Бағдарламасы Орындаған: Молдабаева А. Тобы: дпмно-101в



бет4/14
Дата23.12.2022
өлшемі57.38 Kb.
#467818
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Химия п нінен 8 – сынып о ушыларына арнал ан п. . д академик В.

3.Үй тапсырмасын мөлшерлеу. Егер үй тапсырмасын мөлшерлегенде біраз ақаулар жіберсе, ол болжам кезінде көзге бірден түседі. Мұғалім сәйкес түзету жүргізу керек. Үй жұмысын мөлшерлеу 3 деңгейлік тапсырмадан тұрады.
1-ші деңгей. Болжамның 1-ші, 2-ші тапсырмасына.
2-ші деңгей. Болжамның 3-ші тапсырмасына.
3-ші деңгей. Болжамның 4-ші тапсырмасына сәйкес болуы керек.
4.Логикалық құрылым, оқу тақырыбына байланысты әр шағын мақсаттарды меңгеру үшін. Оқушыға қанша уақыт керек екенін, болжамды, түзетуді қайталауды, қай кезде өткізу керектігін жоспарлайды. Яғни, мұғалім өзінің әдістемелік тұжыры-мдарына сүйене отырып, оқу процесін тұтас және логикалық көрнекті модельге көшіреді.
5.Түзету. Түзету негізгі үш бағытта жүргізіледі:
1)Жаңа оқу материалын меңгеру кезіндегі оқушыларға тиетін қиындық.
2)Оқушылардың жұмысында жиі жіберілетін қателіктер.
3)Оқушыларды стандарт деңгейіне жеткізетін педагогикалық әдістер жүйесі.
Технологиялық карта нәтижесі әр болжамнан кейін тексеріліп, талдау жасауды қажет етеді, яғни интеграция жүзеге асырылады.
Оқу үрдісін педагогикалық технология тұрғысынан жобалау жекелеме тараулардың технологиялық карталарынан құралады.
Технологиялық картаның құрамды бөліктерін және олардың атқаратын қызметтерін қарастырайық.
1.Технологиялық негізі жоғарыда айтып өткеніміздей мақсат қоюдан басаталады, яғни тақырыпқа байланысты шағын мақсаттарды анықтау.
Мақсатты нақты және анық көре білу, яғни тақырыптың негізгі сұрағын анықтай білу, мұғалімнің әдістемелік шеберлігін көрсетеді. Қойылатын мақсат мұғалімге және оқушыға ұғынықты түрде ықшам әрі түсінікті болуы қажет. Қойылған мақсат бойынша мұғалім бо-лашақ оқу үрдісін мақсаттар түрінде көруі керек, ал оқушы үшін оның білімі мен білік-тілігіне қойылатын талаптар жүйелі түрде берілуі керек.
Ілгеріде қойылатын мақсат саны тақырып көлеміне қарай 2-5 аралығында болуы керек де-генбіз. Оның себебі мақсат ұсақталып, көбейген сайын оның нақтылығы азайып алғаш-қыларының мәні жойыла бастайды.
Мақсат қою технологиясы және педагогтың әдістемелік жұмысының мақсаттылығы оқу тақырыбындағы әрбір сабақтың мәнділігін арттырады, сабақтың нәтижелігіне және маз-мұндылығына мұғалімнің сол сияқты оқушының да жауапкершілігін арттырады, осы са-бақтың берілген мақсаттың меңгерілуіндегі орнын нақтылай түседі, ал бұның барлығы жобалаудан, технологиялық картадан басталады.
2.Берілген тақырыпты мақсаттарға бөліп алғаннан кейінгі жұмыс осы қойылған мақсат-тарға байланысты оқушылар білімін болжау жұмысын құру.
Біз бірінші рет оқушыға жеке тұлға ретінде қараймыз, себебі оқушы өз деңгейін өзі таң-дайды, яғни өзінің білім мөлшеріне қарай болжаудағы қажетті тапсырмалар мөлшерін таңдап алады. Болжау деп отырғанымыз оқушылардың қойылған мақсатты меңгеруін анықтауға арналған өздік жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет