзақтығы беріліп, сабақтың негізгі және көмекші құралдары анықтала-ды, оқушыларды дамыту бағдарламасы құрастырылады.
Уақытпен есептелген ұзақтық қойылған мақсатқа жетуге жеткілікті болатын тақырыпқа берілетін сағат санымен анықталады. Әдеттегі күнтізбелік жоспарлаудан айырмашылығы, мұғалім оқу үрдісінің субъективті жағдайларға байланысты болатын сабақтың үйлесімді үдемелілігін кәсіпкерлік шеберлігі, сыныптың білім деңгейі және көмекші құралдарын қарастыру өзара байланыста болатын жаңа білім элементтерінің тізбесін және негізгі тақырыпты өту барысында қажет болатын қосымша ұғымдардың тізбесін анықтауды қажет етеді. Біздің жұмысымызда көмекші құрал ретінде қайталау тақырыптары алынған. Қайталау тақырыптары жаңа ұғымды енгізу барысында, оның түсінікті болуы үшін және жаңа ұғымды ілгеріде өткен ұғымдармен байланыстыру үшін қажет. Сыныптағы оқушы-лардың жекеше ерекшеліктеріне байланысты оқу үрдісінің логикалық құрылымына оқу-шылардың ойлау қабілетін, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, ынтасын дамыту енгізіледі.
Технологиялық ең соңғы «Түзету» (коррекция) бөлігін қарастырайық. Бұл бөлік сынақтан өтпеген, яғни білім дәрежесі мемлекеттік стандарт деңгейінен төмен оқушыларға арнал-ған. Бұл бөлікте негізі үш жағдай қамтылады.
Бірінші – қойылған мақсатқа қатысты оқу материалын меңгеру барысындағы мүмкін бола-тын қиындықтар.
Екінші - өтілетін тақырып бойынша оқушыларда жіберілетін негізгі қателіктер.
Үшінші – оқушы білімін стандарт деңгейіне көтеру үшін педагогикалық және әдістемелік түрдегі іс-шаралар.
Технологиялық картада неше мақсат болса сонша түзету жұмысы болады, яғни осы атал-ған үш жағдай әр мақсат үшін жеке-жеке жазылады.
Осы айтылғандарды қорыта келіп, технологиялық картаның жалпы құрылымын төмендегі сызбадан көруге болады.
Сызбада технологиялық картаны толтыру реті рим цифрымен көрсетілген.
Технология негізінде жобалаудың келесі кезеңін, жобаның негізгі ойын жүзеге асыратын сабақтың ақпараттық картасын (САК) дайындау.САК- технологиялық картадағы көрсе-тілген шағын мақсаттарды, ондағы сағат санына байланысты жіктеп жазуға арналған.САК-те оқу материалының толық мазмұны, сабақтың мақсаты мен міндеттері, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас нәтижесі оқыту құралдарын қолдану кезеңдері қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет